Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 20:18, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі - экономикадағы банктердің қалыптасу және даму тарихын, рөлі мен қызметтерін анықтау.
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Кіріспе…………………………………………………………………………….3
1 Банктердің дамуының теориялық негізі
1.1.Банктердің даму тарихы……………………………………………………..5
1.2. Банк жүйесінің құрылымы………………………………………………….9
2 Орталық және коммерциялық банктердің қызметтері
2.1.Орталық банк және оның қызметтері талдау……………………………..12
2.2.Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау……………………..17
3 Қазақстан Республикасындағы банк секторындағы мәселелер және
жетілдіру жолдары
3.1.Банк секторындағы дағдарыс……………………………………………….23
3.2.Банк секторын жетілдіру жолдары…………………………………………25
Қорытынды………………………………………………………………………28
Пайдаланылған әдебиеттер……………
Екінші кезең: 1930 жылдар мен 1987 жылдар аралығы, елде КСРО Мемлекеттік банкі әмбебеп қызмет атқарады, яғни ол мемлекеттің Орталық банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де қызмет көрсеті.
Үшінші кезең: 1988-1991 жылдар аралығында елде мемлекеттік мамандандырылған банктердің құрылуы, яғни КСРО мемлекеттік банкі банктердің банкісі ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және тағы басқа қызметтермен шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әртүрлі салаларына қызмет көрсетті. Сонымен бірге, 1990 жыдар басында кооперативтік және коммерциялық банктер де құрыла бастады.
Төртінші кезең, 1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін нарықтық банк жүйесінің қалыптасу кезеңі, яғни тәуелсіз республиканың нарықтық қатынастарға өту жағдайында екі деңгейлік банк жүйесінің пайда болуы және дамуы.
Осы кезеңдерді сипаттаманы келе келесі кестеден көруімізге болады.
Кесте 1
Қазақстанда
банк жүйесінің қалыптасу
және даму кезеңдері
1930 жылға дейінгі банк жүйесі | 1930-1987 жылдар (одақтық бір деңгейлі банк жүйесі) | 1988-1990 жылдар (одақтық бірдеңгейлі маманданған банктер жүйесі) | 1991 жылдан бастап (дербес екі деңгейлі банк жүйесі) |
Ресей Мемлекеттік банкі және көптеген несие банк мекемелері | 1)КСРО
Мембанкі (оның ішінде
КСРО мемлекеттік еңбек
жинақ кассалары жүйесі).
2)КСРО Мемлекеттік Құрылыс банкі. 3)КСРО Сыртқы сауда банкі. |
1)Банк жүйесін қайта ұйымдаст-ыру: КСРО Мем-банкі және маманданды-рылған банктер: КСРО Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі, Тұрғын үй әлеуметтік банкі. КСРОЖинақ банкі.Сыртқы экономика банкі. | Егемен Қазақстанда өзінің банк жүйесінің құрылуы. Екі деңгейлі банк жүйесі Ұлттық банк және коммерциялық банктер. |
1987 жылғы реформа қарсаңында бұрынғы КСРО-да КСРО мемлекеттік банкінен, КСРО құрылыс банкінен және КСРО сыртқы сауда банкінен құралған орталықтандырылған банк жүйесі болды. Бұлар үш монополист банк, ірі конгломераттар еді. КСРО Мембанкі елдің бас банкі, кредит жүйесінің методологиялық орталығы болды. Ол есеп айырысуларды, пайыздық саясат қағидаттарын, кредиттік жоспарлауды, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді кредиттеу талаптарын бақылады. Мембанкке эмиссиялық функцияларды, кредиттік және есеп айырысу бойынша қызмет көрсету мәселелерінің бекітілуі оны мемлекеттік басқару және бақылау органына айналдырды. КСРО Құрылыс банкі КСРО Мембанкінің кредит саясаты, халық шаруашылығына күрделі салымдарды қаржыландыру жөніндегі шешімдерін орындады.
КСРО Сыртқы сауда банкі экспорт-импорт операциялары бойынша есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізуді қамтамасыз етті, сондай-ақ сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындарды кредиттеді. Әкімшілік-әміршілдік жүйе жағдайында экономиканы басқару, кредиттік қарым-қатынастар жоспарлау-басқару сипатында жүргізілді. КСРО Мембанкінің билігінде кредиттік ресурстарға арналған шектелмеген монополия болды. КПСС ОК-нің және КСРО Министрлер Кеңесінің «Елдегі банктер жүйесін жетілдіру және олардың экономиканың тиімділігін арттыруға ықпалдары туралы» 1987 жылғы 17 шілдедегі № 821 қаулысымен үкімет бірінші кезеңде басқарудың банктік құрылымын жетілдіруге, банк жұмысының мазмұны мен әдістерін өзгертуге, банктердің ролін арттыруға тырысты. Нәтижесінде арнайы банктер құрылды: КСРО Сыртэкономбанкі, КСРО Өнеркәсіпқұрылысбанкі, КСРО Агроөнеркәсіпбанкі, Тұрғын-үй әлеуметтік банкі және КСРО Жинақ банкі. Мұндай банктер одақтас республикалардың барлығында, оның ішінде Қазақстанда да құрылды. Банктердің жаңа жүйесі келісілмеген нормативтік құжаттар шығаруды, бөлімшелер үшін шамадан тыс жүктеме, басқару аппаратының өсуін тудырды. Бұл банк реформасының екінші кезеңі деп аталған теріс жақтарын жою жөнінде қосымша шаралар қабылдауды талап етті.
Банк жүйесін бұдан әрі жетілдіру экономиканы нарықтық басқару үлгісіне көшірумен тұспа-тұс келді. Осыны есепке ала отырып, банк жүйесі де қайта құрылды. Банктердің қызметін реттейтін заңдар шығарылды. Екі деңгейдегі банк жүйесі құрылды. Бірінші деңгейде – Ұлттық Банк, ал екіншіде – қалған барлық банктер. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі аса маңызды екі құжат қабылдады – «Қазақ КСР-індегі банктер және банк қызметі туралы» 1990 жылғы 7 желтоқсандағы Заң және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің «Қазақ КСР Ұлттық Мемлекеттік Банкінің Жарғысы туралы» 1991 жылғы 20 маусымдағы қаулысы. Ұлттық Мемлекеттік банк республиканың меншігіне көшті және Орталық банк болып табылды.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 сәуірдегі Заңымен Қазақ КСР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта аталды.
Қазіргі уақытта экономикасы нарықтық типпен дамыған мемлекеттердің барлығында дерлік екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасқан. Оның бірінші деңгейінде эмиссиялық, қадағалау, нұсқау ереже шығару, рұқсат ету тағы басқа қызметтер, ал екінші деңгейіне клиенттерге қызмет көрсету негізделген. Бұл елдердің тәжірибесі дәлелдегендей олардың қаржы жүйесі ақша айналымын ұйымдастыратын орталық банкпен,ал кәсіпорындарды, ұйымдарды және халықты несиелейтін коммерциялық банктерден құрылған.
Банктерді
эмиссиялық және коммерциялық
деп бөлу Қазақстан
мемлекеттінің жаңа
экономикалық механизімін
құруға септігін тигізеді/4 52-54б/.
1.2 Банк жүйесінің құрылымы
Қазақстан Республикасының екi деңгейлi банк жүйесi бар.
Ұлттық Банк мемлекеттiң
Ұлттық Банкiнiң мiндеттерi, қызмет
қағидаттары, құқықтық
Ұлттық Банк өзiнiң құзыретi
шегiнде банк қызметiнiң
Банктерге және банк
Қазақстан Республикасының заң
актiсiмен белгiленген ерекше
Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған
акцияларының үштен бiрiнен
а) Қазақстан Республикасының резиденттерi еместердiң;
б) орналастырылған
в) Қазақстан Республикасының
резиденттерi еместердiң не
Ислам банкi - уәкiлеттi органның лицензиясы негiзiнде осы Заңның 4-1-тарауында көзделген банк қызметiн жүзеге асыратын екiншi деңгейдегi банк.
Ислам банкi депозиттерге мiндеттi
кепiлдiк беру жүйесiнiң
Ислам банкiн құрудың және оның қызметiнiң ерекшелiктерi осы Заңның 4-1-тарауында белгiленген.
Мемлекетаралық банк - халықаралық
шарт (келiсiм) негiзiнде құрылып,
жұмыс iстеп тұрған, құрылтайшылары
Қазақстан Республикасының
Банктік емес несие қаржы мекемелері Ұлттық банктің лицензиясы негізінде кейбір банктік операция жүргізуге құқы бар банктік емес заңды тұлғалар.
Банк - осы Заңға сәйкес банк қызметiн жүзеге
асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып
табылатын заңды тұлға.
Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны
әділет органдарында (тіркеуші органдарда)
(бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде
мемлекеттiк тiркеумен және банк операцияларын
жүргiзуге қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды
реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті
органның (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) лицензиясы
болуымен белгiленедi.
Банктік ресми мәртебесi жоқ бiрде-бiр заңды
тұлға "банк" деп атала алмайды немесе
өзiн банк қызметiмен айналысушы ретiнде
сипаттай алмайды.
Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша
мекен-жайы) банк тұрған жер деп танылады.
Коммерциялық банктер – кәсіорындармен ұйымдарға, сондай-ақ халыққа тікелей және жан-жақты кешенді қызмет көрсететін банктер. Бұл олардың басқа арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банктік емес несие мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық банктердің негізгі мақсаты неғұрлым жоғарғы пайда табу.
Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік операциялар жүргізудің негізгі көзі олып саналады. Алғашқыда ол (мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, немесе құрылтайшылардың жарнасы есебінен қалыптасады. Банктің құрылтайшылары мен акционерлері сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті. Жабық акционерлік қоғам түріндегі банктің акциясын төлеуге оның несиеге алған, кепілге алған және басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің акциясы алғашқы нарықта барлық құрылтайыларға бірдей құнмен, яғни акцияның көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің оның құрылтайы қаражаттарында жарияланған жарғылық қорының елу процентін акционерлері банк тіркеуден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен кезеңнен басап бір жыл ішінде түгел төлеуі қажет.
Жарғылық қорды молайту екі жолмен жүргізіледі:
Біріншіден, қосымша акцияларды шығару, оның ішінде банктің пайдасын капиталдандыру және банктің облигациясын оның акциясына айырбастау есебінен.
Жалпы банктердің қызметтерi:
Банк
өзiнiң жарғысы бар толық
Екіншіден, акцияның көрсетілген құнын өсіру жолымен.
Банктің жоғары атқарушы органы акционерлердің жалпы жиналысы, оның ағымдағы қызметін банктің басқармасы жүргізеді. Банктің басқарушы қызметкерлері болып, қадағалау кеңесінің төрағасы және оның мүшелері, Басқарманың төрсағасы және оның орынбасарлары, банктің бас бухгалтері және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері мен олардың орыбасарлары саналады. Банктің заңға сәйкес банктің Басқармасының төрағасы және оның орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері қызметке Ұлттық банктің келісімімен тағайындалады. әдетте оладың банк жүйесіндегі: төраға мен бас бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың орынбасарлары екі жылдан кем емес қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған қыметкерлер Ұлттық бактің келісімін үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін әрі қарай орындауға құқы жоқ.
Акционерлердін жиналысы кезекті және кезектен тыс болып бөлінеді. Кезекті жиналыс жылма-жыл есепті жылдағы банк балансы жасалғаннан кейін бір айдан аспай шақырылуы керек, ал кезектен тыс жиналыс құрылтайшылардың , қадағалау кеңесінің , Тексеру комиссиясының талабы бойынша шақырылады.