Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 14:16, курсовая работа
Бюджет-салық саясаты — мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-тендігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ұзақ мерзімдік кезеңде салықты төмендету саясаты, өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлуеттің өсуіне алып келуі мүмкін. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенді салық реформасының жүргізілуіне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы Орталық банк жүргізетін тежеуші ақша-несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың құрылымын оңтайландырумен байланысты.
Экономикадағы ставкалардың деңгейі нақты жағдайды негізге ала отырып пайда болатын тәуекелдер мен факторларға балама нарықтық негізде қалыптасуы тиіс. Сонымен бірге қайтарылуына Жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры кепілдік беретін жеке тұлғалардың жаңадан тартылатын салымдары (депозиттері) бойынша сыйақысының шекті ставкаларын белгілеу тәжірибесі қайта қаралуға тиіс.
Активтері үнемі өсіп келе жатқан жинақтаушы зейнетақы қорлары инвестициялау үшін ұзақ мерзімді құралдардың жетпеуі жағдайында активтердің едәуір бөлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарына салады, соған байланысты ақша-кредит саясатының банктік өтімділікке ықпалын төмендетеді. Сондықтан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы секторын шолуда зейнетақы активтерін есепке алудың методологиялық аспектілерін және тиісті шаралар қабылдау үшін олардың ақша-кредит саясатына ықпалын зерделеуді ниет етіп отыр.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қабылданатын шешімдер процесінің тиімділігін арттыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, мүдделі мемлекеттік органдардың, Парламенттің, ғылыми топтардың, сондай-ақ экономиканың қаржы және нақты секторлары өкілдерінің қатысуымен ақша-кредит саясаты жөніндегі консультативтік-кеңестік орган құратын болады. Бұл орган ақша-несие саясатының неғұрлым маңызды мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасына ұсынымдар дайындайды деп болжанады.
Ресми
қайта қаржыландыру ставкасының
реттеушілік қасиетін күшейту үшін
Қазақстан Республикасының
Сонымен
бірге Қазақстан
Өтімділіктің артық болуы сақталып отырған жағдайда инфляцияны реттеу жөніндегі міндет оны реттеуді жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шығыстарын көбейтеді. Сондықтан, мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бірлескен іс-әрекетін күшейту талап етілді.
Валюта саясаты саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қандай да бір ұзақ мерзімді белгіленген дәлізді айқындамай-ақ, өзгермелі айырбас бағамының режимін сақтауға ниет етіп отыр.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюта нарығында “енжар позиция” деп аталатын бағытты ұстануға ниеттеніп отыр, бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта нарығына қатысуын азайтуды білдіреді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің іс-әрекеті валюта бағамының уақытша және алып-сатарлық ауытқулары салдарының әлсіреуіне ғана бағытталды.
Бағамның ауытқуы ақша сұранысы мен ұсынысының арақатынасына байланысты болады. Әлемдік валюталардың аса жоғары құбылмалылығы жағдайында валюта нарығындағы ахуал көбінесе әлемдік нарықтағы ахуалға қарай айқындалды.
Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында Қазақстанда валюталық режимді одан әрі ырықтандыруға бағытталған саясат жалғасады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңының жобасы қарауда жатыр. Осы заң жобасы ұлттық валютаның толық айырбасталу қағидаттарына кезең кезеңмен көшуі үшін тиімді база құру мақсатында әзірленді.
2007
жылдың 1 қаңтарынан бастап валюталық
операцияларды лицензиялау
Жеке
сектордың инвестициялық
Валюталық режимді толық
Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету саласында төлем жүйелерінің тиімді және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуді қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру, төлем құралдарының жаңа түрлерін дамыту, Микропроцессорлық карточкалар негізінде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасын іске асыру бойынша одан әрі шаралар қабылданатын болды.
Төлем карточкаларының ұлттық жүйесінің жұмыс істеуіне қойылатын жалпы талаптар 2004 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген “Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қаржы нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында қарастырылған.
2005
жылы елдің ішінде бөлшек сауда
саласында қолма-қол
Сонымен
бірге, төлем карточкаларына қызмет
көрсету және сауда (қызмет көрсететін)
ұйымдарында төлем
Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қызметін Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен тығыз үйлестіреді.
Ақша-несие саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамыту тұжырымдамасына сәйкес қаржы нарығын одан әрі дамыту алдағы үш жылда оның барлық бөліктерін халықаралық стандарттарға жақындату бағытында жүргізіледі. Экономиканың нақты секторының қажеттіліктерін қанағаттандыратын, тұрақты және тиімді жұмыс істейтін қаржы жүйесін қалыптастыру жалғастырылады.
ЕурАзЭО және ТМД сияқты интеграциялық бірлестіктер шеңберінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жалпы төлем жүйесін ұйымдастыру және қаржы нарықтары интеграциясының басқа бағыттары бойынша жұмыстарды жүргізуді жалғастырады.
Бұдан
басқа, Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Бірыңғай экономикалық
кеңістік (БЭК), Шанхай Ынтымақтастық ұйымы
және Орталық-Азия Ынтымақтастығын қалыптастыру
бойынша мемлекетаралық және ведомствоаралық
топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуға
ниет етіп отыр.
Кесте 1
Ақша-несие саясатының 2005 - 2007 жылдарға арналған
негізгі
көрсеткіштерінің болжамы (базалық
нұсқа)
2004
(алдын ала қорытындылар) |
2005 | 2006 | 2007 | |
Инфляция (орташа алғанда кезең ішінде), % | 6,9 | 4,9-6,5 | 4,8-6,2 | 4,1-5,5 |
Қайта қаржыландыру ставкасы (кезеңнің аяғында), % | 7,0 | 7,0 | 6,5 | 6,0 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жалпы алтынвалюта резервтері, млрд. АҚШ долл. | 9,3 | 11,7 | 13,1 | 14,7 |
өзгеруі %-бен | 87,0 | 26,3 | 11,5 | 12,1 |
Ақша
базасы, |
578 | 803 | 1022 | 1 248 |
өзгеруі %-бен | 82,3 | 39,0 | 27,3 | 22,1 |
Ақша массасы, млрд. теңге | 1 635 |
2 123 |
2 760 |
3 470 |
өзгеруі %-бен | 68,2 | 29,9 | 30,0 | 25,7 |
Резиденттердің депозиттері, млрд. теңге | 1 255 | 1 590 | 2 093 | 2 677 |
өзгеруі %-бен | 71,2 | 26,6 | 31,6 | 27,9 |
Банктердің экономикаға кредиттері, млрд. теңге | 1 484 | 1 960 | 2 520 | 3 132 |
өзгеруі %-бен | 51,7 | 32,0 | 28,6 | 24,3 |
Жеке тұлғалардың мерзімді теңгелік депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы, % | 9,3 | 8,3-10,3 | 8,0-10,0 | 7,5-9,5 |
Заңды тұлғаларға берілген теңгелік кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы, % | 13,7 | 13,2-15,2 | 12,7-14,7 | 12,2-14,2 |
Кесте 1 жалғасы
Сурет 4
2.2
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң фискалды
саясаты және оның құралдары
Мемлекеттің бюджет жүйесінің аса маңызды құраушы негізі мемлекеттің салықтық кұқығының көмегімен мәжбүрлеу арқылы алынатын міндетті төлемдер-салықтар, алымдар, баждар,т өлемақылар және т.б., яғни жинақтап айтқанда салықтық түсімдер болып есептелінеді. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің экономикалық-құқықтық маңызы олардың төленуіне байланысты туындайтын қаржылық-экономикалық және құқықтық қатынастарды, яғни салық төлеушілердің мемлекетке салықтық төлемнің затын (сомасын) берулері кезінде салық заңдарымен белгіленген салықтық құқықтық қатынасқа қатысушы мемлекет пен салық төлеушілердің арасында туындайтын қатынастарда жарқын көрініс табады.
Салықтар экономикалық және
Осы орайда салық: