- салық салу
аясындағы тұрақтылық пен орнықтылықты
сақтау мақсатында белгілі бір баланстарды
бұзатын салықтық заңнама қолдануға тыйым
салу;
- салық әкімшілігін
жүргізу жөніндегі іс-әрекеттердің мәжбүрлеу-жазалау
сипатында болуына жол бермеу;
- экономикалық-қаржылық
мүдделердің біршама теңдігін қамтамасыз
етуге талпыныс жасау;
- табыстарды
тек салықтар арқылы қайта бөлу;
- салық функцияларының
арасындағы біршама тендікке қол жеткізу;
- салық салудың
бейтараптылығын, ашықтығын, айқындығын
және әмбебаптығын қамтамасыз ету;
- салықтардың
(өзге де тиісті міндетті телемдердің)
салық жылында бірнеше мәрте алынуына
және салықтық тең құқықтылықтың болмауына
(дискриминациясына) жол бермеу тәрізді
және т.б. принциптердің жатқаны дұрыс
болады.
Мемлекеттің салық жүйесінің:
- трансферттік
және индикативтік қасиеттері;
- императивтік
сипаты;
- ақшалай нысандағы
құнды бөлудің қаржылық-құқықтық құралы;
- фискалдық
өзара қарым-қатынастардың принциптерін
іске асыру негізі;
- қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуының әр
қилы жағдайларына қарай салық әкімшілігін
жүргізу жолдары;
- корпорациялық
және мемлекеттік қаржылар аясының мүдделерін
теңдестіру элементі;
- әлеуметтік
аяларға зиянын тигізбейтін, экономиканы
тікелей немесе жанама түрде басқарудың
тәсілі сияқты өзіне тән ерекшеліктері
мен белгілері болады.
Жоғарыда баяндалған жәйттерді ескерсек,
мемлекеттің салық жүйесі деп Қазақстан
Республикасы аумағы мен мемлекеттің
салықтық юрисдикциясының (құзырының)
ауқымында қалыптасқан қазіргі заманғы
талаптар мен халыкаралық салық салу стандарттарына
сай салық салудың өте маңызды жағдайлары
мен мән-жайларының жиынтығын айтамыз.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі
мынадай құрылымдық элементтерден:
- салықтарды
белгілеу және салық салу аясына еңгізу
тәртібі мен негіздерінен (заннамалық
актілерінде белгіленіп, бекітілуі);
- салықтар
(алынатын салықтар мен міндетті төлемдердің
түрлері және тізілімі) жүйесінен;
- салықтардын
алыну көздерінен;
- салықтарды
(мәжбүрлеп) алудың принциптері мен түрлерінен;
- салықтарды
алу деңгейлерінен;
- мемлекеттік
салықтық бақылаудың нысандары мен әдістерінен;
- салық төлеушілердің
тиісті құқықтары мен міндеттерінен;
- мемлекеттік
органдардың өкілеттіктерінен;
- салықтық
қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен
занды мүдделерін қорғау тәсілдерінен
тұрады.
Мемлекеттің салық жүйесінің негізінде:
- салықтық
қатынастардағы заңдықты қамтамасыз ету;
- салық жүйесінің
икемділігі;
- салық жүйесінің
әлеуметтік мақсат-бағдары;
- салық рәсімдерінің
(процедураларынын) заңмен регламенттелуі;
- салық жүйесі
құрылымының мұқият құрылуы және біртұтастылығы;
- салықтық
міндеттеме салмағының салық төлеушінің
қаржылық жай-күйімен мөлшерлес болуы;
- салықтық
зандарды (заңнаманы) білу презумпциясы;
- салық төлеушілердің
кінәсіздігі презумпциясы;
- салық саясатын
еліміздің экономикалық өсуі мен тұрақтылығын
қамтамасыз ету мақсатында пайдалануға
ат салысу;
- әкімшілік
шығындар мен салықтөлеушілердің салық
заңдарының әмірлі талаптарын сақтау
барысында жіберген шығындарын есепке
алу;
- инвестициялық
процестердің бұзылмауын қамтамасыз ету
принциптері жатуға тиіс.
Қазіргі уақытта мемлекеттің салық жүйесін
ұтымдыландыру мақсатында мынадай
маңызды мәселелер:
- тікелей және
жанама салықтардың арасындағы арақатынастардың
тиімділігін айқындау;
- бір салық
салу базасына әр түрлі салық салуды болдырмау;
- экономикалық-құқықтық
табиғаты бойынша өзінің құрамына бірден
салық қосылатын салық базасынан салық
алуға жол бермеу;
- экономика
тұрғысынан тиімді деп табылған салық
жеңілдіктерінің тізбесін белгілеу;
- резиденттілік
принципін қолдануды дұрыс жолға қою;
- салықтық
міндеттемелерді іске асыратын жер мен
оны орындау мерзімін нақтылы анықтау;
- шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне қатысты айрықша салық
режимдерін қолдану;
- жергілікті
мемлекеттік басқару органдарының қаржылық
базаларын реттейтін жаңа салықтық механизмдерін
құру;
- салық механизмінің
мемлекеттік шаруашылық жүйесінің вертикалі
мен горизонталі бойынша тиімді жұмыс
істеуі көзделініп отыр.
Мемлекеттің салық саясаты салық жүйесінің
салыктық механизмі арқылы іске асырылады.
Салықтық механизмді қалыптастыру барысында
заңды және жеке тұлғалар салықтарының
аралық қатынасы, салықтық міндеттемелердің
туындауын негіздейтін өндіріс пен үй
шаруашылығының базистік көрсеткіштері
және әрбір базистік көрсеткіштен алынатын
салықтың ставкалары сияқты басты мәселелер
шешіледі.
Салықтық механизм ұйымдастырушы салықтық
құқықтық нормаларда айқындалған әртүрлі
салық құралдары арқылы жүзеге асырылатын
салық салу саласын мемлекеттік басқарудың
әдістері мен нысандарының жиынтығынан
тұрады. Осы орайда салықтық механизм
салық заң актілерінің тиісті ережелерін
іске асыру жағдайлары мен қағидаларының
жиынтығы ретінде көрініс табады. Демек,
салықтық механизм салық салуды мемлекеттік
баскарудың негізі болып табылатын салықтық
құқыққа сүйенеді.
Мемлекетте
қалыптаскан экономикалық-қаржылық және
ұйымдастырушы салықтық құқықтық қатынастар
жүйесі салықтық механизмді құру ерекшелігін
айқындайды.
Салыктық механизм элементтеріне
салық ставкасының мөлшері, салықтардың
жиналу деңгейі, салықтар арқылы
ұлттық табыстың бір бөлігінен
алынатын үлес, мемлекеттік салықтық
жоспарлау және болжамдау, берілетін
салық жеңілдіктерінің көлемі, салықтық
реттеу тиімділігі, салықтық бақылау,
салықтардың инвестициялық саясатты жүргізуге
және қоғамның экономикалық дамуына тигізетін
ықпалы және т.б. жатады.
Салықтық механизм элементтерінің
фискалдық және реттеуші жүйелер
бойынша шектелуі олардың ұдайы өндіріс
мақсатына қызмет көрсетулеріне, сондай-ақ
жалпы — мемлекеттік, корпоративтік және
жекеше экономикалық мүдделер арасындағы
да тепе-тендікке қол жеткізуге септігін
тигізеді.
Сонымен салықтық механизмнің
жұмыс істеу мақсатына республикалық
және жергілікті бюджеттердің салықтық
кірістерін қалыптастыру арқылы қоғамдық-мемлекеттік
қажеттілікті қамтамасыз етуді, сондай-ақ
нақтылы өндірушілердің және азаматтар
табыстарының экономикалық әлеуетін ұлғайтуды
жатқызуға болады.
өөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөөө
2.3
ҚР-ң салық салудың
қаржылық-құқықтық
аспектілері
Қазақстан Республикасының салық
жүйесіндегі салықтар мен өзге
де міндетті төлемдердің жұмыс
істеуінің қоғамдық механизмі
салық төлеушілердің келісімін қажет
қылмайтын, сонымен қатар әлеуметтік бағдарлы,
демократиялық және құқықтық мемлекет
ретінде салық төлеушілердің экономикалық-қаржылық
мүдделерінің сақталуын мүмкіндігінше
қамтамасыз ету жолдары қатаң ескерілетін,
тек қоғамдық-мемлекеттік мүдделер басымдылығын
мақсаттайтын субъектінің біржақты әмірлі
ерік білдіруінің негізінде туындайтын
қатынастардың қалыптасып дамуын кепілдендіретін
әлеуметтік-экономикалық реттеуші қосымша
құралдың болғанын қалайды.
Салық жүйесінің фискалдық және
реттеуші функцияларын іске асыру процесіне
қатысушылар жүзеге асыратын әлеуметтік-экономикалық
маңызы бар іс-әрекеттер салықтар мен
бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің экономикалық әлеуетін күшейтетін
бюджеттік-салықтық қатынастардың туындауын
қамтамасыз ететін қосымша құралға - салықтық
құқыққа негізделеді.
Салықтық қаржылық-құқықтық нормаларында
мемлекеттің ішкі және сыртқы
салық саясатында (оның ұстанымдарында)
көзделген болашақ қоғамдық байланыстардың
яғни салықтық қатынастардың
аса ұтымды теориялық-практикалық
модельдері бекітіледі, сондай-ақ осындай
үлгілердің негізінде бір уақытта салықтық
құқықтық нормаларда белгіленген субъективтік
құқықтар мен заңи міндеттер арқылы жаңағы
салықтық қатынастар салықтық құқықтық
қатынастар түрінде қалыптасады.
Сонымен қоғам мен мемлекеттің
экономикалық-қаржылық мүдделерін
қамтамасыз етуге қажетті салықтық
қаражаттарды мемлекеттік бюджет
кірісіне жұмылдыруға ат салысатын,
заңи және экономикалық табиғаты
бойынша біртекті салықтық қатынастарға
мемлекет тарапынан әмірлі ықпалын
тигізетін, сондай-ақ салықтық қатынастар
туындайтын, өзгеретін және жойылатын
субъективтік экономикалық кеңістікті
толығымен қамтитын айрықша қуатты құрал
салықтық құқық болып табылады. Демек
салықтық құқық қоғамдық-мемлекеттік
манызы бар айрықша объективті-субъективтік
экономикалық саланы толығымен қамти
отырып осы салық салу саласындағы айтарлықтай
тұрақты ұйымдастырушы және материалдық
сипаттағы қатынастарды реттейтін, әлеуметтік
және фискалдық саясаттың ұстанымын көздейтін,
мемлекет билігінің әкімшілік және экономикалық
әлеуетінің салықтық құзырындағы заңи
және экономикалық мазмұнды құқықтық
нормалардың жиынтығынан тұратын құқықтық
кұралым ретінде көрініс табады.
Қазақстан Республикасының қазіргі
заманғы салықтық құқығы мынадай
өзіне тән ерекшеліктерімен сипатталады:
- Салық салу
процесін негіздейтін салықтық құқықтық
нормаларда мүмкіндігінше мемлекет пен
салық төлеушілердің экономикалық-қаржылық
мүдделерінің қарама-қайшылығы ескеріледі.
- Мемлекеттің
салық саясатының экономикасы тұрғысынан
Қазақстан Республикасына тартылатын
халықаралық инвестицияларға салық салуды
төмендету немесе толығымен жою көзделінеді.
- Салықтық
құқықтық нормалар Қазақстан Республикасы
салық жүйесінің макроэкономикалық даму
керсеткіштеріне байланысты жай-күйін
және трансферттік қабілетін фискалдық
бағдарларға сай айқындайды.
- Салықтық
құқықтық нормалар мемлекеттік шаруашылық
аясындағы, сондай-ақ корпоративтік және
жеке меншік шаруашылықтар аяларындағы
фискалдық қатынастардың құқықтық негізін
құрайды.
- Салықтық
құқық мемлекеттік бюджеттің салықтық
кірісін реттеу аясындағы мемлекеттік
императивті ерік білдірудің негізін
құрайды.
- Салықтық
құқық нормаларында салық базасын айқындау
және салық ставкаларын белгілеу процесіне
байланысты қағида-ережелер қатаң нақтыландырылады.
- Салықтық
құқық Қазақстан Республикасындағы салық
салудың заңи негізін құрайды, сондай-ақ
ол мемлекеттің салықтық қызметінің құқықтық
нысаны болып табылады.
- Салықтық
құқық мемлекеттің салық жүйесінің фискалдық
негізінде қалыптастырылатын бюджеттік
кірістің салықтық бөлігін бюджеттік
шығыстың көлемімен байланыстырады.
- Салықтық
құқық нормалары салыктық механизмнің
барлық элементтерін айқындай отырып,
мемлекеттің салықтық менеджментінің
негізін құрайтын салықтық міндеттемелердің
орындалуын қамтамасыз етеді.
- Салықтық
құқық нормалары салық салу аясында туындайтын
трансферттік сипаттағы салықтық қатынастардың
нақтылы материалдық тиімділігін республикалық
және жергілікті бюджеттер арасындағы
трансферттік реттеу көлемімен ұштастырылуын
көздейді.
Салықтық құқық нормаларында
көзделінген инвестициялық процестерді
және сыртқы экономикалық қызметті
салықтық ынталандыру әдістері
Қазақстан экономикасын мақсатталған
бағытта қайта құрылымдауға оң
ықпалын тигізеді.
Өтпелі кезеңдегі экономикалық жағдайлардың
нақтылы мән-жайларының салық жүйесіне
байланысты теріс әсері Қазақстан Республикасының
Салық кодексінде бекітіліп, белгіленген
әрбір салықтағы инфляция құраушыны мән-жайларды
айқындау мәселесін туындатады.
Мемлекеттің материалдық мүддесі
мен қоғам өмірінің айрықша аясының тоғысатын
жері, көбінесе объективті қаржылық-құқықтық
құбылыс ретінде жарқын көрініс табатын
салық салу саласы мемлекеттің салықтық
құқығының реттеуші ықпалының ауқымы
болып табылады.
Мемлекеттің салықтық құқығы
әрқашанда мынадай екі негізге:
- Экономикалық
салықтық тиісті іс-қимылдар мен қатынастарды
регламенттейтін Қазақстан Республикасының
Конституциясына және салықтық заңнамаға;
- Салық салу
жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінің
халықаралық құқықтық стандарттарына
сүйенеді.
Салықтық құқық мемлекеттің салық
саясатының негізін айқындай
отырып жалпы саяси ахуалға
сай келетін фискалдық әкімшілік
жүргізу мәдениетін қалыптастыруға
септігін тигізеді.
Салықтық құқық өзінің салықтық
құқықтық әлеуетінің реттеуші ыкпалының
ауқымындағы қоғамдық қатынастар, салықтық-құқықтық
реттеу әдістері, жүйесі және дерек көздері
арқылы көрініс табады.
Салықтық құқықтың пәні деп,
мемлекеттің салықтық қызметінің
барысында қалыптасатын қоғамдық
қатынастарды айтамыз. Осы қоғамдық
қатынастар салық салу жүйесін белгілеу,
салық әкімшілігін жүргізетін уәкілетті
мемлекеттік органдар жүйесін айқындау,
салықтық міндеттемелерді орындау, салықтық
міндеттемелерді орындауға байланысты
қажетті жағдайлар жасау, мемлекеттік
мәжбүрлеу шараларын қолдану, халықаралық
салықтық шарттарда көзделген мақсаттарды
жүзеге асыру, салық органдары мен басқа
уәкілетті мемлекеттік органдар арасындағы
өзара (және т.б.) іс-қимылдар барысында
салық салу саласында туындайтын салықтық
қатынастар болып табылады.
Салықтық құқық аталған қоғамдық
қатынастардың өзінің құқықтық
реттеу аясындағы ерекше саласын
қамтиды. Бұл қатынастардың ерекшелігі
салықтық қызметті жүзеге асыруы
барысында мемлекеттің салықтар
сияқты экономикалық тұтқаны
қолдануы барысында байланысты туындап
отыр.