Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 14:16, курсовая работа
Бюджет-салық саясаты — мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-тендігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ұзақ мерзімдік кезеңде салықты төмендету саясаты, өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлуеттің өсуіне алып келуі мүмкін. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенді салық реформасының жүргізілуіне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы Орталық банк жүргізетін тежеуші ақша-несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың құрылымын оңтайландырумен байланысты.
Өнеркәсіптің қайта өңдеу
Біздің көзқарасымыз бойынша, қайта қаржыландыру жүйесінің жақсы дамуының кепілі Орталық банк жүйесінде якономиканың накты секторындағы кәсіпорындар мониторингін тиімді ұйымдастыру болып табылады. Себебі, бұл тәжірибе басқа елдердің Орталық банктерінің қызметтерінің негізгі бағыттарының бірі болып танылған. ҚРҰБ-де нақты сектордағы кәсіпорындардың қаржылық жағдайының мониторинг жүйесін жасау кезінде Франция Банкісінің және Ресей Орталық Банкісінің тәжірибелері ескеріледі.
Орталық банктің есептік
Сөйтіп, Орталық банктің есептік және қайта қаржыландыру ставкаларының өсуі құнды қағаздардың нарықтық кұнын төмендетеді. Ал Орталық банктің есептік ставкаларының төмендеуі, керісінше, несиелер мен депозиттер құнының арзандауына әкеледі. Яғни, бұрын қарастырылған жағдайларға кері процестерді тудырады. Құнды қағаздарға сұраныс өседі, ұсыныс азаяды, соған байланысты олардың нарықтық құны жоғарлайды.
Әлемдік тәжірибеде, Орталық банктің және коммерциялық банктердің несиелері арасында тұрақты өзара байланыс байқалады. Мұндай байланыстар әртүрлі елдер бойынша ерекшелінеді, мысалы Германияда Орталық Банктің ставкалары несиелер бойынша банктік ставкалардың ең жоғарғы шегін белгілейді, ал Франция мен Италияда—ең төменгі шегі белгіленеді.
Орталық банктің несиелері банктік ресурстар көзі болып табылады, соған сәйкес пайыздық саясаттың әсер етуі жалпы экономикаға таралады. Ақша-несиелік реттеудің осы құралы Қазақстандық банктік жүйені реформалау кезінде ерекше танымал болды, себебі ҚРҰБ-ның резервтері сыртқы факторларға қарсы тұру үшін жеткіліксіз болды, ал ашық нарықтағы операциялар дамымады.
Ал қазіргі кезде ақша-несие саясатының жалпы бағыты ставка деңгейлерін бақылау сақталуда, бірақ осы құралдың мәні біртіндеп азайып келеді. Бірақ, пайыздық саясаттан толық бас тарту мүмкін емес, өйткені осы құралдың инфляцияға қарсы тиімділігінің маңыздылығы зор. Мысалы, АҚШ ресми ставкаларды белгілеуден бас тартқан елдердің бірі болып саналады. Германия, Жапония, Швеция елдерінде росми пайыздық ставка инфляцияға қарсы реттеу құралы және ұлттық валюта бағамын реттеуші ретінде пайдаланылады.
Әлемдік тәжірибеде пайыздық саясатқа жанама әсер ету шараларына көшу тенденциясы байқалуда. Бірақ, көптеген жағдайларда пайыздық ставкаларды жанама реттеу банктік резервтер көлеміне әсер ететін әдістер арқылы ставкаларды тікелей белгілеуді ауыстыруды болжайды.
Нарықты экономикасы дамыған елдерде макроэкономикалық реттеу салаларында жеткілікті мөлшерде көп тәжірибе жинақталған. Бірақ осы салада басқа елдердің тәжірибесін толық пайдалану қажетті нәтижеге
экономикалық реттеудің мақсаттары мен әдістерін таңдау кезінде экономиканың дамуының нақты тарихи жағдайын ескеру қажет.
Мемлекеттің ақша-несие саясаты дегеніміз инфляцияның деңгейі мен өсімділігіне, инвестициялық белсенділік пен басқа макроэкономикалық процестерге ықпал ету жолымен экономикалық өсудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша айналысы мен несиені реттеудің экономикалық шараларының жиынтығы болып табылады. Бұл саясат—нарықтық экономиканың дамуы үшін ең қолайлы жағдайларды жасау мақсатымен қоғамдық ұдайы өндірісті мемлекеттік реттеудің маңызды әдісі болып табылады. Бұл әдісті Орталық банк іс жүзіне асырады, ақша эмиссиясын реттейді, коммерциялық банктерге несие беруді жеңілдетеді немесе қиындатады. Осылайша Орталық банк жеке инвестицияның белсенділігіне, тұтынушылық сұраныстың өсімділігіне, баға деңгейіне ықпал етеді.
Ақша-несие саясатының негізгі аспаптарына жататындар: ашық нарықтағы іс-әрекет, есептеу мөлшерін өзгерту (дисконттық саясат), міндетті резервтер нормасын өзгерту т.б.. Бұл аспаптардың ішінде ашық нарықтағы іс-әрекет (операция) ең көп қолданылатын әдіс болып табылады. Осы аспап арқылы Орталық банк мемлекеттік бағалы қағаздарды қызығарлықтай өсім процентімен халықтар мен комерциялық банктерге сатады. Бұл іс-әрекетті Орталық банк қайта 50 сатып алу туралы келісіммен іс жүзіне асырылады. Ол келісімде белгілі уақыт өткеннен кейін сатылған бағалы қағаздар валюталарды көтеріңкі бағамен қайта сатып алу, өтеу міндеіттемесі корсетіледі. Өтелу бағасы мен сатып алу бағасы арасындағы айырма ақша каражаттарын бергені үшін төленетін өсім (%) болып табылады.
Ақша-несие
саясатының бұл шаралары нарықтық экономикадағы
елдерде құбылмалы құбылыстарға қарсы
тиімді реттеушілікті жүргізуге мүмкіндік
береді. Өкімет қатал ақша-несие саясатын
жүргізу арқылы белгілі деңгейде ақша
массасының көлемін тұрақтандырады, немесе
икемді ақша-несие саясаты арқылы бір
қатар берілген деңгейде өсімді (%) есептесуді
тұрақтандырады. Осылайша инфляцияға
қарсы саясат қалыптасады.
1.2 Фискалды
саясат: мелекеттік
бюджет және салық саясаты
Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамның кажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдык өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа катысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастар болып табылады.
Мемлекеттік бюджеттің сан-
Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлык экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік несие, мемлекет карыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге әдетте бір жылға жасалынады. /1, 216/
Мемлекет бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып таббатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудін құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Ақырында, мемлекеттік бюджет орындары міндетті мемлекет заңдарының бірі болып (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң.
Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет араларындағы өзара өтелетін перашіяларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жататын жиынтық бюджет.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджеттің басты бөлігі
республикалық бюджетте шоғырланған.
Республикалык бюджет – бұл салыктық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын каржымен камтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Жергілікті бюджет (әкімшілік-аймақтық
бірліктердің бюджеттері) облыстық
бюджет, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың бюджеті.
Бюджет кодексімен айқындалған
салықтық және баска да
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар – бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болап табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипатағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.
Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына бөлімдерден тұрады:
1. кірістер:
• салықтық түсімдер:
• салықтық емес түсімдер;
• негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
• ресми трансферттер түсімдері;
2. шығындар.
3. операциялық сальдо.
4. таза бюджеттік несие беру.
• бюджеттік несиелер;
• бюджеттік несиелерді өтеу;
5. қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
• қаржы активтерін сатып алу;
• қаржы активтерін сатудан түскен түсімдер;
6. бюджет тапшылығы (профициті);
7. бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
• қарыздар түсімі;
• карыздарды әтеу;
• бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы 121.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзеу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттін кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуі тиіс ақшалар болып табылады. Салыктық емес түсімдер -бюджетке төленетін міндетті қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден баска, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша. Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бекітілі, берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскілерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұракты немесе уакытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері – бұл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Ұлттық қорын бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері .