Қазақстан Республикасының монетарлы және фискалды саясаттарының бағыттары мен механизмін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 14:16, курсовая работа

Описание работы

Бюджет-салық саясаты — мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-тендігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ұзақ мерзімдік кезеңде салықты төмендету саясаты, өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлуеттің өсуіне алып келуі мүмкін. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенді салық реформасының жүргізілуіне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы Орталық банк жүргізетін тежеуші ақша-несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың құрылымын оңтайландырумен байланысты.

Работа содержит 1 файл

Ақша-несие саясаты.doc

— 678.50 Кб (Скачать)

     Бюджеттін шығындары қайтарылмайтын  негізде бөлінетін бюджет қаражаттары.  Шығындардың қатаң мақсатты арналымы  болады.

     Операциялық сальдо бюджет кірістері  мен шығындары арасындағы айырма  ретінде айқындалады.

     Бюджет тапшылығы (профициті) таза бюджеттік несие беруді және қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы сальдоға тең.

     Бюджет тапшылығын қаржыландыру  – қарыз алу және бюджет  қаражатынын бос қалдықтары есебінен  бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Бюджет профицитін пайдалану – қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатынын бос калдыктарын жұмсау. /3, 3146/.

     Бюджеттік процесс бюджетті жоспарлау,  әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бюджет есебі мен есептемені жүргізу, мемлекеттік қаржылық бақылау, сонымен бірге байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет заңнамасымен регламенттелінген қызмет. Көбінесе мемлекеттік бюджет бір жылға жасалады, бірақ бұл мерзім әр мемлекетте әртүрлі. Қазақстан Республикасында бюджет жобасын уақытылы және сапалы әзірлеу мен бюджетті атқару және нақтылау жөніде ұсыныстар жасаулы қамтамасыз ету мақсатында ҚР Президенті бюджеттік комиссияны құралы ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын анықталды.

     Бюджетті жоспарлау жоспарланып  отырған кезеңге арналған бюджет  түсімдерінің көлемін және басымдықты  ескере отырып, мемлекеттің әлеуметтік-экономнкалық  даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.

     Бюджеттер жобаларын әзірлеу  процесі мынадай кезеңдерді кіріктіреді:

     •    бюджет түсімдерін болжау;

     •    бюджет шығыстарының  лимиттерін айқындау;

     •    бюджеттік өтініулерді карау;

     •    тиісті қаржы  жылына  арналған республикалық бюджет  туралы заңның

           жобасын әзірлеу;        

     •    тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық

          маңызы бар қала, астана бюджеті туралы мәслихат шешімінің жобасын

          әзірлеу.

       Республикалқ бюджет ҚР Парламенті Палаталарының бірлескен   отырысында   кемінде  екі  оқылымда   және    ағымдағы   жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі /3. 325 б/.

     Процесінің келесі кезеңі бюджеттің атқарылуы мен нақтылануы болып табылады. Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын каржыландыру  (профицитін пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджетті атқарылу деп аталады. Республикалық бюджеттің атқарылуын ҚР Үкіметі қамтамасыз етеді, ал жергілікті бюджеттердің – жергілікті атқарушы органдар.

     Бюджетті нақтылау – республикалық  бюджет туралы заңға немесе  жергілікгі бюджет туралы мәслихаттың  шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы бюджет көрсеткіштерін өзгерту.

     Өткен қаржы жылындағы республикалық  бюджеттің атқарылуы туралы есепті  бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті  орган есепті жылдан кейінгі  жылдың сәуірінен кешіктірмей  Үкіметке, бюджетті жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органы және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына табыс етеді. Өз кезегінде Үкімет жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей республикалық бюджеттін атқарылуы туралы жылдық есепті ҚР Парламентіне және Республикалық бюджеттін атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне табыс етеді. Парламент есепті алдымен Мәжілісте, содан соң Сенатта қарайды. одан кейін есепті Палаталардың бірлескен отырысында бекітеді 121.

     Облыстық республикалық маңызы  бар қаланың, астананың бюджетінің атқарылуы  туралы  есепті  жергілікті  уәкілетті   орган  есепті  жылдан   кейін жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей әкімдікке, облыстың, республикалық манызы астананың бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.

     Бюджеттік-салықтық жоспарлау мен  болжау шешімдерді кабылдау жүйесінін  негізгі элементері болып табылады. Бюджеттік-салықтық жоспарлау мен  болжаудың басты максаты –  заңнамалық негізде қалыптастырылған  және қабылданған салық концепциясына сәйкес экономикалық негізде әлеуметтік-экономикалық дамудың бюджет бағдарламалары мен перспективалық жобаларын сапалық және сандық параметрлерін қамтамасыз ету. Бұл мақсат бір жылға (ағымдағы салықтық жоспарлау) немесе одан ұзақ мерзімге (салықтық болжау) жасалады. Осыған байланысты бюджеттік-салықтық жоспарлаудың тактикасы мен стратегиясын бөледі.

     Салықтар бойынша ағымдық тапсырмаларды  әзірлегенде, тоқсандық салық  түсімдерін аныктағанда тактикалық  міндеттер шешіледі. Олардың шешімі салық салуда стратегиялық мақсаттарды зерттеу үшін заңнамалық өрісті қалыптастырады. Бұл жағдайдағы бюджеттік-салықтық болжау ағымдық салықтық міндеттемелерді орындағанда есепті және аналитикалық мәліметтерді ғылыми зерттеу нәтижелеріне сүйенеді. Бұл мәліметтерді жинау және өңдеу ағымдық жылдағы салық салудың позитивті және негативті жақтарын, оның инвестициялаудың қарқынына әсерін, территориялардың, корпорациялардың азаматтардын табыстарының арақатынасын анықтауға мүмкіндік береді.

     Салықтық тактика бюджеттік сыныптама бойынша бюджет баптарының түсімдерінің жалпы құрылымын анықтауда, салықтық реттеу мен бакылауды жүргізгендегі билік және басқару органдарының жүргізетін шаралар жүйесі. Тактикалық қадамдардың сапалы мазмұны барлық деңгейдегі бюджеттердің орындалуының толықтығы мен уақыттылығын білдіреді.

     Ағымдық қаржылық жылдағы салықтық  міндеттемелерді орындаудағы салықтық  қатынастар мазмұнын аналитикалық  зерттеулер стратегиялық бюджеттік-салықтық  жоспарлау мен болжаудың маңызды  шарты болып табылады. Стартегиялық бюджеттік-салықтық жоспарлау мен болжау басқару теориясы мен практикасында маңызды орын алады. Ол әлемнің барлық елдерімен экономикалық алдын-ала көру әдісі ретінде қолданылады /13, 148 б./.

     Орта мерзімді перспективалы салықтық болжамдарды әзірлеу келесілерден тұрады:

  • аймақтардың қаржылық қамтамасыз етілу және бюджеттік тиімділігіні

          коэффиценттерін       қолдану       арқылы       территориялық      

         меншікті табыстылығын, аймақтық  маманданған салалардың

         техникалық жаңаруға қажеттілігін, еңбекке ақы төлеу, ресурстық  

         базаның жағдайын, территорияның  экпорттық-импорттық 

         операцияларға қатысуын және  т.б. бағалау.

  • аймақтың  экономикалық өсу  қарқынын  есепке  ала отырып  салықтық

          түсімдер көлемін болжау. Бұл  мәліметтер барлық деңгейдегі

          бюджеттерді қалыптастырғанда пайдаланылады  және аймақтардың

           субсидия, дотация, субвенцияларға   қажеттілігін   көрсетеді.

          Аймақтың   әлеуетін   анықтау  арқылы   салық  салудың   жеңілдікті

          режимін  неғұрлым  нақты   жасауға мүмкіндік береді.

  • аймақтың барлық меншігін және оның экономикасын құраушы      ресурстық базасын түгендеу негізінде территориялардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін  болжау,  территориалдық  меншікті  қолданудан  түсетін және   ішкі   қажеттіліктерді   қанағаттандыруға   жұмсалатын   қаражаттар бөлігін анықтау.
  • бюджеттік  тапшылық  сомасын,  инфляция деңгейін,  бағалар

         индексін, нарықтық индикаторларды  анықтау.

           Тиісті жоспарлы кезеңге салықтар  бойынша нақты тапсырмаларды 

           әзірлеу келесідей өзара байланысқан  әрекеттерден тұрады:

      •    өткен кезеңдегі экономикада қалыптасқан тенденцияларды ескере

             отырып салық режимінің варианттарын  іздестіру;

       •   оңтайлы   салық   салу   режимдерін   бағалау,   оларды   салықтық  

            топтар, қаржылык-шаруашылық қызметтің типтері, салық төлеушілер

            топтары әртүрлі территориялар  бойынша ранжирлеу;

       •    болашақтағы салық режимінің  басым бағыттарын негіздеу;

       •   өткен жылдағы бюджеттің  атқарылу сараптамасының нәтижелерін  

            ескере отырып салықтық түсімдер жобасын әзірлеу;

       •   бюджеттік  сыныптаманың  баптарына сәйкес  республика  үкіметі

            және парламент  қабылдаған  салықтық  міндеттемелерді  талқылау,  

            нақтылау және   түпкілікті   келісілген   бюджеттік   түсімдердің

            негізінде   сәйкес заңдарды  қабылдау /13, 1496/.

     Бюджеттік-салықтық қатынастар жүйесіне  факторлық талдау жүргізу, алдын-ала   анықталмаған   экономикалық   қаржылык,   бюджеттік   және  салықтық жағдайлардың туындау  ықтималдылығына баға беру.

     Салық саясаты бағытының өзгерісіне  салық төлеушінің көз-қарасын  стотистикалық сипаттау үшін  пайдаланылады. Бұл әдістерді  қолданудың басты екі бағытын  бөліп көрсетуге болады: бағалар  құрылымы және тауарлар ұсынысы,  салық салу жағдайы туралы болжауларды сынау. Мысалы, бұл салық төлеушілерге қатысты салық заңдарының әділеттілік деңгейін зерттеу, өндірістің өсу және кұлдырауын болжау және оның салдары ретінде салықтық түсімдер көлемін өзгерту. Математика бөлімінің негізгі құрамдас бөлігі ойындар теориясы болып табылады, олар «не болады, егер...» түріндегі міндеттерді шешуде қолданылуы мүмкін. Егер канағаттанарлықсыз нәтижелерге қол жетсе, онда бұл шешімдер қабылданбайды. Антогонистік ойындар әдістері салық төлеушілер мен салық әкімшілігінің арасындағы қатынастардың әлсіз жақтарын анықтауға жағдай жасайды. Сызықтық және сызықтық емес программалау. Бұл әдістер көп айнымалылардың ішінде ең тиімді шешімді таңдау керек кезінде қолданылады. Олар не статистикалық талдау әдістерінің құрамдас бөлігі, не тәуелсіз талдау әдісі түрінде болады және салық қызметкерлерінің миграциясын азайту, салық инспекторларының тиімді қызметін таңдауда жүзеге асырылады /13, 1516/.

     Жоғарыда айтылған зерттеу және  жоспарлау әдістері ғылымда белгілі  әдістердің барлығын қамтымайды, олардың жалпы саны 65-тен жоғары. Бұл әдістердің барлығы да арнайы бағдарламалық қамтамасыз етіледі. Салықтық зерттеулерді компьютерлендіру барлық деңгейдегі бюджеттердің атқарылуы кезінде салық базасын таңдау, салықтық жағдайлардың мүмкін болатын максималды санын анықтау үшін маңызды болып табылады. Жоспарлаудың әдісін теориялық таңдау салық және салық топтарының түріне, салық төлеушілердің типіне байланыссыз. Бұл кезде ең маңызды болып бюджеттік-салықтық жоспарларды дайындағанда қойылатын мақсаттар табылады. Бюджеттік-салықтық жоспарлау мен болжау әдістерін таңдау салық органдары қызметкерлерінің мамандану деңгейі мен салық әкімшіліктерінің техникалық қамтамасыз етілу деңгейіне тікелей байланысты болады.

     Салықтық тактика мен стратегия  өзара байланысқан. Салық салудың даму перспективаларын дұрыс әзірлемей ағымдық салықтық жоспарларды қалыптастыру ерте ме, кеш пе салық тапсырмалары мен қаржы-шаруашылық қызметтің керсеткіштерінің арасындағы байланысты айыруға әкеледі. Бюджеттік-салықтық жоспарлау мен болжау қадамдарының кезектілігі ағымдық уақыт аралығына және перспективаға арналған басқару шараларының бірыңғай тізбесін кұрайды.

     Салықтық бюджеттердің аткарылуы  кезінде барлық елдердің салық  кодексін толықтыратын заңнамалық  тұрғыда қабылданған салық концепциясының барлық ережелерін ұстану керек. Бұл шарт мемлекеттік бюджетке салық түсімдерінің толықтығы мен уақыттылығын анықтайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының монетарлы және фискалды саясаттарының бағыттары мен механизмін талдау