Қазақстан Республикасының монетарлы және фискалды саясаттарының бағыттары мен механизмін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 14:16, курсовая работа

Описание работы

Бюджет-салық саясаты — мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-тендігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ұзақ мерзімдік кезеңде салықты төмендету саясаты, өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлуеттің өсуіне алып келуі мүмкін. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенді салық реформасының жүргізілуіне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы Орталық банк жүргізетін тежеуші ақша-несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың құрылымын оңтайландырумен байланысты.

Работа содержит 1 файл

Ақша-несие саясаты.doc

— 678.50 Кб (Скачать)

КІРІСПЕ

     Ақша-несие саясаты— бұл ақша айналысын реттеу мақсаты мен мемлекеттің ақша-несие саласында пайдаланылатын өзара байланысты шаралар жиынтығы.

     Қазіргі жағдайдағы қазақстандық  экономикада ақша-несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.

     2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің  негізгі мақсаты бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету болды, осы мақсатты орындау үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мынадай міндеттерді іске асыруды жалғастырды:

      1) мемлекеттің ақша-кредит саясатын  әзірлеу және жүргізу;

      2) төлем жүйелерінің жұмыс істеуін  қамтамасыз ету;

      3) валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

      4) қаржы жүйесінің тұрақтылығын  қамтамасыз етуге ықпал ету.

     Осы жағдайларда, ел экономикасы дамуының тұтастай алғанда оң үрдісін ескере отырып, Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі алдағы үш жылға қызметтің басым бағыттарын айқындайды.

   Бюджет-салық саясаты  — мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-тендігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

   Ұзақ мерзімдік кезеңде салықты төмендету саясаты, өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлуеттің өсуіне алып келуі мүмкін. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенді салық реформасының жүргізілуіне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы Орталық банк жүргізетін тежеуші ақша-несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың құрылымын оңтайландырумен байланысты.

     Қысқа мерзімдік кезеңде бұл  шаралардың нәтижесінде, өндірістің құлдырауы және жұмыссыздық деңгейінің өсуі салдарынан болған сұраныс инфляциясын төмендетуге мүмкіндік береді.

   Ұзақ мерзімдік кезеңде өспелі  салық "сынасы" жиынтық ұсыныстың төмендеуіне және құлдыраушылық механизмін ашуға негіз болуы мүмкін. Бұл құбылыс әсіресе төмендегі жағдайларда кездеседі: мемлекеттік шығын-дардың азаюы бюджеттің барлық баптарында пропорционалды қысқарып, жүзеге асырылып отырса және еңбек нарығының инфрақұрылымына мемлекеттік инвестиция берілуінде басымдылық болмаса.      

 Ағымдағы  жылы қабылданған Бюджет кодексi бюджет процесiн жүзеге асырудың жаңа ұстанымдарын айқындады. Ең алдымен, мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес орта мерзiмдiк бюджетті жоспарлау қажеттiгіне назар аударылуда. Бюджеттi жоспарлау процесiне стратегиялық бағдар беру мақсатында алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық-бюджет саясатын анықтайтын құжат - Орта мерзiмдi фискалды саясатты жыл сайын әзiрлеу шешiмi қабылданды.     Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалар жылдарында қайта қаржыландыру ставкасын пайдалану қолайсыз болды. Тек 1994 жылдың екінші жартысында Ұлттық банк жан-жақты сынға қарамастан позитивті ставканы белгілеуге көшті. Қайта қаржыландыру ставкасын 270%-тен 300%-ке дейін жоғарылату есебінен сұраныс инфляциясы төмендетілді, содан кейін бір айдан соң 340% ке жоғарлатылды. Ставкалардың нақты мәні және оның нарықтық ставкамен сәйкестілігі несиелік ресурстар аукционында анықталды. Осындай өзгерістердің нәтижесінде валюталық операциялар бойынша табыстылық пен салыстырғанда несиелік операциялар бойынша табыстылықтың жоғарылауы байқалды. Соның нәтижесінде шетел валюталарына деген сұраныс пен валюта бағамынын, тұрақтылығы байқала бастады.    

     Облыстық республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінің атқарылуы  туралы  есепті  жергілікті  уәкілетті   орган  есепті  жылдан   кейін жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей әкімдікке, облыстың, республикалық манызы астананың бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.

     Бюджеттік-салықтық жоспарлау мен  болжау шешімдерді кабылдау жүйесінін  негізгі элементері болып табылады. Бюджеттік-салықтық жоспарлау мен  болжаудың басты максаты –  заңнамалық негізде қалыптастырылған  және қабылданған салық концепциясына  сәйкес экономикалық негізде әлеуметтік-экономикалық дамудың бюджет бағдарламалары мен перспективалық жобаларын сапалық және сандық параметрлерін қамтамасыз ету. Бұл мақсат бір жылға (ағымдағы салықтық жоспарлау) немесе одан ұзақ мерзімге (салықтық болжау) жасалады. Осыған байланысты бюджеттік-салықтық жоспарлаудың тактикасы мен стратегиясын бөледі.

     Салықтық тактика бюджеттік сыныптама  бойынша бюджет баптарының түсімдерінің  жалпы құрылымын анықтауда, салықтық  реттеу мен бакылауды жүргізгендегі  билік және басқару органдарының жүргізетін шаралар жүйесі. Тактикалық қадамдардың сапалы мазмұны барлық деңгейдегі бюджеттердің орындалуының толықтығы мен уақыттылығын білдіреді.

     Экономикалық реформалар жетiстiгінің қоғамның қаржы жүйесiн дамыту бағыттарына, жүргiзiлiп жатқан салық-бюджет саясатының заман талабына барабарлығына тiкелей тәуелділігiмен негізделген. Қазақстандағы экономикалық өсудің жоғары қарқындары, бюджет кiрiстерiнiң өсуi, қаржы институттарының нығаюы, Ұлттық қордың құрылуы, мемлекеттік бюджет тапшылығының ыңғайлы деңгейi мемлекеттің неғұрлым белсендi фискалдық саясатын жүргізудi талап етедi. Мұндай жағдайларда бюджет мемлекеттiң ресурстарын жұмылдыру мен жұмсаудың басты құралы ретiнде саяси билiкке экономикаға ықпал етуге, оның құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, экономиканың басым секторларын дамытуды көтермелеуге, халықтың неғұрлым аз қорғалған жiктерiн әлеуметтiк қолдаумен қамтамасыз етуге шынайы мүмкiндiк бередi. Тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттi әзiрлеу кезiнде Орта мерзiмдi саясат негіз болып табылады. 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi фискалдық саясаты (бұдан әрi - Орта мерзiмдi фискалдық саясат) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасы, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2005-2007 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары, мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар негiзiнде әрi Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабілетті халық үшiн" атты Қазақстан халқына Жолдауын есепке ала отырып әзiрлендi.

     Фискалды саясат мiндеттерiн iске асыру мынадай негiзгi бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:

  • салық заңдарын және салық әкiмшiлiгiн жүргiзудi жетiлдiру;
  • мемлекеттiң мұнай кiрiстерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
  • арқылы пайдалану тетiктерiн жетілдiру;
  • шығыстарды, бiр жағынан, мемлекеттiк функциялардың толық көлемде
  • тиiмдi орындалуын және, екiншi жағынан, макроэкономикалық тұрақтылыққа жәрдемдесудi қамтамасыз ететін деңгейде ұстау;
  • мемлекеттік шығыстардың нәтижелiлігі мен тиiмділігін, соның ішінде
  • бюджет процесiнiң барлық деңгейлерiнде бюджеттік бағдарламалау әдiстерiн одан әрi енгізу жолымен арттыру;
  • дамуға бағытталатын бюджет шығыстарын тиiмдi қалыптастырудың

жүйелілiгiн  қамтамасыз ету мақсатында инвестициялық  жобаларды дайындау, қарау, iрiктеу процесiн  реттеу; бюджетаралық қатынастарды жетiлдiру бюджет жүйесiнiң түрлi деңгейлерi арасында кiрiс және шығыс өкiлеттіктердi нақты  ажыратуды белгiлеу.

     Бюджет тапшылығының тұрақтандыру деңгейіне әсері қаржыландыру тәсілдеріне байланысты.

     Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландыру тәсілдері:

     1)   ақша-несие эмиссиясы (тиын шығару);

     2)   займ шығару;

     3)   мемлекетке түсетін салық мөлшерін көбейту.

     Тапшылықты жою үшін тиын шығару жағдайында сеньораж пайда болады. Сеньораж ақша шығару арқылы мемлекеттің табатын пайдасы.

     Нақты ЖҰӨ өсуінің қарқынынан ақша жиынының өсу қарқыны артық болған жағдайда сеньораж пайда болады, бұл құбылыс орташа баға деңгейін өсіреді. Барлық экономикалық агенттер инфляциялық салық төлейді және олардың табыстарының бір бөлігі бағаның жоғарылауы арқылы мемлекетке түсіп отырады.

     Инфляция деңгейінің жоғарылауы жағдайында Оливер-Танзи әсері пайда болады.

     Өсіп келе жатқан инфляциялық қиындықтар салдарынан экомомикалық ынта пайда болады, ол салықты уақтылы төлемеу, өйткені өткен уақытта ақша құнсыз-данады, бұдан салық төлеушілер ұтады. Мұның салдарынан мемлекеттегі тапшылық және қаржы жүйесінің жалпы тұрақсыздығы өседі. 

     Ақша-несие саясатының негізгі  мақсаты Елді әлеуметтік-экономикалық  дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған  орташа мерзімді жоспарында айқындалған  шекте инфляцияны сақтау болады.

      Осы мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының операциялары бойынша ықпал ету шараларын күшейтетін болады және өзінің негізгі ставкаларының реттеуші ролін одан әрі жоғарылатуға ықпал етеді.

      Дипломдық жұмыс мақсаты – Қазақстан  Республикасындағы ақша-несие және бюджет-салық саясатын зерттеу және осы механизм элементтерін жетілдіру жолдарын қарастыру.

      Жұмыс мақсаты төмендегі өзара байланысты міндеттерді шешу арқылы жүзеге асырылады:

       - Монетарлы және фискалды саясаттарының теориялық аспектілері мен мәселелерін көрсету;

            - Қазақстан Республикасының монетарлы және фискалды саясаттарының бағыттары мен механизмінің ықпал етуін көрсете отырып, осы механизмнің қымет ету мәселелеріне жалпы сипаттама беру;

           - Қазақстан Республикасының монетарлы және фискалды саясаттарының болашаққа арналған бағыттарын талдай отырып, бұл жүйені жетілдірудің негізгі жолдарын көрсету.

      Берілген  жұмысты жазу барысында Қазақстан  Республикасының Конституциясы, «Cалықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Салық кодексі, ҚР Парламентінің заң актілері, ҚР Үкіметінің қаулылары, шешімдері және экономикалық бағдарламалары, Мемлекеттік салық комитетінің нормативті актілері, сонымен қатар, осы саланы зерттеу бағытында қызмет ететін  отандық және шетелдік   мамандардың еңбектері, оқулықтары, Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің мәліметтері қолданылды.

      Дипломдық жұмыста  топтау, талдау, математикалық  модельдеу және тағы басқа әдістер  пайдаланылды. Жұмыс үш бөлімнен, кіріспе мен қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

      Жұмыстың  бірінші бөлімінде Монетарлы саясаты: негізгі түсініктер және көзқарастар, Фискалды саясат: мелекеттік бюджет және салық саясаты, Ақша-несие саясатының табыстау механизмі және  оның салық-бюджет       саясатымен байланысы сипатталады.

      Ал  екінші бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының  негізгі бағыттары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң фискалды саясаты және оның құралдары, ҚР-ң салық салудың қаржылық-құқықтық аспектілері қарастырылады.

      Үшінші  бөлімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының  болашаққа арналған негізгі бағыттары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң орта және ұзақ мерзiмдi фискалды саясаты талқыланады.

      1 Монетарлы және фискалды саясаттарының теориялық аспектілері 

Информация о работе Қазақстан Республикасының монетарлы және фискалды саясаттарының бағыттары мен механизмін талдау