Қазақстан Республикасының монетарлы және фискалды саясаттарының бағыттары мен механизмін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 14:16, курсовая работа

Описание работы

Бюджет-салық саясаты — мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-тендігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ұзақ мерзімдік кезеңде салықты төмендету саясаты, өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлуеттің өсуіне алып келуі мүмкін. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенді салық реформасының жүргізілуіне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы Орталық банк жүргізетін тежеуші ақша-несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың құрылымын оңтайландырумен байланысты.

Работа содержит 1 файл

Ақша-несие саясаты.doc

— 678.50 Кб (Скачать)
"justify">     2006 жылдың алғашкы 10 айында мемлекеттік  бюджетке жалпы салық түсімдері 1 799 327 415 мың теңге мөлшерінде жиналды (1 667 266 558 мың теңге жоспарында) және жоспардың орындалуы 107,9% болды. Республикалық бюджетке бұл соманың 1 365 804 594 мың теңгесі аударылды. Жоспар (1 242 560 151 мың теңге) 109,9% үлесінде артығымен орындалды. 2005 жылғы салық түсімдеріне келетін болсақ мемлекеттік бюджет жоспары 107,4%-ға республикалық бюджет жоспары 108,6%-ға орындалды.

     Қазақстанда     бүкіл     салықтық     түсімдер     арасында     басты     орынды корпорациялық табыс салығына келеді, 32,3% шамасында. Бұл салықты Ұлттык банк пен мемлекеттік мекемелерді қоспағанда ҚР резиден занды  тұлғалары,  сондай-ақ Қазақстанда  қызметін  тұрақты  мекеме  арқылы жүзеге асыратын немесе республикадағы көздерден табыс алатын бейрезиден заңды   тұлғалар   төлейді.   Салық   салынатын   табыс,   төлем   көзінен   салық салынатын   табыс   және  ҚР-да     қызметін  тұрақты   мекеме  арқылы  жүзеге асыратын бейрезидент заңды тұлғаның таза табысы бұл салық салынатын табыс объектілері     болып     табылады

Ақша-несие  саясатының қазіргі кезендегі тиімділігі Орталық банктің саясатына деген  сенімділікпен тығыз байланысты.

     Ақша-несие саясаты салық-бюджет  және сыртқы экономикалық саясатпен  тығыз байланысты.

     Егерде Орталық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы курсты ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердің көбеюі және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруіне әкеледі. (Мысалы валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседі.) Салық-бюджет және ақша саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі

қиындықтарды  тудырады. Егер мемлекет экономиканы  мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай іс-әрекеттердің нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады.

     Қазыналық саясаттың нәтижесінде  бюджетте тапшылық болса, онда мұндай жағдайда тиімді, тұрақты монетарлық саясат болмайды.

      Экономика дамуының жоғары қарқыны және монетизацияның өсуі инфляциялық процестердің күшеюіне қауіп туғызбайды, өйткені 2005-2007 жылдары еңбек өнімділігі нақты жалақыға қарағанда жоғары қарқынмен өседі. Мұндай жоғарылау негізінен жаңа өнім түрлерін шығаруды ұйымдастыруға қайта инвестициялау үшін капитал жинақтау процесі басталған өнеркәсіп секторы есебінен қамтамасыз етілетін болды. Экономикалық өсу  жалақының өсу қарқынынан қалып қойған жағдайда,  тұтыну сұранысының өсуі инфляцияның біршама өсуіне  әкелуі мүмкін.

      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі жаңа заң жобасының  тұжырымдамасына сәйкес валюталық операцияларды жүргізу тәртібін, лицензиялау мәселелерін, валюталық  операцияларды тіркеуді, валюталық операциялар туралы хабарламаны және экспорт-импорт валюталық бақылау рәсімдерін реттейтін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды бастады.

      “Экономиканың қызып кетуін” алдын алу жөнінде  уақтылы шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі елге шетел валютасының  келу жағдайын бақылайтын болды және қажет болған жағдайда туындайтын тәуекелдерді төмендету бойынша шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастырды.

      Валюталық реттеу және валюталық бақылау саласында Қазақстанда  валюталық режимді  одан әрі ырықтандыруға, капитал қозғалысына байланысты тәуекелдерді реттеуге қолданылатын жаңа тәсілдерді  әзірлеуге  бағытталған  саясат жалғасады.  Сыртқы экономикалық операциялар бойынша ақпараттық база жетілдіріледі, бұл 2007 жылдан бастап валюталық операцияларды жүргізудің  рұқсат етілген тәртібінен   жүйелі  мониторинг және селективті бақылау жүйесіне тиімді  өтуді  қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

     Мемлекеттiң салық саясаты салық салудың нақты салық түрiне экономикалық негiзделуiнен, кәсiпкерлiктi дамытуға тосқауыл болатын кедергiлердi жоюдан, салық заңдары нормаларының қарапайымдылығы мен айқындылығынан, сондай-ақ салық мәдениетiн одан әрi арттырудан бастау алуы тиіс. Фискалдық саясаттың мiндеттерiн iске асыру шеңберiнде салық жүйесi мемлекет қазынасын толықтыруға ғана бағдарланбай, сонымен бiрге экономиканы басқарудың күштi құралы болуы тиiс.

    Орта мерзiмдi кезеңде: жоғары технологиялы және экспортқа бағдарланған өндiрiстердi салықтық көтермелеу; инвестициялық салық преференцияларын беру нысандарын кеңейту мүмкiндiгiн қоса алғанда, экономиканың шикiзаттық емес секторындағы инвестициялық ахуалдың тартымдылығын күшейту үшiн шаралар қолдану салық заңдарын жетілдiрудің негiзгi бағыттарына айналуы тиiс.

     Бұл мiндеттердi iске асыру үшiн Үкiмет Салық кодексiне 2005 жылдан бастап өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде ұсыныстар тұжырымдады. Атап айтқанда, негiзгi құралдарды жаңарту мен жаңғырту процестерiн ынталандыру және жеделдету, инвестициялық салық преференцияларын беру нысандарын кеңейту, қосылған құны жоғары тауарлар өндiрiсiн салықтық ынталандыру және халықаралық стандарттарға сай келетiн сапа менеджментi мен қоршаған ортаны қорғау жүйелерiн енгізу, қаржы операциялары мен қаржы рыногы субъектiлерiне салық салуды жетілдiру, салық әкiмшiлiгiн жүргiзудi жақсарту мақсатында амортизациялық саясатты жетілдiру мәселелерi бойынша өзгерiстер көзделедi.

    Мемлекеттiң салық төлеушiлермен  өзара қатынастарын одан әрi жақсарту  салық салу саласындағы мемлекеттік  саясаттың ерекше бағытына айналуы  тиiс, бұл қатынас екi тарап  арасындағы өзара тығыз iс-қимылдан, жүргiзіліп жатқан процестердің  барлық маңызын өзара түсiнуден құралуы тиiс. 
      Жүргiзілiп жатқан саясат нәтижесiнде, бiр жағынан, салық төлеушiлердiң салық заңдарының нормаларын дұрыс түсiнуiне қол жеткiзу, салық төлеушiлердiң салық тәртiбiн сақтау деңгейiн арттыру үшiн, екiншi жағынан, салық жүйесiнiң транспаренттілігін, оның әдiлдігін, тұрақтылығын және болжамдылығын қамтамасыз ету, салық төлеушiлердiң барлық санаттары үшiн салық жүктемесiнiң теңгерiмдiлiгiне қол жеткiзу үшiн оңтайлы жағдайлар жасалатын болады, бұл сайып келгенде, мемлекеттiң экономикалық және саяси тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.

Информация о работе Қазақстан Республикасының монетарлы және фискалды саясаттарының бағыттары мен механизмін талдау