Қазақстан Республикасының монетарлы және фискалды саясаттарының бағыттары мен механизмін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 14:16, курсовая работа

Описание работы

Бюджет-салық саясаты — мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-тендігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ұзақ мерзімдік кезеңде салықты төмендету саясаты, өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлуеттің өсуіне алып келуі мүмкін. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенді салық реформасының жүргізілуіне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы Орталық банк жүргізетін тежеуші ақша-несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың құрылымын оңтайландырумен байланысты.

Работа содержит 1 файл

Ақша-несие саясаты.doc

— 678.50 Кб (Скачать)
 

Сурет 10      

*Ескерту. 
      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне сәйкес салық және басқа да мiндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусiз негiзде берілетiн, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерiн сатуға байланысты емес, бюджетке eceптелугe тиiстi ақша бюджет кiрiстерi болып табылады.

   Қайтарылмайтын негізде бөлiнетiн  бюджет қаражаты бюджет шығындары  болып табылады.

   Операциялық сальдо бюджет кiрiстерi мен шығындары арасындағы айырма ретінде айқындалады. Бюджет шығындарында бюджеттік даму бағдарламалары болған жағдайда терiс операциялық сальдоға жол беріледi.    

 Бюджеттік  несие - бюджеттен қайтарымды мерзiмдi және ақылы негiзде бөлiнетін ақша. Бюджеттік несиенi өтеу - несиелік шартқа және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бюджеттік несие бойынша негізгi борышты қарыз алушының өтеуi. Таза бюджеттік несие беру бюджеттік несиелердiң және бюджеттік несиелердi өтеудiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

   Қаржы активтерiн сатып алу - заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерiн, бағалы қағаздарын мемлекеттік меншiкке сатып aлу жөніндегі операциялармен байланысты бюджет шығыстары. Мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер - мемлекеттік меншiктегі заңды тұлғалардың, соның iшiнде халықаралық ұйымдардың, мүлiктiк кешен түрiндегi мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттiк кәсiпорындардың қатысу үлесiн, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсiпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргiзуiндегі өзге де мемлекеттік мүлiкті сату жөнiндегі операцияларға байланысты бюджетке түсетiн түсiмдер. Қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы активтерiн сатып алу мен мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдердiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

     Бюджет тапшылығы (профицитi) таза бюджеттік несие берудi және қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегерiп тастағандағы операциялық сальдоға тең.

     Бюджет        тапшылығын      қаржыландыру - қарыз     алу    және     бюджет қаражатының       бос     қалдықтары   есебiнен  бюджет   тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. 
      Бюджет профицитiн пайдалану - қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитiн, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жұмсау болып табылады. 
 
 

     ҚОРЫТЫНДЫ 

     Тоқсаныншы жылдардың басынан бері мемлекеттік қаржы саласындағы реформалар  және   бірінші   кезекте,   Қазақстан Республикасында бюджет

жүйесін дамыту терең құрылымдық    қайта    құрылулар  аясында өтті. Бұл жағдайларда елдің қаржы органдардың алдында тұрған негізгі міндеті халық мұқтаждығын және мемлекеттік қызметтер   мен   функциялардың   сапалы   орындалуын барынша жоғары   дәрежеде қамтамасыз  ететін  анық,  тиімді  әрі тұрақты бюджетке  қол  жеткізуді  назардан  тыс қалдырмау маңызды болды.

     Ел экономикасының казіргі көрсеткіштері  Қазақстаннын соңғы жылдары сапалық  өсуге қол жеткізгенін ризашылықпен  атап өтуте мүмкіндік береді. Мұнда бюджет жүйесін жетілдіру  бойынша үнемі жүргізілетін жұмыстың атқарған рөлі ерекше.

     Қазақстандағы   қазіргі   бюджет   процесін   ұйымдастырудың   жетістіктеріне    нені жаткызуға  болады? Бұл - ең алдымен, саяси  және экономикалық ақиқаттармен  келісілген жауапты бюджет саясаты.  Бюджет болашақ нәтижелерінің болжамы мен тиімділігінің бағалауы бар, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік міндеттерін ағымдағы жылы ғана емес орта мерзімді перспективада да орындауға бағытталған тұтас кұжат ретінде қарала    бастады.    Осылайша,    макроэкономикалық   тұрақтылықты    қамтамасыз ету тұрғысынан  да,  ресурстарды   қайта  бөлу  тұрғысынан   да  Орта   мерзімді   фискалдық саясаттың   мемлекет   экономикасын    басқарудың   салмақты    құралына    айналуының объективті алғышарттары бар.

   Бюджет-салық саясаты — мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-тендігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

   Салық — мемлекет біржақты  тәртіппен заң жүзінде белгіленген,  белгілі бір мөлшерде жүргізілетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта  болатын бюджетке төленетін міндетті  ақшалай төлемдер.

   Салықтар мемлекетпен бірге пайда  болып, оның қызметін қамтамасыз етеді. Салықтың экономикалық мәні қызметтер арқылы көрінеді, яғни мемлекет салық арқылы экономикаға объективті араласады, реттейді, салық ұдайы өндіріс қарқынына ықпалын тигізеді, жеке әлеуметтік тепе-теңдікті қамтамасыз етеді.  ҚР-да салық жүйесіндегі үлкен бір өзгеріс — ол 2002 жылдан бастап жаңа Салық кодексінің өз күшіне енді.

   Тоқсаныншы жылдардың басынан  бері мемлекеттік қаржы саласындағы  реформалар және, бірінші кезекте,  Қазақстан Республикасында бюджет  жүйесін дамыту терең кұрылымдық қайта кұрылулар аясында өтті. Бұл жағдайларда елдің каржы органдарының алдында тұрған негізгі міндеті халық мұқтаждығын және мемлекеттік қызметтер мен функциялардың сапалы орындалуын барынша жоғары дәрежеде қамтамасыз ететін анық, тиімді әрі тұрақты бюджетке қол жеткізуді назардан тыс қалдырмау маңызды болды.

   Ел экономикасының қазіргі көрсеткіштері  Қазақстанның соңғы жылдары сапалық  өсуге қол жеткізгенін ризашылықпен  атап өтуге мүмкіндік береді. Мұнда бюджет жүйесін жетілдіру  бойынша үнемі жүргізілетін жұмыстың атқарған рөлі ерекше.

   Қазақстандағы қазіргі бюджет  процесін ұйымдастырудың жетістіктеріне  нені жатқызуға болады? Бүл - ең  алдымен, саяси және экономикалық  ақиқаттармен келісілген жауапты  бюджет саясаты. Бюджет болашақ  нәтижелерінің болжамы мен тиімділігінің бағалауы бар, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік міндеттерін ағымдағы жылы ғана емес орта мерзімді перспективада да орындауға бағытталған тұтас құжат ретінде қарала бастады. Осылайша, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан да, ресурстарды қайта бөлу тұрғысынан да Орта мерзімді фискалдық саясаттың мемлекет экономикасын басқарудың салмақты құралына айналуының объективті алғышарттары бар.

   Орта мерзімді фискалдық саясат  мемлекеттік органдардың өз қызметін  жүзеге асыруының бағдарына айналуы тиіс, сондай-ақ іскер топтар мен қалың бұқараны мемлекет саясатымен таныстыруға арналған.

   Келешекте 2005-2007 жылдарға арналған  орта мерзімді фискалдық саясаттың  рөлін осы құжатты әзірлеу  кезінде алға қойылған төмендегідей мақсаттардың:

- үкіметтің фискалдық стратегиясы мен оның ағымдағы және болашақ мақсаттарға қол жеткізу жөніндегі жоспарларын белгілеудің;

- қолда  бар ресурстардың алдағы үш  жылдық кезеңге арналған көлемін  айқындаудың;

-  шектеулі  бюджет ресурстарын стратегиялық  басымдықтарға бөлу жөнінде шешімдер қабылдауды жандандырудың;

- мемлекеттік  органдарға алдын ала жоспарлауды  жүзеге асыруға мүмкіндік беретін  неғұрлым болжамды қаржыландыруды  қамтамасыз етудің;

- бюджет  процесінің тиімділігі мен анықтығын арттырудың орындалуымен көрсетуге болады.

   Бюджет процесінің сабақтастығын  қамтамасыз етудің және фискалдық  тәртіпті арттырудың қаншалықты  орындалғаны бойынша бағалауға  болады.

   2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап “Салық  және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдер туралы” жаңа ҚР-ң кодексі (салық кодексі) қолданысқа енгізілді. Осы салық кодексте белгіленген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерге мыналар жатады:

    1. корпорациялық табыс салығы;
    2. жеке табыс салығы;
    3. қосылған құн салығы;
    4. акциздер;
    5. жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері;
    6. әлеуметтік салық
    7. жер салығы;
    8. көлік құралдарына салық;
    9. мүлік салығы;

     Барлық мемлекеттерде орталық банк ақша-несие саясатын қалыптастырады және жүзеге асырады, коммерциялық банктердің іс-әрекетін қадағалайды және ұйьмдастырады. Орталық банк пен коммерциялық банк операцияларының және банктен тыс секторлардың шешімдері нәтижесінде экономикадағы ақша ұсынысының өзгеруіне ықпалын тигізеді.

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының негізгі бағыттары қабылданған кезде мынадай екі фактор ескерілді.

     Біріншіден, Қазақстанда қаржы нарығының  дамуымен ақша агрегатының және инфляцияның  арасындағы өзара байланыстың әлсірегені байқалды. Сондықтан ақша агрегаттарының болжамдары мақсатты болып табылмайды және олар бойынша өсу шегінің әсіресе,  Қазақстанда инфляциялық таргеттеу қағидаттарын ендіру жағдайларында қатаң міндеттелген болып табылмайды. Соған қарамастан, олар нарық үшін маңызды бағдар болып қала береді және Ақша-несие саясатының 2005 – 2007 жылдарға арналған негізгі бағыттарын жасаған кезде ескеріледі.

     Екіншіден, 2005 жылдың нәтижесінде қалыптасатын инфляцияға 2004 жылы жүзеге асырылған  шаралар ықпал ететін болады, сонымен қатар 2005 жылы ақша-несие саясаты 2006 жылғы нәтижелерге ықпалын тигізеді.

     Қазіргі жағдайдағы қазақстандық  экономикада ақша-несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады.

     Ұлттық банктің пайыздық саясаты нарықта сапалы параметрді белгілеу жолымен ақша айналысын реттеудің маңызды құралы қызметін атқарады. Банктік несиелер құнын реттеу арқылы ақша айналымына тез және адекваттық әсер етуге қол жеткізуге болады. Ұлттық банктің несие құнына әсер ету мүмкіндігі оның соңғы сатыдағы кредитор кызметін қамтамасыз етеді.

Нарық жағдайында банк жүйесі екі деңгейде болады: Орталық банк (эмиссиялық) және коммерциялық (депозиттік) банк. Коммерциялық банктердің негізгі функциясы несие беру және салымдарды өсіру. Осындай шаралардың нәтижесінде коммерциялық банктер ақша ұсынысын кеңейтеді. Банк жүйесі құнды қағаздарды алып-сатумен де айналысады.

Қазақстан Ұлттық банкі мемлекеттік ақша-несие  саясатын анықтайтын және жүзеге асыратын орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық банкі ақша-несие саясатының басты мақсаты: ұлттық валютаның тұрақтылығын, яғни оның төлемқабілеттілігі мен басқа шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді көздейді.

     Ақша-несие — бұл айналыстағы  ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық банк болып табылады.    Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.

     Мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамның кажеттіліктерін қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдык өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа катысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастар болып табылады.

      Бюджет түсімдерінің 90-95% салықтық  түсімдерге келеді. Халыққа үш негізгі салықтың ауыртпалығы түседі: жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және мүлік салығы. Ал кәсіпкерлік сектор екі салықпен көрінеді: корпорациялық табыс салығы және мүлікке салынатын салық.

Информация о работе Қазақстан Республикасының монетарлы және фискалды саясаттарының бағыттары мен механизмін талдау