Қазақстан Республикасының монетарлы және фискалды саясаттарының бағыттары мен механизмін талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 14:16, курсовая работа

Описание работы

Бюджет-салық саясаты — мемлекеттік бюджет жағдайын, салық салуды және мемлекеттік шығындардың өзгерісін реттеу мақсатында үкімет тарапынан жүргізілетін шаралар. Бұл шаралар жұмыспен толық қамтылуды, төлем балансының тепе-тендігін және экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.
Ұзақ мерзімдік кезеңде салықты төмендету саясаты, өндіріс факторларының ұсынысын кеңейтуге және экономикалық әлуеттің өсуіне алып келуі мүмкін. Мұндай мақсаттардың жүзеге асуы кешенді салық реформасының жүргізілуіне байланысты болады. Бұл шаралардың орындалуы Орталық банк жүргізетін тежеуші ақша-несие саясатымен және мемлекеттік шығындардың құрылымын оңтайландырумен байланысты.

Работа содержит 1 файл

Ақша-несие саясаты.doc

— 678.50 Кб (Скачать)

     Тұтыну  бағаларының қалыптасуына кірістердің  ұлғаюы мен экономикалық белсенділіктің артуымен көрінген ақшаға сұраныстың өсуі белгілі бір дәрежеде әсер етті.

     Ақшаға  сұраныстың өсуі  ақша агрегаттарының кеңеюіне себеп болды. 2005 жылы ақша массасының 25,2%  өсіп, 2065,3 млрд. теңгеге (2004 жылы– 69,8%) дейін көбеюі  ішкі кредиттеудің өсуімен қамтамасыз етілді. Экономикаға кредиттер 2005 жылы 74,7% өсті.

     Ақша  массасының кеңею қарқындарымен  салыстырғанда номиналды ЖІӨ  өсуінің барынша жоғары қарқыны (27,0%) экономиканы  монетизациялау деңгейінің 2004 жылдың соңындағы 28,1%-дан 2005 жылдың аяғында 27,7%-ға дейін өсуіне алып келді.

     2005 жылы айналыстағы қолма-қол ақша  8,6% өсіп, 411,8 млрд. теңгеге жетті, ал 2004 жылдың тиісті кезеңінде  өсу 59,0% құрады. 2005 жылы ақша базасы 14,7% 663,0 млрд. теңгеге дейін өсті (2004 жылы – 82,3%). Ақша мультипликаторы 2005 жылы ақша базасының кеңею қарқынымен салыстырғанда ақша массасы өсуінің озық қарқыны салдарынан 2,86-дан 3,12-ге дейін өсті.

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза халықаралық резервтері 2005 жылдың аяғында бір жыл ішінде 23,8% қысқарып, 7065,9 млн. долл. болды. Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда (ағымдағы бағалармен), Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының ақшасын қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 8014,7 млн. доллар)  2005 жылы 4,7% ұлғайып, 15084,4  млн. долларды құрады.

     2005 жылы артық өтімділік деңгейін  төмендету үшін ақша-кредит саясатын  күшейту шаралары қабылданды. Ресми  қайта қаржыландыру ставкасы 7%-дан 8%-ға дейін бірте-бірте көтерілді, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу базасы кеңейтілді және резервтік активтердің тізбесі қысқартылды.

     Ішкі  валюта нарығында сұраныстың ұсыныстан  шамалы ғана асып кетуі 2005 жылы теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша 2,9% номиналдық құнсыздануына алып келді (биржалық бағам бойынша). Бұл  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  валюта нарығына  өзінің қатысуын қысқартуға мүмкіндік берді.

     Ақша-несие саясатының инфляцияға әсерін күшейту үшін ақша-несие саясатының құралдары жетілдірілді. Мәселен, 2005 жылғы 1 шілдеден бастап  депозиттік және несиелік операциялар, қысқа мерзімді ноталарды шығару, репо операциялары сияқты  ақша-несие саясатының жекелеген операцияларының мерзімдері мен ставкалары бойынша бірегейлендіруді болжайтын  ақша-несиелік реттеу тетігіне өзгерістер енгізілді. Бірегейлендіру нәтижелерін күшейту үшін «овернайт», «овердрафт»  заемдарын беру және тікелей репо операцияларын жүргізу  уақытша тоқтатылды.

     Қысқа мерзімді ноталар эмиссиясының көлемі 3,5 есе ұлғайған кезде (1960,2 млрд. теңге) олардың айналыстағы көлемі 2005 жылы 396 млрд. теңгеден 161 млрд. теңгеге дейін  қысқарды. Бұл шығарылатын ноталардың айналыс мерзімдерінің айтарлықтай  қысқаруына байланысты (2004 жылы орташа алғанда 243 күннен 2005 жылы орташа алғанда 30 күнге дейін).

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерден депозиттерді тарту  көлемі 2005 жылы 3,4 есе 2627,9 млрд. теңгеге  дейін өсті. Бұл ретте Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің олар бойынша өтелмеген міндеттемелерінің көлемі 10,3% 78,8 млрд. теңгеден 86,9 млрд. теңгеге дейін өсті.

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баға тұрақтылығына  жету жөніндегі қабылдаған шараларына қарамастан, инфляция бір жылда орташа есеппен алғанда 2005 жылға арналған мақсатты бағдардан (5,2-6,9%) асып түсіп, 7,6% құрады.

      Осы жағдайларда Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі  Ақша- несие саясатының  2006 – 2008 жылдарға  арналған негізгі бағыттарын әзірледі.

     Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  2006-2008 жылдарға арналған қызметінің негізгі бағыттары.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған  ақша-несие саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басым бағыты деп айқындайды.

     Тиісінше инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Бұл инфляция бойынша мақсатты бағдарларды негізге ала отырып, ақша-несие саясатының негізгі өлшемдерінің болжамдарын құруды болжайды.

     Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің  болжамы  2006 жылы іске асыруға  белгіленген шараларды нақтылай отырып,  тұтастай алғанда үш жылға (2006-2008 жылдар) берілген, бұл осы құжаттың орташа мерзімді бағытын атап көрсетеді. Келесі жылдарға көрсеткіштер  ағымдағы жылдың соңында нақтыланатын болады.

      2006-2008 жылдарға арналған ақша-несие саясатын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі екі сценарийлік нұсқаны қарастырды. Сценарийлік нұсқаларға бөлудің өлшемі мұнайға әлемдік бағалардың деңгейі болып табылады (қалыпты бағалар сценарийі және жоғары бағалар сценарийі). Мұнайға төмен әлемдік бағалардың сценарийін  нарықта  бағаның күрт төмендеу мүмкіндігі  қысқа мерзімді болашақта барынша төмен болғандықтан, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қарастырмайды.

      Қарастырылып  отырған сценарийлік нұсқаларда экономикалық өсудің жоғары қарқыны, макроэкономикалық тұрақтылық  және қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктураның сақталуы болжанады.

      Соңғы жылдардың тәжірибесі сыртқы қарыз  алу көлемдерінің ақша- несие саясатына айтарлықтай ықпалын көрсетіп отыр. Бұл фактор ақша несие саясатын жүргізген кезде маңызды факторлардың бірі болып қала береді. Мұның өзі банктер мен кәсіпорындардың сыртқы қарыз алу көлемдерінің ішкі және сыртқы нарықтардағы пайыздық ставкаларына қарамастан айтарлықтай болатынына байланысты.

      Есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жұмыс істеу тетігінің  өзгерістері есепке алынбады, олар 2006 жылдың екінші жартыжылдығында орын алады.

      Болжамдарды дайындау кезінде Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі әзірлеген ақша-несие саясатының трансмиссиялық тетігі үлгісінің нәтижелері пайдаланылды.

      Мұнайға қалыпты бағалар  сценарийі 2006-2008 жылдары «Брент» сортты мұнайдың әлемдік орташа бағасы бір баррель үшін 45-60 доллар шегінде қалғанда, әлемдік пайыздық ставкалар шамамен ағымдағы деңгейде сақталады деп болжайды.  Осындай болжамдар кезінде 2006-2008 жылдары экономиканың орташа жылдық өсуі 8-9%, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің халықаралық резервтері – 12-38%, ақша массасы – 24-35%, ақша базасы – 20-42% шегінде күтіледі. Экономиканы монетизациялау деңгейі 2006 жылғы 32%-дан 2008 жылы 38%-ға дейін өседі. 

Кесте 3

      ҚР  мұнайдың әлемдік пайыздық ставкалары 

  2006 2008
орташа  жылдық өсуі 8% 9%
ҚР  Ұлттық Банкінің халықаралық резервтері 12% 38%
ақша  массасы 24% 35%
ақша  базасы 20% 42%
Экономиканы монетизациялау деңгейі 32% 38%
 

Кесте 3 жалғасы 

        

      Сурет 7 

      Мұнайға жоғары бағалар сценарийі  алдағы үш жылдық кезеңде мұнайдың әлемдік бағасының одан әрі өсуін болжайды. Осы сценарий бойынша «Брент» сортты мұнайдың орташа әлемдік бағасы бір баррель үшін 65 доллардан асып түседі деп күтіледі. Мұнайға қалыпты бағалар сценарийімен салыстырғанда әлемдік пайыздық ставкалардың неғұрлым төменгі деңгейіне жету болжанады. Осындай болжамдар кезінде 2006-2008 жылдары мұнайға қалыпты бағалар сценарийімен салыстырғанда экономиканың барынша жоғары орташа жылдық өсуі күтілуде. Халықаралық резервтердің, ақша агрегаттарының өсу болжамы мұнайға қалыпты бағалар сценарийіне қарағанда орташа алғанда 7-12 пайыздық тармаққа жоғары болады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  ақша-несие саясатының негізгі мақсаты мұнайға қалыпты бағалар сценарийін іске асыру кезінде инфляцияны 5,7-7,3% шегінде және мұнайға жоғары бағалардың  сценарийін  іске асыру кезінде – 6,9-8,5% шегінде ұстау болады.

      Екі сценарийдің ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мұнайға қалыпты бағалардың сценарийін барынша шынайы деп есептейді.

      Осыған  байланысты Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі бірқатар шараларды, оның ішінде ақша-несие саясатын қатаңдату жөніндегі шараларды іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл сценарийге қарамастан шетелдік капиталдың айтарлықтай келуі, ішкі қаржы нарығында өтімділіктің артық болуы, мемлекеттік бюджет шығыстарының өсуі жағдайларында инфляциялық қысымның сақталуы болжанатынына байланысты.

      Мұнайға жоғары бағалар сценарийі іске асырылған жағдайда ақша-несие саясатының шаралары көп дәрежеде қатаңдатылуы мүмкін.

      Ақша-несие саясаты саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006-2008 жылдары ақша-несие операцияларын пайдаланудың тиімділігін арттыру және ақша нарығының жағдайына қабылданатын шаралардың әсерін одан әрі күшейту жөніндегі жұмыстарды жалғастырады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша нарығындағы ахуалға және инфляцияның  деңгейіне байланысты өз операциялары бойынша ставкаларды, ресми қайта қаржыландыру ставкасын қоса алғанда, реттеп отырады. Неғұрлым маңызды мәселелер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясаты жөніндегі кеңесінің мәжілісінде қарастырылатын болады, оның жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, академиялық топтардың, сондай-ақ қаржы секторының өкілдері қатысады.

      Қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын  реттеудің, сондай-ақ банктердің артық  өтімділігін реттеудің негізгі  құралдары екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттері және қысқа мерзімді ноталарды шығару болып отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  депозиттерді тарту көлемін шектемейді, алайда олар бойынша ставкаларды айқындайды. Қысқа мерзімді ноталарды шығару қысқа мерзімді құралдар бойынша «қисық кірістілікті»  қалыптастыру және қаржы нарығының басқа құралдарын дамыту мақсатында жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыйақының  нарықтық ставкаларына әсерін ставкалардың дәлізін (төменгі ставка – депозиттерді тарту жөніндегі ставка, жоғарғы ставка – заемдар беру жөніндегі ставка) белгілеу арқылы арттыру жұмысы жалғастырылады.

      Тәуекелдерді  басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде  қайтарылуына Қазақстанның жеке тұлғалардың  салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры кепілдік беретін жеке тұлғалардың жаңадан тартылатын салымдары (депозиттері) бойынша сыйақының шекті ставкаларын ресми қайта қаржыландыру ставкасына байланыстыру мүмкіндігі қарастырылады.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының трансмиссиялық тетігінің үлгісі жетілдіріледі, ол ақша-несие саясаты құралдарының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге, атап айтқанда инфляцияға әсерін бағалауға мүмкіндік береді.

      Артық өтімділік проблемасының өткірлігін төмендету үшін  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің  нормативтерді сақтауға тиіс міндеттемелерін кеңейту арқылы  ең төменгі резервтік талаптарды есептеу тетігін одан әрі жетілдіруді жүзеге асыруды ниет етіп отыр.

      Өтімділікті   шектеу бойынша көзделген шараларға  қарамастан,  ақша ұсынысы экономикалық өсудің барынша жоғары қарқынын қамтамасыз ететін болады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  валюта бағамының қысқа мерзімді және алып-сатарлық  ауытқулары салдарын әлсірету мақсатында ғана  валюта бағамын қалыптастыруға араласуды жүзеге асыра отырып,  қандай да бір ұзақ мерзімді белгіленген дәлізді айқындамай  өзгермелі айырбас бағамы  саясатын жүргізуді жалғастырады. Бағамның ауытқуы  ақшаға сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына байланысты болады. Шетел валютасы ағындарына мониторинг жүзеге асырылады.

      Қаржылық  емес корпорациялар секторының даму үрдістерін және бағыттарын,  қалыптасқан  экономикалық конъюнктураны және кәсіпорындардың  қаржылық жағдайын,  төлем қабілеттілігі  деңгейін және капитал тарту қажеттілігін, кредиттік ресурстарға сұранысын, кәсіпорындардың инвестициялық саясатын бағалау  мақсатында экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі  бойынша жұмыстар жалғастырылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасының монетарлы және фискалды саясаттарының бағыттары мен механизмін талдау