Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 20:22, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Инфляция – басты макроэкономикалық мәселе ретінде
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері.........................................................4
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары..........................................................6
1.3 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары......................................12
2 Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері.........................................................................................................15
2.2 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау..................................................................................................................... 17
Қорытынды..................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................. 21

Работа содержит 1 файл

инфляция реф.docx

— 120.85 Кб (Скачать)
 

     Бұл кестеде инфляцияның монетарлық және монетарлық емес пайда болу себептері  жазылған. Монетарлық себептері ақшаға байланысты болса, ал монетарлық емес себептері сәйкесінше ақшаға байланысты емес, ақшадан тыс себептер болып  табылады.

     Инфляцияның әртүрлі жіктелу критерийлеріне байланысты көптеген түрлерін ажыратуға  болады:

  1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің «тереңдігіне», инфляцияға қарсы саясаттың инструментарийлеріне байланысты, инфляция айқын (ашық) және басылған-бүркемеленген (жабық) түрде жүріп отыруы мүмкін. Инфляция процесінің айқын немесе ашық формада болып отырғаны бағаның өсуі, ұлттық валюта курсының төмендеуі арқылы көрінеді.

     Бағалардың  еркін құбылуы жағдайларында  орын алатын ашық инфляцияның деңгейін келесі формуламен анықтауға болады:

     π = Р – Р-1 / Р-1

     мұнда, Р – ағымдағы жылғы бағалардың орташа деңгейі; Р-1 – өткен жылғы бағалардың орташа деңгейі.

  1. Зерттеу объектісіне байланысты, инфляция ұлттық, аймақтық және әлемдік болып бөлінеді. Ұлттық және аймақтық масштабта талдау объектісін көтерме және бөлшек сауда бағаларының динамикасы, кейбір елдердегі, елдер бірлестігінің дәрежесіндегі, халықаралық нарықтағы ЖҰӨ-нің дефляторы құрайды.

     Ішкі  және сыртқы факторлар тудыратын  жүйеге ықпал ететін инфляциялық  импульстарға байланысты, импортталған және экспортталған инфляция болады. Бірінші жағдайда ол шетелдік валютаның шамадан тыс түсімінен және импорттық бағалардың жоғарылауынан туады. Түскен шетелдік валютаны коммерциялық банктер орталық банкте депозиттейді, орнына ұлттық валютада баламалы сома алады; банк пассивтері артады, мұның өзі оларға несие операцияларын және кредиттік экспансияны кеңейтуге мүмкіндік береді, ұлттық валютада номиналдандырылған ақша ауқымының көбейіп кетуіне қозғау салады.

     Экспортталатын  инфляция тауарлар мен қызметтер көрсетуге экспорттық бағаның көтерілуінен туады, бұл тұтынушы-елдерде, соның ішінде дамып келе жатқан елдерде бағаның өсуіне соқтырады. Инфляциялар халықаралық корпорациялардың нарықтардағы үстемдік жағдайды пайдаланатын монополиялардың қызметіне қозғау салады. Корпорациялардың валюталық операциялары олар болған елдерде несие капиталының қосымша ұсынымын жасайды. Сөйтіп шетелдік валютаның қосымша ауқымы айналысқа түседі және коммерциялық және орталық банк-тер арқылы ұлттық ақша айналысқа шығарылады.

    3. Бағаның өсу қарқынына байланысты, инфляциянын мынадай түрлері болады: жылына 10%-ға дейін болса баяу, немесе, жылжымалы инфляция, жылына 200% болғанда – секірмелі, немесе, «латындық», 200%-дан (Самуэльсон бойынша) артқанда – гиперинфляция  (американдық экономист Ф. Кэган бойынша – айына 50%-дан артық болса).

    4. Экономиканың бағаның өсу қарқынына ұтымды бейімделуіне байланысты, инфляция баланстанған (теңдестірілген) және баланстандырылмаған  (теңдестірілмеген) болып бөлінеді.

    5. Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты, инфляция бақылаудан шықпаған және бақылауға көнбейтін болып бөлінеді.

    6. ЖҰӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада сұраныстың өскен жағдайында ақиқат және жалған инфляция орын алады.

  1. Бағаның болашақтағы өсу қарқыны және оған үйлесімді бейімделу дәрежесі туралы болжамның дәлме-дәл болуына-болмауына байланысты, болжауға болатын және болжауға келмейтін инфляция болып бөлінеді.
  2. Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем беретін факторларға байланысты «сұраныс» инфляциясы және «шығындар» инфляциясы болады.

     «Сұраныс» инфляциясы – бұл өндірістің нақты көлеміне қарағанда жиынтық сұраныстың артықшылығынан туындайтын және сатып алушылар тарапынан болатын инфляцияның бір түрі. Инфляцияның бұл түрі алғаш рет кейнстік талдау шеңберінде зерттелген болатын.

     Сұраныс инфляциясының пайда болуы монетарлық және монетарлық емес факторларға байланысты туындайды.

     Сұраныс инфляциясының монетарлық факторлары:

  • ақша айналымы жылдамдығының тұрақтылығы кезінде өндіріс көлемінің өсуіне қарағанда атаулы ақша массасының өсуі;
  • экономикалық субъектілердің инфляциялық күтімдерінен туындайтын ақша айналымы жылдамдығының артуы.

     Сұраныс инфляциясының монетарлық емес факторлары:

  • экономикалық субъектілердің жиынтық шығындарының өзгеруі (үй шаруашылықтарының тұтыну шығындарының, фирмалардың жоспарланған инвестицияларының, мемлекеттік шығындар мен таза экспорттың өзгеруі);
  • жиынтық сұраныстағы құрылымдық өзгерістер.

     Жиынтық сұраныстың артуының инфляцияға деген  әсері қазіргі экономиканың AS қисығының  қай кесіндісінде тұрғандығына байланысты(1- сурет):

    • экономиканың толық емес жұмысбастылық деңгейіне сәйкес келетін көлденең (кейнстік) кесіндісінде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуіне алып келмейді, тек жиынтық ұсыныстың және өндірістің көлемін арттырады (өндірістің кеңеюі қолданылмаған өндіріс қуаттарын іске қосу есебінен жүзеге асырылады);
    • аралық (өспелі) кесіндіде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуін және өндіріс көлемінің артуын туындатады;
    • экономиканың толық жұмысбастылық деңгейіне сәйкес келетін тік (классикалық) кесіндісінде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуіне алып келеді, ал жиынтық ұсыныстың және өндірістің көлемі өзгермейді.
 

                         P AS

       
       

       P1 

                         PAD1 

            AD0

                                                  Y0     Y1                               Y

  1. сурет.  Сұраныс инфляциясы.
 

     «Шығындар»  немесе «ұсыныс» инфляциясы – бұл  өндіріс шығындарының және ресурстар  бағаларының күрт өсуіне байланысты орын алатын дайын өнімге деген бағаның  өсуі мен өндіріс көлемінің қысқаруын  білдіретін сатушылар тарапынан  болатын инфляцияның түрі. Инфляцияның  бұл түрінің тәжірибе жүзінде  пайда болуының себебі кейнстік бағыттың инфляция тек толық жұмысбастылық  жағдайында ғана орын алады деген  қағидасының дұрыс болмағанымен тығыз байланысты болып табылады. Әлемнің көптеген елдерінде инфляцияның  көріністері жұмыссыздықпен және өндірістің құлдырауымен ұштастырылды.

     «Ұсыныс»  инфляциясының негізгі факторлары (монетарлық емес):

    • еңбек өнімділігінің өсуіне қарағанда жалақының артуы;
    • ұсыныстың сілкіністері – жиынтық сұраныстың өзгеруіне қатысы жоқ сыртқы жағдайлар (шикізатқа, энергия көздеріне, отынға, арендалық төлемдерге бағалардың күрт өсуі). Дәлірек айтсақ, осындай инфляция түрі, мысалы, ХХ ғасырдың 70-ші жылдары орын алған мұнай дүрбелеңінен болған энергетикалық дағдарыстан пайда болды. Сол уақытта, мұнайдың әлемдік бағалары барреліне 1,8 $-дан 32 $-ға дейін күрт артқан;
    • олигополиялық фирмалар мен кәсіподақтардың «баға жамылғысын» («ценовая накидка») қолдануы, яғни, кәсіподақтар жалақыны әрдайым көтермелеуге үмітті және фирмалар өз өнімдерінің бағасына күні бұрын үстеме құн ретіндегі үлесін қосады.

     Ұсыныс  инфляциясы кезінде жиынтық ұсыныс қисығы қысқа мерзімде солға жылжиды (2-сурет). Мұндай жылжу кезінде инфляцияны жылдамдататын жалақының өсуі орын алады. Бағалар мен өндіріс көлемі қарама-қарсы бағытта өзгереді: бағалар P0-ден P1-ге өседі, ал өндіріс көлемі Y0-ден Y1-ге дейін қысқарады. Ұсыныс инфляциясы сұраныс инфляциясына қарағанда аса қауіпті және ол стагфляция құбылысын туындатады, ХХ – ғасырдың  екінші жартысында жұмыспен толық қамту, еркін бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде-бір елінде  қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60-шы жылдардың соңынан бастап экономиканың  құлдырау  жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагфляция» деп аталады [2, 105-б.]. Яғни, стагфляция – бұл өндірістің құлдырауы жағдайында жұмыссыздық пен инфляцияның қатар орын алуы. Ал сламфляция – бұл өндірістің құлдырауы жағдайында инфляция мен жұмыссыздық қарқындарының қатар өсуімен жүретін экономиканың ең ауыр жағдайы.

                        P          AS1       AS0

       

       
       

       P1

                        

                        P0

            AD

                                            Y1           Y0                               Y

     2- сурет. Ұсыныс инфляциясы 

     Соңғы өнімге бағалардың өсуі мен ресурстарға  деген бағалардың өсуінің өзара  әрекеттесуі инфляциялық орамаға (инфляционная спираль) ұласады. Инфляциялық  орама – бұл сұраныс инфляциясын  және ұсыныс инфляциясын туындататын  факторлардың өзара байланысы мен  әрекеттесуінің механизмі, яғни, экономикада  сұраныс инфляциясының да, ұсыныс инфляциясының да қатар орын алуы. Инфляциялық ораманың айналуы үрдісінде  экономикалық субъектілердің инфляциялық  күтімдері маңызды рөл ойнайды.

     Сұраныс инфляциясы мен шығын инфляциясы тығыз байланысты. Ол байланысты 3-суреттен көруге болады.

     Сұраныс инфляциясы

       
 

Бағаның өсуі

Тауарлар мен қызметтерге сұраныстың  өсуі

Ақша массасының көбеюі

                                                       

       
 

     

Өндіріс шығындарының өсуі

Бағаның қайта өсуі

Жалақының өсуі

     

       
 
 

     Шығын инфляциясы

     3-сурет.  Сұраныс пен шығын инфляциясының  өзара байланысы. 

     Инфляцияның көріну нысаны ақшаның құнсыздануы мен өнімге, тауарларға және қызметтерге бағаның көтеріліуінде тұлғаланатын оның сатып алуға жарамдылығының тиісінше төмендеуі.

     Инфляцияның ішкі және сыртқы факторларын (себептерін) айыра білу қажет. Ішкі факторлардың арасында ақшаға жатпайтын және ақшалай — монетарлық факторларды бөлуге болады. Ақшаға жатпайтындарыбұл шаруашылық сәйкестігінің бұзылуы, экономиканың циклдық дамуы, өндірістің монополизациялануы, инвестициялардың теңгерімсіздігі, әлеуметтік-саяси сипаттағы ерекше жағдайлар және басқалары. Ақшалай факторларға мемлекеттік қаржының дағдарысы, бюджет тапшылығы, мемлекеттік борыштың өсуі, ақша эмиссиясы, сондай-ақ несие жүйесінің кеңеюі, ақша айналысы жылдамдығының артуы нәтижесінде несие құралдарының өсуі және басқалары жатады.

     Дүниежүзілік  құрылымдық дағдарыстар (шикізат, энергетика, валюта дағдарыстары), басқа елдерге  инфляцияны экспортқа шығаруға бағытталған мемлекеттік валюта саясаты, алтынды, валютаны жасырын экспортқа шығару инфляцияның сыртқы факторлары болып табылады.

     Инфляцияның іс-әрекетін қаржы проблемаларымен  байланыстырып отыру қажет, өйткені  инфляция құбылысы мынандай қаржылық факторларға тәуелді болып келеді:

     - белгілі бір салық нысандары  мен әдістерін қолдану; инфляциялық  сипаттағы шараларды мемлекеттік  бюджет арқылы қаржыландырудың  ауқымы;

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері