Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Ноября 2011 в 20:22, курсовая работа

Описание работы

Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ-тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
1 Инфляция – басты макроэкономикалық мәселе ретінде
Инфляция түсінігі, пайда болу себептері.........................................................4
1.2 Инфляцияның түрлері мен факторлары..........................................................6
1.3 Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары......................................12
2 Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері
2.1 Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы және оның ерекшеліктері.........................................................................................................15
2.2 Инфляция салдарынан туындайтын проблемаларды талдау..................................................................................................................... 17
Қорытынды..................................................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.............................................................. 21

Работа содержит 1 файл

инфляция реф.docx

— 120.85 Кб (Скачать)

     Сонымен түйіндей келе, Қазақстан Республикасындағы  инфляцияның дамуы – мемлекеттік  бюджет тапшылығына байланысты болған болатын. Бюджет  тапшылығы Қазақстанның  егемендігі жағдайында  да  сақталып тұрды: ол 1991 ж.  бюджеттің  шығыс  бөлігінде 20,4 %, 1992 – 8,6 %,  1993 – 11,9 %,1994 – 10,2 %, 1995 – 17,4%, 1996 – 15,4 %, 1997 – 17,7  %, 1998 – 18 %, 1999 – 14,3 %, 2000 – 9,8 %, 2001 – 6,4 %, 2002 – 5,2 % құрады. 2008 жылы  республикалық  бюджеттің  тапшылығы  1,453 млрд.  теңгені (ЖІӨ-ге 0,11 %) құрады. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған  байланысты  мемлекет  кірістерінің  құнсыздануынан туады [8,45-б.]. 

     2.2 Инфляция салдарынан туындайтын  проблемаларды талдау 

     Инфляцияның сұраныстың артуынан және шығындардың  өсуінен болатын екі типін  ажыратуға болады. Күнделікті өмірде бұл екі типті ажырату өте  қиын. Мысалы, денсаулық сақтау шығындары  тез арада өсті, артынан жиынтық  шығыны көбейді, бұл сұраныс инфляциясын  тудырады. Егер тауарларға, ресурстарға  сұраныс өссе, онда кейбір фирмаларда материалдарға, ресурстарға, жанармайға шығын өсіп жатқандығы байқалады. Сол  кезде өндіріп жатқан тауарлардың  бағасын көтеруге мәжбүр болады. Өндірістік шығындар өсуі салдарынан сұраныс инфляциясы пайда болады. Бірақ көптеген фирмалар оны инфляция шығыны деп ойлайды. Бұл екі типтің қайсысы екенін ажырату қиын. Сұраныс инфляциясы жиынтық шығындар болғанда байқалады. Ал инфляция шығыны автоматты түрде  өз-өзінен жоқ болады. Ұсыныс азайған  кезде нақты ішкі өнім көлемі және айналым қысқарады. Бұл шығындардың  өсуіне кедергі болады.

     Ал енді инфляцияның зардабын зерттейік. Біріншіден, инфляция табысты қалай жіктейтінін және ЖІӨ-ге қалай әсер ететінін көрелік.

     Баға  деңгейі және ЖІӨ арасында белгілі  бір қарым-қатынас бар. Нақты көлем  және өндірістік бағалардың деңгейі  бір қалыпта көтеріледі немесе қысқартылады. Бірақ соңғы 20 жыл ішінде көптеген оқиғалар болды. Мысалы, нақты өндірістік көлем қысқартылып, ал бағалар өсіп жатады. Нақты өндірістік көлем белгілі  бір деңгейде тұр, барлығы жұмыс  істеп жатыр. Нақты өндірістік көлемнің және табыстың өскенін елестетелік. Бұл жерде инфляцияның әсер етуін  және табыс жіктелуін көре аламыз. Егер ұлттық табыс өзгермеген болса, онда инфляция қалай әсер етеді?

     Бұл сұраққа жауап беру үшін біз атаулы табыс және нақты табыстың айырмашылығын  білуіміз керек. Атаулы табыс – бұл  айлық немесе пайыз түрінде алынған  ақшаның саны. Нақты табыс –  бұл тауарлар саны немесе қызмет, яғни, біз осы табыс арқылы атаулы табысты  сатып аламыз.

     Егер  атаулы табыс бағаның өсу деңгейіне  қарағанда тезірек өссе, онда нақты  табыс өседі және керісінше, егер баға өсу деңгейі атаулы табыс  деңгейіне қарағанда тезірек  өссе, онда нақты табыс азаяды. Біз  нақты табыс қалай өзгеретінен  мына формуламен шығара аламыз: 

     Нақты табыстың       Атаулы табыстың                баға деңгейінің 

     пайыздық  өзгеруі   -   пайыздық өсуі           =        пайыздық өзгеруі 

     Егер  атаулы табыс 10% өссе, ал баға деңгейі 5% өссе, онда нақты табыс 5% өседі және керісінше, 5%-дай атаулы табыс болса, инфляция 10%, сонда нақты табыс 5% болады [9, 67-б.].

     Атаулы  және нақты табыс арасындағы айырмашылық  бізге белгілі. Тұрақты атаулы табыс  алған адамдарға инфляция жазалаудың бір түрі. Инфляция тұрақты табыс  алушылар арқылы, басқа адамдар тобына табысты жіктейді.

     Классикалық мысалға зейнеткерлерді алуға болады, оларға тұрақты зейнетақы атаулы табыс әкеледі. 1980 жылы зейнеткерлікке шыққан адамның тауарларды мол сатып  алуға мүмкіншілігі бар еді, ал 1995 жылы сатып алу қабілеті жартысына  дейін төмендеп кетті, бұған жалдау төлемақысын жатқызуға болады.

     Инфляция  мүлікті сақтаушыларға да үлкен  зардап әкеледі. Баға өсуінен нақты  тауардың бағасы төмендейді. Мысалы, бір  кісі 1980 жылдан бастап 1995 жылға дейін 1000 доллар тығып қойды делік, сонда  нақты баға құны жартысына дейін  төмендейді. Бірақ, сақтау формаларының бәрі пайыздық табыс әкеледі. Егер инфляция пайыздық мөлшерлемеден жоғары болса, онда сақтап қойған тауардың құны төмендейді. Мысалы, А. отбасы 1000 доллар 6%-бен банкке салды дейік. Инфляция 13%-ға өсті. Жылдың соңында 1000 доллар құны 938 доллар болады. Сонда ақша салушы 1060 алады (1000доллар + 60 доллар пайызбен) [11, 69-б.].

     Қарыз алушы және несие беруші (дебитор  және кредитор).

     Қарыз алушы және несие беруші арасында инфляция табыстарды үйлестіреді. Болжалды инфляция қарыз алушыларға несие  берушілер арқылы пайда әкеледі. Мысалы, сіз банктен 1000 доллар алдыңыз, оны екі жылдан кейін қайтару  керек; егер осы екі жылдың ішінде жалпы баға деңгейі өссе, онда 1000 доллардың орнына 500 доллардай бересіз; сонымен инфляция кезінде бағаның  құны төмендейді [11, 71-б.].

     2004 жылдан бастап Ұлттық Банктің  негізгі мақсаты ретінде  бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз ету  ақша–кредит саясатындағы мүлдем  жаңа айқындама болып табылады.

     Негізгі  мақсатты  орындау үшін Ұлттық Банкке  мынадай  міндеттер жүктелген:

     - мемлекеттің ақша–кредит саясатын  әзірлеу және жүргізу;

     - төлем жүйелерінің жұмыс істеуін  қамтамасыз  ету;

     - валюталық реттеуді және  валюталық   бақылауды жүзеге асыру;

     - қаржы жүйесінің тұрақтылығын  қамтамасыз етуге ықпал  ету.

     Ұлттық  Банктің  негізгі  мақсаты мен  міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін  Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандартына  және  инфляциялық таргеттеу принциптеріне  көшуді едәуір нақты көрсетеді.

     Инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланатын көптеген  елдер  инфляция жөнінде  қойылған мақсаттарға қол жеткізу  жауапкершілігін  күшейту жағдайларында  инфляция бойынша бағдарлар ретіндегі  тұтыну  бағаларының индексіне сүйенбейтін болады. Оның орнына инфляциялық  үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі күйзелістердің ықпалын жояды.

     Ұлттық  Банк 2004 жылдан бастап «базалық инфляция»  индексіне  қарай бағдарлар белгіледі.

     2004 жылы ақша–кредит саясатының  негізгі  мақсаты орташа жылдық  «базалық инфляцияны» 4-6% шегінде  ұстап тұру ретінде  қалыптастырылған. Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат ақша саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие  беру «пайызын және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген  монетарлық (ақша–қаржы) саясаттың нәтижесінде  инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс пен нарық  екі–үш есе кысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын шикізат өндіру салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше  экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрынннан қалыптасқан өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның  орнына арта түсті [11, 75-б.].

     Жалпы алғанда, инфляцияға  қарсы саясаттың  ұзақ мерзімдік стратегиялық  және  күнделікті  жүргізіліп  отыратын ағымдық, тоқтаусыз  тактикалық  түрі болды. Монетарлық саясат негізінен  күнделікті  жүргізіліп отыратын, айналымдағы  ақша көлемін қадағалап, реттейтін  тактикалық  саясат түріне жатады. Әрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция  кезінде, бұл әдіс негізгі реттеу әдісіне  айналуы  заңды да. Бірақ, жалпы алғанда, дамыған  Батыс елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, күнделікті тактикалық, ұзақ мерзімдік  стратегиялық даму саясатының  шеңберінде  жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда  2001-2003 жж. арналған Ұлттық өндірісті  дамыту бағдарламасы жасалған. Қазақстан  Үкіметі 2001 – 2005 жж. арналған  қысқа  мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын  қолдау бағдарламасын бекіткен болатын. Сонымен қатар, қазіргі уақытта  Қазақстаннның барлық әкімшілік–экономикалық аймақтарының (облыстарының) Экономикалық - әлеуметтік  бағдарламалары  жасалып, іске  асырылуда. Осы бағдарламаның  барлығын стратегиялық саясаттың  құралы ретінде қарастыруға болады. Қазақстанда  да монетарлық қаржы саясаты ұзақ және орта мерзімдік шынайы экономиканы  қолдау және дамыту бағдарламаларының  шеңберінде жүргізілетін болады.

     Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер  үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл  жерде экономистер ең алдымен  мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс–шаралар арқылы инфлияцияны жою керек  пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па? 
 

     Қорытынды

     Инфляция  қоғамда ақшаның құнсыздануы, бұл  процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде  жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі  жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі  бұзылады, тауарды тауарға тікелей  айырбастау (бартер) кеңейеді.

     Инфляция  жағдайында Үкімет «қымбат – ақша»  саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие  беру «процентін  және міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген  монетарлық (ақша–қаржы) саясаттың  нәтижесінде  инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі  өндіріс  пен нарық екі–үш есе қысқарды,  ұлттық  өндіріс  орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық  күрт өсті. Негізінен  сыртқа  өнім шығаратын шикізат  өндіру салалары жұмысын  тоқтатқан  жоқ,  керісінше  экспорт көлемін  айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда  бұрыннан қалыптасқан  өндірісаралық диспропорциялар  қысқарғанның  орнына арта түсті.

     Қазақстан Республикасындағы инфляцияның  дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына  байланысты. Бюджет тапшылығы инфляцияның   қайталама факторы болып табылады, өйткені, ол шығындардың  инфляциясынан. Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

  1. Жаналинов Б.Н «Инфляция и антиинфляционная политика в Казахстане», Алматы, «Экономика», 2006 г. 
  2. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,

Алматы, 2001 г.

  1. Жүнісов Б., МәмбетовҰ., Байжомартов Ү.  «Нарықтық экономика  негіздері»    Алматы «Экономика», 2000 ж.
  2. Көшенова Б.А. «Ақша, Несие, Банктер, Валюта қатынастары»,

Алматы  «Экономика», 2000 ж.

  1. Мақыш С.Б. «Ақша айналысы және несие», Алматы, 2000 ж.
  2. Мэнкью Н.Г. «Макроэкономика», Москва, 1999 г.
  3. Мауленова С.С. «Экономикалық теория». Алматы, 2004 ж.
  4. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С. «Микроэкономика». Алматы, 2000 ж.
  5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасының   ұзақ мерзімдік (2030 ж. дейінгі) даму стратегиясы.  Алматы, 1997 ж.
  6. Райханов Н. «Қазақстанның экономикалық реформа жолы өзінше»  // Ақиқат, 1996 ж.

13. Қаржы-инвестициялық журнал «LS (Личный счет)», 2008 жылғы қыркүйек-қазан, №2 (17). 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы инфляция және оны реттеу негіздері