Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2012 в 20:38, курсовая работа
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Шағын және орта бизнес Қазақстанда қарқынды дамып келеді. Себебі тәуелсіздігіне 20 жыл толған еліміздің дамуына шағын және орта бизнесті дамыту өте қолайлы. Сондықтан, мен осы тақырыпты, атап айтсам: «Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің дамуы» тақырыбын таңдадым.
Кіріспе 2
І. Бөлім БИЗНЕС ЖӘНЕ КӘСІПКЕРЛІК 4
1.1. Кәсіпкерліктің қалыптасуы 4
1.2 Шағын бизнесті дамыту жағдайында Қазақстан Республикасының экономикалық саясаты 5
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстанның азаматтарына жайлы қүқықтық жене экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше заңдылық және ұйымдастыру экомомикалық шаралар жасалды. 5
IІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫ 2
2.1. Шағын бизнестің дамуы 2
2.2. Қазақстандағы бәсекелік ортаны қалыптастырудағы шағын және орта бизнестің рөлі 3
2.3 Шағын және орта бизнесті қаржыландыру 7
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ 10
ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ 10
3.1 Қазақстандағы шағын бизнесті мемлекеттік қолдауды жетілдіру 10
3.2.Қазақстан Республикасында шағын бизнесті несиелеу 20
Қорытынды 2
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 4
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық Университеті
Курстық жұмыс
Тақырыбы:Қазақстан
Орындаған: Омархан Д
Тексерген: Мүрсалова Х.Н.
Астана-2011
Жоспар
Қазіргі
таңда Қазақстан
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы бір қатар әлеуметтік проблемаларды шешуге негізделеді, соның ішінде шағын және орта бизнес саласында жаңа жұмыс орындарын құру арқылы жұмыссыздық деңгейін төмендету деп ойлаймын. Шағын кәсіпкерлі дамыту тиімділігі әлемдік тәжірибеде дәлелденген, яғни шағын бизнес инвестицияға деген ең төменгі қажеттіліктермен ұлттық өнімнің едәуір бөлігін өндіреді. Сондықтан, шағын кәсіпкерлік әлеуметтік критерийі мен тиімділік критерийіне сай келеді.
Бұл курстық жұмыстың міндеті:
1.аймақтық экономиканы жандандыру;
2.қайта құрылған жұмыс орындарын көбейту;
3.шағын және орта бизнесті дамытуға қолайлы орта қалыптастыру;
4.қазақстанда шағын және орта бизнес қарқынды дамуына қол жеткізу.
Курстық жұмысымның мақсаты: Қазақстан Республикасында шағын және
орта бизнесті қолдау механизмін құру негізінде шағын және орта бизнесті
қарқындап дамыту.
Шағын және орта бизнесті дамыту саласында Қазақстан
Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды.
177жылы Адам Смитт өзінің" Халық байлығының
табиғаты мен себептері туралы зерттеу"
айтылмады. Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің рөлі мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бірі дәрежесіне дейін көтерді.
Кәсіпкерлікті дамыту саласында методологиялық дәрежеде шетелдік, атап айтқанда, американдық ғалымдармен көптеген зерттеулер жасалған. Бұл осы елдің шағын кәсіпкерлікті дамытуда 200 жылдық тарихы бар екендігін көрсетеді. Бүгінгі таңда АҚШ-та 20 миллионнан астам кәсіпорын бар және одардың 6%-і шағын және орта бизнеспен шұғылданатын кәсіпорындар. Дәл осы шағын кәсіпкерлікті басқару проблемасын дамытушы Д.Лонгенеко (Longenecker Justin G.) У. Петти (J.William Petty), К. Моор (Саrlos W.Мооrе) сияқты американдық ғалымдар үлкен үлестерін қосты. [1]
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік саясаты экономиканың әртүрлі салаларында кәсіпкерліктің даму болашағын анықтай отырып кәсіпкерлердің әр түрлі топтары үшін қолдаудың жеке шараларын жүзеге асыру қарастырылады. Ол үшін алдымен шағын және орта кәсіпкерліктердің өндірістік және инновациялық іс - әрекеттеріне көңіл бөлінуі керектігі жайлы қарастырдым.
Жалпы құрылымы бойынша менің курстық жұмысым екі бөлімнен тұрады:
1 бөлім – Шағын бизнестің экономикалық мәні мен маңызы және ерекшеліктері.
Бірінші бөлімде мен
шағын бизнестің экономиялық
мәнін, Қазақстан Республикасындағы
шағын бизнестің негізгі
2 бөлім – Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі шағын бизнестің дамуы
Екінші бөлімде шағын
бизнестің даму этаптарын, оны ары
қарай дамытудың кешенді
Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың мемлекеттік саясаты экономиканың әртүрлі салаларында кәсіпкерліктің даму болашағын анықтай отырып кәсіпкерлердің әр түрлі топтары үшін қолдаудың жеке шараларын жүзеге асыру қарастырылады. Ол үшін алдымен шағын және орта кәсіпкерліктердің өндірістік және инновациялық іс - әрекеттеріне көңіл бөлінуі керектігі жайлы қарастырдым.
Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша — ең басты) — экономикалық ғылымның
ең манызды категорияларының бірі, нарықтық шаруашылықтың қажетті элементі. Тауар өндірісі пайда болып қалыптасқаннан бері, капитал
мынадай тарихи формалар алған: сауда
капиталы (көпес капиталы түрінде), — тарихи капиталдың ең көне еркін формасы, өсімқорлық, осыдан
кейін — өнеркәсіптік. Капиталдың формалары
толығырақ А.Смит пен Д.Рикардоның еңбектеріңце зерттелген. Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қосарласып дамуы бұл категорияны тұңғыш
зерттеушілердің — меркантилистер және физиократтар оған сыңаржақты қарауының себебі болды.
Капиталдың алғашқы қорлануы (previos accumulation) өзіндік еңбекке негізделген индивидуалдық жеке меншікті
жою процесі, жұмысшыларды өз еңбегінің шарттарына меншікген шеттету процесі. Ол бір жактан,
тікелей өндірушілердің тек ғана жұмыскерге —идеалдық жұмыскерге,
екіншіден, қоғамдық құрал-жабдықтар мен
өмір сүруге кажет құралдардың капиталға алмасуы болып табылады
Бұл жағдай Еуропада 16 - 18 ғғ. орын алды. Сол замандағы кәсіпкерліктің
барлық нысанының жандана дамуы, белгілі
экономикалық және әлеуметтік шарттарды, жағдайларды талап етті. Міне, капиталдын алғашкы корлануы кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық
базасының қалыптасу шарттарын өмірге
өкелді. Бұл пайда бола бастаған буржуазия
табының барлық кәсіпкерлік қабілеттеріне жол ашты.
Біріншіден, еңбек «бостандық алып», жалдама жұмыскерлер табы қалыптаса бастады. Ал еңбек шарттары мен өмір сүруге қажет игіліктерден шеттелген, тек өздерінің жұмыс күшін
сатып ғана күнін көретін адамдардың көбеюі
— бұл капиталистік өндірістің дамуының өте маңызды шарты болады.
Екіншіден, елдің ішкі жағында экономикалық бостандыққа ие болған жерлер пайда болды және шетелдерден
территорияларды басып алып, оларды отарға
айналдыру кең өріс алды. Бұған Англияның тарихы классикалық мысал бола алады
— бұнда лендлордтар шаруалардың жерін тартып алып, «қоршап
тастау» әдісін жүргізді, осымен қатар отарлардан жерді
тікелей тартып алу кең өріс алды.
Үшіншіден, капиталдың барлық нысандары — сауда, өсімқорлық, өнеркәсіптік — екпінді дамыды. Осымен бірге ақша
түрінде, өндірістік құрал-жабдықтар түрінде
қорлану жүріп отырды.
Капиталдың алғашқы қорлануының маңызды құралы
болып протекционизм жүйесі қызмет етті.
Сыртқы сауда саясаты импорттық баж салығьшың
жоғары болуын талап етті. Бұл басқа елдерден
келетін тауарларға шек қоюға және өнеркәсіп
тауарларын осы елден сыртқа шығарғаны
үшін сыйлық төлеуге жол ашты. Бірнеше
елдерде өнеркәсіп шикізаттарын сыртқа шығаруға тікелей
тыйым салынды; жаңа өндіріс ашқан кәсіпкерлерге
алғашқы капитал тікелей қазынадан ірі
ақшалық субсидия нысанында құйыла бастады.
Бүгінгі біздің елдің басындағы етпелі
кезенді кейбіреулер капиталдың алғашқы қорлану процесімен тендестіреді.
Бірақ бұл процестер бір-бірімен толық
үйлеспейді. Бүгінгі Қазақстан директивтік баға белгіленуіне және
ресурстардың орталықтан бөлінуіне негізделген
әміршіл-әкімшіл жүйеден, реттеудің нарықтық
әдістеріне көшу кезеңінде отыр. Міне
осы жағдай, капиталдың алғашқы қорлану процесінен, дәстүрлі
ұғым бойынша, негізгі айырмашылықты белгілейді.
Ішкіге алдымен жекешелеңдіру жатады.
Ол мемлекеттік меніпікті келесі әдістер арқылы бөлуге мүмкіндік береді: өнеркәсіптің ауыр (бұның ішінде әскери-өнеркәсіп
кешені) және жеңіл салаларындағы қаражаттарды
екіншінің пайдасына сәйкес кайта бөлу;капиталды қызметтер мен сауда сферасында шоғырландыру;
Капиталдың алғашқы қорлануының манызы мынада: осы процесс барысында кәсіпкерлер үшін барлық өндіріс факторларына еркін жол ашылады. Бұлар тауар формасын алады және өздерінің кәсіпкерлік қабілеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. [2]
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстанның азаматтарына жайлы қүқықтық жене экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше заңдылық және ұйымдастыру экомомикалық шаралар жасалды.
Шағын және орта бизнеске қаржылай қолдау көрсетуге келсек, Қазақстан Республикасының үлттық банктің оперативтік мемлекетері бойынша ағымдағы берілген несие портфелі 24298,8 млн. теңгені құрады. Қысқа мерзімді несиелердің үлесі 74 пайыз, ал орта және ұзақ мерзімді несиелердікі 26 пайыз. Шағын бизнеске қаржылай қолдау көрсету мақсатында Республикада «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ құрылды.
2000 жылдың басынан бері жұмыс
істейтін өңдірістерді дамыту бойынша 1722 жобаны қаржыландыру
үшін жоспарланып отырған 5189,
Жұмыс істейтін кәсіпорындарды дамыту үшін ақша қаражаттарының ең белсенді түрде берілуі Алматы мен Қостанай облыстарында болды. Бұл жерлерде республика бойынша жалпы көрсеткіштердің тиісінше 44%-ы немесе 2393,5 млн. теңге және 30,2%-ы немесе 1624,7 млн. теңге сомасында несие қаражаты берілді. Оның үстіне бұл аймақтарда ашылып жатқан жұмыс орындары санының жоғары екендігін атап кету қажет. Алматы облысында жоспарланған 478 жұмыс орнының саны 9868-ге, ал Қарағанды облысында жоспарланған 742 жұмыс орнының жеріне 2640-қа жетті.
Республикалық шағын бизнесті дамытудың бағдарламасының негізгі қосалқы
Шағын және орта бизнесті қолдаудың кешенді бағдарламасы дербес басқару объектісі ретінде, оның ерекше баскару механизмін дайындауды талап етеді.
Біріншіден, ШБ ҚБ экономикалық жүйенің ешқандай мақсатына сай келмейтін соңғы мақсаттарға бағдарланған.
Екіншіден, ШБ ҚБ ереже бойынша уақытша сипатқа ие және мақсатқа жетісімен оны басқару механизмінің түрі де өзгереді.
Үшіншіден, бағдарлама кешенді
шаралардан тұрады, олардың біреуінің
жоқ болуы бағдарламаның
Төртіншіден, бағдарламаның шаралары функция аралық сипатқа ие, олардың орындалуына республика және аймақтар бойынша барлық функционалды комитеттер мен бөлімшелер қатысады. Шағын кәсіпкерлікті колдаудың кешенді және жүйелі тәсілі бұл процеске қатысты барлық құрылымдардың өзара байланысты және үйлесімді түрде жұмыс істеуін талап етеді.
Жалпы кәсіпкерлік бірнеше қызметтер атқарады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, басқарушылық қызметтері бар. Енді әрқайсысына жеке–жеке тоқталып мәнін ашатын болсақ: Өндірістік қызметі өндіріс пен материалдарды
– техникалық қамтамасыз етуді және шаруашылық
қызметке қажетті шикізат, құрал – жабдықтар
және тағы да басқалармен өзара байланыстылығын
қарастырады және өндірістік сипатта
жүзеге асады.
Кәсіпкерліктің коммерциялық қызметі
тұтынушылардың қажеттіліктерін анықтау
және кәсіпорындар мен нарықтық контрегенттер
арасындағы айырбас процестерін басқаруды
жүзеге асырады. Сонымен қатар, тауар ақша
және сауда – айырбас операциялары бойынша
келісімдер арқылы да жүзеге асырылады.
Ал кәсіпкерліктің қаржылық қызметі келеі
функцияларды іске асырудан тұрады: қаржы
есебінің енгізілуі; инвесторлар мен кредиторлар
есебінен капиталдың мобилизациялануы;
сатудан түскен табыстарды жинақтау, ақша
нарығы, банктер, инвесторлар, бағалы қағаздармен
өзара байланыста қалыптастыру; сатып
алушыларды іздеу мен анықтау және тартуға
байланысты маркетингтік қызметтер және
тағы басқалар.
Келесі кәсіпкерліктің
қызметі – ол басқарушылық функциясы
кезінде кәсіпорындар мен қоғамдық
құрылымдар немесе ақпарат құралдарымен
өзара қарым-қатнастардын басқару;
кәсіпкерлік идеялар, инициативалық талаптарды
және басқару тәжірибелерін қалыптастырып,
тарату; капиталдар мен табыстардың қолданылуын
басқару; ғылыми зерттеу жұмыстары мен
жобалық жұмыстарды тиімді пайдалану;
бизнес қажеттліктеріне сәйкес жұмысшыларды
тарату, таңдау, жұмысқа алу сияқты қызметтер атқару.
Сонымен кәсіпкерлік қызметінің сферасына
байланыссыз өз қабілеттіліктерін келесі
функциялардыорындау арқылы жүзеге асырады.
Сонымен қатар, шағын кәсіпкерліктің қызметін
бағалаудың бірнеше бағыты бар, шағын
кәсіпкерлікті анықтаудың сандық, сапалық
және аралас әдістері бар.
Сандық көрсеткіштер негізінде жалпы
кәсіпорындардың шағын бизнес секторына
кіретіндігін анықтау үшін: персонал саны,
жалпы өнімнің көлемі, өндірістік қорлардың
көлемі; өндіріспен сату көлемі; активтердің
баланстық құны сияқты сандық көрсеткіштермен
анықталады: ал шағын кәсіпкерлікті анықтауда
сапалық көрсеткіштерге негізінен субьективті
сипаттар мен тәжірибе;
Аралас әдіс «экономикалық» және «статистикалық»
тәсілдерді қолдануды ұсынады: нарықтағы
үлесі; тәуелсіздік, жалпы ұлттық өнімдегі
үлесі; бірқалыпты басқару айналымы.[3]
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнес