Тұтыну несиесі және оның Қазақстанда дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 23:07, курсовая работа

Описание работы

курстық жұмыста екінші деңгейлі банктерде жеке тұлғаларға ұсынылатын тұтынушылық несиенің мәні, қажеттілігі, түрлері және Қазақстанда дамуКурстық жұмыстың өзектілігі. Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo»- сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................. 3-5
I Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы..............................................................................................................6-27
1.1 Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның мәні……………………….......6-10
1.2 Тұтыну несиесінің түрлері және қажеттілігі...............................................10-19
1.3 Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесінің жағдайы.................................................................................................................19-27
II Тұтыну несиесін «Казкоммерцбанк» АҚ тәжірибесінде
талдау.............................................................................................................28-49
2.1 Казкоммерцбанктің тарихы және құрылымы............................................28-36
2.2 АҚ Казкоммерцбанктегі тұтыну несиесінің түрлері.................................36-46
2.3 Тұтыну несиесін уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формалары.....46-49
Қорытынды..................................................................................................50-51
Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................52

Работа содержит 1 файл

Тұтыну несиесі және оның Қазақстанда дамуы.doc

— 528.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Экономика және құқық факультеті

 

Қаржы және есеп кафедрасы

 

 

 

«Қорғауға жіберілді»

Қаржы және есеп кафедрасының

меңгерушісі, э.ғ.к.

________________________

Мусаева А.А.

«____» ______________2012 жыл

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: Тұтыну несиесі және  оның Қазақстанда дамуы

 

Қаржы пәні бойынша

 

 

 

 

Орындаушы, күндізгі

оқу бөлімінің 2-курс,

Э-209 топ студенті:                        __________________

                                                                   (қолы)

 

Ғылыми жетекшісі, аға оқытушы,

экономика магистрі:                       __________________   Қанатова А.Ж.

                                                        (қолы)

 

 

 

Атырау, 2012

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе................................................................................................................. 3-5

 

I Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы..............................................................................................................6-27

 

1.1 Тұтыну несиесі туралы түсінік  және оның мәні……………………….......6-10

1.2 Тұтыну несиесінің түрлері және қажеттілігі...............................................10-19

1.3 Қазақстан Республикасының экономикасындағы тұтыну несиесінің жағдайы.................................................................................................................19-27

 

II Тұтыну несиесін «Казкоммерцбанк» АҚ тәжірибесінде

 талдау.............................................................................................................28-49  

 

2.1 Казкоммерцбанктің тарихы және құрылымы............................................28-36

2.2 АҚ Казкоммерцбанктегі тұтыну несиесінің түрлері.................................36-46

2.3 Тұтыну несиесін уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формалары.....46-49

 

 

Қорытынды..................................................................................................50-51

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі.........................................................52

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                     

 Кіріспе

 

Курстық жұмыстың өзектілігі. Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. «Кредит» деген сөз, «қарыз», «несие» деген «kredo»- сенемін деген мағына беретін латынша «kreditum» деген сөзден шығады. Ол экономикалық дәреже ретінде әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде қоғамның даулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.  

Несиенің объективті қажеттілігі табиғи және ақшалай  түрде жүзеге асатын ерекшеліктерден  кеңейтілген өндірісті шығарып  тастайды. Ол капитал түрлері үнемі  ауысып тұратынын ұйғарады, меншіктің  ақшалы түрі тауарға, тауарлы меншік өндірістікке, өндірістік тауарлыға және тауарлық қайта түріне аусып тұрады.

Несиенің мүмкіндігін  шындыққа айналдыру үшін белгілі  бір талаптар бар. Біріншіден, несие  келісімінің қатысушылары-несие  беруші мен қарыз алушы-экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер болуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушының мүдделері бір жерден шықса, онда бұл жағдайда несие өте қажет болады. Несие келісімін жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара қызығушылық танытулар керек. Ф.Энгельс: «Әрбір қоғамның экономика мүддесі, ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек» деп жазды.

Несие беруші мен қарыз алушының арасында мүдделілік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан-оны алуда несиелік қарым-қатынастар туындайды.

Осылайша, экономикалық негіз бен (капиталдың бірдей болмауы) пайда болу талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді.

Қаражатқа деген қажеттілік пен  оның босатылуы арасында туындаған  қарама- қайшылық шаруашылық жүргізуші  субъектілердің қалыпты қызметі  үшін қажет материалдық және қаржылық ресурстарды нақты байланыстыратын несиенің жәрдемімен ғана рұқсат етіледі.

Жеткіліксіз шамада несиенің объективті қажеттілігі несие қатынастарын жүзеге асыратын капитал айналымы мен  ауыспалы айналымның бір қалыпты  еместігімен түсіндіріледі.

Несие беруші мен қарызға алушының арсында мүдделілік бірдей болған кезде, бір жағынан, несиеге қарым-қатынастар туындайды.

Осылайша экономикалық негіз бен  пайда болу талаптарының жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді.                   

Нарықтық экономика дамыған сайын несие түрлері де көбеюде. Соның ішінде тұтыну несиесіне келетін болсақ,оның негізгі мақсаты-халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру, халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген сұраныс несиеге деген сұранысты тудырады. Екіншіден, төлем қабілеттілігі бар халықтың сұранысын тудырады. Бұл байланыс әсіресе қазір, нарық тұтыну тауарлармен қанаққан сайын нығая түспек. Жиынтығы несиенің объективті қажеттілігін анықтап және оның эволюциясын түсіндіріп береді

Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды мысалы: автокөліктерді, жиhаздарды сатып  алуға қолданылады. Тауар бағасы жоғары болған сайын, несиенің бұл түріне де сұраныс көбейеді. Дамыған елдерде несиенің жартысынан көбі автокөлік сатып алуға беріледі. Қалған тауарларды тауарларды көбінесе қолма қол-ақша арқылы сатып алады.

Тұтыну несиесі тауар формасында және ақшалай берілуі мүмкін. Соңғы кезде, Қазақстанда ақщалай берілетін тұтыну несиесі өріс алуда. Олар көбінесе машина және ұзақ мерзімге қолданылатын тауарлар алуға, үйлер салуға, сатып алуға және  тағы басқа да мақсаттарға беріледі.

Жалпы тұтыну несиесінің көлемі халықтың тұрмыс жағдайын және кәсіпкерлердің тауарларын өткізуге үлкен ықпал жасайды.

Дамыған елдерде тұтыну несиесі  үлкен роль атқарады. Ол тауарларға деген сұранысты, оларды өндіруді көбейтуге  және сатуға ынталандырады. Тұтыну несиесін көбінесе табысы орташа жұмысшылар қызметкерлер пайдаланады. Жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге қолданатын тауарларды несие  арқылы сатып алған қымбатырақ болғанымен, төленетін соманы біртіндеп өтеуге мүмкіндік алады.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы  тұтыну несиесі де, оның бір түрі болып табылатын ипотекалық несие де дамудың жаңа сатысында.

Тұтыну несиесінің экономикалық мәнін, жеке тұлғалардың тұтыну несиелерін қандай мақсаттарға алатынын және тұтыну несиесінің берілу тәртібімен танысу-жұмыстың мақсаты болып табылады. Осы мақсатты орындау үшін мынандай міндеттер алға тартылады:

  • Тұтыну несиелерінің түрлеріне зерттеулер жүргізу;
  • Жеке тұлғалардың несиелік қабілетін бағалау әдістеріне сипаттама беру;
  • Несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету формаларын талдау;
  • Шет елдік тәжірибелерді қарастыру.

Курстық жұмыстың зерттеу объектісі – «Казкоммерцбанк» АҚ-ң жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды сатып алу мақсатында берілетін тұтыну несиесімен байланысты экономикалық несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесіне талдау жүргізу.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні- Тұтыну несиесі және оның Қазақстанда дамуы.

Жұмыстың ақпараттық базасы. Жұмысты жазу барысында Қазақстан  Республикасының  заңдары  мен  заң  актілеріне  сүйендім. 

Курстық жұмысты жазудың теориялық әдістемелік негізі ретінде батыс елдерінің, Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының ғалымдарының ғылыми еңбектері қарастырылды.

Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Курстық жүмыстың көлемі 52 беттен тұрады.

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I Тұтыну несиесі және оның әлеуметтік-экономикалық маңызы

 

1.1 Тұтыну несиесі туралы түсінік және оның мәні

 

Несие қатынастарының нақты  көрінісін несиенің формалары мен  түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны  мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оны қолданылатын түрін өзгертеді.

Несиелеу принциптері  несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру  облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді.

Несиелеу принциптері  негізінде несиелік процесс, яғни банктік  несиелердің берілуі, пайлдаланылуы  және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік  несиелеодің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелігі және т.б. анықталады.

Несиенің қайтарымдылығы оның экономикалық категория ретінде  басқа да тауарлы-ақшалай қатынастардың  экономикалық категорияларынан ажыратылатын ерекшелігімен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды. Сондықтан да қайтарымдылық несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.

  Несиенің негізгі екі формасы бар: коммерциялық несие және банктік несие. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы,процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.

        Коммерциялық несие -  тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте коммерциялық несие алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік несие жүйесінің негізін қалады. Коммерциялық несие тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын жеделдетеді. Ол сонымен қатар кәсіпшілер мен сатушылардың да ақша қажетін өтейді.

          Дегенмен коммерциялық несиені  қолдануда біраз шектеулер бар.  Олар:

     -бұл несиенің  көлемі сатылуға тиіс тауарлар  қорының көлемімен                   шектеледі

     -бұл несиенің  көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты яғни     дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы бұзылып коммерциялық несиенің көлемі қысқарады;

     -бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді: оны тек –өндіріс құрал жабдықтакрын шыңаратын салалар және оларды пайдаланатын салаларңа береді, керісінше болуы мүмкін емес. Мысалы, комбайн зауыты өз өнімін комбайындарды несиеге алу шаруашылығына  сатуына болады, ал ауылшаруашылығы комбайн зауытына коммерциялық несие ретінде өз өнімін бере алмайды.

           Қорыта айтқанда коммерциялық несиенің  банктік несиеден басты ерекшелігі - ол  тауар түрінде берілетін несие.

          Банктік несие – ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп,ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық несие банктік несиенің бір-бірінен  бір сыпыра айырмашылықтары бар.

          Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде берілсе, ал банктік несие ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар бір біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Банктік несие өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.

           Екіншіден, коммерциялық несие банктік несие бір-бірінен, субъектілер, яғни келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады. Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де, кәсіпкер жүреді. Банктік несиеде несие беруші-банк, қарыз алушы- кәсіпкер.

           Үшіншіден, коммерциялық несиенің щектеулері банктік несие берумен жойылады, себебі банктік несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет корсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарының уақытша бос ақщасын шоғырландырып ,оны капиталға айналдырады.

            Төртіншіден, бұл екі несиенің динамикасы  (өсуі) да біркелкі емес. Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс тауар айналымының дамуына және төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің дамуы кезінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп, дағдарыс кезінде төмендейді. Дағдарыстың әсерінен тауарды өндірумен сату қысқарып, ал қарызды төлеу үшін банктік несиеге сұраныс кобейді. Өндірістің жанданып көтерілуі кезінде нақты капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін банктік несиеге сұраныс ұлғаяады. Осыдан банктік несиенің екі жақтылығы туындайды: қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өссіру үшін пайдаланса, онда капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем құралы ретінде пайдаланса, онда ақша қарызы болады. Банктік несиенің мұндай шартты екі түрге бөлінуі қарыздардың алған несиені пайдалану мақсатына байланысты болады. Егер қарыздар несиенің кепілдігіне тауар, вексель, бағалы қағаздарды беріп алса, онда қарыздардың банктен ақша қарызын алғаны. Егер қарыз алушы банктен ештеңемен қамтамасыз етілмеген несие алса, онда қаоыздаодың капитал несиесін алғаны.

Информация о работе Тұтыну несиесі және оның Қазақстанда дамуы