Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Декабря 2011 в 14:25, курсовая работа
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуның бүкіл тарихы бойынша салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттеліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Кіріспе ..........................................................................................................................3
І Тарау. Салық жүйесі: негізгі қағидаттары, элементтері........................................6
ІІ Тарау. Салық- салық жүйесінің негізі..................................................................11
ІІІ ТарауҚР салық жүйесі: даму тенденциялары....................................................15
Қорытынды…………………………………………………...……………………..27
Қолданылған әдебиеттер тізімі:...............................................................................28
Мазмұны
Кіріспе
..............................
І Тарау.
Салық жүйесі: негізгі қағидаттары,
элементтері...................
ІІ Тарау.
Салық- салық жүйесінің негізі........................
ІІІ ТарауҚР
салық жүйесі: даму тенденциялары.................
Қорытынды…………………………………………………..
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:.......................
Қазақстан
Республикасының Білім
және Ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов
атындағы Қарағанды
Мемлекеттік Университеті
Экономикалық
теория кафедрасы
КУРСТЫҚ
ЖҰМЫС
Экономикалық
теория пәнінен
Тақырып:
Қазақстан Республикасындағы
салық жүйесі
Орындаған: ФК-11 тобының студенті
Ешматова С.
Қабылдаған:
Райханова Г.А.
Ұйымдық-құқықтық жағынан салықтар – бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер.
Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.
Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуның бүкіл тарихы бойынша салық нысандары мен әдістері өзгерді, игерілді, мемлекеттің қажеттеліктері мен сұрау салуларына бейімделеді. Салықтар тауар-ақша қатынастарының ахуалына әсер ете отырып, олардың дамыған жүйесінде айтарлықтай өрбіді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі - ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты түрде көрінеді, ал салықтардың әлеуметтік - экономикалық мәні, олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған.
Салықтарда ежелден салық жүктемесін (салық ауыртпалығын) бөлудің екі қағидаты қалыптасқан:
Алынған игіліктерге және төлем қабілеттілігіне салық салудың қағидаттарын пайдалану салық мөлшерлемелерін белгілеуге және табыстың өсуіне қарай олардың өзгеруіне саяды.
Салықты ұтымды ұйымдастырудың классикалық қағидаттарын А.Смит ұсынған еді. Олар мынаған саяды:
(әдліттілік қаңидаты);
анықталуы керек (анықтылық қағидаты);
3) әрбір салық салық төлеуші неғұрлым қолайлы уақытты және әдіспен
алынуы тиіс (қолайлылық қағидаты);
4)салықты алудың шығындары өте аз болуы тиіс (үнем қағидаты).
Бұл қағидаттарды пайдалану салық салуда зорлық-зомбылықты жоқ етті, бұл процеске реттемелеуді енгізді және
А.Смитке «салықтар - оны төлейтіндерге құлшылықтың нышаны емес, бостандықтың нышаны» деп қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Салық салудың кейінгі даму барысында қағидаттардың тұжырымдамалары дәлелденді, толықтырылды.
Салық салудың қазіргі қағидаттары мыналарға саяды.
а) «деңгейлес теңдікке» жету – салық төлеушілердің
табыстарына тең жағдайда біркелкі салық салынады;
ә) «сатылас теңдікті» сақтау – жеке тұлғалардың
табыстарына салық салу табыстардың бір бөлігін қайта бөлу үшін прогрессивті шәкіл бойынша сараланған мөлшерлемелерді қолдана отырып жүргізілуі тиіс.
2. Қарапайымдылық қағидаты. Салық механизмі салық төлеушіге
түсінікті болуы тиіс, ол рабайсыз әрі күрделі болмауы керек.
3. Салықтардың анықтығы- алдын ала белгіленген шарттар мен
талаптардың мызғымас теңдігі елдің барлық аумағында және барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін түсіндіру мен қолданудың біркелкілігі.
4.Жеңілдіктердің ең аз саны. Жеңілдіктер құндық үйлесімдерді
бұрмалайды және салық салу субъектілерін тең емес жағдайларға әдейі қояды.
5. Салық салудың экономикалық бейтараптығы. Салықтар
экономиканың жұмыс істеуін жақсартуға және инвестициялардың өсуіне кедергі жасамауы тиіс.
6. Экономикалық қатынастар бойынша осы елдің басқа әріптес елдермен
салықтардың негізгі түрлері бойынша салық мөлшерлемелерінің салыстырмалылығы.
Салық төлеуші салық заңнамасына сәйкес салықтық міндеттемелерін толық көлемінде және белгіленген мерзімдерде орындауға міндетті.
Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер айқын болуға тиіс. Салық салудың айқындығы салық төлеушінің салықтық міндеттемелері туындауының, орындалуының және тоқтатылуының барлық негіздері мен тәртібін салық заңнамасында белгілеу мүмкіндігін білдіреді.
Еліміздегі салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады. Жеке сипаттағы салық жеңілдіктерін беруге тиым салынады.
Қазақстанның салық жүйесі оның бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біріңғай болып табылады.
Салық салу мәселелерін реттейтін нормативтік –құқықтық актілер ресми
басылымдарда міндетті түрде жариялануға жатады.
Мемлекетке түсетін салық түсімдерінің сипатты ерекшелігі олардың сан алуан қоғамдық қажеттерге кейін иесіз пайдаланылуы болып табылады. Осысымен салықтардың мемлекет, сондай-ақ басқа жергілікті органдар белгілейтін түрлі міндетті мақсатты жарналардан, төлем аударымдарынан айырмашылығы болады.
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық
мәні мен мазмұны олар атқаратын функцияларда
толық ашыла түседі.
І Тарау. Салық жүйесі: негізгі қағидаттары, элементтері
Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функция орындайды. Бұлардың әрқайсысы осы қаржы категориясының ішкі белгілері мен өзіндік ерекшеліктерін білдіреді.
Фискалдық функция - барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады, мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толыстыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық қызметінің ұлғаюымен байланысты пайда болады. Ол ұлттық шаруашылықтың дамуына қабылданатын бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл орайда салықтардың нысандарын таңдау, олардың мөлшерлемелерінің, алу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланылады. Бұл реттеушілер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымы мен үйлесіміне, қорлану мен тұтыну көлеміне ықпал етеді.
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекеттің қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің ауқымы жалпы ұлттық өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады.
Мемлекет салық саясатын – салық саласындағы шаралар жүйесін қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық және басқа мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.
Салық салуды ұйымдастырудың салық қатынастары нысандарының элементтерін, яғни салық түрлерінің нақты атауларын, сондай-ақ оларды қолданудың тәртібі мен әдістерін, іс-қимылының тәсілдерін кіріктіретін салық механизмін құруға және оның жұмыс істеуіне саяды. Салық механизмінде өзара байланысты элементтерден тұратын арнаулы нұсқаулық қолданылады.
Қазақстан Републикасының қазіргі салық жүйесі салықтарды құру мен алудың нақтылы әдістерін анықтайды, салықтың тиісті элементтері арқылы салық салудың тәртібін белгілейді (1 сурет).
1 сурет. Негізгі салық
1. Салық субъектісі немесе салық төлеуші. Ол - салыықты және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда нарқ механизмі арқылы салық ауыыртпалығы басқа тұлғаға – салық салынушыға аударылыуы мүмкін.
2. Салық салынушылар – нақты салық ауыртпалығы( саллық жүктемесі түсетін жеке тұлғалар, түпкілікті салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары.
3. Салық объектісі. Мүлік пен іс-әрекеттер салық объектілері және салық салуға байланысты объектілер болып табылады, олардың болуына байланысты салық төлеушінің салықтық міндеттемесі туындайды.
4. Салық базасы. Салық базасы - салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құндық, заттай немесе өзге де сипаттамалары, олардың негзінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа да міндетті төлемдердің сомасы анықталады.
Салықтың негізгі базасы мыналар болып табылады.
жәке табыс салығы жатады;
салықтарды, кеден баждарын кіріктіреді;
салық және басқалары жатады;
5. Салық өлшемі - есеп-қисап үшін белгіленген салық объектісін өлшеу
бірлігі (тенге, табыс, айналым, т.б, жердің 1 гектары, тауарды өлшеу бірлігі
және басқалары).
6. Салық мөлшерлемесі. Салық мөлшерлемесі салық базасының өлшембірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді. Ол салық базасының өлем бірлігіне пайызбен немесе абсолюттік сомамен белгіленеді.
Салық салу практикасында мөлшерлемелердің мынадай түрлерін ажыратады:
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі