Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 19:36, курсовая работа
Қазақстан Республикасы аумағында акцизделетін тауарларды шығаратын, акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын, Қазақстан Республикасының аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай - ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен, Қазақстан Республикасы аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын (бұл тауарларға бұрын акциз төленбесе), Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар және резидент емес заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері де акциз төлеушілер болып табылады.
Кіріспе.........................................................................................................................3
1 Акциз салығын салудың теориялық негіздері......................................................5
1.1 Акциз салығының дамуы.....................................................................................5
1.2 Акциз салығының мәні және экономикалық мазмұны....................................9
2 Акцизді есептеу ерекшеліктері және тәжірибеде қолдану жағдайына сипаттама....................................................................................................................17
2.1 Акциз салығының есептеу механизімі..............................................................17
Қазақстан Республикасында 2001 – 2004 жылдары акциз салығының мемлекеттік бюджетке түсуін талдау......................................................................21
2.3 Қазақстан Республикасында акциздердің түсуіне бақылау жүргізу
жағдайына баға беру.................................................................................................27
3 Қазақстан Республикасындағы акциз салығын салу: мәселелері мен негізгі бағыттары..................................................................................................................31
3.1 Қазақстан Республикасындағы акциздік салық салудың мәселелері...........31
3.2 Акциз салығын жетілдірудің негізгі бағыттары.............................................32
Қорытынды................................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................35
2)
Қазақстан Республикасының
3)
шетелдік дипломатиялық және
оларға теңестірілген
4) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін, «Еркін айналыс үшін тауарлар шығару» режимін қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарымен белгіленген кеден режимі шеңберінде акцизден босатылған тауарлар.
5) сыйымдылығы 0,1 литрден аспайтын тұтынушы ыдысына құйылған және Қазақстан Республикасының заң актілеріне тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа) акцизді төлеуден босатылды.
Акциз
ставкасын Қазақстан
Алкоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке акциз ставкасы алкоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставакадан төмен белгіленуі мүмкін. Ойын бизнесі объектілеріне акциздің базалық ставкасының ең жоғарғы және ең төмен шектерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бір жылға есептеп белгілейді. Жергілікті өкілді органдар ойын бизнесі объектілеріне белгіленген базалық ставкалар шегінде қызметін бір әкімшілік – аумақтық бірлік аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай акциз ставкасын белгілейді.
Тұрлаулы акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде белгіленеді. Адвалорлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндіруші осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгізбей беретін бағалар бойынша анықталатын өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде белгіленеді. Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі салық базасы лотереяны ұйымдастырушы салық органында лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома алып тасталған, оған акциз сомасы қосылмай мәлімделген түсім сомасы ретінде анықталады және шығарылым тіркелгеннен кейін ол өзгертілмеуге тиіс.
Тұрлаулы акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттау кезінде салық базасы импортталатын акцизделетін тауарлардың заттай түрдегі көлемі ретінде белгіленеді. Адвалорлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарларды импорттау кезінде салық салынатын база импортталатын акцизделетін тауарлардың Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалатын кедендік құны ретінде анықталады.
Спирттің
барлық түріне әртүрлі акциз ставкалары
белгіленген жағдайда салық базасы
сол бір ставкамен салық
Акциздік маркалар жоғалған, бүлінген кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді. Алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған (оның ішінде ұрланған) акциздік маркалар бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың (ыдыстың) көлеміне қолданылатын белгіленген ставка негізге алынып жүргізіледі. Маркада сауыттың көлемі белгіленбеген жағдайда бүлінген немесе жоғалған акциздік маркалары бойынша акцизді есептеу акциз маркалары бүлінген, жоғалған кезеңнің алдындағы салық кезеңі ішінде өнім құю (орау) жүргізілген сауыттың неғұрлым үлкен көлемі негізге алынып жүргізіледі. Егер акциз маркалары төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе, жоғалса немесе бүлінген акциз маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаса, акциз төленбейді.
Ойын бизнесі (лотереяларды қоспағанда) саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде ойын столы, ақшалай ұтысы бар ойын автоматы, тотализатор кассасы, букмекер кеңселерінің кассасы салық салу объектілері болып табылады.
Лоторея ұйымдастырушысының лоторея билеттерін сатуға шығаруы лоторея бойынша салық салу объектісі болып табылады. Лотерея билеттерін сатуға шығарудың әрбір шығарылымы және оның ақша түріндегі көлемі лотерея билеттерін өткізу басталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірілмей салық органдарында міндетті түрде тіркелуге тиіс. Лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Акцизделетін тауарлардың экспортқа өткізу кезінде салық төлеуші салық салудан босатудың негізділігін растау үшін тіркелген орны бойынша салық органына 60 жұмыс күнінің ішінде міндетті түрде келесідей құжаттарды:
-экспортталатын акцизделетін тауарларды беруге келісім – шартты;
-акцизделетін тауарларды экспорт режимінде шығаруды жүзеге асырған кеден органының белгілері бар кедендік жүк декларациясын немесе оның кеден органы куәландырған көшірмесін табыс етеді. Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистральдық құбыр жүйесімен не толық емес мерзімдік декларациялау рәсімін қолдана отырып әкеткен жағдайда кеден рәсімдеуін жүргізген кеден органның белгілері соғылған толық кедендік жүк декларациясы экспортты куәландыру болып табылады;
-Қазақстан Республикасының кеден шекарасындағы өткізу пунктінде орналасқан кеден органының белгісі соғылған тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелерін табыс етеді. Акцизделетін тауарларды экспорт режимінде магистральдық құбыр жүйесімен әкеткен жағдайда тауарға ілеспе құжаттар көшірмелерінің орнына тауарларды қабылдау – тапсыру актісі табыс етіледі;
-Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасында ашылған шоттарына акцизделетін тауарлар өткізуден түскен нақты түсімді растайтын төлем құжаттары мен банк көшірмесін табыс етеді.
Қазақстан Республикасы акцизделетін тауарлар экспортын акцизден босатуды көздейтін халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге акцизделетін тауарлар экспортталған кезде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимінде әкетілген акцизделетін тауарларды импорттаған елде ресімделген кедендік жүк декларациясының көшірмесі қосымша табыс етіледі.
Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі. Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу салық кезеңіне белгіленген акциз ставкасын салық салынатын объектілердің санына қолдану арқылы анықталады. Салық кезеңінде салық салынатын объектінің саны өзгерсе, енгізілген (шығып қалған) объектіге акциз сомасы толық көлемде төленеді.
Акцизделетін тауарларды (спирттің барлық түрін және газ конденсатынмен бірге мұнайды қоспағанда) сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттаған кезде, егер аталған тауарлар бұдан әрі акцизделетін тауарлар өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланған болса, Қазақстан Республикасының аумағында төленген акциз сомалары шегерілуге тиіс. Салық кезеңінде акцизделетін тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетін шикізат көлемі негізге алынып анықталған акциз сомасына шегерім жасалады.
Акцизделетін тауарларға акциз:
Алыс – беріс шикізаты мен материалынан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға өнім берілген күні төленеді. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген газ конденсатын қоса алғанда шикі мұнайды өнеркәсіптік ұқсатуға берген кезде акциз ол берілген күні төленеді. Өз өндірісінің акциз салынуға тиісті шикізатынан акцизделетін тауарлар өндірілген кезде осы шикізатқа акцизделетін тауарлар бойынша акциз төлеуге белгіленген мерзімде акциз төленеді.
Импортталатын тауарларға акциздер Қазақстан Республикасының кеден заңдарында кеден төлемдерін төлеу үшін төленеді. Таңбалануға тиісті импортталатын акцизделетін тауарларға акциздік маркаларын алған күнге дейін немесе алған күні акциз төленеді.
Акциз төлеушіге акциздердің дұрыс есептеліп, бюджетке уақытылы аударылуы үшін жауапкершілік жүктеледі. Акцизді төлеу мерзімі және декларацияны беру мерзімі демалыс немесе мереке күнге тура келсе, бұл мерзім демалыс немесе мереке күннен кейінгі бірінші жұмыс күніне ауыстырылады.
Акциз алымының маркаларымен таңбалануға тиіс акцизделетін тауарларды акциздік маркаларды қолданбай өткізуге тыйым салынады. Акциз туралы заңдарды бұзғаны үшін төлеушіге арнайы белгіленген санкциялар қолданылады.
Бюджетке аударылуға тиіс акциздердің сомасы банк және банк операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйым төлем тапсырмасы (өкімі) алынған күні тиісті бюджетке аударады.
Құрылымдық
бөлімшелері бар акциз
Операция жасалған күн болып барлық жағдайларда акцизделетін тауарларды алушыға тиеп жөнелту күні, тауар өндіруші өзі өндірген акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық бөлімшелер желісі арқылы өткізген жағдайда тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен күн, акцизделетін алыс – беріс тауарларын беру кезінде аталған тауарларды мердігерге (ұқсатушыға) берген күн, алыс – беріс тауарларынан акцизделетін тауарлар әзірленген кезде әзірленген акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берген күн, акцизделетін тауарларды өздерінің өндірістік қажеттеріне пайдаланған кезде аталған тауарларды осындай пайдалануға берген күн, лотерея ұйымдастырған және өткізген жағдайда салық органдарында лотерея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген күн, акцизделетін өнім, акциз маркалары бүлінген жағдайда бүлінген акцизделетін өнімді (акциз маркаларын) есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн, акцизделетін тауарлар, акциз маркалары жоғалған жағдайда акцизделетін тауарлар, акциз маркалары жоғалған күн болып табылады.
Акциз төлеу акциз төлеушінің тіркелген жері бойынша жүргізіледі. Акцизге қатысты күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.
Әрбір
салық кезеңі аяқталған соң, салық
кезеңінен кейінгі айдың он бесінен кешіктірмей,
салық төлеуші өзі тіркелген жері бойынша
салық органына акциз жөніндегі декларация
табыс етуге міндетті. Акциз төлеушілер
декларациямен бір мезгілде құрылымдық
бөлімшелер үшін акциз бойынша есепті
табыс етеді. Декларация мен құрылымдық
бөлімшелер үшін акциз бойынша есеп –
қисаптар салық органына салық кезеңінен
кейінгі айдың он бесінен кешіктірілмей
табыс етіледі.
2
Акциз салығының есептеу ерекшеліктері
және тәжірибеде қолдану жағдайына сипаттама
2.1 Акциз салығның есептеу
Акциз
ставкаларын Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекітеді және тауар құнына
пайызбен (адвалорлық) және заттай
нысандағы өлшем бірлігіне
Алкоголь өнімдеріне акциз ставкасы онда су араластырылмаған жүз процент спирттің болу көлеміне байланысты бекітіледі. Спирттің барлық түрлеріне акциз ставкасы оның бұдан әрі пайдалану мақсатына қарай анықталады.
Информация о работе Қазақстан Республикасындағы акциз салығын салу: мәселелері мен негізгі бағыттары