Қазақстан Республикасындағы акциз салығын салу: мәселелері мен негізгі бағыттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Октября 2011 в 19:36, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы аумағында акцизделетін тауарларды шығаратын, акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын, Қазақстан Республикасының аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай - ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен, Қазақстан Республикасы аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын (бұл тауарларға бұрын акциз төленбесе), Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар және резидент емес заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері де акциз төлеушілер болып табылады.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3

1 Акциз салығын салудың теориялық негіздері......................................................5

1.1 Акциз салығының дамуы.....................................................................................5

1.2 Акциз салығының мәні және экономикалық мазмұны....................................9

2 Акцизді есептеу ерекшеліктері және тәжірибеде қолдану жағдайына сипаттама....................................................................................................................17

2.1 Акциз салығының есептеу механизімі..............................................................17

Қазақстан Республикасында 2001 – 2004 жылдары акциз салығының мемлекеттік бюджетке түсуін талдау......................................................................21
2.3 Қазақстан Республикасында акциздердің түсуіне бақылау жүргізу

жағдайына баға беру.................................................................................................27

3 Қазақстан Республикасындағы акциз салығын салу: мәселелері мен негізгі бағыттары..................................................................................................................31

3.1 Қазақстан Республикасындағы акциздік салық салудың мәселелері...........31

3.2 Акциз салығын жетілдірудің негізгі бағыттары.............................................32

Қорытынды................................................................................................................34

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................35

Работа содержит 1 файл

Акциздер экономикалық мазмұны және оларды есептеу ерекшеліктері.doc

— 332.50 Кб (Скачать)

Мазмұны

Кіріспе.........................................................................................................................3

1 Акциз салығын салудың теориялық негіздері......................................................5

1.1 Акциз салығының дамуы.....................................................................................5

1.2 Акциз салығының мәні және экономикалық мазмұны....................................9

2 Акцизді есептеу ерекшеліктері және тәжірибеде қолдану жағдайына сипаттама....................................................................................................................17

2.1 Акциз салығының есептеу механизімі..............................................................17

    1. Қазақстан Республикасында 2001 – 2004 жылдары акциз    салығының мемлекеттік бюджетке түсуін талдау......................................................................21

2.3 Қазақстан  Республикасында акциздердің түсуіне  бақылау жүргізу 

жағдайына баға беру.................................................................................................27

3 Қазақстан  Республикасындағы акциз салығын салу: мәселелері мен негізгі бағыттары..................................................................................................................31

3.1  Қазақстан Республикасындағы акциздік салық салудың мәселелері...........31

3.2 Акциз салығын жетілдірудің негізгі бағыттары.............................................32

Қорытынды................................................................................................................34

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................................35 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

     Әр  елдің салық саясаты экономикалық жүйенің негізі болып табылады. Ол бір жағынан, мемлекеттің қаржылық базасын қамтамасыз еткенмен, екінші жағынан экономикалық дамуының негізгі көрінісі. Сондықтан салық жүйесін жүзеге асыру елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайын күшейтеді.

     Салық қаржы категориясының негізгі бөлігі болып табылады. Ол мемлекет пен қоғам мүшелерінің қаржылық қатынасының әлдеқайда дамыған формасы және мемлекеттік функциялардың орындалуын қаржылық қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қазынаға түскен төлемдер мен нысандарының пайда болуына әкелді. Алғашқыда олар заттай түрде төленсе, кейіннен тауар – ақша қатынасының дамуына орай төлем  ақшалай форма түріне көшті.

     Салықтардың экономикалық мәні болып өзінің функциялары  мен міндеттерін жүзеге асыру  үшін мемлекет пен ұлттық табысты  орналастыру табылады. Әсіресе, нарықтық экономика жағдайында салықтардың мәні айтарлықтай арта түседі.

     Бүгінгі күнде Қазақстан Республиксында акциздік салық салу жалпы акциздердің  ішінде орташа салмағы жоғары болып  және салықтардың ішінде маңызды  орын алып отыр.

     Акциз салығы – жанама салықтардың бір түрі болып табылады және бағаға және тарифке үстеме ретінде бекітіледі. Сонымен қатар, акциздер – Қазақстан Республикасы аумағында өндірілген және Республика аумағына импортталатын тауарларға, сондай – ақ ойын бизнесімен лотереяны ұйымдастыру және өткізуге салынады.

       «Акциз» термині зерттеушілердің пікірі бойынша ол ескі француз тілінен «accese» деген сөзінен шыққан және ол “салық салу үшін баға” деген ұғымды білдіреді. Сонымен қатар «акциз» сөзі латының «accidlere» (қию, кесу), яғни арнайы таяқша бойынша ыдыстағы сусынның көлемін салық салу үшін өлшеу  деген мағынаны да білдіреді.

     Өте ерте кезеңнен қазіргі күнге дейін акциздік салық салудың кеңінен таралуы оны жинақтаудың жылдамдығына және жоғары фискалдық тиімділігіне байланысты.

      Қазақстан Республикасы аумағында акцизделетін тауарларды шығаратын, акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына импорттайтын, Қазақстан Республикасының аумағында бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын, тәркіленген, иесі жоқ акцизделетін тауарларды, сондай - ақ мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен, Қазақстан Республикасы аумағында мемлекет меншігіне өтеусіз берілген  акцизделетін тауарларды өткізуді жүзеге асыратын (бұл тауарларға бұрын акциз төленбесе), Қазақстан Республикасының аумағында акцизделетін қызмет түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар және резидент емес заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері де акциз төлеушілер болып  табылады.

     Акциз бойынша салық салу объектісі болып акциз төлеушінің өзі жасап шығарған және өндірген ыдысқа құйылған акцизделетін тауарлар мен жүзеге асыратын операциялары, бензин және дизель отынын көтерме және бөлшек саудада өткізуі, тәркіленген мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен акцизделетін тауарларды өткізуі, ойын бизнес саласында қызметті жүзеге асыруы, лотереяны ұйымдастыруы және өткізуі, акцизделетін тауарлардың акциз маркаларының бүлінуі, жоғалуы акциз алынатын объект болып табылады.

     Тұрақсыз  экономика жағдайында, баға жоғарылау, инфляция кезінде акциздер тұтынуды реттеуші, елде бағаға әсер ету арқылы жағдайлар жасайтын салықтың бір түрі ретінде қарастырылады және кіріс көзін құрастыру кезінде жоғары рөл атқарады.

     Қазақстан Республикасында акциздік салық салудың мәселелері және даму перспективаларын анықтау жұмыстың өзектілігі болып табылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     1   Акциз салығын  салудың теориялық негіздері 

    1.  Акциз салығының дамуы
 

     Нарыққа өту жағдайында экономикалық реформалардың  негізгі мақсаты әртүрлі деңгейлі бюджеттердің ресурстарын ұлғайту мәселесін шешу, жалпы экономиканың дамуы және жеке шаруашылық субъектілердің тиімді қызмет етуіне ықпал ететін тиімді салық механизмін қалыптастыру болып табылады. Қазақстанда кәсіпкерлік қызметке қысым көрсетпейтін, барынша ұғымды, әрі үнемді салық жүйесін құру мәселесі маңызды болып табылады.

      Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдында тұрған негізгі мақсаттардың бірі бюджет кірістерінің өнеркәсіп  салалары арқылы қалыптасқан бөлігін  ұлғайту мәселесі.

     Мемлекеттік биліктің негізгі қызметі болып  салық салу және салықты өндіріп  алу табылады. Салықтар тек мемлекеттік  табыс көзі ғана болып табылмайды, сонымен бірге қоғам өміріндегі барлық салаға - әлеуметтік, мәдени, ғылыми – техникалық, сыртқы саяси және т.б. салаларға әсер ететін экономиканы басқару жүйесінің әдісі де болып табылады. Салықтар мемлекетпен өндіріліп алынатын міндетті жинақтар ретінде ерте кезеңде пайда болды. Салықтың өте ерте кезеңдегі формасы еркін сипатта болған жоқ. Салықтың алғашқы ставкасы табыстан 10 % құрады. Кейінірек мемлекетпен өндірілетін “ақсүйек – ондық” салығы енгізілді. Салық салу тарихынан белгілі Ертедегі Грецияда, мысалы, еркін азаматтар салық төлеген жоқ. Ертедегі Римдегі бейбітшілік кезеңінде салықтар болған жоқ, бірақ соғыс уақыты кезінде азаматтардың табысына сәйкес салықтар енгізілді.

     Англияның арасындағы тәуелсіздік соғысы, олардың  солтүстік америкалық колониямен соғысының  барлығы салықпен байланысты болды. Уақыт өте келе Англияның американдық  колониясының тұрғындары үшін салықтық жеңілдіктер жасалды. Англия өзінің қол астына қарайтын американдықтарға ағылшын әскерлерін ұстауды жақсарту мақсатында салықты жоғарлатуға шешім қабылдады, бірақ соғыс басталып, Англия өзінің колониясынан айырылып қалды. АҚШ тәуелсіздікке ие болды.

      ХVІІ ғасырда француз экономисті Ф. Дэмэзон  – «акциз қазынаға басқа салықтың түсімдерімен салыстырғанда олардан  көп мөлшерде түсім әкелуі мүмкін»  деген.

      Жалпы «акциз» салығы ол жанама салықтардың  бір түрі болғандықтан ол бағаға немесе тарифке үстеме ретінде белгіленеді. Сондықтан да ол салық төлеушінің табысымен байланысты болмайды.

     «Акциз» термині зерттеушілердің пікірі бойынша ол ескі француз тілінен  «accese» деген сөзінен шыққан және ол “салық салу үшін баға” деген  ұғымды білдіреді. Сонымен қатар «акциз» сөзі латының «accidlere» (қию, кесу), яғни арнайы таяқша бойынша ыдыстағы сусынның көлемін салық салу үшін өлшеу деген мағынаны да білдіреді.

     Өте ерте кезеңнен қазіргі күнге дейін  акциздік салық салудың кеңінен  таралуы оны жинақтаудың жылдамдығына және жоғары фискалдық тиімділігіне байланысты.

       «Акциздің ұзақ эрасы» Еуропада 17 ғасырда, Ресейде 18 ғасырда пайда болды, оларды пайдалануда акциздер әртүрлі сипатта болды. Кейбір жағдайда артықшылықтар кемшіліктерден артқанда, акциздерді мақтады, ал керісінше жағдайда оны халық үшін өте тиімсіз деп жамандады. Бірақта акциздік салық салу әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылады.

     Фискалдық техникаға қатысты жанама салықтар қолайлы болып табылады, өйткені  төлеушілердің саны салыстырмалы шектеулі және бақылауда болады. Тек акциздер мен алымдар арқылы фискалдық позицияда кедей халықтан салық алуға болады.

     Акцизді эволюциялық қалыптастыру кезеңінде  жанама салық салу өнеркәсіптік дамуды ынталандырады деген көзқарас қалыптасты (шикізат немесе басқару аппаратының саны бойынша өндіріліп алынатын жанама салық өндірістің дамуына мүмкіндік береді). Классикалық мысал ретінде Ирландиядағы спиртке акциздің даму тарихын айтуға болады. 1786 жылы салық қазанның галлон сыйымдылығына 30 шиллинг мөлшерінде салынды. Бұл өндірушілерді аздаған сыйымдылықпен өнім шығаруды жоғарылату мақсатымен техникалық жаңалықтарды пайдалануға мәжбүр етті. Мемлекет бұл жағдайды сезгеннен кейін ставканы көтерді. 1797 жылы бұл галлонасына 54 фунт стерлингке жетті, 15 жылдан кейін спиртті шығаруға акциздің енгізілуі 2880 есе жоғарылады.

     Көптеген  жағдайда жанама салықтар ұсақ өнеркәсіптерге жағымсыз әсерін тигізеді, өйткені  оларда жеткілікті түрде капитал  да, несие де болмайды. Сондықтан  да акциздік жүйе ірі өнеркәсіптердің  қолында акциздік өнеркәсіптерді шоғырландыруға мүмкіндік береді.

     Статистикаға  сүйенетін болсақ, Ресейде С.Ю.Виттенің реформасынан кейін табыстардың  үлкен бөлігін кең тұтынудағы тауарлар, яғни темекіге, керосинге, қантқа, сіріңкеге акциздер және басқа да жанама салықтар алды.  1800 – 1835 жылдардағы реформаға дейін қант ұнтағына акциздік жинақ мөлшері 80 тиыннан 1 рубль 75 тиынға дейін жетті. 1909 жылдың шілдесінде төменгі сортты темекі өнімдеріне акциз 38,14% - 51% дейін жоғарылатылды. Бұл уақытта қазыналық арақтың шелегіне акциз мөлшері 42 тиынды құрады. Ресей үшін акциздік және кедендік жинақтар ауыр тиді, мұнда төлем қабілетті сұраныс деңгейі төмендеді. Дегенмен де Ресейдегі жан басына келетін жанама салықтың мөлшері Еуропалық көптеген дамушы елдерге қарағанда төмен деңгейде болды.

     Акциздің  жалпы пайда болу тарихы 1917 жылдың соңында енгізілген бірінші акциз 1921 жылы 14% дейінгі жүзім шарабының  күштілігіне байланысты салынды. Одан кейін шарап күштілігіне байланысты салынатын салық 20% дейін жоғарылады. Ресми құжаттарға қарағанда, бюджеттің табыс бөлігін қамтамасыз ететін осы акциз енгізілгенде, жүзімдік пен шарап дайындауды қолдау қажеттілігі туындады. Осы 1921 жылы темекі өнімдеріне, капирус қағазына, сіріңкелерге де акциз енгізілді.

     Акциз жүйесі келешекте, 1922 жылы 3 ақпанда енгізілген заңға сәйкес, техникалық мақсатқа салынған спиртке, сыраға, балға, салқындатылған сусындарға, 1922 жылы тұзға, мұнай өнімдеріне, крахмалды қантқа акциздер енгізілуімен байланысты кеңейтілді.

     1922 жылдың аяғында қантқа акциз  салығы бекітіліп, 1924 жылы қайтадан алынып тасталды. Қантқа акциз салығының алынып тасталуы уақытша сипатты иеленді, бұл құбылыс сауда айналымында қанттың жетіспеушілігінен туындады.

     Жеңіл өнеркәсіптің бірқатар салаларының  дамуы және сәйкесінше тұтыну нарығының  ассортиментінің кеңеюі акциздік салық салудың құрылымын өзгертті. Акциздік түсімдердің өсуі көп тұтынылатын заттарға салық ауыртпашылығын төмендетуге мүмкіндік берді. Сонымен 1923 және 1924 жылдардағы заңдармен акциз салығы тұзға 45 тиыннан 22 тиынға, керосинге 80 – 60 тиынға дейін төмендетілді. Мемлекеттік және кооперативті өнеркәсіпті өз өндірісінде акциздік салық салу объектілерін  қолданатын мемлекеттік және кооперативті өнеркәсіптің дамуы мақсатында 1922 жылғы заңға сәйкес химиялық және балық өнеркәсібіне жіберілетін тұзға салық ставкалары төмендетілді. 1923 ж. ауылшаруашылық тракторлық жұмыстарға қолданылатын мұнай өнімдеріне акциз салығы заңға сәйкес алынып тасталды.

     1924 – 1925 ж.ж. акцизді дамыту мақсатында  акциздік салық салу жүйесіне  бірқатар өзгерістер енгізілді. 1924 ж. дайын өнімдік сыраға акциздік салық салу жүйесі өзгертілді. Бұл өзгеріс кері әсерін тигізді, өйткені сыраның өте жоғарғы бағасы акциз салығының түсімін азайтты. Сондықтан 1925 ж. сыраға салынатын салық төмендетілді (шелегіне 1 руб. 70 тиыннан 75 және 78 тиынға дейін). 1925 жылдың аяғында арақ сатуға (40 градус) рұқсат етілді және оған сәйкесінше акциздік салық салынды. /18.53/

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы акциз салығын салу: мәселелері мен негізгі бағыттары