Акционерлік қоғамның нарықта қызмет көрсетуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 17:43, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда қолданылатын кеңінен таралған ұйымдық-хұқтық форма акционерлік қоғамдар болып табылады. Аймақтар экономикасында акционерлік қоғамның орын алуы 1998 жылдың 10 шілдесінде қабылданған «Акционерлік қоғам туралы» заңымен тікелей байланысты. Жекешелендірудің мемлекеттік саясаты акционерлік қоғамдарды мүліктік айланымның орталығына айналдырды. Сондықтан да бұл шаруашылық экономикалық механизмнің құрамына еңіп, оның дамуына өз үлесін қосты. Кәсіпкерлік акционерлік формасының дамуы мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру формасы, бизнестің алуан түрлі саласында жаңадан қалыптасқан акционерлік қоғамдардың орын алуы акционерлік қоғамдардың қызмет көрсету саласыдағы ролінің зерттелуін қажет етіп отыр.

Барлық жүйелер техникалық, технологиялық, ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік жүйелер өзара байланысты, және де жоғарыда атап көрсетілгендей, бұлар біртұтас болғанда ғана кәсіпорын жүйе ретінде құрылады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………………3

1 тарау

Қазақстан Республикасындағы Акционерлік қоғам жӘне оны басқару тиімділігін арттыру……………………………………….6
Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамның даму тарихы және “Эйр Астана” әуекомпаниясы…………………………………...…6
Нарықтағы акционерлік қоғамның принциптері және оны басқару қағидалары ………………………………………………………………10
Акционерлік қоғамды басқару үрдісінің тиімділігін арттыру шаралары…………………………………………………………………14

тарау

Нарықтағы “Эйр Астана” акционерлік қоғамның ұйымдық құрылымы жӘне оның қызметінің қолданылуын талдау……………………………………………………………………………19
“Эйр Астана” акционерлік қоғамындағы ұйымдық құрылым және оның қызметін талдау…………………………………………………...19
“Эйр Астана” акционерлік қоғамының басқару органы – акционерлердің жалпы жиналысы қызметін бақылау………………...28
Акционерлік қоғамның жүйесі және оның қоғамда қолданылуы………………………………………………………………34

тарау

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жӘне қызмет кӨрсету мӘселелері……………………………………..43
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында қызмет көрсету мәселесі және оның нарықтағы ролі……………………………………43
Бағалы қағаздар нарығы және дивидент саясаты……………………...50


Қорытынды……………………………………………………………………...55

Пайдаланылған Әдебиеттер……………………………………………..60

Работа содержит 1 файл

АО.doc

— 278.50 Кб (Скачать)
Қорытынды
 

     Елбасының “Жаңа әлемдегі, Жаңа Қазақстан” атты Жолдауында “Едәуір экономикалық әлеуеті  бар алдыңғы қатарлы қалаларды басымдықпен дамыту есебінен экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттіліктің өңірлік орталықтары мен “өзекті арналарын” үйлесімді қалыптастыру өңірлік дамуды қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Үкімет тұтас алғанда ел экономикасын өркендетудің орталықтары ретінде дамыту үшін олардың мүмкіндіктерін зерделей келіп осындай орталықтарды анықтауға тиіс. Егер біз, әлемнің айтулы астаналарымен шындап бәсекеге түскіміз келеді екен, онда өзімізідің осы мүмкіндіктерімізді одан әрі еселей беруміз керек” делінген. Осы мүмкіндікті еселеудің бірден – бір жолы Жолдаудың басқа өндіруші секторлардың тиімділігін арттыру секілді бағыттарында көрсетілген кәсіпорындағы іс - әрекеттердің тиімділігін арттыру қажет. Бұл мүмкіндіктің орындалуы кәсіпорындағы ұйымдық құрылымды бағалаумен тікелей байланысты.

      Кез-келген басқарушылық ұйымның қызметкерлеріне  күнделікті ондаған, жүздеген адамдармен кездесіп, тіл табысуға тура келеді. Әрбір жеке тұлғаның бойынан өзіндік  жеке қасиеттері, әртүрлі ой-пікірлері, немесе басшы пікірлеріне қарсы ой-пікірлері де кездеседі. Басшы адам бойындағы жақсы қасиеттерін дамытып, ал теріс қасиеттерін жоя білу қажет. Л.И.Брежневтің “Ұсыну” атты еңбегінде былай делінген: “Егер адам өз ісін білсе, өз қызметін бар ынтасымен орындаса, онда ол адамды қолдау қажет. Ең бастысы адамның талантты қасиеттерін көрсете білу”.

     Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне  сәйкес Акционерлік қоғам дегеніміз - өз әрекетін жүзеге асыру үшін қажетті  құралдарды тарту мақсатында акция  шығаратын заңды тұлға. Акционерлік қоғам әрекеті қаржы құралдарын орталықтандыру арқылы жүзеге асырылады. Акционерлік қоғамға өз капиталын заңды және жеке тұлға қоса алады. Жарғы капиталы Акционерлік қоғамда қоғам мүлкімен қамсыздандырылу қажет. Жарғы қорына тек ақша құралдарын емес, сонымен қатар, т.б. материалдық құндылықтар, бағалы қағаздар, табиғи ресурстарды қолдану құқы, сонымен қатар, интеллектуалдық меншікке құқы. Әрбір қатысушының қосқан үлес құны қоғам қатысушының жалпы шешімімен ақшалай формада көрінеді. Ақша құралдары формасында бағаланатын біріккен мүлік жарғы қоры деп аталады. Үлес құнын куәландырушы құжат акция болып табылады. Акция иегерлері негізінен акционерлік қоғамды басқарушы тұлға болып табылады. Акционерлік қоғамның ұйымдастыру тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен және сонымен қатар, 1998 жылы 10 шілдесіндегі «Акционерлік қоғам туралы» заңымен реттеледі.

     Нарықтық  экономика жағдайында мемлекет өзі  шешім қабылдайды, өз мақсаттарын, міндеттерін  жекелей қалыптастырады, даму стратегиясы  мен саясатын жасақтайды, оны жүзеге асыруға қажетті құралдарды іздестіреді, басқарушылық қызметке қабылдайды, құрал-жабдықтар мен материалдарды иемденеді, көптеген құрылымдық сұрақтарды, оның ішінде филиалдар мен бөлімшелерді қалыстастыру, тарату, бірлестіктер құрамына ену секілді мәселелерді қарастырады, басқарудың ұйымдық мәселесін қарастырады.

    Басқару құрылымы дегеніміз басқармадағы буындар  мен жекелеген жұмыскерлер жиынтығы және олардың бағыныштылығы, тікелей  және көлбеу байланыстары.

    Басқарылатын  жүйенің басты элементі - адамдар. Олар бүкіл жүйенің қозғаушы күші, шешім қабылдаушысы, т.б. Бұлар тұтастай басқару аппаратын құрайды. Бұл жүйені ұйымдық-экономикалық деп атайды, ал олардың элементтері-ұйымдастыру нышандары мен ықпал ету тәсілдері болып саналады.

    Кез-келген ұйым мақсатқа бағытталған жүйе бола отырып адамдардан тұрады. Ұйымның қызмет етуі және тиімділігінің сапасы адамның әрекетін бағалауға байланысты болады. Сондықтан да тиімді бағалауға жағдай жасау дегеніміз бұл ұйымдағы барлық қызметкерлердің қызметін үйлестіруіне қол жеткізу болып табылады. Басшы бұл үшін ұйым мәдениетін және қол астындағы бөлімше басшыларының стилін қолданады. Басқарушы жүйе өз кезегінде басқарушылық жүйемен әрекет етсе, ал бағыныштылар мен эксперттер осы әрекеттерге өздерінше баға беріп отырады. Нәтижесінде басшының қандай салаларды және қандай бөлімшелерді жетілдірудің қажет екендігі анықталады. Осыған байланысты басқару жүйесін бағалауды жетілдіру үшін тиімділігінің ресурстық көрсеткіші – басқа факторлармен біріге отырып нарықтық-қаржылық қатынастар мен инфляциялық қатынастарды анықтайтын ресурстар көрсеткіші қолданылады. Бұдан басқа қызметкерлерді бағалаудың қосымша көрсеткіштеріне - мемлекеттік байланыстар, басқару диапазоны, кадрлар тұрақтылығының деңгейі жатады. Бағалау бойынша шараларды жетілдіру үшін қатынасты тиімділікті анықтауымыз қажет. Бұл тиімділікті анықтау бағалау қызметінің осымен жетілдіргенін білдірмейді. Бұл мәселені берілген ұйымның билігі, жүргізу тәртібі мен құндылықтар арсындағы байланысты көрсететін арнайы көрсеткіш – бағалау индексін қолдана отырып нақты және жоспарлау бағасы арасындағы сәйкестілікті салыстыру арқылы жетуге болады.

      Басқарушылық  қызметтің тиімділігі еңбек процесінің қарапайым кезеңдерімен анықталады, яғни еңбектің өзімен. Еңбек затымен  және еңбек құралымен. Сондықтан да басқарушылық қызмет еңбегінің тиімділігін анықтайтын факторлар мен нәтижесінің әлеуметтік-экономикалық нәтижелерін сипаттайтын көрсеткіштер арасындағы қатынастар арқылы көрінеді. Жеке факторларға қызметкер жатады. Басқарушылардың еңбегі творчестволық мазмұнымен сипатталады. Заттай және ұйымдық факторлар қызметкер үшін ыңғайлы жағдайын жасайды. Басқарушылық қызметінің кез-келген  нәтижесін бағалау өте күрделі мәселе. Бүгінгі күні басқарушылық қызметтің нәтижесі жетілдіруді қажет етіп отырған салалардың бірі болып табылады.

    Өндіріс жұмысын қарайтын адамдар, бірлескен  еңбек процесінде белгілі бір  әлеуметтік қатынас орнатады да, өндірісті  басқарудың әлеуметтік-экономикалық жақтарын сипаттайды.

    Барлық  жүйелер техникалық, технологиялық, ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік жүйелер өзара байланысты, және де жоғарыда атап көрсетілгендей, бұлар біртұтас болғанда ғана кәсіпорын жүйе ретінде құрылады.

      Сонымен нарықтық экономика жағдайында акционерлік  қоғамдағы ұйымдық құрылымның әртүрлі  деңгейіндегі жоғары басқару экономикалық тиімділікті қамтамасыз етеді. Басқарушылық қызметті дамытуға бағытталған шаралар нарықтық қатынастар тізбегі арқылы ел экономикасының дамуына әкеледі.

 

Пайдаланылған Әдебиеттер
 
  1. Конституция РеспубликиКазахстан – Казахстанская правда,8сентября1995 г.
  2. Назарбаев Н.А. Казахстан – 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание президента страны народу Казахстана. – Алматы, Бiлiм, 1997.
  3. Байнуллин Ф., Ибрагимова К. система занятости: становление и перспективы. – журнал "Казахстан: экономика и жизнь", 1995, №6.
  4. Менеджмент: Учебник для вузов/М.М. Максимцов, А.В. Игнатьева, М.А. Комаров и др.; Под ред. М.М. Максимцова, А.В. Игнатьевой. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2001. – 343 с.
  5. Экономика предприятия: Учебник для вузов/Л.Я.Аврашков, В.В.Адамчук, О.В.Антонова и др.; Под ред. проф. В.Я.Горфинкеля, проф. В.А.Швандара. –2-е изд., перераб. и доп. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998. –742 с.
  6. Концептуальные основы развития экономики Республики Казахстан в период становления рыночных отношений: Сборник научных трудов в 2-х частях. Ч.1. – Алматы. – Экономика. – 1997. – 240 с.
  7. Рынок: проблемы и перспективы развития : Сборник статей/Отв. ред. М.Б.Кенжегузин. –Алматы, ИЭ МОН РК, 2002. – 160 с.
  8. Экономика предприяти: Учебник/Под ред. проф. О.И.Волкова. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: ИНФРА-М, 2000. – 520 с. – (Серия "Высшее образование")
  9. Н.К. Мамыров Проблемы развития экономики и образования в Казахстане. – Алматы: Экономика. – 1998. – 354 с.
  10. Экономика предприятия: Учебник для вузов/Под ред. проф. В.Я.Горфинкеля, проф. В.А.Швандара. –3-е изд., перераб. и доп. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000. –718 с.
  11. Герчикова И.Н. Менеджмент: Учебник. –  3-е изд., перераб. и доп. – М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1997. – 501 с.
  12. Романенко И.В. Финансы предприятия: конспект лекций. – СПб.: Изд-во Михайлова В.А., 2000. – 64 с.
  13. Шеденов У.К., Байжомартов У.С., Жунусов Б.А., Комягин Б.И. "Теоретическая экономика". Учебник для вузов/Под ред. доктора экономических наук, профессора, академика Международной академии информатизации, Академии социальных наук Республики Казахстан и Международной экономической академии Евразии Шеденова У.К. – Алматы – Актюбинск, 1998.
  14. Бердалиев К.Н. Адам ресурстарын басқару. – Алматы, 2001ж.
  15. Сергеев И.В. Экономика предприятия: Учебное пособие. – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Финансы и статистика, 2000. – 304 с.
  16. С.Д.Ильенкова., А.В.Бандурин., Г.Я.Горбовцов и др. Производственный менеджмент: Учебник для вузов/Под ред. С.Д.Ильенковой. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2000. – 583 с.
  17. Шкатулла В.И. Настольная книга менеджера по кадрам. – М.: Издательская группа НОРМА-ИНФРА, 1998. – 527 с.
  18. Хорнби У., Гэмми Б., Уолл С. Экономика для менеджеров: учебное пособие для вузов/Пер. с англ. под ред. А.М.Никитина. – М.: ЮНИТИ, 1999. – 535 с.
  19. Ципкин Ю.А. Управление персоналом: Учебное пособие для вузов. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2001. – 446 с.
  20. Экономика Казахстана на пороге ХХI века. Сборник научных статей/Под ред. д.э.н., проф. Н.К.Мамырова – Алматы: Экономика, 1998. – 825 с.
  21. Баймуратов У.Б. Национальная экономическая система. – Алматы: Ғылым, 2000. – 536 с.
  22. Ахметов К.Г. Менеджмент негiздерi. – Алматы, 1993.

Информация о работе Акционерлік қоғамның нарықта қызмет көрсетуі