Акционерлік қоғамның нарықта қызмет көрсетуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 17:43, дипломная работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда қолданылатын кеңінен таралған ұйымдық-хұқтық форма акционерлік қоғамдар болып табылады. Аймақтар экономикасында акционерлік қоғамның орын алуы 1998 жылдың 10 шілдесінде қабылданған «Акционерлік қоғам туралы» заңымен тікелей байланысты. Жекешелендірудің мемлекеттік саясаты акционерлік қоғамдарды мүліктік айланымның орталығына айналдырды. Сондықтан да бұл шаруашылық экономикалық механизмнің құрамына еңіп, оның дамуына өз үлесін қосты. Кәсіпкерлік акционерлік формасының дамуы мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру формасы, бизнестің алуан түрлі саласында жаңадан қалыптасқан акционерлік қоғамдардың орын алуы акционерлік қоғамдардың қызмет көрсету саласыдағы ролінің зерттелуін қажет етіп отыр.

Барлық жүйелер техникалық, технологиялық, ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік жүйелер өзара байланысты, және де жоғарыда атап көрсетілгендей, бұлар біртұтас болғанда ғана кәсіпорын жүйе ретінде құрылады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………………3

1 тарау

Қазақстан Республикасындағы Акционерлік қоғам жӘне оны басқару тиімділігін арттыру……………………………………….6
Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамның даму тарихы және “Эйр Астана” әуекомпаниясы…………………………………...…6
Нарықтағы акционерлік қоғамның принциптері және оны басқару қағидалары ………………………………………………………………10
Акционерлік қоғамды басқару үрдісінің тиімділігін арттыру шаралары…………………………………………………………………14

тарау

Нарықтағы “Эйр Астана” акционерлік қоғамның ұйымдық құрылымы жӘне оның қызметінің қолданылуын талдау……………………………………………………………………………19
“Эйр Астана” акционерлік қоғамындағы ұйымдық құрылым және оның қызметін талдау…………………………………………………...19
“Эйр Астана” акционерлік қоғамының басқару органы – акционерлердің жалпы жиналысы қызметін бақылау………………...28
Акционерлік қоғамның жүйесі және оның қоғамда қолданылуы………………………………………………………………34

тарау

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жӘне қызмет кӨрсету мӘселелері……………………………………..43
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында қызмет көрсету мәселесі және оның нарықтағы ролі……………………………………43
Бағалы қағаздар нарығы және дивидент саясаты……………………...50


Қорытынды……………………………………………………………………...55

Пайдаланылған Әдебиеттер……………………………………………..60

Работа содержит 1 файл

АО.doc

— 278.50 Кб (Скачать)

Нарықтағы Акционерлік қоғамның ұйымдық құрылымы жӘне оның қызмет кӨрсету  саласындағы ролі (“Эйр Астана”АҚ мысалында) 

 

Мазмұны 
 
 

Кіріспе………………………………………………………………………………3 

1 тарау

Қазақстан Республикасындағы  Акционерлік қоғам  жӘне оны басқару  тиімділігін арттыру……………………………………….6

    1. Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамның даму тарихы және “Эйр Астана” әуекомпаниясы…………………………………...…6
    2. Нарықтағы акционерлік қоғамның принциптері және оны басқару қағидалары ………………………………………………………………10
    3. Акционерлік қоғамды басқару үрдісінің тиімділігін арттыру шаралары…………………………………………………………………14
 
  1. тарау

Нарықтағы “Эйр Астана” акционерлік  қоғамның ұйымдық  құрылымы жӘне оның қызметінің қолданылуын  талдау……………………………………………………………………………19

    1. “Эйр Астана” акционерлік қоғамындағы ұйымдық құрылым және оның қызметін талдау…………………………………………………...19
    2. “Эйр Астана” акционерлік қоғамының басқару органы – акционерлердің жалпы жиналысы қызметін бақылау………………...28
    3. Акционерлік қоғамның жүйесі және оның қоғамда қолданылуы………………………………………………………………34
 
  1. тарау

Қазақстан Республикасындағы  бағалы қағаздар нарығы жӘне қызмет кӨрсету  мӘселелері……………………………………..43

    1. Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында қызмет көрсету мәселесі және оның нарықтағы ролі……………………………………43
    2. Бағалы қағаздар нарығы және дивидент саясаты……………………...50
 

Қорытынды……………………………………………………………………...55 

Пайдаланылған Әдебиеттер……………………………………………..60

 

Кіріспе 

    Тақырыптың  өзектілігі. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда қолданылатын кеңінен таралған ұйымдық-хұқтық форма акционерлік қоғамдар болып табылады. Аймақтар экономикасында акционерлік қоғамның орын алуы 1998 жылдың 10 шілдесінде қабылданған «Акционерлік қоғам туралы» заңымен тікелей байланысты. Жекешелендірудің мемлекеттік саясаты акционерлік қоғамдарды мүліктік айланымның орталығына айналдырды. Сондықтан да бұл шаруашылық экономикалық механизмнің құрамына еңіп, оның дамуына өз үлесін қосты. Кәсіпкерлік акционерлік формасының дамуы мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру формасы, бизнестің алуан түрлі саласында  жаңадан қалыптасқан акционерлік қоғамдардың орын алуы акционерлік қоғамдардың қызмет көрсету саласыдағы ролінің зерттелуін қажет етіп отыр.

    Барлық  жүйелер техникалық, технологиялық, ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік жүйелер өзара байланысты, және де жоғарыда атап көрсетілгендей, бұлар біртұтас болғанда ғана кәсіпорын жүйе ретінде құрылады.

    Сонымен, кәсіпорын немесе өндірістік бірлестік  өндірістің өндірістік процесі өтетін басқарылатын жүйелерден және басқару  процесі өтетін басқарушы жүйелерден тұрады. Олар бір-біріне байланысты және тәуелді. Ұйымдық құрылымы оның элементке құрамымен, олардың қасиеттерімен, сондай-ақ олардың арасындағы байланыспен және қарым-қатынаспен сипатталады.

    Басқарылатын  және басқарушы жүйелер субъектісімен  объектіге енетін және объектіден субъектіге шығатын тікелей ақпараттар көмегімен тығыз байланысты болып, олардың үнемі әрекеттесуін, жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді.

Сонымен қоса басқарылатын жүйе едәуір дәрежеде оған ықпал ететін заң негізінде  дамиды. Кері байланыс туралы заңға сәйкес басқарудың мазмұнына, нышанына және тәсіліне ықпал етеді. Міне, сондықтан да белгілі бір жүйелер арасындағы өзара байланысты ретке келтіруге, олардың әрқайсысының ішкі заңдылыққа орай құрылуына және жұмыс істеуіне көңіл бөлген жөн. Басқару объектісінің басқару жүйелеріне сәйкес келу дәрежесі неғұрлым жоғары болса, жүйенің тұтастай жүйесінің тиімділігі де соғұрлым жоғары келеді [1].

    Қазіргі таңда тауар өндіру мен қызмет көрсету экономикадағы егіз ұғымдар. Сондықтан өндірістен, қызмет көрсетуді  ажыратып алу қиын. Бұл тұрғыда кәсіпорынның даму үрдісі жоғары деңгейге жету үшін міндетті түрде басқарудағы ұйымдық құрылым жақсы жасақталуы қажет.

     Авиация бизнесі пайда деңгейі салыстырмалы төмен бола тұра, қомақты күрделі  қаржыландыруды талап етеді. Бұл - жоғары технологиялы жəне қатаң реттелетін сала, оның басым мақсаты ұшу қауіпсіздігін сөзсіз əрі жоғары-шығынды қамтамасыз ету болып табылады. Бұған қоса, авиакомпаниялардың шығындарының дерлік елу пайызы авиаотынды, басқа мемлекеттердің аумақтары үстінен ұшып өтуді, аэронавигациялық қызметтерді жəне т.б. қоса алғанда, бағаларын авиакомпаниялар бақылау жасай алмайтын тауарлар мен қызмет көрсетулерден құралады. Бұл «Эйр Астана» авиакомпаниясына да тəн, сондықтан басқарылатын шығындарға қатаң бақылау жасау кəсіпорынның тиімді қызметі үшін ерекше маңызға ие. Сонымен бірге, авиакомпанияның ұймдық құрылымы да қатаңбақылауды талап етеді. Сондықтан, авиакомпания табысты болуы үшін, бір жағынан, ұйымдық құрылымды іштей қатаң бақылау мен, екінші жағынан, нарықтың кез келген өзгерістеріне шапшаң жауап қайтару мен əрекет ету қабілеті арасындағы тепе-теңдікке қол жеткізу қажет. «Эйр Астана» акционерлік қоғамының бақылау философиясы осымен анықталады.

     Ұсынылып  отырған дипломдық жұмыстың қарастыратын мәселелері де осыған арналған. Диплом жұмысын жазу барысында осы ерекшеліктерді ескере отырып акционерлік қоғамның ұйымдық құрылымына, Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында қызмет көрсету мәселелері мен оның нарықтағы роліне зерттеулер жүргіздім.

      Диплом  жұмысының мақсаты: қазіргі бәсекелі экономикада акционерлік қоғамның құрылымымен танысу және оның қызмет көрсету саласындағы ролін зерттеу.

      Қойылған  мақсатқа сәйкес мынадай міндеттерді атағым келеді:

  • “Эйр Астана” акционерлік қоғамындағы ұйымдық құрылым және оның қызметін талдау;
  • “Эйр Астана”акционерлерінің жалпы жиналысы қызметін бақылау шараларын қарастыру;
  • Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында қызмет көрсету мәселесі және оның нарықтағы ролін бағалау;

     Зерттеу обьектісі: “Эйр Астана” акционерлік қоғамының ұйымдық құрылымы және оның жергілікті халыққа көрсететін қызмет формасы.

     Зерттеу заты: “Эйр Астана” акционерлік қоғамындағы басшылар мен бағыныштылар арасындағы қатынас.

     Диплом  жұмысын жазу барысында отандық  және шетелдік мына авторлардың еңбектерін қолдандық: Мескон М.Х., Хедоури Альберттің «Основы менеджмента”, Л.П.Дашков “Секреты умелого руководителя”, Роберт Таунсендтің «Секреты управления», Вернер Зигерт, Лючия Лангтің “Руководитель без конфликтов”, К.Ғ. Ахметовтың “Менеджмент негіздері”, В.С. Кабановтың “Менеджмент: проблемы, программа и решения” оқулықтары, «Эйр Астана» акционерлік қоғамының құжаттары және т.б. ақпарат көздеріне жарияланған мақалаларын пайдаландық.

     Диплом  жұмысының құрылымы: кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер (22) тізімінен тұрады. Жұмыс көлемі - 60 бет. 
 

 

  1. тарау Қазақстан Республикасындағы Акционерлік қоғам жӘне оны басқару тиімділігін арттыру
 
    1.   Қазақстан Республикасындағы  акционерлік қоғамның  даму тарихы және  “Эйр Астана”  әуекомпаниясы

     Акционерлік қоғамның қалыптасуында алғаш қадам жасаған және оның дамуына қолдау көрсеткен алғаш мемлекет Рим империясы болды. Республика болып қалыптасқан соң өзара көмек бірлестіктері де акционерлік қоғамға ауыса бастады. Бұдан кейін көпес қызметтері бойынша сауда орталықтары да Акционерлік қоғамға біріге бастады. Олар бірігіп жауапкершілікті бөліп алды. Жалпы төлемдер де көп емес болды. Іскерлік айналыстың ішкі өмірінің Ережелері мен дәстүрлері қалыптаса бастады. 12 ғасырда Франциядан ұн өндірісі бірлестіктері, Германиядағы таулы серіктесі, теңіз серіктестері сауда мақсатындағы Германия серіктестері белгілі болды.

      Жалпы капиталды қалыптастыру мақсатында көпестердің өнеркәсіп банкирлерінің  бірігуі арнайы құжатпен бекітілді. Бұл құжат жалпы капиталдың құрамында  өз меншігіне құқығы бар екендігін куәландыратын және кәсіпорынның табысты кезеңінде оның бір бөлігіне құқығы бар екендігін куәландыратын құжат болып саналды. Бұл құжат «акция» деп аталып, кәсіпорын акцинерлік қоғам немесе компания деп атала бастады.

Алғашқы акционерлік қоғам ағылшындық Ост – Индия (1600 жыл) және Голландиялық Ост – Индия (1602 жыл) компаниялар болды.

     Ресейде алғашқы акционерлік қоғамдар 17 ғасырда пайда болды. Сол жылдан бастап акция шығаратын кәсіпорын  құрыла бастады. Бірақ бұл әрекеттер  де белгілі қатаң заң актілерімен шектеліп отырды. Ақпандық төңкерістен кейін 1917 жылы 10 наурызында бұл шектеулердің кейбірін жойды. 1917 жылдың қыркүйегіне дейін Ресейлік тұрақсыз саяси жағдайда 1960 млн.руб капиталы бар 734 акционерлік қоғам тіркелді. Бұл 1913 жылы салыстырғанда 2 есеге артық болды. 1919 жылы акционерлік қоғамның акциялары мемлекеттік қаржыға аударылды. Жаңа экономикалық саясат құрылған соң, 1921 жылы акционерлік қоғам кері қалыптасты. 1922 жылы 20 акцинерлік қоғам болса, 1925 жылы оның саны 5 – ке жетті. Бұл банк қызметіне де әсер етіп, 5 ірі акционерлік коммерциялық банктер құрылды [2].

     Бірақ 30 жылдары барлық Акционерлік қоғамдар мемлекеттік кәсіпорын болып  құрылды.

     Содан соң ССР – де тек 2 акционерлік кәсіпорын болды:

     1. 1924 жылы қалыптасқан ішкі сауда банкі (ішік экономикалық банк).

     2. 1929 жылы қалыптасқан кәсіпорын  «Интурист» акционерлік қоғамы. Бірақ бұл кәсіпорындар да  тек құжат түрінде Акционерлік  қоғам болғанымен, олардың қызметі  де мемлекеттік ұйымдар секілді  болды.  30-60 жылы аралығында тағы бір акционерлік қоғам құрылды. Ол 1973 жылы шетелдік сақтандыруды басқару негізінде «Ингосстрах» Акционерлік қоғам деп аталады.

     Егер  орталықтандырылған экономика жағдайында мемлекеттік бағалы қағаздар шығарылды, 1986 – 1987 Львовтағы «Конвейер» өндірістік бірлестігінде бағалы қағаздар шығарылды. Акцияны тек сауда қызмет ететін тұлғалар ғана ала алатын болды. Акция жеке құралдары арқылы немесе материалдық марапаттау құралдары есебінен алынды. Акция бойынша төлем көші оның өндірістік өтіліне тәуелді болды.  3 – 15 жыл аралығында қызмет көрсеткен тұлғалар үшін  3 айлық окладтан аспайтын қаржы көлемінде акция алса 15 – 20 жылы 4 оклад, 20 жылы жоғары – 5 оклад болды. Сонымен қатар, қызметкер тек қаржы құралдары арқылы құны 3 айлық окладтан аспайтын бағалы қағаздар иемденуге хұқы бар. Еңбек тәртібін бұзғаны үшін дивидендті алып тастайды немесе жұмыстан босатады. Егер қызметкер жұмыстан босатылса, онда акциялар кері кәсіпорынға қайтарылды. Ал өз қаржысына сатып алынған акциялар кез – келген уақытта сатып алынды. 1987 жылы «Конвейер» кәсіпорын 1 млн.руб. аса акциялар шығарды.

     Акция шығаратын кәсіпорында 2 түсінік  қалыптасты:

     1. Қызметкердің еңбек нәтижесінен  тәуелділігін нығайту;

     2. Техникалық жарақтану үшін қосымша ресурстарды тарту. Акциялар тек еңбек ұжымы ішінде таратылып шаруашылықтың статусын өзгертпеді. Әрбір кәсіпорында акцияларды иемдену және орналастыру әртүрлі жүрді. Бұл қайшылықты доғару үшін 1988 жылы 1 қазанында ССР Министрлер Кеңесі «Кәсіпорындар мен ұйымдардың бағалы қағаздарды шығару туралы» деген қаулысын қабылдады. Бұл нормативтік құжат меншіктік қор құжаттары бар шаруашылық эмиссияларына жігер берді.

     Бұл жарлық күшіне енген соң қор құралдарының пайда болуының алғышарттары ретінде  қалыптасқан шаруашылық формаларын акционерлік қоғамға ауыстыру Министрлер Кеңесінің жеке шешім ретінде қаралды. Әртүрлі ұйымдар Акционерлік қоғамға ауысқан соң олардың әрқайсысына жеке – жеке жарлық қабылданды.

     1990 жылы 19 шілдеде «Акционерлік қоғамдар  мен ЖШС және бағалы қағаздар  туралы Ереже» Жарлығы бекітілген соң акционерлік қоғамдар құру және олардың акция шығаруы Заңды және жеке тұлғалармен де жүзеге асырылып отырды. Бұдан соң 1432 акционерлік қоғам тіркеліп, оның 402 акцинерлік қоғам болса, 1030 ЖШС болып құрылды.

     Көптеген  Акционерлік қоғамдар өнеркәсіп және құрылып саласындағы ірі мемлекеттік кәсіпорын негізінде құрылды. Олардың акциялары ашық сатылмады. Бұл көптеген факторларға тәуелді:

     1. Мемлекеттік меншікті жекешелендіру  үшін тұрақты құқықтық бағаның  жоқтығы

     2. Инфляцияға байланысты капитал  құнсыздануы мүмкін, ал дивиденд кәсіпорынның өмірлік кезеңінде төленіп отыруы қажет.

     3. Жеке шаруашылыққа деген бақылау  денгейінің төмендеуі

      Бүгінгі күні мемлекеттік өнеркәсіптік кәсіпорын  Қазақстан Республикасындағы «Казвторчермет»  Акционерлік қоғамы болып табылады.

      «Эйр  Астана» әуекомпаниясы 2001 жылы тіркеліп, ең бірінші рейс 2002 жылы 15 мамырда  Алматы – Астана бағыты бойынша  «Боинг -  737» әуе кемесінде  орындалды. Рейстің ашылу салтанатына  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Сэр Ричард Эванс қатысты. Әуекомпанияның акционерлері – Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ұлыбританиялық компания «BAE Systems».

Информация о работе Акционерлік қоғамның нарықта қызмет көрсетуі