Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Октября 2011 в 17:43, дипломная работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда қолданылатын кеңінен таралған ұйымдық-хұқтық форма акционерлік қоғамдар болып табылады. Аймақтар экономикасында акционерлік қоғамның орын алуы 1998 жылдың 10 шілдесінде қабылданған «Акционерлік қоғам туралы» заңымен тікелей байланысты. Жекешелендірудің мемлекеттік саясаты акционерлік қоғамдарды мүліктік айланымның орталығына айналдырды. Сондықтан да бұл шаруашылық экономикалық механизмнің құрамына еңіп, оның дамуына өз үлесін қосты. Кәсіпкерлік акционерлік формасының дамуы мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру формасы, бизнестің алуан түрлі саласында жаңадан қалыптасқан акционерлік қоғамдардың орын алуы акционерлік қоғамдардың қызмет көрсету саласыдағы ролінің зерттелуін қажет етіп отыр.
Барлық жүйелер техникалық, технологиялық, ұйымдық-экономикалық және әлеуметтік жүйелер өзара байланысты, және де жоғарыда атап көрсетілгендей, бұлар біртұтас болғанда ғана кәсіпорын жүйе ретінде құрылады.
Кіріспе………………………………………………………………………………3
1 тарау
Қазақстан Республикасындағы Акционерлік қоғам жӘне оны басқару тиімділігін арттыру……………………………………….6
Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамның даму тарихы және “Эйр Астана” әуекомпаниясы…………………………………...…6
Нарықтағы акционерлік қоғамның принциптері және оны басқару қағидалары ………………………………………………………………10
Акционерлік қоғамды басқару үрдісінің тиімділігін арттыру шаралары…………………………………………………………………14
тарау
Нарықтағы “Эйр Астана” акционерлік қоғамның ұйымдық құрылымы жӘне оның қызметінің қолданылуын талдау……………………………………………………………………………19
“Эйр Астана” акционерлік қоғамындағы ұйымдық құрылым және оның қызметін талдау…………………………………………………...19
“Эйр Астана” акционерлік қоғамының басқару органы – акционерлердің жалпы жиналысы қызметін бақылау………………...28
Акционерлік қоғамның жүйесі және оның қоғамда қолданылуы………………………………………………………………34
тарау
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы жӘне қызмет кӨрсету мӘселелері……………………………………..43
Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында қызмет көрсету мәселесі және оның нарықтағы ролі……………………………………43
Бағалы қағаздар нарығы және дивидент саясаты……………………...50
Қорытынды……………………………………………………………………...55
Пайдаланылған Әдебиеттер……………………………………………..60
1-ші кезеңде JAR талаптарына бұрынна қолданылып келе жатқан авиациялық ережелерді сәйкестендіру қажет. JAR Ережесін енгізу үшін Республикалық бюджеттен 478,2 млн. бөлініп отыр.
Күшейтілген талаптарды қанағаттандыру үшін:
Бағдарламаның жүзеге асырлуынан күтілетін нәтиже:
Азаматтық авиацияда 13000 адам қызмет көрсетеді, ол “Казаэронавигация” республикалық мемлекеттік кәсіпорын, 54 авиакомпания, 22 әуежай, 3 оқу орны, 2 авиа жөндеу зауыты және жобалық институт бар.
Әуежайларды жөндеуге және қайта жабдықтауға кейбір құралдар бюджеттен бөлінсе, кейде меншіктік инвестиция арқылы жүзеге асады. Әлі де ірі әуежай салыну жоспарланып отыр. Бүгінгі күні ішкі және халықаралық авиажеткізілімдер мен 30 авиакомпания айналысып отыр, оның ішінде 8 күнделікті рейске, ал қалғандары чартерлік рейстерді жүзеге асырады, 18 авиакомпаниялар авиация химиялық жұмыстарды орындаса, қалғандары мұнай – газ секторын және табиғатты қорғау ведомостларын қамтамасыз етеді. Аиатасымалдың 70 % “Эйр Астана” 15 % “Скат”, ал қалғанын ұсақ компаниялар орындайды. Ұсақ компаниялар қосылып тиімді әрекет ете алады. Себебі, әуе судаларын жаңартса да, техникалық жөндеуден өткізсе де мүмкіндіктері мол. “AirFrance – KhM” компаниялары біріге отырып, 525 млн. эвроға 3 жылда қол жеткізді.
Ресейде
барлық тасымалдаудың 88 %-н 15 ірі компания
жүзеге асырады, ал қалған 180 компания
ұсақ компания болып табылады. Халықаралық
нарықта “Iberia” Испания әуетасымалын
алу үшін “Hufthansa” және “British Airways” ірі
компаниялары арасында күрес жүруде. Астана,
Атырау, Алматы қалаларында авиатасымалдау
буынын қалыптастыру бұл тек әуежай салып
қоймай, сонымен қатар, бәсекеге қабілетті
дамыған инфрақұрылымды кәсіпорынды құру
және логистикалық орталықтар орнату,
ойын – сауық кешенін енгізу, көлік жолдарымен
серіктестік қатынаста болады. Тек осы
жағдайда транзиттік әуежайларды дамытуға
болады [20].
Жалпы Республикадағы транзиттік рейстің санына мынадай фактілер әсер етеді: авиаотын бағасы, авианы отынмен қамсыздандыру өз бағасымен төлемқабілеттілікті төмендетеді. Бұл жағдайда отынмен қамсыздандыруда мемлекетті және жеке кәсіпкерлерді тарту қажет. Мысалы, Ресейде, “Аэропорттарды отынмен қамсыздандыру” сауда үйі орталығы негізінде “Ресейлік авиаотындық компания” мемлекеттік немесе жеке серіктестік бірлестігімен қалыптасады. Отын бағасы жоғары болғандықтан біздің кәсіпорында әуе судаларымен қызмет көрсету бағасын жоғары қояды. Тарифтерді төмендету үшін дамыған елдердегі секілді, негізгі емес қосымша - ресторан, қонақ үйі, сауда орталықтарын іске қосу қажет. Европалық Кеңес елдерінде бұл қызметтен түсетін табыс әуежайдың барлық табысының 70 - 75 % құрайды. Қазақстан авиациялық емес қызмет түрінен түсетін пайда 20 % құрайды. Әуежайларды тиімді қолданудың бір жолы – бұл әуежайларды басқару бойынша аймақтық компанияларды қалыптастыру. Бірнеше әуежайларды бір желіге біріктіре отырып, қызмет ету қажет. Мысалы, Новосибирск қаласындағы “Толмачев” халықаралық әуежайы. Мұнда жобаның жүзеге асырылуы мемлекетпен, жеке инвесторлармен және аймақтық билік органдарымен жүзеге асырылады. 2007 жылы олардың қызмет көрсетуі дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келді. 2006 жылдың өзінде 1,66 млн жолаушыға қызмет көрсетіліп 1,66 мың т. жүк тасылды.
Мұндай
тәжірибені біздің елге енгізу үшін индустрия
және сауда Министрлігі мен туризм
Министрлігімен біріге отырып, қызметету
қажет. Қазақстандық компанияның көпшілігінде
ескі әуе судулары қызмет көрсетіп жүр.
Бұл жағдайға белгілі бір шаралар қолдану
қажет. Бірақ, мынадай бір мысалды қарастыруға
болады. Ресейлік “Utair” авиакомпаниясында
ескі АН – 24, ТУ – 134, ТУ – 154, МИ – 8Т, МИ
– 8 МТВ және МИ – 26 әуе судалары бар. Бірақ
бұл компания лидер компаниялардың
бірі болып табылады. Мұндағы өндірістік
көрсеткіштердің өсу қарқыны да байқалып
отыр. Мұнда ескі ұшақ деген түсінік жоқ.
АҚШ – та қызмет көрсету мерзімі 40 – 45
жылды құрайды. Сондықтан да Қазақстандық
кәсіпорынға мемлекеттік қолдау көрсетіп,
ал ұсақ компаниялар бірігу қажет.
Валюта
нарығы дегеніміз шетелдік валютаны
және шетелдік валютаға төлем құжаттарын
сату-сатып алу жөніндегі
Қаржы нарығы - құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық қатынастар және мемлекеттік бүкіл ақша қорының жиынтығы.Ол нарық қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, валюта, сақтық, және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен байланысты болады.
Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және біріе-бірі толықтырып тұратын,бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады: қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар нарығы.
Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы - кәсіпорындардың, банктердің, мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап, қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.
Нарықтың барлық түрлерінің өзара байланысты қаржы нарығы болуының шарттарын айқындайды. Оларға мыналар жатады:
Қаржы нарығы қызметінің алғышарттары мыналар болып табылады:
Қаржы нарығы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, керісінше, құнды қағаздар шығарады, олар нарықта еркін жүреді және қамтамасыз етумен айқындалады.
Инфляция елеулі әсер ететіндікте, құнды қағаздар қысқа мерзімді әрі құны түспейтін болуы тиіс.Баға ұдайы өсіп отыратындықтан, инвесторлар ұзақ мерзімге қаржы салмайды.Инфляция жағдайында ұзақ мерзімді инвестициялар тауарға, валютаға, жылжымайтын мүлікке салынады. Құнды қағаздарға салу тиімсіз. Қаражаттың жетіспеуі қысқа мерзімді несиелер мен депозиттердің пайыздық мөлшерлемелерінің өсуіне жеткізеді. Нәтижесінде құнды қағаздар банктердің ақша-несие операцияларымен бәсекелесе алмайды.
Бағалы
қағаз - иесінің осындай құжаттар
шығарған ұйымдарға қатысты мүліктік
құқығын айғақтайтын ақша құжаттары.
Құнды қағаз жеке құжаттар немесе
есепшоттар жазбалалар түрінде жүреді
[21].
Бағалы қағазға мыналар жатады: акциялар,облигациялар, мемлекеттік борыш міндеттемелері, жинақ сертификаттары, вексельдер. Банк несиесі алынғанын айғақтайтын құжаттар, банк депозиттеріне енгізілген сомалар, борыш жазбалары, мұралар, лотерея бтлеттері, сақтық қағаздар құнды қағаздарға жатпайды, пайыз түрінде табыс төленеді және осы қжаттар бойынша басқа адамдарға құқықтар беріледі.
Акционерлік қоғамдар, кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық банктер шығарып, айналым мерзімі белгіленген, иесіне кәсіпорын табысының бір бөлігін иемденуге құқық берілетін құнды қағаз акция деп аталады.
Бізде еңбек ұжымы, кәсіпорын, акционерлік қоғамдар шығаратын акциялар пайдаланылады. Алғашқы екі түрі нағыз акция емес, бұл халық пен кәсіпорындардың бос қаржысын жинақтаудың өзіндік формасы.
Кәсіпорындар, ұйымдар, коммерциялық банктер, кооперативтер, серіктестіктер, қоғамдар, ассоциациялар, акциялар шығарады. Бұл акциялар 1988 жылдан бастап кәсіпорындар, ұйымдар арасында таратылады. Мұндай акциялар іс жүзінде облигациялар, сондықтан меншіктің осы формасы даму барысында акционерлік қоғамдардың акцияларына ауыстырылуы мүмкін. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру барысында шығарылған акцмялардың бір бөлігі мүдделі заңды мекемелерге, жеке адамдарға сатылуы мүмкін. Бұл акцциялар мәні бойынша акционерлік қоғамдардың акцияларына жақын. Меншіктің акционерлік формасының артықшылығы акционерлік қоғамның акциялар шығаруынан көрінеді. Бұл акциялар ашық жазылу арқылы немесе қоғам құрылтайшылары арасында бөлу арқылы таратылады. Акциялар олардың иелерінің акционерлік қоғам меншігінде қаржының бір бөлігін иемденуге құқығы барын айғақтайды.
Акционерлік
қоғам акцияларды жарғы қоры көлемінде,
мемлекеттік кәсіпорын осы
Акционерлік қоғам арнаулы акциялар да шығарады. Бұл акциялар иесіне дивиденд алуда артықшылық береді. Жергілікті акциялардың иелеріне дивиденд - алдын ала белгіленген пайыз мөлшерлемесі міндетті түрде төленеді, пайыз аз болса резерв қорына төленеді.
Акциялар атаулы және талапкерлік болып шығарылады. Атаулы акциялар сатылған кезде міндетті түрде тіркеледі.
Мемлекеттің қазыналық міндеттемелері - халық арасында ерікті негізде орналастыратын мемлекеттік құнды қағаз түрі, ол осы қағазды ұстаушылардың бюджетке қаражат аударған және құнды қағаздарға ие болған бүкіл мерзім ішінде дивидент түрінде табыс алуына құқық беретінін растайды. Ұзақ мерзімді қазыналық міндеттемелерді мемлекет ұсынушыға арнап 5 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге, орташа мерзімді 1 жылдан 5 жылға дейін, қысқа мерзімде 3 айдан 12 айға дейін мерзімге шығарады. Ұзақ мерзімді қазыналық міндеттемелер жөніндегі табыс жыл сайын купондар бойынша төленіп отырады, орташа және қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша өтеудің жыл сайынғы таралымдары кезінд, қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша-күшінің мезгілі біткеннен кейін сатып алу кезінде төленеді.
Ұзақ мерзімді қазыналық бондар үкіметің шешімі бойынша,әдеттегідей ұсынушыға арнап 5 жылдан 25 жылға дейінгі мерзімге шығарылады. Атаулы бондар шығарылуы мүмкін. Қазыналық бондардың сатылу құнын анықтау тәртібін олардың сатып алу уақытына қарай Қаржы министрлігі белгілейді, қазыналық бондарды заңды мекемелер тек қолма-қол ақшасыз формада сатып алады. Қазыналық бондар бойынша табыс оларды сатып алған жылдан кейінгі жылдан төлене бастайды.
Бағалы қағаздар шығару және олардың айналысы. Құнды қағаздарды шығару – эмиссия – бұл құнды қағаздарды оның бастапқы иелеріне – инвесторға, яғни заңды мекемелер мен жеке адамдарға сату.
Қаржы нарығында инвестициялық қордың орны айрықша. Олар инвестициялар қаражатын жұмылдыру мақсатымен акция шығарып, қордың атынан оларды мақсатымен акция шығарып, қордың атынан оларды құнды қағаздарға, сондай-ақ банктердің есепшоттарына және салымдарға салады; соның өзінде мұндай жұмсалымдарға байланысты барлық тәуекелді, бұл жұмсалымдарды нарықтық бағалау өзгерісінде болатын бүкіл табыстар мен шығындар толық көлемде осы иелерінеің (акционерлердің) есебіне жатқызылады және олар қор акцияларының ағымдағы бағалары өзгеруі есебінен өткізіледі. Инвестициялық қор тек акционерлік қоғам формасында құрылуы мүмкін.
Директорлар
кеңесі Акционерлердің жалпы жиналысында
бекітілетін Қоғамның дивиденд саясатын
іске асыру қағидалары мен мехнизмдерін
анықтайтын дивиденд саясаты туралы
ереже əзірлейді. Дивиденд саясаты,
соның ішінде, Қоғамның корпоративтік
веб-сайтында баяндалады, немесе жазбаша
əрбір Акционерге жіберіледі. Дивиденд
саясаты Қоғамның Акционерлердің əл-ауқатын
көтеру мен Қоғам капиталының өсуін қамтамасыз
ету жөніндегі жалпы міндеттерін де, дивиденд
саясатының нормативтік құқықтық актілерге
негізделген нақты ережелерін тұжырымдайды.
Дивиденд саясаты таза кірісті бөлу мен
оның дивидендтерді төлеуге бағытталатын
бөлігін анықтау тəртібін, дивидендтер
мөлшерін есептеу тəртібін, дивидендтерді
төлеу тəртібін, соның ішінде оларды төлеу
мерзімдерін, орнын жəне нысанын реттеуі
тиіс. Дивидендтерді алу Акционерлер үшін
қиын əрі ауыр болмауы тиіс. Дивиденд саясаты
Қоғамның таза пайдасының дивидендтерді
төлеуге бағытталған ең аз үлесін анықтау
тəртібін белгілеуі тиіс. Дивидендтерді
төлеу туралы мəселені қарастырғанда
Қоғамның ағымдағы жағдайы, оның қысқа,
орта жəне ұзақ мерзімді жоспарлары ескеріледі.
Дивидендтерді төлеу туралы шешім қабылдау
туралы (жариялау туралы) ақпарат дивидендтерді
төлеуге жағдайдың болуы мен оларды төлеу
тəртібі туралы нақты түсінікті қалыптастыру
үшін жеткілікті болуы тиіс. Сонымен бірге
дивидендтерді толық немесе уақтылы төлемеу
мəселелеріне ерекше көңіл бөлінеді [22].
Информация о работе Акционерлік қоғамның нарықта қызмет көрсетуі