Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына өндірістерді

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 15:22, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Агроөнеркәсіп кешені республикадағы экономикасы жоғары потенциалды, мүмкіндігі мол, ұдайы өндірістік және әлеуметтік мәнді негізгі саланың бірі болып саналады. Мұнда, қазіргі кезде жалпы республикада тұратын халықтың 43,0 пайыз шамасы, экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі тұрады.
Кейінгі жылдары (2003-2006) агроөнеркәсіп кешенінде (АӨК) байқалып отырған негізгі мәселелердің бірі, мұнда көп укладты экономиканың дамуы. Меншік түрлерінің өзгеруіне негізделген жаңа агроқұрылымдардың пайда болуы: шаруа (фермер) қожалықтарының, ЖШС, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік коллективтік шаруашылықтар.
Қазақстан Республикасы Дүние жүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге қадам басып жатқан кезеңде, ауыл шаруашылығын реформалауды қайта қарау, оны нарық қатынас жүйесіне толықтай бейімдеу, ауылдың экономикасын көтеру, олар үшін нақты мүмкіндіктер жасау, өндірісті тұрақтандыру негізгі міндеттердің біріне айналуда. Осыған байланысты, кейінгі жылдары ауыл шаруашылығының жағдайын жақсарту да, оның ішінде агроқұрылымдардың дамуына бағытталған бағдарламалар қабылданды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру үшін біраз мәселелер іске асырылуда.

Работа содержит 1 файл

Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына өндірістерді модернизациялаудың рөлі.doc

— 452.50 Кб (Скачать)

        - ғылымның, білім берудің дамуына және университеттер мен штаттардың өзге мекемелерінде берілетін білімдерді таратуға негізінен штаттардың дара бағдарламаларын қаржыландыру жолымен жағдай жасау;

        - ауыл шаруашылық  мәселелерді  шешуге және қоршаған ортаны  қорғауға бағытталған білімнің мәлімет қорын кұру;

        - ғылымды жоғарғы білімді және экстеншенді ұлттық деңгейде үйлестіру және жаңарту;

        - басқару қызметіне оқыту мақсатында жалпы білім беретін бағдарламалар көмегімен  білім мен технологияларды беріп отыру;

        -  байланыс желісінің кеңеюіне жағдай жасау;

        - ұлттық және жаһандық деңгейде штаттық және жергілікті маңызы бар қажеттіліктер мен ресурстарды шоғырландыру бойынша әрекет етуді қолдау;

        - заңнамалық қаржылық және нормативті ақпараттың орталығына айналу;

        - АҚШ үкіметі мен Конгрессінде серіктестердің мүдделерін, қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін қорғау.

        ЭҚК штаттық қызметінің мамандары университет қызметкерлерімен тығыз байланыста болып, олардың қасиеттерін жан-жақты зерттей келе, дараларын ЭҚК-де жұмысқа тартады. Жұмыстың мұндай симбиозы (ғылым, білім беру және білімді тарату) - аса әсерлі болып келеді. Жас аспиранттар зерттеулер жүргізгеннен соң және магистр дәрежесін алғаннан кейін ЭҚК-нің аудандық бөлімдеріне жұмысқа жиі тартылады. Университеттерде экстеншен бойынша арнайы курстар оқытылады және мұндай кәсіби мамандық та бар.

      Ұқсас жағдай ауыл шаруашылық жабдықтарын өндіру саласында да байқалады (3 кесте). Тәуелсіздік алғанға дейін Қазақстанға өндірістік және ауыл шаруашылық шикі затын өндіруші рөлі берілген болатын. Машина жасау саласының дамуына лайықты көңіл бөлінбеген – республиканың машина құру өнімдерінің қажеттілігі көбінесе Ресейден, Украинадан, Белоруссиядан және Одақтың басқа аймақтарынан әкелу арқылы қамтамасыздандырылған. Сонымен қатар, қазақстан зауыттарының өнімдері, ең алдымен, металл өңдеу заттары, жабдықтаушы ж.б., түпкі ақырғы өнімдерді шығаратын және республиканың шетінде орналасқан зауыттарына жеткізілетін.

 

3 кесте- Ауыл шаруашылығына арналған тракторлар мен машиналар шығару, мың дана

       Түрлері

2000 ж.

2002ж.

2004ж.

2006ж.

Тракторлар

646

82

154

156

Соқалар (аудару соқалардан басқа)

6

23

7

9

Тұқым себетін машина, егуші және көшет қондырушы машиналары

213

516

114

118

Минерал тұңайтқыштар мен әкті енгізу машиналар

-

-

-

-

Ротациялық егістің топырағын жұмсартатын құралдар

74

9,0

6

6

Шөп шабатын машиналар

149

64

119

118

         Ескерту - Статистика агенттігінің мағлұматтары бойынша автормен жинақталған.

 

 

         Өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдардың басында шаруашылық байланыстардың бұзылу және дағдарыстық құбылыстардың өсу жағдайларында Қазақстанның машина құру кешенінің дамуы толық тоқтатылған. Машина жасау өндірістің қуаттылығының азаюы, оның жұмыс техника-экономикалық көрсеткіштері төмендеуі басталған және әліге дейін созылып келеді.

        Түпкі ақырғы өнімдердің өндірушілері, басқалардың мамандандыруы – жабдықтауыш заттарды, қосалқы бөлшектер, жөндеу қызметтер ж.б. - бүгінгі күнде машина жасау көріністің барлық салаларынан 6,2%-ды ғана құрайды. Өндіріс монополизацияның, әсіресе, түпкі ақырғы өнімдердің биік деңгейі

салаға сипат болады.

         Бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін анықтайтын факторларды таңдау үшін біз өзара қатысты регрессивті талдау өткізгенбіз, сол әрекет барысында бүкіл республика бойынша өнімнің жалпы көлемінде аймақтың ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің салыстырмалы мөлшері қорытындаушы көрсеткіші болып қабылданған. Сонымен қатар, облыстар бойынша 2002-2006 жылдардың мәліметтері қолданылған, қорытындайтын көрсеткішіне әсер ететін статистикалық мағлұматтар факторлар ретінде қабылданған.

         Осының нәтижесінде факторлардың келесі тобы анықталды:

         1) қалдық бағамен өлшенетін негізгі қаржы;

         2) ауыл шаруашылығының рентабельділігін көрсететін қаржы менеджмент;

         3) еңбек өнімділігі сияқты бір ғана көрсеткішпен өлшенетін кадрлық және өндірістік менеджмент.

        2002-2006 жылдар бойынша Оңтүстік Қазақстан облысына тиісті осы үш ресурстардың түсініктері 3 суретте көрсетілген.

3 сурет -  Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық өндірісінің бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері индекстерінің динамикасы

         Ескерту – Автор құрастырған.

 

        Қарастырылған кезеңде бүкіл аймақтың аграрлық саласының бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштердің жағымды тенденциясы болғандығы берілген мағлұматтарда көрсетілген. Кадрлық және өндірістік менеджментін сипаттайтын көрсеткіштерінің өзгеруі аграрлық реформаны өткізудің нақты кезеңімен тығыз байланысты, бұл олардың оңтайлылығын дәлелдейді.

       Осылайша қожалық етуді ұйымдастыру түрлерінің жаппай ауысуы және еңбек өнімділігінің өсуі 2002-2004 және 2006 жылдары өткен (4 кесте).

 

4 кесте - Диқаншылық өнімдегі Оңтүстік Қазақстан облысындағы қожалық етудің түрлі формаларының үлесі,%

Қожалық формалары

2002ж.

2003ж.

2004ж.

2005ж.

2006ж.

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары

13,5

10,3

11,5

12,6

10,8

Шаруа (фермерлік) қожалықтары

64,2

66,0

63,8

65,6

66,9

Үй шаруашылықтары

22,3

23,7

24,7

21,8

22,3

Барлығы

100,0

100,0

100,0

100,0

100,0

        Ескерту - Статистика агенттігінің мағлұматтары бойынша автормен жинақталған.

      

         Сонымен қатар, еңбек нәтижелігін жоғарлату, ең алдымен, дамыған мемлекеттерге тән техникалық прогресс нәтижесінде емес, қажеттілігі жоқ қызметкерлердің көбісін жұмыс орындарынан босатуына себепкер болған нарықтық механизмдерінің жұмыс істеу есебінен болғанын айтып өткен жөн. Аграрлық саланың дамуын тоқтатып тұрған фактор ретінде материалдық-техникалық базаның жеткіліксіз жаңғыруы болып табылатынын 4-ші кестедегі мағлұматтар растайды.

       Агроқұрылулардың түрлі типтегі шаруашылық тұрғында айдалған жердің өнімділігі және еңбек нәтижелілігі бір бірінен айырмашылықтары бар (5 кесте).

 

5 кесте - Ауыл шаруашылық кәсіпорындардың  және шаруа (фермерлік) қожалықтардың айдалатын жердің құнарлылығы мен еңбек өнімділігі

 

Түрлері

Айдалатын жердің құнарлылығы, мың теңге/га

Еңбек өнімділігі, мың теңге/ жылына адам саны

Ауыл шаруашылық кәсіпорындары

12,6

171,2

Шаруа  (фермерлік) қожалықтары

69,8

86,4

Облыс бойынша

46,5

108,6

 

         Ескерту - Статистика агенттігінің мағлұматтары бойынша автормен жинақталған.

 

 

        Одан басқа, бұл облыстың шаруа қожалықтары көп еңбекті, көп пайдалы дақылдардың  (мақта, зәйтүн, көкөністер,бақшалар) егу бағытымен дамиды, ал ауыл шаруашылық кәсіпорындарында дән дақылдардың үлес салмағы басым болып келеді. Сонымен, әрбір қожалық формада өзінің қуысы пайда болған және оларды тік салыстыру немесе оларды қарсы қойып салыстыру сыпайысыз болып табылады.

        Қазақстан республикасының бүкіл шаруа (фермерлік) қожалықтарының 33,5 %-зы  1.01.2007 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының үлесі болып келеді. Сонымен бірге, 5 кестеде көрсетілгендей, ауыл шаруашылық кәсіпорындарымен салыстырғанда олардың еңбек өнімділігі екі есе төмен. Айдалатын жердің 1000 га есебінен ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындарының пайына қарағанда,  шаруа қожалықтардың үлесінде техника мол болып келетінін ауыл шаруашылығын техниканың жеке түрлерімен жабдықтаудың салыстырмалы көрсеткіштерін анықтайды (6 кесте). Бірақ бір шаруашылық есебінен техникамен жабдықталу көрсеткіштері дәлелдегендей, объективті алғы шарттар негізінде шаруа қожалықтардың көбісі механикалық жолмен жұмыс кешенін жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылған.Республиканың аграрлық секторына тән және саланың нәтижелі дамуына шек қоятын негізгі мәселесіне техникамен жабдықталуды жатқызуға болатынын осы дәләлдер арқылы көруге болады.

6 кесте - Оңтүстік Қазақстан облысында  шаруа (фермерлік) қожалықтарының және ауыл шаруашылық кәсіпорындарының  техникамен жабдықталу динамикасы, дана

 

Түрлері

2004-2006 жж. (орта есеппен)

айдалатын жердің 1000 га

бір шаруашылыққа

шаруа қожалық- тары

ауыл

шаруашылық

кәсіпорындары

шаруа қожалық тары

Ауыл шаруа

шаруашылық

кәсіпорындары

Тракторлар барлығы, мың

 

10,2

 

7,8

 

0,10

 

7,1

Тракторлық тіркемелері

 

4,8

 

4,3

 

0,04

 

4,0

Егін жинайтын комбайндар

 

2,6*

 

3,1*

 

0,01

 

1,7

Егісті және топырақты өңдеу техникалары

 

 

8,6

 

 

5,4

 

 

0,08

 

 

4,7

Ескерту - Статистика агенттігінің негіздері бойынша автормен есептелген* дән дақылдардың 1000 га

       

      2001-2006 жылдар бойында Қазақстанның әр түрлі облыстарының бәсекеге қабілеттіліктері жөнінде салыстырмалы мағлұматтар көрсетілген, одан Оңтүстік Қазақстан облысында, оңтүстік аймағының басқа облыстарындағыдай, еңбек өнімділігінің көрсеткіші орта республикалық көрсеткіштерінен 3,6 есе, ал солтүстік облыстарының көрсеткіштерінен 5,9-6,3 есе төмен екендігі анықталып шыққаны 7 кестеде көрсетілген. Ұқсас артта қалушылық, бірақ біршама аздау мөлшерінде, негізгі қорлармен қамтамасыздандырылуымен де байқалады.

       Екінші жағынан, оңтүстік аймақтардың еңбек өнімділігі бойынша артта қалушылығы еңбек ресурсстардың және егіс дақылдардың көп еңбек сіңіруді керек екендігін ететіндігі себепші болып отыр. Жұмыс күшінің артықшылығы, оның төмен құны оңтүстік аймақтардың ауыл шаруашылық өндірісіне ғылыми-техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуін тоқтатып қоюын туғызуда.

       Сонымен бірге 3-ші және 7-ші кестелердің мағлұматтары, ең алдымен, оңтүстік аймақтарында жаңа технология мен техникада негізделген аграрлық саласы жаңғыртуды талап ететінін көрсетіп отыр.

Ауыл шаруашылықтың қазіргі жағдайын талдау, сол салада жағымды тенденциялар пайда болғанын дәлелдейді. Ал жалпы республиканың аграрлық секторындағы жағдай, бұрынғыдай, тұрақсыздығымен және бәсекеге қабілеттілігінің төмендігімен сипатталады. Сондықтан, жағымды тенденциялар, ереже түрінде, интенсивті емес, керісінше экстенсивті факторлардың дамуының нәтижесі арқылы болып отыр.

 

7 кесте - Әр түрлі облыстардың ауыл шаруашылығының бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіш индекстері, 2004-2006 жж. (орта есеппен)

Облыс

Негізгі қаржы

Кадрлық және өндірістік менеджмент

Қаржы менеджмент

Орта индексі

Ақмола

2,3

5,9

1,5

3,2

Ақтөбе

1,2

4,9

0,9

2,4

Алматы

1,4

1,3

0,9

1,2

Атырау

1,8

1,3

1,0

1,4

Шығыс Қазақстан

2,9

4,4

1,2

2,4

Жамбыл

1,0

0,8

0,9

0,9

Батыс Қазақстан

1,2

3,8

1,0

2,1

Қарағанды

2,0

5,2

1,4

2,9

Қостанай

1,7

5,7

1,3

3,0

Қызылорда

2,0

1,0

0,9

1,3

Маңғыстау

2,3

0,5

0,9

1,3

Павлодар

1,6

6,1

1,3

3,1

Солтүстік Қазақстан

2,2

6,0

1,2

3,1

Оңтүстік Қазақстан

1,1

1,1

1,1

1,1

Қазақстан республикасы

1,8

4,0

1,2

2,3

        Ескерту - Статистика агенттігінің мағлұматтары бойынша автормен жинақталған.

Информация о работе Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына өндірістерді