Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 15:22, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Агроөнеркәсіп кешені республикадағы экономикасы жоғары потенциалды, мүмкіндігі мол, ұдайы өндірістік және әлеуметтік мәнді негізгі саланың бірі болып саналады. Мұнда, қазіргі кезде жалпы республикада тұратын халықтың 43,0 пайыз шамасы, экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі тұрады.
Кейінгі жылдары (2003-2006) агроөнеркәсіп кешенінде (АӨК) байқалып отырған негізгі мәселелердің бірі, мұнда көп укладты экономиканың дамуы. Меншік түрлерінің өзгеруіне негізделген жаңа агроқұрылымдардың пайда болуы: шаруа (фермер) қожалықтарының, ЖШС, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік коллективтік шаруашылықтар.
Қазақстан Республикасы Дүние жүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге қадам басып жатқан кезеңде, ауыл шаруашылығын реформалауды қайта қарау, оны нарық қатынас жүйесіне толықтай бейімдеу, ауылдың экономикасын көтеру, олар үшін нақты мүмкіндіктер жасау, өндірісті тұрақтандыру негізгі міндеттердің біріне айналуда. Осыған байланысты, кейінгі жылдары ауыл шаруашылығының жағдайын жақсарту да, оның ішінде агроқұрылымдардың дамуына бағытталған бағдарламалар қабылданды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру үшін біраз мәселелер іске асырылуда.