Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына өндірістерді

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 15:22, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Агроөнеркәсіп кешені республикадағы экономикасы жоғары потенциалды, мүмкіндігі мол, ұдайы өндірістік және әлеуметтік мәнді негізгі саланың бірі болып саналады. Мұнда, қазіргі кезде жалпы республикада тұратын халықтың 43,0 пайыз шамасы, экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі тұрады.
Кейінгі жылдары (2003-2006) агроөнеркәсіп кешенінде (АӨК) байқалып отырған негізгі мәселелердің бірі, мұнда көп укладты экономиканың дамуы. Меншік түрлерінің өзгеруіне негізделген жаңа агроқұрылымдардың пайда болуы: шаруа (фермер) қожалықтарының, ЖШС, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік коллективтік шаруашылықтар.
Қазақстан Республикасы Дүние жүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге қадам басып жатқан кезеңде, ауыл шаруашылығын реформалауды қайта қарау, оны нарық қатынас жүйесіне толықтай бейімдеу, ауылдың экономикасын көтеру, олар үшін нақты мүмкіндіктер жасау, өндірісті тұрақтандыру негізгі міндеттердің біріне айналуда. Осыған байланысты, кейінгі жылдары ауыл шаруашылығының жағдайын жақсарту да, оның ішінде агроқұрылымдардың дамуына бағытталған бағдарламалар қабылданды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру үшін біраз мәселелер іске асырылуда.

Работа содержит 1 файл

Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына өндірістерді модернизациялаудың рөлі.doc

— 452.50 Кб (Скачать)

Зерттеу жұмысының нәтижелерін апробациялау және жаңалау. Диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелерімен қорытындылар үш халықаралық және республикалық ғылыми тәжірибелік конференцияларда баяндалды және осы конференциялардың жиынтықтарында жарық көрді. Жұмыстың тақырыбы бойынша 9 ғылыми еңбек, оның ішінде үш мақала  Қазақстан Республикасының БҒМ-нің білім және ғылым саласын бақылау комитеті ұсынған басылымдарда жарық көрді. Жалпы көлемі 2,7 баспа табақ.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

Диссертация жұмысының құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Компьютерден мәтін де терілген -132 бет. Жұмыста 21 кесте, 3 сурет берілген.

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Кейінгі кездерде ресми  құжаттар мен ғылыми жұмыстарда «Экономиканы жаңғырту» деген түсінік жиі кездеседі. Ол экономикада жүргізіліп жатқан өзгерістердің кезеңін айқындау болып келеді.

Нарықтық қатынас кезеңінде Қазақстанның экономикасының мәнін анықтайтын жаңа бағытын көрсету мақсаты мен жүйені институционалдық жаңарту және ондағы өндірістік күштердің қоғамның өсу дәуіріне сәйкестендіру сияқты мәселелерді іске асыру керектігінен туып отыр.

Жүйені жаңарту түсінігін, мемлекеттік экономикалық жүйе істерінің түпкі бастамаларын өзгерту және сонымен қатар, шаруашылық құрлымының ұйымдастыруын негізге алатын тәсілдер мен қолтаңбалы міндеттерін кіргізу деп те атауға  болады:

- бәсекелестік орталықтың дамуы, экономика процестерінің бостандығы, жеке кәсіпкерліктің ықыластарын қолдау, экономиканың төрешілдіксіздіру және басқа да ұйымдастыру базалық негізгі түпкі бастамаларын жетілдіру;

       - мемлекеттің экономикасын толық жетілдіру аясында нақты жоспар мақсаттарын белгілеу. Былайша айтқанда, оның диверсификациясын, ЖІӨ-        жоғары бағаланатын өнімдерді өндіретін салалардың пайларының өсіруін, құрлымдылық өзгерістер арқылы мемлекеттің экономикасын индустриалды жетілген елдердің үлгілеріне жақындату.

Нарық жағдайыдағы негізгі бағыттардың бірі -өндіргіш күштерді технологиялық жаңарту мәселесі мұнда, саладағы кең өріс алған өзгерістеріндегі ЖІӨ-нің үлесін көтеру, «жаңа экономиканың» салаларын жетілдіру, нақты секторлардың негізгі қорларын жаңарту,  өнім өндірудегі энерго және қорлардың сыйымдылығын төмендету, еңбек өнімділігін арттыру, қожайынды субекътілерінің инвестициялық белсенділігін жандандыру, сондай-ақ, отандық экономиканың технолоиялық жағын  жаңарту  деңгейін көтеру мақсаттары болып отыр.

Экономикалық байланыстарды жаңарту арқылы өндірістердің экономикалық құрлымдылығын өзгерту, бөлек бағытын белгілеуге болады. Ол өндірістік және инновациялық - құрылымдылық саясат саласында мемлекеттің ықпал жасауының нақты әдістерімен ынталандыруына мүмкіндік береді. Бұл саланың отандық экономиканың құрылымдылығы мен ЖІӨ-ді үйлестіру міндеттерін байланыстырады. Айтылып өткен міндеттер шикі заттық нысандардың төмендетуіне және үдемелі салалардың- «жаңа экономиканың» саласы болсын, не көтеріңкі қосымша бағаланған өнім өндіретін сектор болсын – оларға пайының көтеруіне мүмкіндік туғызады. Қалыптасқан реттеу тетіктерін тәртіпке келтіруден бастап нарықтық институттардың дамуына, ынталандырудың біршама жаңа әдістерін енгізуге жағдай жасай отырып, мемлекеттік кәсіпкерлік саласындағы инструментарийлерді пайдалану сияқты түрлі әдістер қолдану арқылы мемлекеттің қатысуын талап етеді.

Шаруашылықтардың аралас, көшпелі және көптеген басқа түрлері бар. Бүгінгі күнде шаруашылығы жетілген мемлекеттерінде ауыл шаруашылық кәсіпорындарының кейбір түрлері басым болып табылады. Отбасылық фермерлік шаруашылығы, күмәнсіз, сондай формасы болып келеді.Осы формаларда жерді пайдалану түрлері, жер көлемдері, еңбектік қарым-қатынастары, тарихи алғы шарттарымен және мемлекеттік саясатымен белгіленеді (1 кесте).

 

1 кесте - Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының ұйымдастыру-өндірістік  әдістеріне сәйкес бөлінуі

Әдістері

Отбасылық

Коллективтік

Антрепренерлік

Іс-әрекеттің мақсаты

Жанұяның жақсы тұрмыс халі

Ұйымның жақсы тұрмыс халі

Пайда

 

 

Кірістің бөлінуі

Отбасылық пайдалану

Еңбегіне немесе пайына қарай

Пайда және айлық

Жұмыс көлемі

Өз-өзін қанау

Жұмыспен қамтамасыз ету

Барынша көп табыс кіргізетін көлемдерінде

Басқару

Міндеттерді жанұя мүшелерінің арасында бөлу

Жалпы жиналыс

Жалдама басқарушы, (корпорация болса) таңдамалы басқару

            Ескерту - Автормен құрастырылған.

           

Қазіргі қоғамдағы экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жоқтығын ескерту қажет. Мысалы, мемлекеттік сорттарды зерттейтін учаскелер, экспериментальды тәжірибесін және оқытатын фермалар ұйымдасқан. Бірақта, мемлекет меншігінде сауда-саттыққа өнім шығаратын фермалар қалыптаспаған.

        Өндірісті үнемі жетілдіру және технологиялық құралдарын  жаңартуды қамтамасыз ететін мемлекет, ғылыми-техникалық процесс және нарықтық күштері арасындағы байланыс жүйесін күшейтетін қозғаушы күш.

        Экономикасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесі бейнелегендей, коғамның технологиялық даму механизімінің құрылуы мемлекетпен реттелетін, тұтынушымен  нарықтық қалыптасу барысында пайда болатын байланысты білдіреді. Халықпен бірге тұтынушы рөлінде жаңа техника  және прогресстік технологияларын сатьп алуына қызығатын өндірістік кәсіпорындар және өндірістің немесе ауыл шаруашылығының  толық салалары сияқты, өндірістік секторының мүшелері де болуы мүмкін. Осымен қатар, жабдықтаушы болып прогрессивті технологияларын, жаңа техника және басқа да өндіріс тәсілдерін шығаратын, технологиялары биік деңгейлі немесе ғылыми көлемді өндірістер (фирмалар), ғылыми-зерттеу және енгізуші мекемелер табылады. Шаруашылық заң шығару ортасында мемлекеттік мақсаттағы саясатын және дамыған қаржы жүйесін пайдалану, көбінесе, осындай механизмді шығару жетістігіне алып келеді. Өндірістік секторы жағынан жаңалықтарына және өнер табыстарына қойылатын талаптары    түрлі  болады. Ол таза инновациялық өрісте де, шаруашылық басқару ортасында да сектор элементтері (кәсіпорындар мен салалар) ерекше ынталарын білдіруіне байланысты. Одан басқа, ҒЗКТЖ саланың тапсырыстарына ақы төлеуге немесе лицензияларды сатып алуға түрлі экономикалық агенттерінің қаражаттары жетпейді. Өндірістік сектор агенттерінің экономикалық  ынталары және кәсіпкерлік мақсаттары өндірістің қажеттіліктерінің кейбір жүйесінен туындайды, ол күрделі иерархия құрылымына иеленуі мүмкін. Бірінші кезекті қажеттіліктерге (төменгі қатарлы) солардың арасындағы өндірістің жұмыс істеуімен және қудаламауымен пайда болған міндетті  болатын ынталар жатады.

        Олардың арасында:

           -  өндірістің жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек, материалдық және қаржы ресурстары жеткілікті  көлемде уақытылы және сенімді түрде қамтамасыз ететін қажеттілік;

        - сату   нарығында өндірістің   өнімдері   мен   ұсынатын   қызметтерінің тұрақтығын қамтамасыз ететін қажеттілік;

         - нарықтық   жағдайда   өндірістің   заңдық   қаулылары   және   жұмыс ережелерін міндетті түрде орындау жолдарымен ғана мемлекет пен экономикалық субъекттерін байланыстыратын қажеттілік.

        Ынталардың екінші (жоғарғы) қатарына келесілерді жатқызуға болады:

        -  нақты  салада  немесе  орналасқан  аймақта өндірістің  рөлін   күшейту қажеттілігі;

       -  өндірісті өрістету және диверсификациялау;

        -  жаңа   прогрессивті   технологияларын   өңдеу   тәсілдерімен   жаңа   сату нарықтарын   және   жаңа   нарықтық   жолдарын    ашу   мен    шығару қажеттілігі;

         - әлеуметтік- экономикалық   өрісінде   биік   деңгейге   ұмтылу;

         - өзінің саласында немесе өзінің аймағында озат болу үшін мақсат қою;

         - кәсіпорынның жұмыс жағдайларына қарай тіке немесе сырттай қатысты заңдар және заң күшіндегі актілерін шығаруына үлес қосу.

        Кәсіпорын өз жұмысында осы қажеттіліктерді қанағаттандыруына тырысады, өйткені осы мәселелердің шешілуі оның үнемі дамуын қамтамасыз етеді. Бірақ, кей кезде шамаларының шектелуіне немесе сәйкес ресурстарға байланысты алда қойылған мақсаттарының бірнеше бөлігі ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Сол себептен, негізінде кәсіпорын бірінші, екінші ж.б. етіп қанағаттандырылатын ең басты (беделдік) кызықшылығын және қажеттілігін іріктеп отырады. Қатал түрінде жоғары бағалау немесе қосымша шарттарын орындау арқылы қажеттіліктерінің осындай сараптау (ранжир) өткізуіне, пайдалығының белгілі функцияларын құрауға болады. Игіліктің көлемі, басқа сөзбен, тауарлар мен қызмет көрсетуіне, сонымен қатар, өндірістік субъектінің анау немесе мынау қажеттілігін қанағаттандыруына шамамен көмек беретін пайдалық функцияларының аргументі болып табылады. Әрине, барлық кәсіпорындар өздерінің шектеулі жағдайларына сәйкес алдарына көптеген пайдалы нәтиже алу мақсатын қояды. Сонымен қатар, ереже түрінде, ең беделді, сондықтан пайданың нәтижелі аса салмақты болуына байланысты, өзінің  қажеттілігін  қанағаттандыруына тырыса отырып,  кәсіпорын керекті  игіліктер нарығында өзінің сұранысын қалыптастырады. «Игілік базары» түсінігін кең мағынада алу керек, өйткені, айтылып өткендей, кәсіпорынның қажеттіліктері өз мазмұны мен бағыттары мен ерекшеленеді. Олар материалдық қажеттіліктерінен бастап (капитал, шикізат және еңбек ресурстарының қажеттілігі) интеллектуалдық тәсілдерімен және әдістерімен қанағаттандырылатын қажеттіліктеріне дейін орындалуын күтеді.

       Сонда да, ғылыми зерттеу мекемелері, енгізу фирмалары ұсынып отырған игілікке өндіріс секторының және халықтың тиімді (төлем аларлық) талабын қалыптастыруы өндірістің ғылыми-технологиялық даму динамикасын анықтайды. Белсенді меншік иелері немесе талап етіліп отырған игіліктер, сонымен қоса, инновациялық игіліктерді өндірушілер аталған игіліктерге сұраныстың өсуіне байланысты өз әрекеттерін күшейтеді, яғни, олардың талаптарының күшейуіне қарай оның қоғамдық құндылығы да өседі. Ең жоғары қатардың қажеттілігін қанағаттандыруына бағытталған және мекемелердің рөлін, мәнділігі мен абыройын көтеретін материалдық игіліктері жөнінде айтсақ, бұл процесс өндірушілердің нарықтық бағалары мен табыстарының өсуінде бейнеледі. Екі жағдайда да ғылыми-технологиялық даму мәселелерімен айналысатын инновациялық және шаруашылық реттеу өрістегі мекемелердің жағдайлары нығаяды. Инновациялық өрісінің элементтерінің көптігін үш негізгі түрімен бейнелеуге болады:

       - шаруашылық механизмі мен қызығушылығының әрекеттестігі арқылы процесс мүшелерінің арасындағы бәсекелестіктің  нарықтық түрі;      

       - билеуші құқықтық өкілдіктер базасында жүргізілетін мемлекеттік басқаруы;

        - халықтың дәстүрімен, менталитеті, өнегелі де этикалык ережелерімен келісілген түрлері.

       Өнімнің үнемі жаңартылып тұратын үлгілері мен жаңарту (өзгерту)  микродеңгейі, инновацияларын нығайту базасында оның өлшемін толық жетілдіруі қысқа мерзімді циклі болып табылатын  жабдықтарын, негізгі қорлардың активті бөлшектерін он жыл сайын жаңартуы орта мерзімді циклі аталып, мезодеңгейін құрайтын; елу жыл шамасында базисті инновацияларының кластер негізінде таралып жатқан жетекші технологиялық, өндірістін технологиялық әдістерін тарату кезеңдерін Кондратьевтің ұзақ циклі атты макродеңгейін бейнелейтін жабдықтау-технологиялық прогрессінің ерекшеліктігін және негізгі мінездемесін осы үш деңгейде қарастыруға болады.

       ТМД елдерінің макротехнологиялық динамикасының мәселелерімен айналысатын экономистерінің еңбектерінен жабдықтау-технологиялық дамуының келесі заңдылықтарын белгілеуге болады: экономиканың технологиялық жетілдіруі; технологиялық әдеттің дәйекті алмасуы ретінде жүргізіледі. Экономикада бірнеше технологиялық негіздері бір уақытта жұмыс істей береді. Бір технологиялық әдет циклі кондратьевтік циклінен екі есе артық әрекет етеді. Уақыттың әр-бір кезінде бірнеше қатар қызмет етіп жатқан әдеттердің арасынан бір технологиялық әдет басым болып келеді, яғни, оның экономикалық потенциалы биіктеу болады. Әр-бір келесі басым әдеттерінің дәрежесі алдындағыларымен салыстырғанда өте жоғары болады. Соңғы әдеттің өз дәрежесі барынша пайдаланып немесе бар күшін салу әрекетін жасап, басымды әдеттің әрі қарай дамуына мүмкіндік бермейтін жағдай жаңа технологиялық әдеттердің  туындауына әкеп соғады. Доминантты әдет даму шегіне және табыстың төмендеуіне жеткен кезінде, өзімен бірге ресурстарды жаңа әдеттің технологиялық тізбегіне жаппай қайта бөлуіне алып келеді. Бұл процесс технологиялық революция болып аталады. Жабдықтау - технологиялық және экономикалық даму макротраекториясын келесі түрде бейнелеуге болады (1 сурет).

 

1 сурет – Жабдықтау технологиялық және экономикалық даму эволюцияның макротраекториясы.

Ескерту – Автор құрастырған.

Индустриалды цивилизацияның арттыру жөнінде толық мәлімет беретін революциялық өзгерістерінің негізгі мінездемесі 2-ші кестеде көрсетілген.

 

2 кесте - Техникалық өзгерістердің кезеңдері мен олардың негізгі мінездемесі

Информация о работе Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына өндірістерді