Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 15:22, курсовая работа
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Агроөнеркәсіп кешені республикадағы экономикасы жоғары потенциалды, мүмкіндігі мол, ұдайы өндірістік және әлеуметтік мәнді негізгі саланың бірі болып саналады. Мұнда, қазіргі кезде жалпы республикада тұратын халықтың 43,0 пайыз шамасы, экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігі тұрады.
Кейінгі жылдары (2003-2006) агроөнеркәсіп кешенінде (АӨК) байқалып отырған негізгі мәселелердің бірі, мұнда көп укладты экономиканың дамуы. Меншік түрлерінің өзгеруіне негізделген жаңа агроқұрылымдардың пайда болуы: шаруа (фермер) қожалықтарының, ЖШС, өндірістік кооперативтер, мемлекеттік коллективтік шаруашылықтар.
Қазақстан Республикасы Дүние жүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруге қадам басып жатқан кезеңде, ауыл шаруашылығын реформалауды қайта қарау, оны нарық қатынас жүйесіне толықтай бейімдеу, ауылдың экономикасын көтеру, олар үшін нақты мүмкіндіктер жасау, өндірісті тұрақтандыру негізгі міндеттердің біріне айналуда. Осыған байланысты, кейінгі жылдары ауыл шаруашылығының жағдайын жақсарту да, оның ішінде агроқұрылымдардың дамуына бағытталған бағдарламалар қабылданды. Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру үшін біраз мәселелер іске асырылуда.
Ғылыми-техникалық прогресстің элементтері | Сапалы қозғалыстарының аса топталуы | ||
Еңбек құралы мен жабдығы
| Машина өндірісінің пайда болуы | Негізгі жұмыс Процессстерін машина өндірісімен қамту; машина негіздерінде жаппай машиналар шығару
| Машина құрылымдарын қалыптастыру, комплекстік механикаландыру, өндірісті автоматтандыру |
Қозғалтқыш күші мен қуаттылығы | Бу машинасы | Электроқуатын шығару, электроқозғалтқыш, іштей жану қозғалтқышы
| Өндірісті электрлендіру, ат реакторы, реакги қозғалтқыш
|
Ғылыми-техникалық прогрессінің элементтері | Сапалы қозғалыстарының аса топталуының кезеңдері | Ғылыми- техникалық прогресстің элементтері | Сапалы қозғалыстарының аса топталуының кезеңдері |
Көлік | Паравоз қызметінде негізделген темір жол көлігі, параход | Дизельді кемелер, автомобильдік және авиациялық (әуе) көлігі | Бірыңғай көлік құрылымының дамуы, контейнерлендіру, реактивті көлік пен ракета жабдықтар |
Ауыл шаруашылық және азық- түлік | Егін шаруашылығының ғылыми құрылымының пайда болуы, өсімдіктердің және жануарлардың селекциясы | Ауыл шаруашылығын механикаландыру, минералды тыңайтқыштар | Жаппай механикаландыру мен химияландыру, микробиология, биологиялық үрдісінің реттелуінің басталуы |
Құрылыс және құрылыс заттары | Қол еңбегінің үстемділігі, кірпіш пен ағаш | Бірінші құрылыс механизмдері; цемент пен темір бетон | Құрылыстың индустриалды әдістері, жаңа құрылыс заттары және жеңіл құрылмаларын қолдану |
Ғылымды ұйымдастыру түрлері | Жеке ғылыми жұмыс | Мамандалған ғылыми еңбегінің пайда болуы | Ғылымның білім индустриясына ұлттық шаруашылығының саласына айналуы |
Білім беру | Сауаттылықтың таралуы және кәсіптік оқытудың пайда болуы | Жаппай көпшілік және арнаулы білім | Білімнің орта деңгейін едәуір (бірнеше есе көтеру, жоғары білімнің тез дамуы) |
Ескерту - Автор әдебиеттерге шолу арқылы құрастырған. |
Әлемдік жабдықтау-экономикалық дамуында бір - бірінің орнын басатын бес жабдықтау-технологиялық әдеттерінің басымдылық кезеңдерін көрсетуге болады, сонымен қатар, әр бір қожайындалған субъектілерінің өз «генотипы» үйлескен: 1770-1830 ж.ж.; 1830-1880 ж.ж.; 1880-1930 ж.ж.; 1930-1980 ж.ж.; 1980 (90) жылдан бастап 2030 (40) жылдарына дейін. Жабдықтау, технология және адам өздерінің еңбек қабілеттерімен қоғамның өндіруші күштерін даму атты бір процесстің екі жағы болып келеді. Сондықтан, технологиялық әдеттің макро динамикасына қатысты заңдылықтар адамның еңбекке деген қабілеттерінің макро динамикасына да толық сәйкестесу керектігін болжауға болады. Көрсетілген жабдықтау-технологиялық әдеттердің алмасу кезеңі төрт технологиялық революцияларды басынан өткізген. Біріншісі индустриалды (машина) өндірісінің пайда болуын, екіншісі - оның жаппай таралуын, ал үшіншісі - оның ең басты, нығайған түріне өтуін сипаттаған.
ҒТР-ның төртінші кезеңі бағдарламалық революциясымен байланысқан. Оның әсерімен қалыптасып жатқан және индустриалды әдеттің орнын басатын бесінші - хабарлау әдет -цивилизацияның материалды-жабдықтау базасы болып табылады.
Қызметкерлердің индустриалды түрінің қалыптасуы бірінші мен екінші өндірістік революциялар өтуімен, машина өндірісіне көшуімен, бір қатар жаңа салалардың, көлік түрлерінің, қуаттылықтың пайда болуымен байланысты болды. Бұның барлығы жұмысшылардың арнаулы кәсіптік мамандыққа, сонымен қатар, жаппай көпшілік және арнаулы білімнің дамуын талап етті.
XX ғасырдың басында ҒТР-сы ғылыми негізінде ғана техникалық жетілдіруіне өтуін талап етті және өндірістің барлық элементтерін қамтыды: еңбек құралдарын және жабдықтарын - жаппай техникаландыру мен автоматтандыру; еңбек заттарын - заттарды ерте бастан берілген қасиеттеріне сәйкес шығару, химияландыру ж.б.; куаттылығын - ядролық ыдырауын және синтезді меңгеру, атомдық қуаттылығын, энергияны өзгертуінің жаңа әдістерін және де қай ара қашықтыққа болса да жеткізуін мол пайдалануы; технологияны-механикалық технологияны электрофизикалық, электрохимиялық, магниттік, сәуле, радиациялық технологиясына ауыстыру. Бұл еңбекті жігерлілікте революциялық өзгерістерді алып келген - дене еңбегін ойшылдыққа аударуы және ой еңбегін жоғары сатыға көтеруі жоғары білімнің тез жетілдіруін және орта білімнің деңгейін өсіруін талап етті.
Қазіргі кезеңде ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымының өзгеру рөлі өсуде, ол тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуының алдыңғы шарты болады. Халықтың жағдайын айқындайтын және үй коммуналдық шаруашылығын, әлеуметтік-мәдениетін, әлеуметтік тұрмыс қызметін көрсету, демалыс мәселелерін қарастыратын сала әлеуметтік инфрақұрылымы түсінігін береді. Әлеуметтік инфрақұрылымының даму кезеңінде ауыл ғана емес, сонымен қоса қалалық тұрғындарына да маңызды болатын ауыл потенциалы өсуде, қала мен ауыл байланыстары күшейіп жатыр, олардың баяғы автономдығы бұзылып, қалалық пен ауылдық жұмысшыларының тұрмыс жағдайлары нақты теңдесу шарттары қойылып отыр. ҒТП-ның бірінші кезеңдегі жетістіктерінің бейімделуіне орай, ауыл шаруашылық жұмысы өзінің мәнімен және жұмысшылардың санатты құрамымен ұлттық шаруашылығының басқа орталықтарындағы жұмыстарымен теңесіп жатыр. Ауыл шаруашылықтың және ауыл жұмысшылары тұрмыс жағдайларының сапасына қала тұрғындары сияқты талап қойылды. Сол себептен кәзіргі кезеңде өндірістің саны мен қуаттылығын көтеру, оның салаларын ұйымдастыру, қызмет жүйесін кеңейту, жеткен деңгеймен салыстырғанда қарқының өсуі арқылы ауылдағы әлеуметтік инфрақұрылымының нәтижелі дамуы және пайдалану мүмкін емес. Инфражүйесінің нәтижелі дамуы қала мен ауылдың ерекшеліктерін ескере отырып, қала мен ауылдағы қызмет көрсету сапасын және тұрмыстық жағдайларын теңдестіру мақсатымен оның салаларының бағыттарын сипаттауын және қарқынының, әлеуметтік-мәдениетті және әлеуметтік - тұрмыс қызметтерінің көлемі мен құрылымының өсуін болжайды.
Ақпараттық ағымын игеру тәжірибесінің қажеттігі компьютерлік қатынас жолдарын қолдану арқылы ғаламдық сипаттағы ақпарат-іздеуіш жүйелерінің пайда болуына әкеп соқты. Ал, аймақтағы экономика белсендігін жетілдіруі хабарлау қызмет көрсету жүйесінің нәтижелі жұмыс атқаруымен тығыз байланысты. Қызметкерлердің жақсы мәліметтенулері еңбек ұжымдардың ақпараттық мобильдігін көтеру әрекеттердің алғы шарты болып табылады. ҒТП жұмысшыларға біліктілік деңгейін көтеру, кәсіптік дайындық, ақпараттық мәселелеріне жоғары талап қояды, жаңа білім алатын кезде олардың икемділік қимылдарын, материалдық өндіріске енгізілген ғылыми және техникалық жаңалықтарына жылдам және ұқыпты түрде қамқорлыққа алуын талап етеді. Бұл жағдайларда хабарлау икемділігі атты сапалы мінездемеге ерекше назар аударылады. Бұл жинақтаушы ұғым болғандықтан, ақпараттық икемділік қызметкерлердің жаңа білімдерді, жинақталған тәжірибені иемдену және пайдалану, жаңа ақпаратты қабылдау, оларды белсенді түрде енгізу, ақталған өндірістік тәуекелге баруға дайындық, инновацияларды енгізуге жауапкершілікті қатынасты ұстану сияқты маңызды қасиеттерін алмастырады.
Ақпараттықтың әсері тек инновацияны жасау кезеңінде ғана емес, оны ендіруде де маңызды деңгейде көрініс табады. Жаңашылдықты білу оны енгізудің әлеуметтік-психологиялық кедергілерін төмендетуге, инновациялық үрдістерге қызметкерлердің бейімделуіне алып келетін ұжымның жаңа талаптарға сай қызмет етуге дайындықты, ауылдағы оған деген оңтайлы эмоционалды қатынасты шарттайды.
Жаңашыл техникалық құралдар мен технологиялардың базасында АӨК-нің қарқынды даму жолына сәтті көшу кең тармақталған, жеткілікті және берік қызмет ететін ақпараттық жүйенің негізінде ғана, АӨК-нің барлық сала қызметкерлерінің ақпараттануының жоғарғы деңгейінде ғана мүмкін болады. Қазіргі жағдайда АӨК-нің ғылыми-инновациялық қамсыздануының деңгейі мен әсерлігін жоғарылату ақпараттық-кеңестік қызметтердің белсенді қатысуынсыз мүмкін емес. Бүгін кез-келген бағдарламалар бойынша ҒЗКТЖ үйлестіруден бұрын, жедел және мақсатты ақпаратты қажет етеді. Аграрлық ғылым және тауар өндіру саласында білімдерді беру мен таратусыз зерттеу жұмысы ретінде де, АӨК салаларының ғылыми-техникалық деңгейінің өсуінде де, шаруа қожалықтарының, олардың кооперативтері мен ассоциацияларыньң құрылуы, көтерме базарлары мен нарық инфрақұрылымының өзге де объектілерінің дамуында да қандай да болсын өзгерістерді жоспарлауға болмайды.
АӨК ақпараттық қамсыздануының өзгертілген жүйесін құру ақпараттандырудың мықты инфракұрылымы: мәліметтер қоры мен базасы және олардың желісінің; ақпараттық-іздеу жүйесі мен олардың желісінің; аумақ, облыс, республика көлемінде локальды желісінің; ақпараттық желілік технологиялардың және халықаралық желіге шығудың; есептеуіш машинасы желісінің; автоматтандырылған қызметтер мен орталықтар, кітапханалар желісінің жасап шығарылуы мен құрылуын қажет етеді.
Аталмыш жүйе пайдаланушыларға агроөнеркәсіп өндірісінің қызмет деңгейі мен әсерлігін біршама көтеруге мүмкіндік беретін барлық қажетті ақпаратты жинақтау, өңдеу мен ұсыну қажет.
АӨК-нің ақпараттандыру өндіріс, экономикалық- ұйымдастырушылық, ауыл шаруашылығының ғылыми және әлеуметтік қызметі мен табиғат, еңбек және материалдық ресурстарын әсерлі пайдалану мақсатында қайта өңдеу өнеркәсібінің барлық салаларында ұсақ электроника және есептеуіш техникасының жаңашыл кұралдарын құру мен қолдану үрдісі болып табылады. Ақпараттық технологиялардың қалыптастырылуы мен дамуының негізгі көрсеткіштері 2-суретте көрсетілген.
2 сурет – Ақпараттық технологиялардың қалыптастырылуы мен дамуының негізгі көрсеткіштері.
Ескерту – Автормен құрастырылған.
АӨК-нің ақпараттандыру, негізінде төмендегі мәселелерді мәжбүр етеді:
- электронды техниканың, бақылау-өлшеу аппартурасының мүмкіндіктерін және кейіннен адам күшін қажет етпейтін технологияларды жүзеге асыруда пайдаланатын техниканы, роботтехникасын пайдалануға мүмкіндік беретін микропроцессорлы кұралдарды және т.б. қолданатын ауыл шаруашылық өндірісінің жаңа қарқынды технологияларын кең көлемде игеру;
- басқару саласын да байланыстың электронды құралдарын, ЭЕМ, локальді желілерді ендіру, шешім қабылдауда математикалық әдістерді және үлгілерді қамту, ауыл шаруашылық ғылымын жүйелік талдау, ақпараттандыру, математикалық үлгілеу және ғылыми зерттеулер мен жобаларды жасап шығаруда ЭЕМ-ды кеңінен пайдалану жолымен жаңашыл ақпараттық техниканы қолдануға көшу;
- қайта өңдеу өнеркәсіптерінде қарқынды технологияларды ақпараттық-кеңестік жүйелермен мамандардың жұмыс орындарын автоматтандыру арқылы өндірісті диспетчерлендіруден бастап автоматты зауыт пен цехтерге дейін кеңінен ендіру;
- ауыл шаруашылығындағы терең әлеуметтік өзгерістер, ауыл шаруашылық еңбегінің тартымдылығы мен беделін көтеру (әсіресе жастар арасында), электронды құралдар көмегімен (ЭҚК) басқарушы ұйымдар мен еңбек бұқарасының арасында кері байланысты құру.
Осылайша, АӨК-нің ақпараттандыру микропроцессорлы және есептеуіш техникасын кеңінен пайдалану негізінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізуді және басқарудың көбіне экономикалық әдістері негізінде басқарудың шаруашылық механизмін ары қарай түрлендіруді қамтамасыз ете отырып ғылыми-техникалық үрдістің катализаторы рөлін атқаруды қамтамасыз ету.
АӨК-нің қатысушыларына ақпараттық кеңес берудің әсерлі жүйесін құру үшін ИКС-ті (ехtеnsіоn sеn/ісеs) құруы мен дамуының шетелдік тәжірибесін қарастырып, ескеру қажет.
АҚШ-та ехtеnsіоn кооперативті қызметтері (ЭКҚ) былайша ұйымдастырылған:
- біріншіден, ЭКҚ қызметінің маманының жұмыс істеу тәжірибесі болуы керек, тек ауылшаруашылығын жүргізу әдістері бойынша ғана емес, кең мағынадағы фермерлік өмір туралы жақсы білімі мен маркетинг пен қаржы саласында білімі болуы керек, сонымен қатар ол шаруаның күнделікті мәселелерінен хабардар болып отыруы шарт;
- екіншіден, ЭҚК агенті немесе маманы шаруаға білім бере отырып, нақты ауыл шаруашылық өнімін өндірудің жаңа технологиялары туралы ғана емес, сонымен қатар дұрыс тамақтану, денсаулық, отбасыны жоспарлау, үй шаруашылығын жүргізу, жастарды тәрбиелеу мен оқыту және тағы басқа мәселелер бойынша білім шеңберін ақпараттандырудың бейнелі түрлері мен әдістерін, нақты мысалдарды пайдалану арқылы кеңейтеді;
- үшіншіден, агент өз жұмысын адамдарға ғылыми білімдерді қолдана отырып білім беру негізінде көмек беріп, олардың өмірін жақсарту, қабылданып отырған шешімдерді бағалау үшін көзқарастарды қалыптастырып, білдіре алатындай етіп құру керек;
- төртіншіден, шаруаны өзі дұрыс шешімдерді қабылдай алатындай етіп үйрету керек. Мақсатка жетудің баламалары туралы кеңес бере отырып, соңғы шешім қабылдаудағы жауапкершілікті өзіне жүктеу керек;
- бесіншіден, ЭҚК -нің мақсаты - шаруаны жорамалдауға және болашақ мәселелерді көре білуге, бар нәрсені түсінуге, баламаларды көрсетуге және олардың шешім қабылдаудағы зардабын көрсетуге, барлық мәселелердің ішінде ең маңыздыларын анықтауға үйрету, жаңа нәрсені тануға талпынысын дамыта отырып, шаруаны өз біліктілігін көтеруге ынталандыру;
- алтыншыдан, ЭҚК қызметінің агенті немесе маманы - мемлекеттік қызметкері болып есептелінеді.
Сондықтан, ол шаруа мүдделерінің мемлекет мүдделерінен бөлініп кетпеуін үнемі есте сақтау керек. Мысалы, мәселе қоршаған ортаны қорғауға немесе аурулар мен зиянкестермен күреске келгенде.
ЭҚК кооперативтік қызметтің құрылымы келесідей: АҚІІІ ауыл шаруашылық министрлігі - Федеративті деңгей - 200 адам. Штаттағы университет - Штаттық деңгей - 50-100 адам. Әкімшілік (аудандық) округ (3150 қожалық) - Аудандық деңгей - 3-15 адам. Барлығы ЭҚК мамандары 12 мың адам және 3 млн.-нан астам еріктілер.
ЭҚК қызметі: АҚШ ауыл шаруашылық министрлігінің ЭҚК департаменті басқа департаменттермен және бірінші кезекте ауыл шаруашылық және экономикалық зерттеу департаменттерімен бірлесе отырып жұмыс істейді, онымен бірге ол төмендегі әрекеттерді жүзеге асыратын бір блок құрады:
Информация о работе Агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына өндірістерді