Шпаргалка по "Экономикалық теории"

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2013 в 22:30, шпаргалка

Описание работы

1.Экономикалық теорияның зерттеу пәні, зерттеу пәні бойынша көзқарастар эволюциясы.
Экономикалық теорияның пәні-адамдар мен әр түрлі әлеуметтік топтар арасындағы игіліктерді өңдіру, бөлу , айырбастау ж/е тұтыну процесстерімен байланысты қалыптасатын экономикалық қатынастарды зерттеу. Нобель сыйлығының лауреаты П.Самуэльсон өзінің «Экономика» атты еңбегінде эк/қ теорияның зерттеу пәнін тұтыну және өндіру жүзеге асыру, адамдар арасындағы айырбас, ақшалай келісім-шарттардан туындайтын қызмет түрлерімен байланыстырады және эк/қ теорияның пәні өзгермейді, оны нақты деп айту қиын деген қорытынды жасайды.

Работа содержит 1 файл

Ekonom teoriya wpor.docx

— 187.43 Кб (Скачать)

Салықтың  дамыған елдердің көбінде қолданылатын маңызы жағынан екінші түрі - қосылган қунга салынатын салық. Еңбек  процесінде өздерінің қарамағына келіп  түскен еңбек заттарына қүн косқан салық төлеушілеріне, олардың қосқан қүнына салық салынады. Бірақ салық  толеушілердің әркайсысы осы  соманы түпкі түтынушыға жылжып отыратын езінің тауарының бағасына косады.

74.Индустриалды  – инновациялық бағдарлама

Индустриалды–инновациялық даму  үшін жағдайлар жасау ұлттық инновациялық жүйені дамыту, инвестицияны қамтамасыз ету, индустриалды дамыту және техникалық реттеу және метрология жүйесін дамыту секілді мақсаттарға жетумен шарттасқан. Ұлттық инновациялық жүйені дамыту шеңберінде, ұлттық инновациялық жүйенің негізгі элементтерін қалыптастырудың 1-ші кезеңінде (2005-2007ж.ж.) өзіне Ұлттық инновациялық қорды, Ғылыми қорды, технологиялар инжинирингі және трансфертті орталықты, 8 аймақтық технопарктерді, 11 отандық және шетелдік венчурлық қорларды қамтитын қаржылық және инновациялық инфрақұрылым құрылған.

Жоспарланатын кезеңде Солтүстік-Қазақстан, Оңтүстік-Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облыстарында және Астана қаласында 4 аймақтық технопарк, Технологиялардыкоммерцияландыру орталығы құрылатын болады, оның негізгі міндеті отандық инновациялық әзірлемелерді ендіру және нарықтарға алға жылжыту, сондай-ақ нақты техникалық және технологиялық тапсырмаларды шешуге өнеркәсіптік кәсіпорындардың қажеттіліктерінің деректер базасын және отандық зерттеушілер ендіру үшін ұсынылатын ғылыми-техникалық жұмыстарды құру және қолдау болмақ.

Инновациялық инфрақұрылымның  қосымша элементтері ретінде 2010-2011 ж.ж. Шығыс-Қазақстан облысында Металлургия орталығы құрылатын болады, 2011-2012 ж.ж. ұйымдастырылатын Каспийлік энергетикалық хабаның негізінде Мұнай-газ технологиялар орталығы құрылатын болады. Экономиканың инновациялық дамуының тағы да бір маңызды құраушысы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру болып табылады. Қазақстанда шаруашылықтың барлық салдаларында энергияны үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бүгінгі таңда басымдылықты тапсырма болып табылады, оны шешумен энергетикалық, экологиялық және экономикалық мәселелер кешені шешілетін болады. Энергиялық тиімділік өзіне негізгі қорларды жаңғырту, өндірістік персоналдың біліктілігін және басқару сапасын арттыру, ауқымды инвестициялар тарту бойынша шараларды қамтуы тиіс. Осыған байланысты, іске асырудың қажетті шарты ғылыми-техникалық әлеуетті және жаңа инновациялық ойлауды пайдалану, қызметтің мамандандырылған жаңа мамандырылған түрі ретінде энергиялық тиімділіктің инвестициялық тартымдылығын көтеру болып табылады. Энергия үнемдейтін технологиялар мен жобаларды экономиканың өнеркәсіптік секторына ендіру көптеген пайда алуды кепілдейді. Жүргізілген зерттеулер энергия үнемдеуші технологияларға салынатын қаражаттар бірнеше айдан 5-7 жылға дейінгі мерзімде орнын қайта толтыратындығын көрсетеді. Генерациялайтын жаңа қуаттарды енгізген кезде бұл 2-3 есе көп уақытты алады. Сондай-ақ, энергия үнемдеумен энергиялық тиімділікті арттыру Қазақстанға 2011-2015 ж.ж. кезеңде шартты отының 20-30миллион тоннадан бастап отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеуді бере алады.

Кез-келген өнімнің өзіндік құнындағы  үлкен энергетикалық құраушы  оның қымбаттауына және ізінше, бәсеке қабілетсіздігіне, экспорттық мүмкіндігінің  азаюына, ал егер өнім ішкі нарықта  өткізілетін болса халықтың әл-ауқатының  төмендеуіне әкелетіндігін айта кеткен жөн.

Электрлік және жылылық энергияны  тиімсіз және ұтымсыз пайдалану  оны ЖЭО, ГРЭС шығаруды артуына және сәйкесінше, экологиялық жағдайдың  нашарлауына әкеледі. 75.Ақша жүйесінің эвалюциясы.Ақшанің әр бір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын , тауар өндіріушілердің өзара байланысының формасы ретінде әлеуметтік- экономикалық маңызының белгңлң бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарды: құн өлшемі, төлем құралы, қор және қазына жинау, дүниежүзілікақша.  Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар –бұл сату немесе айырбастау үшін жасалған еңбек қнімі. Адам еңбегінің өнімі зат, оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудырта отырып , тауар формасынқабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болудағы обьективті алғы шарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер тұтынушы өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса,онда оны дайындауға кеткен уақытың рәсуа болғаны,мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес қоғамға қажеті шамалы. Сондықтанда әр бір тауар қажетті тұтыну құныналу құраоы бола отырып ,өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. Ақша қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ айырбасталуы барысында , айырбас құнның жай немесе кездейсоқ формалары қолданылады.(1балта- 5құмыра,1қой 1-қап бидай және т.б. ). Ақшалар - тауарлары өндіріс пен айырбастың ұзақ мерзімді тарихи қоғам дамуының жемісі болып табылады Ақша барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің келісімдерінен туындаған өнім емес, сол сияқты заңдар актісінің нәтижесі де емес. Ақша — халықтардың ойлап тапқан жаңалығы емес. Себебі ақша — адами шаруашылықтың табиғи өнімі, бір халықтың өзіңде әр түрлі уақытта және әр түрлі халықтарда бір уақытта әр түрлі игіліктер айналымда айрықша маңызға ие болады. Ақша әр халықтардың әр экономикалық жағдайының бір уақыттағы, бір халықтың әр мезгіл кезеңіндегі табиғи өнімі.

 

76.ҚР-дағы  Инфляция және жұмыссыздық проблемасына талдау.

Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен  әлеуметтік – экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың  экономикалық қауіпсіздігін бағалауда  күрделі рөл атқарады. Қазіргі  замандағы жағдайларда осы мєселенің  өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық  саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Менің курстық  жұмысымның тақырыбын таңдауыма  инфляция проблемасын жеткіліксіз  зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді. Дүниежүзінде ХХғ. екінші жартысында инфляция болмаған елдер тіпті жоқ. Егер 30-шы жылдары негізгі проблема жұмыссыздық  болса, одан кейін негізгі проблема инфляция болды. Инфляцияның жылдық темпілері әлемдік экономикада 2,9%-дан 50-ші жылдары, 11%-ға дейін 80-ші жылдары  өсті. Қазақстандағы макроэкономикалық  құбылыстардың ерекшеліктеріне  келсек, бұл «стандартты емес»  нарықтық құрылым. Елiмiзде “Кедейлiк және жұмыссыздық” проблемасы толастар емес, болар ең басты мәселелердiң бiрi болғандықтан 2003 жылы Үкiмет қаулысымен 2002-2003 жылдарға арналған кедейлiк және жұмыссыздықпен күрес бағдарламасын бекiттi. Алға қойған мақсатқа жету үшін жұмыс бастылық және табысты азаматтарға атаулы әлеуметтiк көмек көрсетудiң белсендi саясаты iске асырылды.  
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 – 2003 жылдарға арналған Бағдарламасының басымды бағыттарының бiрi қоғамдық– саяси тұрақтылық және елдiң әлеуметтiк – экономикалық тұрақты дамуының негiзiнде ел халқының өмiр сүру деңгейiн арттыру болып табылады. Бағдарламада кедейлiк көлемiн қысқарту, жұмыссыздық деңгейiн төмендету, зейнетақы мөлшерiн арттыру, зейнетақы жүйесін жетiлдiру көзделедi. Тұтастай алғанда мемлекеттiк бюджеттен ѕстiмiздегi жыл әлеуметтiк қамтамасыз ету, әлеуметтiк көмек мәселелерiне 205,3 млрд. теңге бөлiндi. Бұл бұрын бөле алмаған орасан қаражат. Елдiң әлеуметтiк экономикалық әл – ауқатын жақсарту үкiмет үшін басты мiндеттердiң бiрi. 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы 12 пайызға арттырылды. Елбасының тапсырмасы бойынша ең төменгi зейнетақы мен жалақының мөлшерi 5000 теңге болды.  2003 жылы мѕгедектiгi бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылардың мөлшерi арттырылады.  Президент Н.Ә.Назарбаев “2003 – 2005 Ауыл жылы” бағдарламасын бекiттi. Яғни экономикалық даму ауылдан бастау алады. Ауылдағы халықтарға барынша қолдау көрсету, әлеуметтiк жағдайда жақсарту мәселесi белсендi сипатқа ие болады. Ауылдағы жастарды жұмысқа тарту, оларды жұмыспенен қамтамасыз ету әлеуметтiк экономикалық жақсаруына , артуына алып келедi. Тұрғындардың әлеуметтiк экономикалық мәселелерi өзгермелi, көп сипатты болғандықтан әлеуметтiк сфераның халықтың жұмысбастылығы, өмiр сүру деңгейi, әл – ауқаты сияқты аса маңызды мәселелерге курстық жұмысымда тоқталып өтейiк. 

77.Қазақстан Республикасындағы  банк жүйесі

1990 ж. Қазақстан Республикасы  өз егемендігін жариялағаннан  бастап нарықтық қатынастардың  талаптарына сай келетін меншікті  банк жүйесін құруға бетбұрыс  жасады.

1990 ж. желтоқсанында қабылданған  “ҚазКРО-ғы банктер және банктік  қызмет туралы ” алғашқы заң  Қазақстандағы банктік реформаны  жүргізудің бастапқы кезеңдерін  қамтиды. Бұл банктік реформа  Ұлттық банктің 1995 ж. арналған  “Қазақстандағы банктік жүйені  реформалау” бағдарламасына сәйкес  жүзеге асырылды. Нарық экономикасына  өту жағдайында және экономикалық  дағдарысты жоюда, макроэкономикалық  тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР  банк жүйесі маңызды роль атқарды. 

Қазіргі таңда ҚР-ғы жұмыс жасап  отарған банктік жүйенің қалыптасуын  үш кезеңге бөледі:

1.Бірінші  кезең. 1988 – 1991 жж. (КСРО-ның тұсында)  – мемлекеттік салалық мамандандырылған  банктер қызметінің бір бөлігін  республикалардағы сол банктердің  тиісті бөлімшелеріне беру арқылы  қайта түрлендіру, алғашқы коммерциялық  банктер құру,

2.Екінші  кезең. 1992 ж. аяғы 1993 ж. – рубль  аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық  банкінің орталық бір қатар  қызметтерін орындауға біртіндеп  кірісуі, коммерциялық банктердің  экстенсивті түрде қалыптасуы  және дамуы, ұлттық нормативтік  базаның қалыптасуының бастапқы  кезеңі.

3.Үшінші  кезеңі. 1993 ж. қараша айынан бастап  осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа  Ұлттық валютаның енгізілуіне  байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие  аясының қызмет етуіне толық  жауапкершілік алу, бюджетпен  банктермен қарым-қатынас орнатудың  классикалық қағидадаларын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін  нығайту кезеңін білдіреді  [8; 22-23].

Елімізде қабылданған банктік  заңдылыққа сәйкес ҚР-дағы банк жүйесі екі деңгейден тұрады:

І деңгей  ҚР Ұлттық банкі – мемлекеттік орталық банкі ретінде бірінші деңгейді білдіреді.

ІІ деңгей  Өзге банктердің барлығы (Мемлекеттік даму банкісінен басқасы) – екінші деңгейді сипаттайды, сондықтан да оларды іс жүзіндегі екінші деңгейдегі банктер немесе коммерциялық банктер жүйесі деп атайды  [2; 4].

Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары болып саналады. Мемлекеттік банк Республиканың меншігі және оның Орталық банкі болып саналады. Қазақстан заңдарына сай Мемлекеттік банк деп (Орталық Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкімет иелігінде, немесе акционерлік капиталдың басым бөлігі мемлекеттік құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледі.  Коммерциялық банктер өздерінің акционерлік жиналысында қабылданған Жарғысы бойынша қызмет істейді. Сонымен бірге республика территориясында шетел мекемелерімен бірігіп құрылған коммерциялық банктер қызмет істеуі мүмкін. Егер банктің жарғылық капиталын қалыптастырғанда өзіміздің мемлекттік емес құрылым немесе шетел мемлекеттік, ия болмаса мемлекеттік емес құрылымдары қатынасса, онда аралас банктің түрлері деп есептеледі. Аралас банктер мынадай варианттарды құрылуы мүмкін: мемлекеттік – жеке, мемлекеттік – кооперативтік, жеке – кооперативтік   [7; 181].

Қазақстан Республикасындағы соңғы  жылдардағы банк жүйесі туралы мәліметтер мына кестеде берілген:

Осы кестеде көріп отырғанымыздай, банктеріміздің саны жылдан жылға азаюда. 90-шы жылдардың басында олардың  саны 200-ден асты, сөйтіп банк жүйесін  реформалау нәтижесінде олардың  саны 35-ке дейін (06.2003 ж.) қысқарды. Жалпы  банктер қатарына мемлекеттік банктер (мемлекеттің 100% қатысуымен құрылған) саны – 2. Қазақстанның банктік секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны – 16, яғни жалпы  банктер санының жартысына жуғын  алады   [8; 31-32].

Қорытынды

Қорыта келгенде, нарықтық экономиканың тиімді ұйымдастырылып, тиімді қызмет етуінің негізі, жалпы экономиканың басты қозғаушысы қаржы секторы болса, ал оның басты құралы банк жүйесі болып отыр. Содықтан, экономиканы реформалауда ең бірінші банктік жүйені реформалау қажет. өйткені банктік жүйе жүргізетін ақша-несие, валюталық реттеу және бақылау саясаттары арқылы экономиканы одан әрі реформалап, жан-жақты дамытуға болады.

Сонымен, банк жүйесі – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі. Несие жүйесінің негізгі буыны – банктік жүйе болып табылады. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым бөлігі банктер арқылы өтеді.

Жалпы жұмыс барысында мен банк жүйесінің екі деңгейлі болып  келетіндігінің тиімділігіне көзіміз  жетті. Яғни бірінші деңгейдегі Ұлттық банк елдегі бірден – бір ақша эмиссиялайтын, экономиканың тиімді дамуын іске асыратын ақша-несие саясаттарын және барлық екінші деңгейдегі банктерді қадағалап  отыратын «банктердің банкі» ретінде  маңыздылығын түсіндім. Ал екінші деңгейдегі банктер осы Ұлттық банкпен шаруашылық салалары арасындағы қаржы делдалы  қызметін атқарушы болып табылады. Сондықтан еліміздегі Ұлттық банк «банктердің  банкі» атағын алып, ал коммерциялық банктер  экономикалық салаларды дамытуда басты  құрал болып отыр. Олар арқылы экономикада  қызмет атқарушы жеке және заңды тұлғаларға несие беріліп, олар өндірісті алға жылжытады.

Ұлттық валютаның енгізілу сәтінен  бастап, 1995 ж-ға дейін Орталық банктің  қызметін атқару, жүйе қызметін реттеп отыратын нормативті құжаттарды қарастыру  және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжірибесі жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелік саясат жүргізу  тәжірибесін қолға алды. Бұл кезең, содай-ақ ұлттық валютаның бағаларды  ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша-несие құралдарының және факторлардың әрекетіне бейімделуі болатын. Сонымен  бір мезгілде, 1995 ж. 15 ақпанда ҚР Президентінң қаулысымен бекітілген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктік жүйені реформалаудың  бірінші бағдарламасы жасалынды.

Осы жасалған бағдарламалар нәтижесінде  және еліміздің қаржы саласының  толық қанды дамуына байланысты ұлттық банк жүйесі қазіргі уақытта  ТМД елдері бойынша ең нақты нарықты  экономика негізінде қызмет етіп отырған жүйе болып отыр. Бүгінде  Ұлттық банк жүргізген ақша-несие  саясаты өзінің реттеу қызметтерін  іске асыру құралдары мен әрекеттері бойынша әлемдік дамыған елдердің ақша-несие саясатын жүргізу стандартына  өте бастады.

Бүгінгі таңда жалпы еліміздің  банк жүйесі нарықтық экономика жүйелері ішіндегі ең бір дұрыс қалыптасқан  жүйе және ол экономикалық өсуді қамтамасыз ететін бірден-бір құрылым десек  артық болмас.

78. Әлемдік шаруашылықтың байланыс  жүйесіндегі Қазақстан экономикасы

Әлемдік шаруашылық - бүл халықаралық еңбек бөлінісінің жүйесіне ұлттық шаруашылықты біріктіретін глобальды экономика. Әлемдік шаруашылықта халыкаралык, экономикалық қатынастар кдлыптасады. Олар келесі нысанада болады:

- халыкаралық сауда,

- капитал  шығару жөне халыкаралық несие,

- халықаралық валюта қатынасы,

- халыкдралық жұмыскер көшуінің миграциясы,

- ғылым және техника аумағындағы халықаралык, айырбас.

Осы нысандарды жеке-жеке кдрастырайық.

Халықаралық сауда (ХС) - бұл тауар мен қызмет көрсету экспорта арқьшы жүретін халықаралық экономикалық қатынастьщ түрі.

ХС болдыратын себептер:

- бөлу теңсіздігі және әр түрлі елді экономикам ык. ресурспен қамту,

- әр елде әр деңгейдегі технологияның болуы. ХС манызы:

- үлттық ресурс негізінің шектігінен өту,

- ішкі рынокты кеңейту және үлттық нарыкты олемдік рынокиен байланысын орнату,

- үлт және халықаралық өндіріс артыкдшлыгь, айырмасыньщ арқасында қосымша табыс табу.

- шетел ресурсын тарту арқылы өндіріс ауқымык кеңейту.

ХС көлемі мынадан көрінеді: экспорт, импорт, таз; экспорт. Осы көрсеткіштердің ЖҮӨ катынасы олардыи экономикада орнын жөне өсуін көрсетеді.

ХС-ның  пайдасы әр экономикалық мектепте әркдлай  бағаланады:

- Меркантилистер импорт экспорттан асу керек деді.

- А.Смит ойынша, басқа ел арзан бағамен өндіретін тауарды сатып алу керек. Әдебиетте оның теориясы "абсолютг артықілылық теория" деп аталады.

- Д.Рикардо "салыстырмалы артықшылық теориясын жасаған.

ХС пайдасын бағалағанда абсолютті емес, катысты  әсерді салыстыру керек, оның ойынша, егер ә'р тауарды шыгыны аз елдер өндіруі керек, сонда өндірілетін тауар көлемі макхималды болады, - деп көрсетті.

Информация о работе Шпаргалка по "Экономикалық теории"