ҚР банк қызметін құқықтық реттеу

Автор: r**************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 10:21, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің күшіне енуіне және оның ерекше бөлімінін қабылдауға дайындығына байланысты, жаңа Азаматтық кодекс банк қызметіне байланысты шарттардың жеке түрлерін реттеуге бағытталған. Тиісті тараулар заем және кредит, банк салымы және шот есеп шарттарын реттеуге арналған.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3-6
І. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 Банкілік қызметтің теориялық негіздері............................................7-10
1.2 Азаматтық құқықтағы банктік қызмет көрсету шарттары.............11-14
1.3 Банктік шот шарты.............................................................................14-20
1.4 Ақша аудару туралы шарт.................................................................20-30
ІІ. БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар.............................31-34
2.2 Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары.........................................................................................................35-37
2.3 Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері...............38-43
2.4 Банктік заннама: мәні-маңызы және банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері,тәсілдері, құқықтық негіздері.......44-54
2.5 Банктік қызметті пруденциалдық реттеу ерекшеліктері................54-56
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
3.1 Қазақстанның Ұлттық банкі қызметінің аясындағы банктік құқықтық қатынастар........................................................................................................57-62
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------63-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................69-70

Работа содержит 1 файл

банк кызмет - азаматтык-диплом.doc

— 514.00 Кб (Скачать)

    Заңды тұлға банк ашуға рұқсат беру жөнінде  Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды  реттеу және қадағалау жөніндегі  Қазақстан Республикасы Агенттігіне  өтініш жасайды. Аталған уәкілетті  орган банк ашуға рұқсат беру жөніндегі  өтініш қолына тиген (өзіне табыс етілген) күннен бастап оны үш ай ішінде, бірақ өтініш қабылданған күннен бастап алты айдан кешіктірмей қарауға міндетті.

    Банктің құрылтайшылары уәкілетті органнан банк ашуға берген рұқсатты алған  күннен бастап бір ай ішінде банкті мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін әділет органына жолдайды. Банк әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он төрт күнтізбелік күн ішінде Қаржы рыногы мен қаржылык ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазакстан Республикасының Агенттігіне тіркеуші әділет органының белгісі, мөрі койылған кұрылтай шарты мен жарғысының және банкті мемлекеттік тірқеу туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмелерін тапсыруға міндетті.

    Банк  ашуға берілген рұқсат осы банкке банктік операциялар жүргізу  үшін лицензиялар берілу туралы уәкілетті органның шешімі қабылданғанға дейін заңдық күшінде болады. Банкке банктік операциялар жүргізуге лицензия берілген жағдайда ол банк ашуға берілген рұқсатты уәкілетті органға қайтаруға тиіс.

    Банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған тиісті лицензияларды Қазақстан Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен және оның қорытындысы негізінде Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігі немесе Қазақстан Ұлттық Банкі береді.

    Банктерге берілетін лицензиялар банктік  қызмет (операциялар) көлемдеріне қарай:

    1) бірынғай банктік технологиялық  кешенге енетін банктік қызметтің  бірнеше түрімен айналысуға мерзіміне  шек қойылмайтын бас лицензия  берілелі;

    2) капитал қозғалысына байланысты, сондай-ақ рұқсат етілген көлемдегі, салмақтағы не мөлшердегі тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) үшін төлемді 180 күннен артық мерзімге кейінге қалдыруды не аванстық төлемді көздейтін экспорттық - импорттық мәмілелер бойынша банктік операциялар жүргізуге мерзімі шектелген бір жолғы лицензия беріледі;

    3)  «Қазақстан Республикасындағы банктер  және банк қызметі туралы»  Қазақстан Республикасы заңының  30-бабында көзделген белгілі бір  банктік операциялар жүргізуге,  сондай-ақ Қазақстан Республикасының  валюталық заңнамасында белгіленген валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты банктік валюталық операцияларды жүргізуге операциялық лицензия беріледі.

    Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргізуге арналған лицензиялар нысанын Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейді.

    Банктік операцияларды, клирингік және есеп айырысу ұйымдарының қызметтерін, банктік қызметке жүргізілетін аудитін, бағалы қағаздар рыногындағы кәсіби қызметті және т.б. қызметті жүзеге асыруға  арналған лицензиялардың нысандарын Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі немесе Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейді.

    Лицензиялар беру лицензияланатын банктік және өзге де операцияларды жүргізуге  қойылатын талаптарға сай келетін барлық тұлғалар үшін бірдей негіздерге және тең шарттылықтарға сәйкес жүзеге асырылады. Лицензиялау банктік қызмет еркіндігін шектемейді. Лицензия банктік қызметтің нақтылы түрлерін, басқа да банктік іс-әрекеттерді ғана жүзеге асыруға, сондай-ақ банк жүйесінде лицензиялық тәртіп орнатуға мүмкіндік береді.

    Лицензия  алу үшін қажетті құжаттарға:

    1)   белгіленген үлгідегі өтініш;

    2) қызметтің жекелеген түрлерімен  айналысу құқығы үшін алынатын  лицензиялық алымнын тиісті жергілікті  бюджетке төленгенін растайтын құжат;

    3) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені  туралы куәліктін нотариалдық  куәландырылған көшірмесі жатады.

    Банктік операцияларды жүргізуге лицензия алу үшін өтініш беруші тұлға мемлекеттік  тіркелген күннен бастап бір жыл  ішінде:

    - барлық ұйымдастыру-техникалық шараларын орындауға (банктік қызмет жүргізуге жарамды үй-жай мен ғимаратты және жабықтарды әзірлеуге, тиісті кәсіби біліктілігі бар қызметкерлер жалдауға);

    —  жарғылық капиталға төлем жасауға  тиіс.

    Жұмыс істеп тұрған банк қосымша банктік  операцияларды жүргізуге лицензия алу мақсатында:

    —  банктік операцияларды жүргізуге  лицензия алуға өтініш берген айдын  алдындағы үш айдың ішінде пруденциалдық  нормативтердің және сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің;

    - банктік тәуекелдер және ішкі  бақылау жуйелері белігінде уәкілетті орган белгілеген талаптардын орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

    Банктік операцияларды жургізуге лицензия беру туралы өтініш Қазақстан Республикасы Агенттігі немесе Қазақстан Ұлттық Банкі тарапынан қабылданған  күннен бастап бір ай ішінде қаралады.

    Ұлттық  және шетелдік валютамен жүргізілетін банктік операцияларға арналған лицензиялар Қазақстан Ұлттық Банкі  тарапынан шектеусіз мерзімге беріледі.

    Банктік операциялардың барлық түрлерін жүзеге асыру құқығы берілген лицензияда тікелей керсетілген жағдайда ғана іске асырылады.

    Қазақстан Ұлттық Банкі лицензиялайтын банктік  операцияларға (банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін операцияларға):

    1) төлемдерді жинау, салыстырып  тексеру, сұрыптау және растау, олардың өзара есебін жүргізу, сондай-ак клиринг қатысушылары банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың таза позицияларын айқындау женіндегі банктік клиринг;

    2) сейфтік жәшіктерді, шкафтарды және  үй-жайларды жалға беруді коса  алғанда клиенттердің құжаттамалық  нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен қазыналарын сақтау  жөніндегі сейфтік операциялар;

    3)  төлемдік карточкаларды шығару;

    4) банкноттарды, монеталар мен қазыналарды инкассациялау;

    5) шетел валютасымен жүргізілетін  айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

    6)  валюталық құндылықтарды пайдалануға  байланысты операциялар;

    7)  капитал қозғалысының операциялары;

    8)   резидент жеке тұлгалардын шетелдік  банктерде шоттар ашуы;

    9)    резидент заңды тұлғалардын шетелдік  банктерде шоттар ашуы жатады.

    Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реггеу және қадағалау жөніндегі Кдзақстан  Республикасы Агенттігі лицензиялайтын банктік операция түрлеріне:

    1)  занды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

    2) жеке тұлғалардың депозиттерін  кабылдау, банктік шоттарын ашу  және жүргізу;

    3)  банктер мен банктік операциялардың  жекелеген түрлерін жүзеге асыратын  ұйымдардың корреспонденттік шоттарын  ашу және жүргізу;

    4)  заңды тұлғалардың металл шоттарын  ашу және жүргізу;

    5)  банкноттар мен монеталарды кдбылдау, беру, қайта есептеу, ұсақтау,  айырбастау, сұрыптау, қаттап буу  және сақтауға байланысты кассалық  операциялар;

    6)  заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ақша аудару тапсырмаларын орындау жөніндегі аударым операциялары;

    7) занды тұлғалар мен жеке тұлғалардын  вексельдері мен өзге қарыздық  міндеттемелерін есепке алу (дисконттау) жөніндегі есептеу операциялары;

    8) ақылылық мерзімділік, қайтарымдылық  талаптарына сәйкес ақшалай түрде несие беру жөніндегі заемдық операциялар;

    9) жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардын,  оның ішінде корреспондент банктердің  тапсырмалары бойынша олардың  банктік шоттары арқылы есеп  айырысу;

    10) сенім білдірген тұлғаның мүддесін  көздеп және оның тапсырмасымен оның ақшасын, ипотекалық қарыздары бойынша талап ету құқықтарын, тазартылған бағалы металдары мен бағалы қағаздарын басқаруға байланысты сенімгерлік операциялар;

    11)банкаралық  клиринг;

    12)сейфтік  операциялар;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

    13) ломбардтық операциялар;

    14) төлемдік карточкалар шығару;

    15) банкноттарды, монеталар мен қазыналарды  инкассациялау;

    16) шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру;

    17) төлемдік құжаттарды (вексельдері  коспағанда) инкассоға қабылдау;

    18) чек кітапшаларын шығару;

    19) аккредитивті ашу (ұсыну) және  растау, соңдай-ақ ол бойынша міндеттемелерді  орындау;

    20) ақшалай түрде орындалуды көздейтін банктік кепілдік беру;

    21) үшінші тұлғалар үшін ақшалай  түрде орындауды көздейтін банктік  кепіл болу және өзге де  міндеттемелер беру;

    22) қымбат бағалы тазартылған металдарды (алтын, күміс, платина, платина  тобына жататын металдарды) құйма  күйінде, монеталар мен дәрігерлік бұйымдар түрінде сатып алу, кепілге кабылдау, есепке алу, сақтау және сату;

    23) құрамында бағалы металдар мен  асыл тастар бар зергерлік  бұйымдарды сатып алу, кепілге  қабылдау, есепке алу, сактау және  сату;

    24) вексельдермен жасалатын операциялар;

    25) лизингтік қызметті жүзеге асыру;

    26) акцияларды коспағанда өз меншігіндегі  бағалы қағаздарды эмиссиялау;

    27) факторингтік операциялар; 

    28) форфейтингтік операциялар;

    29) шетелдік валютамен және туынды  бағалы кағаздармен жүргізілетін делдалдық қызмет;

    30) шетелдік валютамен, туынды бағалы  қағаздармен жүргізілетін дилерлік  қызмет;

    31)инвестициялық  портфельді басқару;

    32) кастодиандық қызмет жатады. 
 

    2.5 Банктік қызметті пруденциалдық реттеу ерекшеліктері 

    Банктік қызметті пруденциалдық реттеу банктер және банктік холдингтер сақтауға (орындауға) міндетті қаржылық нормативтерді, кредиттік тәуекелдің белгілі бір мөлшерін, есептеме жасау және есептілік табыс ету жөніндегі талаптарды, сондай-ақ басқа да нормалар мен лимиттерді Қазақстандағы банктердің қаржылық орнықтылығын және олардың қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында белгілеуге байланысты Каржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Қазақстан Республикасы Агенттігінің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» және «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қызметіне жатады.

Информация о работе ҚР банк қызметін құқықтық реттеу