ҚР банк қызметін құқықтық реттеу

Автор: r**************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 10:21, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің күшіне енуіне және оның ерекше бөлімінін қабылдауға дайындығына байланысты, жаңа Азаматтық кодекс банк қызметіне байланысты шарттардың жеке түрлерін реттеуге бағытталған. Тиісті тараулар заем және кредит, банк салымы және шот есеп шарттарын реттеуге арналған.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3-6
І. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 Банкілік қызметтің теориялық негіздері............................................7-10
1.2 Азаматтық құқықтағы банктік қызмет көрсету шарттары.............11-14
1.3 Банктік шот шарты.............................................................................14-20
1.4 Ақша аудару туралы шарт.................................................................20-30
ІІ. БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар.............................31-34
2.2 Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары.........................................................................................................35-37
2.3 Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері...............38-43
2.4 Банктік заннама: мәні-маңызы және банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері,тәсілдері, құқықтық негіздері.......44-54
2.5 Банктік қызметті пруденциалдық реттеу ерекшеліктері................54-56
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
3.1 Қазақстанның Ұлттық банкі қызметінің аясындағы банктік құқықтық қатынастар........................................................................................................57-62
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------63-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................69-70

Работа содержит 1 файл

банк кызмет - азаматтык-диплом.doc

— 514.00 Кб (Скачать)
tify">    Банктік шот шарты консенсуалды сипатқа  ие. Ол оның барлық мәнді жағдайлары бойынша тараптар келісімге келген кезде жасалды деп есептеледі. Банктік шот шартының мәнді жағдайларына мыналар жатады: пәні туралы, банкте орналасқан ақшаны басқару тәртібі туралы, банкпен қызмет көрсету және оларға ақы төлеу тәртібі туралы жағдайлар. Банктік шот шартының қосымша жағдайлары заңнамада көзделуі мүмкін. Банктік қызмет көрсету аясында бекітілетін шарттардың ерекшелігі - оның жағдайлары, соның ішінде банктік шот жүргізу жағдайында, банк заңнамаларымен анықталатындығында. Бұған қоса, банктер Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағына сәйкес сол бір немесе өзге операцияларды тек оларды жүргізудің жалпы ережелерін анықтайтын ережелер және ішкі ережелер болған кезде ғана жүзеге асыруға құқылы.

    ІІ  – бөлімінде: Қазақстан Республикасы банк жүйесінің тиісінше жұмыс істеуі, қазақстандық банктердің біртіндеп халықаралық экономикалык қатынастар мен бизнеске интеграциялануы банктік құқық және оның реттеуі әлеуетінің теориялық-практикалық негіздемелеріне байланысты болады. Осы орайда Қазақстан Республикасының банктік құқығын, банктік заңнамасын және қатысы бар өзге де нормативтік құқықтық актілерін сондай-ақ банктік құқықтың Қазақстанда, ТМД — елдерінде, оның ішінде Ресейде, Еуропада және дуниежүзінде қазіргі заманғы дамуының үрдістерін зерделеу қажеттілігі туындайды.

    Қазақстандағы банк жүйесі, оның жұмыс істеуін  қамтамасыз ететін банктік құқық, банк жүйесінің жоғарғы және төменгі  денгейлеріндегі банктердің құқықтық жағдайлары, олардың қазақстан экономикасының мемлекеттік және жеке меншік секторында атқаратын рөлі банктік құқықтық қатынастар жүйесінің тиімділігіне қол жеткізуге, сондай-ақ ақша - кредит, қаржы жүйесінің, ұлттық валюталық жүйенің мемлекет және корпоративтік ая мүддесіне сай жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

    Бүгінде қоғам мен мемлекеттің экономикалык-қаржылық мүдделерін қамтамасыз етуді кездей отырып Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму банкі, Қазақстан Республикасының  тұрғын-үй құрылысы жинақ банкі жұмыс  істеуде. Мысалы, Қазақстан Ұлттық Банкі ақша айналысы, валюталық реттеу, кредиттеу және есеп айырысу саласындағы мемлекеттін бірыңғай саясатын жүргізу, сондай-ақ республикалық бюджет мүдделерін және өз шығының ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі банктік операцияларды жүзеге асырады. Коммерциялық банктер қолма-қол ақшасыз айналымды және қолма қол ақша айналысын ұйымдастыру; кредиттеуге қажетті қаражаттарды тарту-жұмылдыру; негізгі құралдарға байланысты күрделі салымдарды қаржыландыру; тұрғылықты халықтың ақша қаражаттарын жинақтауды ұйымдастыру, бағалы қағаздар, вексельдер және чектер шығару, уәкілетті банктер ретінде түрлі валюталық операциялар жүргізу сияқты және т.б. қызметтерін тиісті заңнамалық актілер, занға тәуелді нормативтік құқықтық актілер мен лицензиялар негізінде жүзеге асырады.

      Банктердің банктік кызметінің экономмкалық-құқықтық маңызы мен мән-жайлары оның аясында туындайтын қаржылық-экономикалық және банктік құқықтық қатынастардын мәні арқылы нақты айқындалады.

    Банк  жүйесін және банктік кызметті ұйымдастырушы-реттеуші уәкілетті мемлекеттік органдар аткаратын негізгі рөл мемлекеттің экономикалық-қаржылық міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру барысында айқын көрініс табады. Банктік қызметті жүзеге асырушы субъектілердің іс-қимылдарына, банк жүйесіне тікелей мемлекеттік ыкпал ететін Қазақстан Ұлттық Банкі мен Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау женіндегі Қазақстан Республикасының Агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейді, яғни мемлекеттік басқару (атқарушы билік) органдарының қатарына жатпайды.

    Алайда  Қазақстан Ұлттық Банкі атқарушы билік органы болып табылмағанымен, өзінің айрықша уәкілеттілігі мен  құзыреті шеңберінде мемлекет атынан, мемлекеттің тапсыруымен және мемлекет мүддесін көздей отырып өз атынан екінші деңгейдегі коммерциялық банктерге қатысты ұйымдастыру — экономикалық ықпалын тигізетін (мемлекеттік экономикалық басқаруды жүзеге асыратын), орталық кредиттік-қаржылық әрі мемлекеттік монетарлық билік органына жатады. 

    Бүгінде қоғам мен мемлекеттің экономикалык-қаржылық мүдделерін қамтамасыз етуді кездей отырып Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстанның Даму банкі, Қазақстан Республикасының тұрғын-үй құрылысы жинақ банкі жұмыс істеуде. Мысалы, Қазақстан Ұлттық Банкі ақша айналысы, валюталық реттеу, кредиттеу және есеп айырысу саласындағы мемлекеттін бірыңғай саясатын жүргізу, сондай-ақ республикалық бюджет мүдделерін және өз шығының ақша қаражаттарымен қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі банктік операцияларды жүзеге асырады. Коммерциялық банктер қолма-қол ақшасыз айналымды және қолма қол ақша айналысын ұйымдастыру; кредиттеуге қажетті қаражаттарды тарту-жұмылдыру; негізгі құралдарға байланысты күрделі салымдарды қаржыландыру; тұрғылықты халықтың ақша қаражаттарын жинақтауды ұйымдастыру, бағалы қағаздар, вексельдер және чектер шығару, уәкілетті банктер ретінде түрлі валюталық операциялар жүргізу сияқты және т.б. қызметтерін тиісті заңнамалық актілер, занға тәуелді нормативтік құқықтық актілер мен лицензиялар негізінде жүзеге асырады.

    Банктер өз қызметтері (операциялары) барысында барынша пайда табуға ат салысады. Банктік қызметтің затына ақшалар, валюталық құндылықтар және өзге де қаржылық инструменттер жатады.

    Банктік операциялар мен мәмілелерді  тиісті заңнамалық актілер негізінде  және осы заңнамаларға сәйкес берілген лицензияға сай жүргізетін коммерциялық ұйым, зан жүзінде өкілеттігі белгіленген заңды тұлға — банк түрлі банктік құқықтық қатынастардың тұрақты субъектісі болып табылады.

    Банктік қызметтің қоғамдық және мемлекеттік  маңызы мен мәні конституциялық, қаржылык, әкімшілік, салықтық және банктік құқық арқылы көрініс табады. Әкімшілік — рұқсат беру жүйесінің қуатты құралы лицензиялау банктік қызметтің мызғымас әрі маңызды атрибуты ретінде танылады.

    Банктік қызмет (операциялар) Қазақстан Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі Агенттігі құзыретінің ауқымында және коммерциялық банктердің өкілеттігі шегінде жүзеге асырылады.

    Сонымен, банктік қызмет ел экономикасының банктік  секторындағы барлық банктердің қоғамдық-мемлекеттік маңызы басым және жекеше — корпоративтік экономикалық-қаржылық мүдделер мен қажеттіліктерді қамтамасыз етуге бағытталған, банк жүйесін, мемлекеттік және мемлекеттік емес банктердің қаржылық ресурстарын қалыптастыруға және оларды басқаруға (тиімді пайдалануға) бағдарланған, тиісті заңнамалық актіде көзделген операциялар мен мәмілелерді заңдық немесе лицензиялық негізде жүйелі әрі тұрақты жүзеге асыруға байланысты кредиттік-қаржылық мазмұнды экономикалық қызметтері болып табылады.

    Банктік қызметтің және банк жүйесінің айтарлықтай ерекшеленуі және жанаша дамуы, ұлттық қаржы рыногының оның ішінде ақша, алтын және валюта рыноктарының халықаралық стандарттарға сай құрылуы, коммерциялық банктердің операциялық қызметтері ауқымының ұлғаюы, қоғамдық банктік қатынастардағы мемлекет пен жеке меншік-корпоративтік ал субъектілері мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері сондай-ақ т.б. экономикалық-басқарушы мән-жайлар банктік құқықтың дербес құқық саласы ретінде жаңадан қалыптасуын негіздеді.

    ІІІ – бөлімінде: Қазақстан Ұлттық Банкінің кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде жүзеге асыратын банктік операциялары мен мәмілелеріне орай қалыптасатын банктік құқықтық қатынастар мемлекеттің ен басты банкінің қаржылық қызметінің процесінде туындайтын мемлекеттік қаржылық құқықтық қатынастар қатарына жатады.

    «Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі:

    -    шет ел валютасын сатып алады  және сатады;

    -  шет мемлекеттердің үкіметтері  немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және Қазақстан Республикасының Үкіметі шетел валютасымен кепілдік берген бағалы қағаздарды сатып алады, сатады немесе олармен операциялар жүргізеді;

    -    өздері тіркелген мемлекеттердің  заңдары бойынша тиісті құқығы  бар банктерде, шет елдердің орталык банктері мен банктерінде, қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық каржы ұйымдарында шот ашады;

    -    өздері тіркелген мемлекеттердің  зандары бойынша тиісті құқығы  бар шетелдік орталық банк, банктер  мен басқа да қаржы институттары, шет елдер үкіметі мен олардың агенттері, сондай-ак халыкаралык қаржы ұйымдары үшін шот ашады, оньг жүргізеді, өкіл немесе корреспондент ретінде іс-әрекет жасайды;

    -    алтын мен басқа да бағалы  металдарды, асыл тастарды және  одан жасалған бұйымдарды қабылдау мен сақтауды жүзеге асырады;

    - Қазақстан Республикасының қолданылып  жүрген заңдарында белгіленген  тәртіппен бағалы металдар мен  зергерлік бұйымдарға қатысты  операцияларға лицензиялау жүргізеді;

    -  Қазақстан Республикасының аумағында  және сыртқы рынокта алтын және басқа да бағалы металдарды сатып алу мен сату жөнінде операциялар жүргізеді;

    - ең төменгі деңгейін Қазақстан  Ұлттық Банкінің басқармасы айқындайтын  кредиттік рейтинг бар эмитенттер  шығарған бағалы қағаздарды сатып  алады, сатады немесе олармен операциялар жүргізеді;

    - ақша рыногының банкаралық депозиттер, репо және кері репо,      депозиттік сертификаттар, коммерциялық  қағаздар және ең төменгі деңгейін  Қазақстан Ұлттық Банкінің баскармасы  айқындайтын кредиттік рейтингі  бар эмитенттер шығарған баска да борыштық міндеттемелер сияқты құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

    - форвард операциялары, своп операциялары  және кредиттік рейтингін Қазақстан  Ұлттық Банкінің басқармасы   айқындайтын   деңгейден   төмен   емес қарсы әріптестермен опцион  операциялары сияқты туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады.

    Мемлекеттің (58-баптың ережесінде Қазақстан Ұлттық Банкінің деп көрсетілген) алтын-валюта активтері: таза алтыннан; Қазақстан  Ұлттық Банкінде сактаулы валюталық  құндылықтардан; шет ел валютасындағы жәй және аударым вексельдерінен; шет елдер үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарып, кепілдік берген бағалы қағаздардан; мұндай активтердің өтімділігі мен сақталуы қамтамасыз етілген жағдайда, шет ел валютасында деноминирленген басқа да сыртқы активтерден құралады.

    Қазақстан Ұлттық Банкінің баскару, бақылау, қадағалау, реттеу, тексеру функцияларын жүзеге асыру ауқымында туындайтын қатынастар ұйымдастыру, функционалдық сипатындағы  банктік құқықтық, қатынастар болып  табылады.

    Сонымен, осы зерттеу диплом жұмысы көлемінде талданып, шолу жасалынған Қазақстан Ұлттық Банкінің басқару қызметі мен банктік операцияларының мән-жайлары Қазақстан Ұлттык Банкі құқықтық мәртебесі конституциялық, қаржылык, құқықтық, әкімшілік-құқықтық және азаматтық-құқықтық сала мәртебелерінен қалыптасатынына, ал оның басқарушы - реттеуші және экономикалық банктік қызметі барысында қоғам мен мемлекет мүддесіне орай мемлекеттік қаржылық (материалдық) және ұйымдастыру банктік құқықтық қатынастардың туындайтынына көз жеткіздік деп ойлаймын. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 
 

    1.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» атты халыққа жолдауы, 122 б.

       2. ҚР Конституциясы

    3. Гарегин Тосунян. Банковское дело и банковское законодательство в России: опыт, проблемы, перспективы. М.: «Дело ЛТД», 1995, 12-бет

    4. 1988 жылғы 26 мамырда қабылданған КСРО-ның «КСРО-дағы кооперация туралы» заңы ерекше маңызды болды. «КСРО-дағы кооперация туралы» заңы

    5. Олейник О.М. Основы банковского права: Учебник. М.: Юрист, 1994. С.16.

    6.  Кристиан Гавальда, Жын Стуфле. Банковское право: Учебник. Париж, 1992. С.117.

    7.  Закон СССР «О кооперации в СССР» 26 мая 1988 г. № 8998-6 ведомости ВС СССР. 1988 № 22, 355-бет

    8. Олейник О.М. Основы банковского права. Учебник. М.: Юрист, 1994. С.26.

    9. Гавальда Кристиан, Стуфле Жан. Банковское право: Учебник. Париж, 1992. С.П7.

    10. "Банктер және банкілік қызмет туралы" 31.08.1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы

    11. Закон СССР «О кооперации в СССР» 26 мая 1988 г. № 8998-6 ведомости ВС СССР. 1988 № 22, 355-бет).

    12. "Банктер және банкілік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы. 31.08.1995 жыл. 26-бап.

Информация о работе ҚР банк қызметін құқықтық реттеу