ҚР банк қызметін құқықтық реттеу

Автор: r**************@mail.ru, 27 Ноября 2011 в 10:21, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің жалпы бөлімінің күшіне енуіне және оның ерекше бөлімінін қабылдауға дайындығына байланысты, жаңа Азаматтық кодекс банк қызметіне байланысты шарттардың жеке түрлерін реттеуге бағытталған. Тиісті тараулар заем және кредит, банк салымы және шот есеп шарттарын реттеуге арналған.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................3-6
І. БАНКІЛІК ҚЫЗМЕТ АНЫҚТАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
1.1 Банкілік қызметтің теориялық негіздері............................................7-10
1.2 Азаматтық құқықтағы банктік қызмет көрсету шарттары.............11-14
1.3 Банктік шот шарты.............................................................................14-20
1.4 Ақша аудару туралы шарт.................................................................20-30
ІІ. БАНК ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ БАНКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2.1 Банк жүйесіндегі банктік құқықтық қатынастар.............................31-34
2.2 Банктік қызмет: экономикалық және азаматтық – құқықтық нормалары.........................................................................................................35-37
2.3 Банктік құқықтың пәні, әдістері, жүйесі, қайнар көздері...............38-43
2.4 Банктік заннама: мәні-маңызы және банктік қызметті ұйымдастыру және реттеу: қазіргі заманғы үрдістері,тәсілдері, құқықтық негіздері.......44-54
2.5 Банктік қызметті пруденциалдық реттеу ерекшеліктері................54-56
ІІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІНІҢ АЯСЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ БАНКТІК МІНДЕТТЕМЕЛЕР
3.1 Қазақстанның Ұлттық банкі қызметінің аясындағы банктік құқықтық қатынастар........................................................................................................57-62
ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------------63-68
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................................................69-70

Работа содержит 1 файл

банк кызмет - азаматтык-диплом.doc

— 514.00 Кб (Скачать)

    Қазақстан Ұлттық Банкінің ұлттық валюта - теңгемен:

    1)  Қазақстан Ұлттық Банкінде ашылған есепшоттарының иелеріне бір жылдан аспайтын мерзімге өтімділігі жоғары, тәуекелсіз бағалы қағаздармен және басқа да активтермен камтамасыз етілген кредиттер беру;

    2)  өтеу мерзімі бір жылдан аспайтын, саудаға шығарылған бірінші     сыныпты эмитенттердің вексельдерін қайта есепке алу;

    3)    мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу және сату;

    4)  Қазакстанның Ұлттық Банкі кредиттерді  қамтамасыз ету үшін жарамды деп есептейтін депозиттік сертификаттарды, борыштық бағалы қағаздарды сатып алу және сату;

    5)  депозиттерді қабылдау, ақша төлемі мен аударымдарын жүзеге асыру, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтарды сақтау және басқару;

    6)     туынды қаржы құралдарымен операцияны жүзеге асыру;

    7)    қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының аумағындағы және одан тыс жерлердегі банктер мен қаржы ұйымдарында шоттар ашу;

    8)     чек жазып беру және вексельдер беру;

    9) егер заңда тікелей тыйым салынбаған болса, басқа банктік операцияларды, сондай-ақ өз міндеттеріне сәйкес өз атынан мәмілелерді жүзеге асыру барысында туындайтын банктік құқықтық қатынастар нәтижесінде тапкан пайдасы есебінен өзінің және мемлекеттің тиісті шығындарын өтеуге ат салысады.

    Демек, Қазақстан Ұлттық Банкінің кәсіпкерлік  қызмет субъектісі ретінде жүзеге асыратын банктік операциялары мен мәмілелеріне орай қалыптасатын банктік құқықтық қатынастар мемлекеттің ен басты банкінің қаржылық қызметінің процесінде туындайтын мемлекеттік қаржылық құқықтық қатынастар қатарына жатады.

    «Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 57-бабына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі:

    -    шет ел валютасын сатып алады және сатады;

    -  шет мемлекеттердің үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарған және Қазақстан Республикасының Үкіметі шетел валютасымен кепілдік берген бағалы қағаздарды сатып алады, сатады немесе олармен операциялар жүргізеді;

    -    өздері тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша тиісті құқығы бар банктерде, шет елдердің орталык банктері мен банктерінде, қаржы институттарында, сондай-ақ халықаралық каржы ұйымдарында шот ашады;

    -    өздері тіркелген мемлекеттердің зандары бойынша тиісті құқығы бар шетелдік орталық банк, банктер мен басқа да қаржы институттары, шет елдер үкіметі мен олардың агенттері, сондай-ак халыкаралык қаржы ұйымдары үшін шот ашады, оньг жүргізеді, өкіл немесе корреспондент ретінде іс-әрекет жасайды;

    -    алтын мен басқа да бағалы металдарды, асыл тастарды және одан жасалған бұйымдарды қабылдау мен сақтауды жүзеге асырады;

    - Қазақстан Республикасының қолданылып  жүрген заңдарында белгіленген тәртіппен бағалы металдар мен зергерлік бұйымдарға қатысты операцияларға лицензиялау жүргізеді;

    -  Қазақстан Республикасының аумағында және сыртқы рынокта алтын және басқа да бағалы металдарды сатып алу мен сату жөнінде операциялар жүргізеді;

    - ең төменгі деңгейін Қазақстан  Ұлттық Банкінің басқармасы айқындайтын кредиттік рейтинг бар эмитенттер шығарған бағалы қағаздарды сатып алады, сатады немесе олармен операциялар жүргізеді;

    - ақша рыногының банкаралық депозиттер, репо және кері репо,      депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағаздар және ең төменгі деңгейін Қазақстан Ұлттық Банкінің баскармасы айқындайтын кредиттік рейтингі бар эмитенттер шығарған баска да борыштық міндеттемелер сияқты құралдарымен операцияларды жүзеге асырады;

    - форвард операциялары, своп операциялары және кредиттік рейтингін Қазақстан Ұлттық Банкінің басқармасы   айқындайтын   деңгейден   төмен   емес қарсы әріптестермен опцион операциялары сияқты туынды қаржы құралдарымен операцияларды жүзеге асырады.

    Мемлекеттің (58-баптың ережесінде Қазақстан Ұлттық Банкінің деп көрсетілген) алтын-валюта активтері: таза алтыннан; Қазақстан Ұлттық Банкінде сактаулы валюталық құндылықтардан; шет ел валютасындағы жәй және аударым вексельдерінен; шет елдер үкіметтері немесе халықаралық қаржы ұйымдары шығарып, кепілдік берген бағалы қағаздардан; мұндай активтердің өтімділігі мен сақталуы қамтамасыз етілген жағдайда, шет ел валютасында деноминирленген басқа да сыртқы активтерден құралады.

    Осы мемлекеттің алтын-валюта активтерінің құрылымын ұлғайту, сапасын өзгерту Қазақстан Ұлттық Банкі тарапынан жүргізілетін мынадай операциялар:

    -    бағалы металдар мен асыл тастарға қатысты қатынастарды реттейтін    Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген зандарына сәйкес     қазақстандық және басқа осындай металл өндірушілерден (сатушылардан) тазартлған алтын сатып алу;

    -  Қазақстан теңгесіне (естелік және кәдесый тиындарын қоса) шетел валютасын және Қазақстан Республикасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің резиденттері мен резиденті еместерге шетел валютасын сатып алу;

    -    Қазақстан Ұлттык Банкінің шет ел валютасымен жүзеге асыратын     депозит, салым, дилинг операцияларынан және шет ел валютасында деноминирленген бағалы қағаздар операциялары;

    -   Қазақстан Ұлттық Банкінің тазартылған алтын, күміс, платина және платина тобындағы басқа металдарды сату, сатып алу және басқа операциялар жүргізуінен алынған шетел валютасындағы түсімдер;

    -  Қазақстан  Ұлттық Банкі халықаралык  қаржы ұйымдарынан, шет мемлекеттердің орталық банктерінен және басқа кредиторлардан алған кредиттер аркылы жүзеге асырылады.

    Сонымен, жоғарыда баяндалған, Қазакстан Ұлттық Банкінің банктік операциялары мен мәмілелері барысында туындайтын банктік құқықтык қатынастар әрдайым материалдық мөнімен ерекшеленіп, мемлекеттің қаржылық қызметінің өнімі ретінде көрініс табады.12

    Қазақстан Ұлттык Банкінің өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын реттеу және қадағалау банк жүйесінің, барлық банктердің адал бәсекелестік ауқымында жұмыс істеулеріне ортақ жағдай жасауға, сондай-ақ мемлекеттің ақша-кредит жүйесінің тұрактылығын қолдауға, банк кредиторларының, депозиторларының және клиенттерінің мүдделерін қорғауға бағытталады.

    Осы мақсатта Қазақстан Ұлттық Банкі: валюталық операцияларды жүзеге асыратын банктерге лицензия береді; банктер мен олардың клиенттері орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер қабылдайды; банктерге лицензия беру шарттылығы мен тәртібін айқындайды; банктер мен өзге де тұлғалардың қызметін тексереді; өзінің реттеу және қадағалау функцияларын жүзеге асыруға кажеті мәліметтер алады .

    Мысалы, Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеуді жүзеге  асыру барысында Қазақстан Ұлттық Банкі:

    1) валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметін жүзеге асыратын резиденттерге қойылатын талаптарды;

    2) резиденттер мен резидент еместер жүргізетін валюталық операцияларды жүзеге асыру тәртібін, оның ішінде лицензиялау, тіркеу және хабардар ету тәрізді;

    3)    қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын резидент еместердің валюталық операцияларына мониторинг (валюталық мониторинг) жүргізу тәртібін;

    4)  уәкілетті мемлекеттік органдармен жасалған өзара келісім негізінде әрі олардың құзыретіне сәйкес валюталық операциялар бойынша резиденттер мен резидент еместердің орындауы үшін міндетті есепке алу және есептілік нысандарын белгілейді13. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

    Сонымен, дипломдық жұмысты қорытындылай келе, І – бөлімінде мынадай мәселелер қарастырылды: Банкілік қызмет теориялық тұрғыдан субъектілер әрекеті, қоғамдық қатынастар және тағы басқа да факторлар арқылы түсіндірілсе, құқықтық тұрғыдан заңдар мен құқықтық актілер арқылы түсіндіріледі. Нақтырақ айтсақ. осы заңдық актілерде банкілік қызмет анықтамасы, банкілік қызметті жүзеге асыруды құқықтық реттеу, банкілік қызмет түрлері (операциялар) және тағы басқа да мәселелер қарастырылған.

    "Банктер  және банкілік қызмет туралы" 31.08.1995 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығында банкілік қызметке келесідей анықтама берілген (30-бап): Банкілік қызмет — банктердің банкілік операиияларды, сондай-ақ осы заңда көрсетілген басқа да операцияларды жүзеге асыруы. Бұл операциялар тізімі заңның осы бабында көрсетілген.14

    банктік қызметтің өзіне тән ерекшеліктері  болып табылады. Банкілік қызмет кәсіпкерлік  қызметтің бір түрі болып танылғандықтан, оның өзіне тән ерекшеліктері  де болады. Кәсіпкерлік қызметтің  пайда табу, өз мүлкі шегінде жауап  беру, тәуекекелдікке бару секілді ерекшеліктерге ие болғандығын банкілік қызметтің келесідей ерекшеліктерінің 5 түрін көрсетуге болады. Олар:

    -  өздерінің ғана емес, сонымен қатар   құрал-қаражаттармен тәуекел ету арқылы айналымнан пайда түсіру;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

    - мемлекеттің болуы мен оның  қамтамасыз ету шарты болып  табылатын қаржылық құралдар  айналымынан пайда табу;

    - алғашқы екі ерекшеліктің болуымен  бірінші кезекте жалпы мүддені, одан кейін мүдделер балансын қамтамасыз ету мақсаты кәсіпкерлік қызметтің осы түріне байданысты мемлекеттік реттеудің болуы.

    Банкілік  қызметте өзіне тән құқықтық режимдері  болады. Бұл жерде құқықтық режим  ретінде банкілік операциялар мен  мәмілелерді жүзеге асыруды және бекітілген ережелерді сақтамаудың салдары туралы айтып өтуге болады.

    Банкілік  қызметтегі ерекше шектеулер өндірістік, сауда және сақтандыру қызметтеріне тыйым салу болып табылады. Бұл  дегеніміз -ұйымы ретіндегі кез  келген заңды тұлғаның  қабілеттігінің шектелуі болып табылады.

    Банктік қызмет көрсету шартын ажыратудың маңыздылығы - оны жүзеге асыру барысында банк пен шаруашылық жүргізуші субъектілер  арасындағы есеп айырысу несие қатынастарының кем дегенде бір қатысушысының  өзара қарым-қатынастарының мәселелері шешілетіндігінде. Осылайша, бұл шарттар есеп айырысу және несие қатынастарының алғы шарттары болып табылады және бірқатар жағдайларда оларды жүзеге асьтрудың тікелей тәртібін де анықтайды.

    ҚР  Азаматтық кодексі банктік қызмет көрсету шарттарының төмендегідей түрлерінің тізімін келтіреді:

    1) Банктік шот шарты; 

    2) ақша аудару шарты; 

    3) банк салымы шарты, ол негізінен  несиелік қатынастарды қамтамасыз  ететін болғандықтан жоғарыда  қарастырылып өткен; 

    4) заңнамамен немесе тараптар келісімімен көзделген өзге де шарт түрлері.

    Өз  қаражаттарына меншік құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін клиенттің  кедергісіз жүзеге асыру кепілдігін құрған жағдайда банк шоттағы ақшаны пайдалана алады және төлем айналымына жәрдемдесетін шарттарды жүзеге асыру барысында несиелік сипаттағы қатынастар пайда болады.

    Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы  банктер және банк қызметі туралы" Заңының 20-бабында көрсетілгендей заңды  және жеке тұлғалардың банктік шоттарын, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу мен жүргізу банктердің операцияларына жатқызылады.

    Банктік шот шарты бойынша бір тарап (банк) екінші тараптың (клиенттің) пайдасына түсетін ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға ақшаның тиісті сомаларын аудару (беру) туралы өкімдерін орындауға және банктік шот шартында көзделген басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттенеді.

Информация о работе ҚР банк қызметін құқықтық реттеу