Бухгалтерлiк есептiң тұжырымдамалары мен принциптерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2010 в 20:24, реферат

Описание работы

Стандарт сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда үлгi, норма деген мағынаны бiлдiредi. Ал бухгалтерлiк есеп стандарттары дегенiмiз кәсiпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргiзудiң және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесi болып табылады. Мұндай ереже бухгалтерлiк есептiң әдiстерi мен тәсiлдерiн, мәнi мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының өз мақсаты, қолданылу орны, анықтамасы, қолданысқа енген уақыты және мазмұны болады.

Содержание

1. Бухгалтерлiк есептiң стандарттары және тұжырымдамалық негiзi
2. Бухгалтерлiк есептiң принциптерi
3. Бухгалтерлiк есептiң әдiстерi

Работа содержит 1 файл

Лекция бух учет и аудит.doc

— 307.50 Кб (Скачать)

     Жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шот негізінен  бухгалтерлік баланстың баптары  негізінде ашылады. Бұл шот арқылы белгілі бір мүлік немесе қорлану көздері  туралы жалпылай ақпарат алуға болады. Сондай-ақ шоттың бұл түрінде объектілер тек қана ақшалай өлшеммен  көрсетіледі.

     Мысалы, дайын өнім деп аталатын шотқа  қарап  отырып кәчіпорынның барлық өндірген, жасап шығарған бұйымдарының ақшалай өлшем түріндегі өзіндік құнын көре аламыз. Сондай-ақ  отындар  деп аталатын шотқа қарап отырып ұйымдағы қолда бар отын қалдығының сомасын ғана көруімізге болады.

     Бірақ  бұл  жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттардағы мәліметтер кейде кәсіпорынды  тиімді басқару барысында жеткіліксіз болады. Өйткені ұйымдағы басқарушы немесе осы шоттағы мәліметтерді пайдалану арқылы шешім қабылдаушы  адамға жоғарыдағы  мысалда қарастырылған дайын өнімнің  қанша түрлі өнім екендігін, оның ішінде  әрбір өнімнің санын  және оның бір данасының бағасын білу қажет болуы мүмкін. Сондықтан бухгалтерлік есепте  жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттардағы мәліметтерді толық және жан-жақты ашып көрсетуге арналған. Есепке алынатын объектілер бұл шотта өздірінің түрі бойынша  ақшалай өлшеммен және заттай өлшеммен есептелініп жүргізіледі.

     Мысалы: «ККК» фирмасының есепті кезең басындағы  дайын бұйымдары А-түрлі өнімі  – 10000 (он мың)  теңгені, Ә- түрлі  өнімі 5000 (бес мың) теңгені құрайды. Есепті кезең барысында 25000 (жиырма бес мың) теңгенің  А-түрлі және 15000 (он бес мың) теңгенің Ә-түрлі бұйымдары өндіріліп шығарылды. Сонымен қатар осы кезеңде 20000(жиырма мың) теңгенің  А-түрлі және 10000 (он мың) теңгенің Ә-түрлі өнімдері сатылды.

     «ККК» фирмасының дайын бұйымдар деп аталатын жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шотында бұл операция мына түрде жазылады:

Жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шот
Дебет                       дайын бұйымдар                              Кредит

     Баст.қалдық         15000   2) 30000

     1) 40000     айн. 30000

     айн. 40000

      соңғы қалдық      25000 
 

     Осы есепті кезеңдегі «ККК» фирмасындағы орындалған операциялар дайын бұйымдар деп аталатын талдамалық  (аналитикалық) шотта бұйым түрлері бойынша  мына түрде көрсетіледі.  

Талдамалық (аналитикалық)  шот

              Дебет                   А-түрлі дайын бұйымдар                        Кредит

     Баст.қалдық       10000   2) 20000

     1) 25000     айн.   20000

     айн.   25000

     соңғы қалдық    15000 
 

Талдамалық (аналитикалық)  шот

     Дебет                   Ә-түрлі дайын бұйымдар                            Кредит

     Баст.қалдық       5000               2) 20000

     1) 15000     айн.   20000

     айн.   15000

     соңғы қалдық    10000

     Міне  осы мысалымыздан  көріп  отырғанымыздай әрбір  жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық)  шоттардағы  бастапқы  қалдық  сомасы соған  сәйкес  талдамалық (аналитикалық)  шоттардың  бастапқы  қалдықтарының қосындысынан  тұрады. Біздің  мысалымызда (15000 = 10000+5000) теңгеге тең  болып  отыр. Жинақтамалық (топтамалық,синтетикалық) шоттардағы дебиттік  және кредиттік  айналымдарының  сомасы да  тиісінше талдамалық (аналитикалық) шоттардың дебиттік және кредиттік айналмдарының   қосындысына тең болады. Жоғарыдағы мысалымызда бұл сома: дебиттік  айналым (30000=20000+10000) теңгені  құрайды. Сондай- ақ жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шоттың соңғы  қалдығы, сол  шоттарға сәйкес  талдамалық  шоттардың  соңғы  қалдықтарының   қосынды  сомаларына  тең  болуы тиіс. Қарастырған мысалымызда, бұл сома (25000=15000+10000) теңгеге тең.

       Осы  жоғарыда  айтылғандармен  қоса  әрбір  ұйым  өзінің талдамалық (аналитикалық) шоттарындағы сомаларды әрі қарай жіктеулеріне де болады.

     Мысалы, жоғарыда мысалыда қарастырылған А-түрлі  өнімнің  бастапқы  қалдығы  10000  теңгені  құрады. Есепті  кезеңде  25000 теңгенің  А-  түрлі  бұйымдары өндіріліп шығарылып сонымен қатар осы кезеңде 20000 мың теңгенің  А-түрлі өнімдері сатылған. Кәсіпорын осы А- түрлі өнімнің өзін қанша дана және  оның  әрбір данасының құны  қанша теңгені құрайтындығын осы шотта көрсетеді.

 

Талдамалық (аналитикалық)  шот

         Дебет                                       А- түрлі  бұйымдар                Кредит

      Баст. қалдық  100* 100тг  2)  200 дана*100тг   

      айн.     20000    20000 тг                               

      2)250 дана *100 тг=25000 тг                                          

      айн. 25000

      соңғы қалдық 150 дана*100тг 
 

     Осыдан  көретініміз «ККК» фирмасында есепті  кезеңнің басында 100  теңгенің 100 дана А-түрлі өнімдері болған. Ал  есепті  кезеңде 100  теңгенің  250 (екі жүз елу дана) өнімдері өндіріліп  шығарылып осылардың 200 данасы сатылған. Соған  сәйкес есепті  кезеңнің соңындағы  «ККК»  фирмасындағы  А- түрлі өнімдер 150 дана, әрқайсысы 100 теңгеден  15000 теңгені құрайды.

     Бухгалтерлік  есепте шоттардың жинақтамалық (топтамалық,  синтетикалық) және  талдамалық (аналитикалық)  деп  аталатын  екі  түрінен  басқа  аралық  шот  (субшот) деп  аталатын  түрі де  жиі  қолданылады. Бұл  шот  өзінің  аталуына  сай  жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шотқа  қарағанда  жіктелінген түрде, ал  талдамалық  (аналитикалық) деп  аталатын  шотқа  қарағанда  топтастырылған  түрде  қолданылады. Сондықтан да  бұны  осы  екі  шоттың ортасындағы,  яғни  аралық  шот – деп  атайды. Бұл  шотта обьектілер  тек  қана  ақшалай  өлшеммен  есептеліп  жүргізіледі.

     Мысалы, кәсіпорынның қолда бар отыны  100000 (жүз мың) теңгені құрайды делік. Бұл жағдайда жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) отын шотының бастапқы қалдығы 100000 (жүз мың) теңге түрінде жазылады. Ал осы отын шоты ішінен аралық шот ашатын болсақ олардың бастапқы қалдығы мына түрде болады:

  • отын (көмір) деп аталатын аралық шотының қалдығы 30000 (отыз мың) теңге;
  • отын (газ) деп аталатын аралық шотының қалдығы 20000 (жиырма  мың) теңге;
  • отын (мазут) деп аталатын аралық шотының қалдығы 50000 (елу мың) теңге.

           Қазақстан Республикасында  қазіргі кезде қолданылып  жүрген шоттар жоспарында аралық шот қарастырылмаған. Еліміздің бухгалтерлік есеп стандартына  сәйкес барлық кәсіпорындар керек болған жағдайда әрбір жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық)  шоттың ішінен  аралық шоттарды  өз қалауы  бойынша аша беруіне болады. Сондай-ақ әрбір жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) шотқа ашылатын  аралық шоттың санына да ешқандай шек қойылмайды. Жақын жылдарда  біздің еліміз бухгалтерлік есетің халықаралық стандарттарына көшуге тиіс. Осыған байланысты  шоттар жоспарының келешекте кеоектігі туралы да мамандар арасында түрлі пікірлер қалыптасып, айтылып жүр.

           Мысалы, Америка Құрама Штаттарында шоттар кестесі жоқ, яғни ол қолданылмайды деген сөздерді  де жиі естиміз. Ал шындығында ол елде мемлекет тарапынан  барлық кәсіпорындар үшін біртекті бухгалтерлік есепшоттарының жоспары бекітілмеген. Бірақ  әрбір кәсіпорын өз қызметіне ыңғайлы шоттар жоспарын жасап бекітеді.

           Бір тұрғыдан қарағанда  бұндай шешім  кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының әдістемелік шешім таңдауында   біршама тәуелсіздігін көрсетсе, екінші жағынан елдегі кәсіпорындар мәліметтерін  сәйкестендіруде  немесе мамандардың бір кәсіпорыннан екіншісіне ауысуы кезінде қиындық туғызады. Дегенмен бұл елдегі әрбір кәсіпорындарда  жасалынып бекітілетін   шоттар жоспарына халықаралық бухгалтерлік  есеп стандарттары  мен ұлттық кәсіби  бірлестіктерде  қалыптасқан белгілі бір бухгалтерлік  стандарттарының ықпалын тигізетіндігі сөзсіз. Бұдан шығатын қорытынды - әрбір кәсіпорын өз бетінше  бухгалтерлік есеп шоттарын  жасағанымен, олардың өзара ұқсас болатындығы. Сондықтанда бiздiң елiмiзде қабылданған бухгалтерлiк есептiң типтiк шоттар жоспарының кәсiпорындағы қаржы мамандары үшiн қажеттi екендiг сөзсiз.  

Әдебиеттер: [1], [2], [3], [7]. 

Өзін-өзі  тексеру сұрақтары

  1. Синтетикалық шоттар дегеніміз не?
  2. Аналитикалық шот дегеніміз не?
  3. Синтетикалық  және аналитикалық есеп дегенді қалай түсінесіз?
  4. Синтетикалық және аналитикалық есептің өзара байланысын мысал арқылы түсіндіріңіз?

Информация о работе Бухгалтерлiк есептiң тұжырымдамалары мен принциптерi