Бухгалтерлiк есептiң тұжырымдамалары мен принциптерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2010 в 20:24, реферат

Описание работы

Стандарт сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда үлгi, норма деген мағынаны бiлдiредi. Ал бухгалтерлiк есеп стандарттары дегенiмiз кәсiпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргiзудiң және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесi болып табылады. Мұндай ереже бухгалтерлiк есептiң әдiстерi мен тәсiлдерiн, мәнi мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының өз мақсаты, қолданылу орны, анықтамасы, қолданысқа енген уақыты және мазмұны болады.

Содержание

1. Бухгалтерлiк есептiң стандарттары және тұжырымдамалық негiзi
2. Бухгалтерлiк есептiң принциптерi
3. Бухгалтерлiк есептiң әдiстерi

Работа содержит 1 файл

Лекция бух учет и аудит.doc

— 307.50 Кб (Скачать)
 

Тақырып – 3

Бухгалтерлiк  есептiң тұжырымдамалары  мен принциптерi 

     
  1. Бухгалтерлiк  есептiң стандарттары және тұжырымдамалық негiзi
  2. Бухгалтерлiк есептiң принциптерi
  3. Бухгалтерлiк есептiң әдiстерi
 

     1. Стандарт сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда үлгi, норма деген мағынаны бiлдiредi. Ал бухгалтерлiк есеп стандарттары дегенiмiз кәсiпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргiзудiң және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесi болып табылады. Мұндай ереже бухгалтерлiк есептiң әдiстерi мен тәсiлдерiн, мәнi мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының өз мақсаты, қолданылу орны, анықтамасы, қолданысқа енген уақыты және мазмұны болады.

     Мақсаты.  Бұл баспта стандарттың қандай мақсатқа арналып шығарылғандығы және есеп мәселелерi қысқаша баяндалады.

     Қолдынылу аясы. Стандарттың пайдаланылатын жерлерi мен қандай жағдайда қолданылмайтындығы осы бапта жазылады.

     Анықтамасы. Стандарттағы келтiрiлген негiзгi терминдерге түсiнiктеме берiлетiн бап болып табылады.

     Қолданысқа  енген уақыты. Стандарттың қай уақыттан бастап күшiне енетiндiгi осы бапта жазылады.

     Мазмұны. Бұл бапта кәсiпорынның есеп саясатына түсiнiк берiледi.

     Сонымен қатар стандарттың қосымшалары  да жарыққа шығуы мүмкiн. Бұл қосымшада  жаңа стандарттың басқа қай елдерде  қолданылғандығы жазылып және оған қоса мысалдар берiлуi мүмкiн.

     Бухалтерлiк  есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары халықаралық және iшкi болып екi түрге  бөлiнедi. Халықаралық стандартты қаржылық есеп беру стандартын дайындаудың халықаралық комитетi жасап шығарады. Ал iшкi бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру стандарттары әр елде бухгалтерлiк есептi жүргiзу үшiн, сол елдiң iшiнде жасалынады. Жоғарыда аталған халықаралық бухгалтерлiк есеп стандарты мен iшкi бухгалтерлiк есеп стандартының арасында тiкелей байланыс болуы қажет. Халықаралық бухгалтерлiк есеп стандартын дайындау барысында әрбәр елдердегi тәжiрибеде кездескен мәселелер жан-жақты талданып, оны шешу жолдары iздестiрiлетәiн болса, әрбiр ел өзiнiң iшкi бухгалтерлiк есеп стандартын жасауы барысында халықаралық бухгалтерлiк есеп стандартын негiзге алады.

     Бүкiл  әлемдегi елдерде қаржылық есеп беруде қолданылатын бухгалтерлiк есеп принциптерiн  бiр iзге салуға қол жеткiзу үшiн 1973 жылғы 29 маусымда Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитетi құрылды. Бұл ұйымның құрылуы АҚШ, Австрия, Германия, Голландия, Жапония, Ирландия, Канада, Мексика, Ұлыбритания, Франция елдерiнiң бухгалтерлерiнiң келiсiмге келуiмен iске асырылды. Бүгiнгi күнi оның құрамында аталған елдерден басқа Үндiстан, Малайзия, Оңтүстiк Африка Республикасы, Швейцария т.б. елдердiң өкiлдерi бар. Қаржылық есеп беру стандартының халықаралық комитетi өздерiнiң жарыққа шыққан жаңа стандарттары мен басқалай нұсқаулары, ережелерi және түсiнiктерi үшiн табыс алып отырады. Сонымен қатар бұл комитетке бухгалтердiң халықаралық федерациясы, қаржылық институттар, бухгалтерлiк фирмалар және басқалай ұйымдар қаржылық көмек көрсетiп отырады. Халықаралық қаржылық есеп беру стандартының негiзгi мақсаты-мына төмендегiлердi орындай отырып қаржылық есеп беруге қол жеткiзу:

  • қаржылық ақпаратты құру барысында қажеттi мiндеттер;
  • ақпараттық жүйенi құру принциптерi;
  • осы ақпараттардың сапалық сипаттамалары;
  • қаржылық есеп беру элементтерi;
  • өлшеу және мойындау критерийлерi.

     Қаржылық  есептiң мақсаты- кәсiпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруi туралы ақпараттар беру.

     Қаржылық  есеп ұйымның бухгалтерлiк ақпараттарының алғашқы құралы болып есептеледi. Ал бұл қаржылық есеп бухгалтерлiк  есептiң жетi элементiнен құралады. Элементтердiң алғашқы үштiгiнiң  қатарына ұйымның балансында көрсетiлген активтерi, меншiктi капиталы және мiндеттемесi жатқызылады. Қалған төрт элементi кәсiпорынның қаржы-шаруашылық қызметi туралы есебiнде көрсетiлген табыс, шығын, пайда, зиян деп аталатын топтардан құралады.

     Қаржылық  есеп беру тұжырымдамалары (концепциялары) шешiм қабылдау процесiнде көрсетiлетiн бухгалтерлiк ақпараттардың қажеттiлiгiн анықтайды және оны бекiтедi. Есеп тұжырымдамасын жалпы және жеке деп аталатын екi түрге бөлуге болады.

  • жалпы  тұжырымдама бұл бiрнеше елдiң бухгалтерлiк есеп туралы көзқарасын бiлдiредi.
  • жеке тұжырымдама тек қана бiр елдiң өз iшiнде жүргiзiлетiн бухгалтерлiк есеп туралы көзқарасын бiлдiредi.

     Тұжырымдамалар  халықаралық бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру стандартында қарастырылған  бухгалтерлiк есеп принциптерi, есеп саясаттары, есеп берулер негiзiнде құрастырылады.

     Бүгiнгi таңда бухгалтерлiк есептiң әлемдiк  теориясында және тәжiрибесiнде екi негiзгi континенттiк (еуропалық) және америкалық тұжырымдама қатар жүргiзiлiп келедi.

     Бухгалтерлiк есептiң континенттiк тұжырымдамасы кәсiпорынның жұмысына мемлекеттiң ықпал етуiмен, араласуымен түсiндiрiледi. Бұл бойынша сол елдегi қызмет атқаратын барлық ұйымдар мемлекет бекiткен шоттар жоспары және басқа нормативтi құжаттар бойынша жұмыс жасауы тиiс. Бұл моделдi дүние жүзiнде қолдап отырған және оның негiзiнде өзiнiң кәсiпорындары жұмыс жүргiзiп отырған елдердiң қатарына Австрияны, Германияны, Жапонияны және басқа да Еуропа елдерiн жатқызуға болады.

     Америкалық  тұжырымдаманың континенттiк тұжырымдамадан өзгешелiгi, бұл модельде кәсiпорынның бухгалтерлiк есеп берудегi мәлiметтерi негiзiнен қаржы салымшылары мен несие берушiлердiң қажеттiлiгiн қамтамасыз етуге арналған. Бұл моделдi АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Голландия, Австралия, Үндiстан, Оңтүстiк Африка Республикасы және т.б. елдер қолданып отыр. Бiздiң елiмiздегi ұйымдардағы бухгалтерлiк есеп  континенттiк тұжырымдама бойынша жүргiзiледi.

     2. Кез-келген ғылымның, соның iшiнде бухгалтерлiк есептiң өз принциптерi бар. Латын тiлiнен аударғанда принципсөзiнiң мағынасы жағынан- бастамасы, негiзi деген  түсiнiктi бередi. Жалпы алғанда оқулықтарда бухгалтерлiк есептiң жиырмадан астам принципiн оқуға болады. Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп стандартында бухгалтерлiк есептiң мына төмендегi принциптерi анықталған:

  • есептеу;
  • үздiксiз;
  • түсiнiктiлiк;
  • мәндiлiк;
  • маңыздылық;
  • сенiмдiлiк;
  • әдiлеттi әрi тура көрсету;
  • бейтараптылық;
  • сақтық;
  • толықтылық;
  • салыстырмалық;
  • дәйектiлiк.

     Түсiнiктiлiк, маңыздылық, сенiмдiлiк, салыстырмалық  деп аталатын төрт принцип- бухгалтерлiк есептегi ақпараттық мәлiметтерiнiң негiзгi, сапалы мiнездемесi болып табылады.

     Түсiнiктiлiк  принципi.

     Бухгалтерлiк  есептiң ақпараттық мәлiметтерi оны  пайджаланушыларға шешiм қабылдауы  барысында түсiнiктi болуы керектiгiмен  түсiндiрiледi. Ол үшiн бұл мәлiметтердi пайдаланушылар бухгалтерлiк есеп жайында белгiлi бiр дәрежеде бiлiмдi болулары қажет.

     Маңыздылық  принципi.

     Қаржылық  есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған  кезде олардың қабылданған шешіміне алынған мәліметтер өз септігін тигізуі керек.

     Бухгалтерлiк  ақпараттық мәлiметтердiң маңыздылық деңгейiн өлшеу үшiн үш түрлi сапалық  аспектiлер қолданылады.

  1. Уақтылы. Бухгалтерлiк ақпараттық мәлiметтер өз пайдаланушыларына керектi уақытында жеткiзiлiп отыруы қажет. Бұл мәлiметтiң жеткiзiлу уақытының кешiктiрiлуi оның маңыздылық деңгейiн төмендетедi.
  2. Болжамның құндылығы. Өткен немесе қазiргi кездегi жасалынғңан болжаулардың нәтижесiнде алынған бухгалтерлiк ақпараттық мәлiметтер пайдалданушыларға тиiмдi болуы қажет.
  3. Керi байланыс. Өткен уақытта жасалынған болжамдар немесе оларға енгiзiлген өзгерiстер пайдаланушыларға тиiмдi , оң әсер етуi қажет.

     Сенiмдiлiк принципi. Берiлген ақпараттық мәлiметтерде қате болмаса, сондай-ақ пайдаланушылар оған сенiмдi болса, онда бұл сенiмдi ақпарат болып табылады.

     Салыстырмалық принципi. Қандай да бiр кезеңнiң бухгалтерлiк есеп мәлiметтерi өткен уақыттардағы мәлiметтермен салыстырылып көрсетiлген кезде ғана оның пайдалылығы мен мазмұндылығы арта түседi.

     Сақтық  принципi. Бухгалтерлiк есептiң ақпараттық мәлiметтерiнде жазылатын цифрлар кәсiпорынның экономикалық жағдайын суреттейдi және пайдаланушылар осы мәлiмет арқылы түрлi шешiм қабылдайды. Сондықтан да әрбiр әрiптiң және цифрдың дұрыс жазылуы үшiн сақ болу қажет.

     Есептеу принципi. Қаржылық есеп беру есептеу қағидасының негізінде жасалады, яғни кәсiпорындағы кез-келген операциялар (кiрiстер, шығыстар) есептелiп отырылуы қажет.

     Үздiксiз принципi. Ұйымның қызметi үздiксiз жалғаса бередi деп болжам жасалынады.

     Мәндiлiк принципi. Ұйымның бухгалтерлiк есеп ақпараттары пайдаланушылардың қажеттiлiгiн қанағаттандыруы қажет. Сондай-ақ пайдаланушылардың кәсiпорын жұмысына баға беруiне көмектесуi керек.

     Бейтараптылық принципi. Ақпарат сенiмдi болуы үшiн алдын-ала бiр шешiмдi қабылдауға арналмаған болуы керек. Егер ақпарат өзiнiң iрiктелiп дайындалуымен немесе ұсынылуымен белгiлi бiр шешiм қабылдауға немесе ойды қорытындылауға жету мақсатымен қалыптастыруға әсер ететiн болса, онда ондай ақпараттар бейтарап болмайды. Алдын-ала дайындалған ақпараттық мәлiметтер болмаған жағдайда, негiзделмеген бiр қорытындыға келтiрiлмеген ойды пайдалану бейтараптыққа сәйкес келедi.

     Әдiлеттi әрi тура көрсету  принципi. Кәсiпорынның қаржылық қорытынды есебi осы мәлiметтердi пайдаланушыларды қаржы жағдайы және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы нақты әрi әдiлеттi ақпараттармен қамтамасыз етуi қажет.

     Толықтылық  принципi. Ұйымның қаржылық қорытынды есебiндегi ақпараттық мәлiметтер сенiмдi болуы үшiн толық болуды қажет етедi және шыққан шығынға қарай олар мәндi болуы қажет. Мәлiметтiң толық болмауы оны терiс немесе жалған етедi.

     Дәйектiлiк  принципi. Кәсiпорын өзiнiң қызметi барысында таңдап алған есеп жүргiзу саясатын есептi кезеңнiң басынан соңына дейiн дәйектi түрде қолдануы қажет. (жүйелi)

     3. Кәсiпорындар мен ұйымдарда болып отыратын күнделiктi операциялардың, процестердiң маңызы әр түрлi. Осы процестермен операцияларды бухгалтерлiк есептiң көмегiмен бақылап, тексерiп олардың дұрыс орындалғандығын немесе орындалмай жатқанын қарап, одан нәтиже шығарып отыруға болады. Осы айтылғандардың орындалуы барысында бухгалтерлiк есепте әр түрлi тәсiлдер қолданылады. Сол  барлық қолданылатын тәсiлдердiң жиыны және олардың ғылыми тұрғыдан басқарылатындай бiр жүйеге келтiрiлуi бухгалтерлiк есептiң әдiстерi болып саналады.

     Бухгалтерлiк есептiң әдiстерi келесi түрлерден тұрады:

  • құжаттау;
  • түгендеу;
  • шоттар;
  • екi жақты жазу;
  • бағалау;
  • калькуляция;
  • бухгалтерлiк баланс;
  • есеп беру.

     Құжаттау.

     Барлық  ұйымдарда өздерiнiң күнделiктi жұмысы барысында әр түрлi шаруашылық операциялары орындалады. Ал бұл операцияларды есепке алу үшiн оларға алдымен құжаттар толтырылуы тиiс. Құжат орындалған операциялардың жазбаша түрiндегi анықтамасы болып табылады. қҰжатқа орындалған операциялардың аталынуы, мазмұны, орындалған уақыты, өлшем бiрлiгi, орындаушы немесе тапсырушы мен қабылдап алушы адамдардың аты-жөнi, тағы басқа деректер толтырылады. Құжаттар заңды түрде белгiленген дәлелдi ақпараттық мәлiмет болып есептелiнедi.

     Түгелдеу.

     Ұйымның шаруашылық операцияларының орындалуы  барысында барлық оепрацияларын сол сәтiне құжатқа жазуға мүмкiндiк бола бермейдi. Құжаттар толтырылғанның өзiнде де қателiктер кетуi мүмкiн және материалдарды сақтау кезiнде олар табиғи кему мөлшерiне сәйкес азайып отырады. Сонымен қатар өндiрiлiп шығарылған дайын өнiмдердi, басқа кәсiпорындардан алынған заттарды, сондай-ақ басқа да қолда бар құралдарды, мүлiктердi тексерiп, түгендеп тұрмаса олардың жоғалуына немесе ұрлануына жол берiлуi мүмкiн. Сондықтан түгелдеу әдiсi арқылы кәсiпорын өзiнiң қолда бар материалдық құндылықтары мен ақшаларын және тағы да басқа мүлiктерiн есептегiмен салыстырып отырады.

Информация о работе Бухгалтерлiк есептiң тұжырымдамалары мен принциптерi