Бухгалтерлiк есептiң тұжырымдамалары мен принциптерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2010 в 20:24, реферат

Описание работы

Стандарт сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда үлгi, норма деген мағынаны бiлдiредi. Ал бухгалтерлiк есеп стандарттары дегенiмiз кәсiпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргiзудiң және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесi болып табылады. Мұндай ереже бухгалтерлiк есептiң әдiстерi мен тәсiлдерiн, мәнi мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының өз мақсаты, қолданылу орны, анықтамасы, қолданысқа енген уақыты және мазмұны болады.

Содержание

1. Бухгалтерлiк есептiң стандарттары және тұжырымдамалық негiзi
2. Бухгалтерлiк есептiң принциптерi
3. Бухгалтерлiк есептiң әдiстерi

Работа содержит 1 файл

Лекция бух учет и аудит.doc

— 307.50 Кб (Скачать)
 

     2007 жылғы қаңтар айында орындалған  шаруашылық операциялар:

  1. Жабдықтаушы мердiгерлерден 25000 теңгеге материалдар сатылып алынды (әзiрге ақшасы төленген жоқ).
  2. Есеп айырысу шотынан 50000 теңге банк несиесi өтелiндi.
  3. 30000 теңгенiң материалдары өндiрiске босатылды.
  4. Жабдықтаушы-мердiгерлерге қарыз 65000 теңге банк несиесi есебiнен өтелдi.

     Шаруашылық  операцияларды "екi жақты жазу" әдiсiмен есепке алу алдында мынадай  жағдайларды ескеру керек:

  • Аталған шаруашылық операцияларының қандай объектiлерге қатыстылығын,
  • Шаруашылық операцияның объектiге қандай әсер ететiндiгiн,
  • Аталған объектiлердiң есебi бухгалтерлiк есептiң қай шоттарында есептелiнетiнiн,
  • Операцияларды шоттардың қандай бөлiгiне жазу керек екендiгiн (дебитiне немесе кредитiне).

     Бiрiншi операция нәтижесiнде кәсiпорынның материалдары және соған сәйкес жабдықтаушы-мердiгерлерге берешек қарызы көбейедi. Келiп түскен материалдарды есепке алу үшiн  «материалдар» деп аталатын активтi шоты, ал жабдықтаушы мердiгерлерге берешек соманы есепке алу үшiн «Жабдықтаушы және мердiгерлермен есеп айырысу» деп аталатын пассивтi шоты қоданылады. Активтi шотта құралдардың көбеюi шоттың дебитiне, ал пассивтi шотта қорлану көздерiнiң көбеюi шоттың кредитiне жазылады. Соған сәйкес бұл операция бойынша мынадай екi жақты жазу жазылады:

     Д-т: «материалдар» шоты          25000 теңге

     К-т: «жабдықтаушы-мердiгерлермен есеп айырысу» шоты  25000 теңге.

     Екiншi операция нәтижесiнде ұйымның нақты  ақшасы және соған сәйкес банк мекемесi алдындағы қарызы азаяды. Бұл операцияны алдыңғыға қарама-қарсы деп түсiнуге болады. Бiрiншi операцияда кәсiпорынның активтерi және соған сәйкес пассивтерi көбейген болса, екiншi операцияда ұйымның активтерi және пассивтерi азайып отыр. Бұл операция бойынша ұйымның бухгалтериясында мынадай екi жақты жазу жазылады:

     Д-т: «банк несиесi»  шоты             50000 теңге

     К-т: «ақшалар» шоты                      50000 теңге

     Үшiншi операция нәтижесiнде кәсiпорынның қорлану көздерiнде ешқандай өзгерiс болмаған, яғни бұл операция кәсiпорынның пассив бөлiмiнiң баптарына ешқандай әсерiн тигiзбейдi. Ал актив бөлiмiнде өндiрiске материалдардың босатылуына сәйкес аяқталмаған өндiрiс деп аталатын бөлiм сомасы артып және сонша сомаға материалдар деп аталатын бөлiм сомасы кемидi. Бұл жағдайда екi жақты жазу мына түрде жазылады:

     Д-т: «аяқталмаған өндiрiс» шоты   30000 теңге

     К-т: «материалдар» шоты               30000 теңге

     Төртiншi операция нәтижесiнде ұйымның қорлану  көздерiнде бiр бөлiм көбейiп, ал екiншi бөлiм сол сомаға азайып отыр. Бұл операцияда өзгерiс тек пассив жағында болып отыр. Осыған сәйкес бұл операция бойынша мынадай екi жақты жазу жазылады:

     Д-т: «жабдықтаушы-мердiгерлермен есеп айырысу» шоты    65000 теңге

     К-т: «банк несиесi» шоты    65000 теңге.

     Келтiрiлген мысалдан көрiп отырғанымыздай, әрбiр  операция бiр мезгiлде және бiрдей сомада бiр шоттың дебитiне және екiншi шоттың кредитiне жазылып отыр.

     Шаруашылық  операцияларды бейнелеуде шоттардың  арасында пайда болған экономикалық өзара байланысты - шот корреспонденциясы деп атайды, ал шоттың өзi корреспонденцияланушы шот болып аталады.

     Корреспонденцияланушы шоттың дебит және кредитте көрсетiлуi бухгалтерлiк жазба деп аталады. Бухгалтерлiк жазба жай және күрделi болып бөлiнедi. Жай жазба деп шаруашылық операциялары сомасының бiр шоттың дебетiнде, екiншi шоттың кредитiнде жазылуын айтады.  Күрделi жазба деп орындалған бiр шаруашылық операциясына ең аз дегенде екi шот дебеттелiнiп, бiр шоттың кредиттелiнуiн немесе керiсiнше бiр шоттың кредиттелiп, бiрнеше шоттың дебеттелiнуiн айтамыз. 

Әдебиеттер: [7], [12], [15], [25], [38]. 

Өзін-өзі  тексеру сұрақтары

  1. Бухгалтерлiк есептiң шоттар жүйесi дегендi қалай түсiнесiң?
  2. Шоттар қалай құрылады?
  3. Шоттар мен баланс арасында қандай байланыс бар?
  4. Екi жақты жазу дегенiмiз не?
  5. Шоттар корреспонденциясы дегенiмiз не?
  6. Жай және күрделi жазбаның арасында қандай айырмашылық бар?
  7. Экономикалық мәнi бойынша шоттар қалай жiктеледi?
  8. Құрылымы бойынша шоттар қалай жiктеледi?
 
 

Тақырып-6

Бухгалтерлiк  есептiң типтiк  шоттар жоспары 

           Кәсіпорынның  бухгалтерлік жүйесіндегі ақпаратты жинақтап, сақтап отыратын негізгі бірлік –  шот болып табылады. Олар кәсіпорынның әрбір активтерінің, міндеттемелерінің  және меншікті капиталдарының, сондай-ақ кірістері мен шығыстарының түрлеріне  қарай ашылады. Осы шоттардың белгілі бір ережеге сәйкес нөмірлері бойынша жасалған (орналастырылған) тізімін  “шот жоспары” немесе «шот кестесі» деп атайды.

     Біздің  елімізде  бүгінгі күні барлық кәсіпорындар 2007 жылғы 23 мамырдағы  Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің   185-санды бұйрығымен бекiтiлген бухгалтерлік есептің типтік шот жоспары  бойынша өздерінің бухгалтерлік жұмысын жүргізіп келеді. Бұл жоспар бойынша   кәсіпорында қолданылатын барлық шоттарды сегіз тарауға бөліп қарастырған.

     Сондай-ақ бұл жерде әрбір тараудағы шот есеп жұмысын жүргізуге ыңғайластырылып және өзара белгілі бір ұқсастықтары мен біртектілігіне қарай орналастырылған. Бухгалтерлік есептегі синтетикалық шоттар Типтік жоспарда өтімділігі азаю тәртібімен орналастырылған.

     Типтік  жоспарда бухгалтерлік есеп шоттарының нөмірі төрт белгіден тұрады. Нөмірдің бірінші саны бөлімше бөлімді, екінші сан бөлімшені, үшінші сан синтетикалық шоттардың топтарын, төртінші сан ұйымның өзімен анықталады.

           Бірінші тарау «Қысқа мерзімді активтер» деп аталады, ол қысқа мерзімді ретіндегі активтерінің есебін жүргізуге арналған. Қысқа мерзімді активтер мыналарды қамтиды:

           1000 –«Ақшалай қаржылар»

           1100- «Қысқа мерзімді қаржы инвестициясы»

           1200- «Қысқа мерзімді дебиторлық бережақ»

           1300- «Қосалқылар»

           1400- «Ағымдық салықтық активтер»

           1500- «Сату үшін арналған ұзақ мерзімді активтер»

           1600- «Басқалай қысқа мерзімді активтер»

     Екінші  тарау  «Ұзақ мерзім активтер»  деп аталады. Бұл тарауда ұзақ мерзімді ретінде саналатын кәсіпорын активтері есепке алынады. Бұл тарау келесі бөлімшелерді қамтиды:

     2000- «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестиция»

     2100- «Ұзақ мерзімді дебиторлық бережақ»

     2200- «Үлестік қатысу әдісімен есептелген  инвестиция»

     2300- «Жылжымайтын мүлікке инвестиция»

     2400- «Негізгі құралдар»

     2500- «Биологиялық активтер»

     2600- «Барлау және бағалау активтер»

     2700- «Материалдық емес активтер»

     2800- «Кейінге қалдырылған салықтық  активтер»

     2900- «Басқалай ұзақ мерзімді активтер»

     Үшінші  «Қысқа мерзімді міндеттемелер» деп аталатын тарау шоттары қысқа мерзімді ретінде саналатын кәсіпорын міндеттемелерін есепке алуға арналған. Ол келесі бөлімшелерді қамтиды:

     3000- «Қысқа мерзімді міндеттемелер»

     3100- «Салық бойынша міндеттемелер»

     3200-«Басқалай  міндетті және ерікті төлемдер  бойынша міндеттемелер»

     3300- «Қысқа мерзімді кредиторлық бережақ»

     3400- «Қысқа мерзімді бағалық міндеттемелер»

     3500- «Басқалай қысқа мерзімді міндеттемелер»

     Төртінші  тарау  «Ұзақ мерзімді міндеттемелер» деп аталады және ұзақ мерзімді болып саналатын кәсіпорын міндеттемелері есепке алынады. Ол келесі бөлімшелерді қамтиды:

     4000- «Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер»

     4100- «Ұзақ мерзімді кредиторлық бережақ»

     4200- «Ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері»

     4300- «Кейінге қалдырылған салықтық  міндеттемелер»

     4400- «Басқалай ұзақ мерзімді міндеттемелер»

     Бесінші- «Капитал мен міндеттемелер» деп аталатын тарау ұйымның өз меншігіндегі қаражатына есеп жүргізуге арналған.

     5000- «Жарғылық капитал»

     5100- «Төленбеген капитал»

     5200- «Сатып алынған меншікті үлестік құралдар»

     5300- «Эмиссиялық табыс»

     5400- «Резервтер»

     5500- «Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)

     5600- «Жиынтық табыс (зиян)»

     Алтыншы тарау «Табыстар» деп аталады. Бұл тарауда келесі бөлімшелер қамтылады:

     6000- «Өнімді өндіру және қызмет көрсетуден алынған табыстар» 

     6100- «Қаржыландырудан алынған табыстар»

     6200- «Басқалай табыстар»

     6300- «Тоқтатылатын қызметпен байланысты  табыстар»

     6400- «Үлестік қатысу әдісі бойынша  есептелген кәсіпорын пайдасының  үлесі»

     Жетінші тарау «Шығыстар» деп аталып, онда ұйымның сатылған тауарларының (атқарған жұмыстарының, көрсеткен  қызметтерінің) өзіндік құны,  тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату бойынша шығындары, жалпы және әкімшілік шығындары, есептелген  пайыз бойынша шығындары, табыс салығы бойынша шығындары, төтенше жағдайлардан  және операциялардың тоқтатылуынан болатын кірістері (шығындары) есептелетін шоттарынан тұрады.

     7000- «Өткізілген өнім және көрсетілген қызметтің өзіндік құны»

     7100- «Өткізілген өнім және көрсетілген  қызмет бойынша шығындар»

     7200- «Әкімшілік шығындар»

     7300- «Қаржыландыру шығындары»

     7400- «Басқалай шығындар»

     7500- «Тоқтатылатын қызметпен байланысты  шығындар» 

     7600- «Үлестік қатысу әдісімен есептелген  кәсіпорын зиянының үлесі»

     7700- «Корпоративтік табыс салығы  бойынша шығындар»

     Сегізінші тарау «Өндірістік есеп шоттары»  деп аталады. Бұл тарауда кәсіпорынның өнім өндіруі немесе қызмет көрсетуі  барысында жұмсаған материалдық, еңбекақы  және әр түрлі аударымдар  бойынша шығындары өндіріс түрлеріне  қарай (негізгі, көмекші т.с.с.)  төрт бөлімге бөлініп, топталып қарастырылған шоттардан тұрады. Оған мынадай шоттар ашылған:

     8100- «Негізгі өндіріс»

     8200- «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары»

     8300- «Көмекші өндіріс»

     8400- «Үстеме шығындар» 

Әдебиеттер: [4], [9], [15], [29], [30]. 

Өзін-өзі  тексеру сұрақтары

  1. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары дегеніміз не?
  2. Типтік шоттар жоспары қандай тараулардан тұрады?
  3. Әрбір тарауға сипаттама беріңіз
 
 

Тақырып-7

Синтетикалық  және аналитикалық есеп 

     Жалпы бухгалтерлік есеп шоттары одан алынатын ақпараттардың түрлеріне  және мәліметтермен  қамтамасыз етілуіне қарай  жинақтамалық (топтамалық, синтетикалық) және талдамалық (аналитикалық)  деп аталатын екі түрге бөлінеді.

Информация о работе Бухгалтерлiк есептiң тұжырымдамалары мен принциптерi