Бухгалтерлiк есептiң тұжырымдамалары мен принциптерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2010 в 20:24, реферат

Описание работы

Стандарт сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда үлгi, норма деген мағынаны бiлдiредi. Ал бухгалтерлiк есеп стандарттары дегенiмiз кәсiпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргiзудiң және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесi болып табылады. Мұндай ереже бухгалтерлiк есептiң әдiстерi мен тәсiлдерiн, мәнi мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының өз мақсаты, қолданылу орны, анықтамасы, қолданысқа енген уақыты және мазмұны болады.

Содержание

1. Бухгалтерлiк есептiң стандарттары және тұжырымдамалық негiзi
2. Бухгалтерлiк есептiң принциптерi
3. Бухгалтерлiк есептiң әдiстерi

Работа содержит 1 файл

Лекция бух учет и аудит.doc

— 307.50 Кб (Скачать)

     Шоттар.

     Бухгалтерлiк  есеп шоттары дегенiмiз- шаруашылық құралдары мен олардың қалыптасу  көздерiн белгiлi бiр ұқсастықтарына және маңызы мен көрсеткiштерiне сәйкес жинақтап топтау болып табылады. Жалпы шоттар ұйымның шаруашылық процестерiнiң, сондай-ақ активтермен олардың құралу көздерiнiң түрлерiне қарай ашылады. Кәсiпорында күнделiктi болып отыратын операцияларды үздiксiз жазып отырмай, оларды экономикалық маңызына қарай шоттар түрiнде жазады. Жалпы айтқанда ұйымның активтерi мен мiндеттемелерiндегi және меншiктi капиталындағы болып отыратын операцияларды бiр жүйеге келтiрiп ақшалай түрде есептеу үшiн бухгалтерлiк есете қолданылатын әдiстi шоттар деп атайды.

     Екi жақты жазу әдiсi. 

     Шаруашылық  процестерi барысында орындалатын  әрбiр операция негiзiнде кәсiпорынның қаржылары мен олардың пайда  болу көздерiнде екi жақты және тең  өзгерiстер болып отырады. Олар екi жақты  жазуды керек етедi, яғни бiр шоттың дебетiнде, екiншi шоттың кредитiнде бiрдей сомада көрсетiлуi қажет. Ұйымдардағы мұндай күнделiктi болып отыратын операцияларды, процестердi бiр шоттың дебетiне, екiншi шоттың кредитiнде жазып есептеп отыру үшiн қолданылатын әдiс бухгалтерлiк есепте екi жақты жазу әдiсi деп аталады.

     Калькуляция әдiсi.

     Қандай  ұйым болмасын белгiлi бiр қызметпен  айналысатындығы белгiлi. Осы процестердi орындау барысында кәсiпорын жұмысшы  күшiн, еңбек құралын, материалдық  құндылықтарды пайдаланатын болғандықтан барлық кеткен жұмсалған шығындардың жиынтығын анықтауға тура келедi. Бұл шығындардың жиыны өндiрiлген өнiмнiң, көрсетiлген қызметтiң өзiндiк құнын құрайды. Сондай-ақ ол ұйымды басқару үшiн қажеттi ақпараттық мәлiмет болып табылады. Бухгалтерлiк есепте оны, яғни өндiрiлген өнiмнiң, көрсетiлген қызметтiң өзiндiк құнын анықтау әдiсiн калькуляциялау деп атайды.

     Бағалау әдiсi.                                           

     Бухгалтерлiк  есепте материалдық құндылықтар  ақшалай өлшеммен есептелiнелi. Кәсiпорындағы  мүлiктердiң және мiндеттемелердiң құнын ақшалай өлшемге айналдырып есептеу әдiсiн бухгалтерлiк есептiң бағалау әдiсi деп атайды.

     Бухгалтерлiк  баланс.

     Кәсiпорынның активтерәi мен олардың қалыптасу  көздерiнiң белгiлi бiр мерзiмге  бiр жүйеге келтiрiп, ақшалай өлшем  түрiнде теңестiрiлiп екi жақты кестеде бейнеленуiн бухгалтерлiк баланс деп атаймыз. Оның сол жағында кәсiпорынның активтерi, ал оң жағында қорлану көздерi, яғни мiндеттемелерi мен меншiктi капиталы бейнеленедi.

     Қорытынды есеп .

     Ұйымның қандай да бiр өткен уақыт аралығындағы, есептi кезеңдегi операцияларының, шаруашыық процестерiнiң қорытындыланып, белгiлi бiр есеп беретiн күнге бiр жүйеге келтiрiлуi қорытынды есеп деп аталады. Қорытынды есептiң құрамына кәсiпорынның бухгалтерлiк балансы, меншiктi капиталының өзгерiсi туралы есебi, қаржы нәтижесi туралы есебi, ақшалардың қозғалысы туралы есебi, түсiнiктеме хаты, және басқа да бухгалтерлiк есеп стандарттарында көрсетiлген ақпараттық мәлiметтерi кiредi.   

Әдебиеттер: [1], [18], [25], [29], [38]. 

Өзін-өзі  тексеру сұрақтары

  1. Стандарт ұғымын қалай түсiнесiң?
  2. Халықаралық стандарт пен iшкi стандарттың айырмашылығы қандай?
  3. Бiздiң елiмiзде бухгалтерлiк есеп тұжырымдамасының қайсысы қолданылады?
  4. Бухгалтерлiк есеп  принциптерiне жеке мысал келтiр?
  5. Бухгалтерлiк есеп әдiстерiн ата және түсiндiр
 
 
 
 

Тақырып – 4

Бухгалтерлiк  баланс бухгалтерлік ақпараттың негізгі

формасы ретінде 

     
  1. Бухгалтерлiк  баланс туралы түсiнiк және оның құрылымы
  2. Бухгалтерлiк баланстың түрлерi
  3. Шаруашылық операцияларына сәйкес баланс баптарының өзгерiске ұшырауы
 

     1. Бухгалтерлiк есептiң негiзгi атқаратын қызметiнiң, функциясының бiрi-пайдаланушыларға кәсiпорынның мүлкi және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәлiметтердi уақтылы жеткiзiп берiп отыру. Осындай ақпараттық мәлiметтiң негiзгi қайнар көзi-бухгалтерлiк баланс. «БАЛАНС» сөзi француз тiлiнен алынған.

     Бұл сөз қазақ тiлiне аударылғанда «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны бiлдiредi. Сырт көзбен қарағанда кәсiпорынның бухгалтерлiк балансы «актив» және «пассив» деп аталатын екi бөлiмдi кесте болып табылады. Оның сол жағында, яғни активiнде кәсiпорынның қаржылары, заттай және ақшалай шығындары көрсетiлсе, оң жағында, пассив бөлiмiнде қорлану көздерi қарастырылады. Бухгалтерлiк есеп стандартына сәйкес бухгалтерлiк баланстың актив бөлiмiнде кәсiпорынның өзiне тиесiлi, яғни қолда бар мүлiктерi қарастырылады.

     Ұйым  осыларды пайдалану арқылы ғана алдағы уақытта табыс таба алатындықтан бұл мүлiктердi кәсiпорынның әлуеттi табыстары ретiнде таниды. Ал баланстың  пассивi деп аталатын бөлiмiнде кәсiпорынның қорлану көздерi туралы ақпаратты мәлiмет жазылады. Ұйымның қорлану көздерi меншiктi капитал және тартылған капитал деп екiге бөлiнедi. Мұндағы тартылған капитал дегенiмiз кәсiпорынның мiндеттемелерi, яғни кредитор берешек борыштары болып табылады. Кредиторлар қатарына заңды немесе жеке тұлғаларды жатқызуға болады.

     Егер  кәсiпорын өз кредиторларының  алдындағы  қарызын уақтылы төлей алмаған  жағдайда, олар  ұйымынан активтерiн  сату арқылы қарызын қайтаруды талап  ете алады. Кәсiпорынның меншiктi капиталы инвестордың мүдделiлiгiн танытады және ол активтiң жиынтық сомасынан мiндеттемелердi шегерiп тастағандағы қалдық сомаға тең болады. Инвестордың кредитордан айырмашылығы -өз алажағын алу үшiн жанталасатын болса, ал инвестор жоғарыда аталған активтiң жиынтық сомасынан мiндеттемелердi шегерiп тасатағандағы қалдық сомаға, яғни меншiктi капиталға ие және де кәсiпорынның қожайыны болып табылады. Осы айтылғандарды қорытындылай отырып ұйымның барлық активтерi инвесторлар мен кредиторлардың меншiгi екендiгiн аңғаруға болады.

     Сондықтан бухгалтерлiк баланстағы мына теңдiктiң әрдайым тең болатындығы сөзсiз.

           АКТИВ=МЕНШIКТI КАПИТАЛ+МIНДЕТТЕМЕ

     Бұл теңдiктi кейбiр шет елдерде келесi түрде көрсетедi:

           АКТИВ-МIНДЕТТЕМЕ= МЕНШIКТI КАПИТАЛ

           Әдетте кәсiпорынның бухгалтерлiк балансы есеп беретiн  уақытқа қарай негiзделiп, айдың, тоқсанның, жылдың басына жасалады. Баланстың актив бөлiмi ұзақ мерзiмдi активтер және ағымдағы активтер деп аталатын екi тараудан тұрады. Ұзақ мерзiмдi активтердiң қатарына кәсiпорынның материалдық емес активтерi, негiзгi құралдары, ұзақ мерзiмдi қаржы салымы, ұзақ мерзiмдi дебиторлық борыштары жатқызылады.

     Ал  ағымдағы активтер тарауында ұйымның  материалдық құндылықтары, тауарлары, дайын  өнiмдерi, аяқталмаған өндiрiсi, қысқа мерзiмдi қаржы салымы, алдағы кезең шұығындары, ақшалары және басқа да ағымдағы активтерi қарастырылады. Бухгалтерлiк баланстың пассив бөлiмi үш тараудан тұрады. Оның бiрi меншiктi капитал деп аталып, онда кәсiпорнның жарғылық қоры, резервтiк қоры, бөлiнбеген пайдасы немесе жабылмаған зияны көрсетiледi. Пассив бөлiмiнiң екiншi және үшiншi тараулары тиiсiнше ұзақ мерзiмдi және қысқа мерзiмдi мiндеттемелер деп аталады.

     Ұзақ  мерзiмдi мiндеттемелер қатарына кәсiпорынның ұзақ уақытқа алған несиелерi мен  қарыздары жатқызылса, қысқа мерзiмдi мiндеттемелер тарауында ұйымның алдағы кезеңдерiнiң табыстары, бюджетке қарызы, бюжеттен тыс мекмелерге қарызы, жабдықтаушы -мердiгерлерге қарызы, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы бойынша қарызы, зейнетақы қорларына қарызы және басқа да кредиторлық борыштары көрсетiледi.

     Жоғарыда айтқандарымыз түсiнiктiрек болу үшiн үлгi ретiнде «ККК» фирмасының 2008 жылғы 1 қаңтарға жасалған бухгалтерлiк балансын  1–кестеде қарастырайық. 

1 – кесте

     «ККК» фирмасының 2008 жылдың 1 қаңтарына Бухгалтерлiк  балансы

     (Өлшем  бiрлiгi мың теңге)

Активтер Жол  коды Есепті кезең  соңында Есепті кезең  басында
І. Қысқа мерзімді активтер   66 000 59 400
Ақшалай қаржылар және олардың эквиваленттері 010    
Қысқа мерзімді қаржы инвестициялары 011    
Қысқа мерзімді дебиторлық бережақ, барлығы 012    
Кесте 3-жалғасы      
Күмәнді қарыздар бойынша резервтерді шегергендегі алынуға тиісті шоттар 121 51 000 104 000
Алдағы  кезең шығындары 122 17 000 17 200
Басқа да дебиторлық бережақтар (ҚҚС өтелуге  тиісті) 123 - 50 000
Қорлар  013   493 000
Ағымдағы  салық активтері 014    
Сатуға  арналған ұзақ мерзімді активтер 015    
Басқа да қысқа мерзімді активтер 016    
Қысқа мерзімді активтердің  барлығы 100 475 000 723600
ІІ. Ұзақ мерзімді активтер      
Ұзақ  мерзімді қаржылық инвестициялар 020    

1 – кестенің жалғасы

Ұзақ  мерзімді дебиторлық бережақтар 021    
Үлестік қатыс тәсілін ескеретін инвестициялар 022 15 000 18 500
Инвестициялық жылжымайтын мүлік 023    
Негізгі құралдар 024 384 000 477 400
Биологиялық активтер 025    
Барлау  және бағалау активтері  026    
Материалдық емес активтер 027 10 000 7600
Кейінге қалдырылған салық активтері  028    
Басқа да ұзақ мерзімді активтер 029    
Ұзақ  мерзімді активтердің  барлығы 200 409 000 503 500
Баланс (100жол+200жол)   884 000 1 227 100
Пассивтер Жол  коды Есепті кезең  соңында Есепті кезең басында
ІІІ. І. Қысқа мерзімді міндеттемелер 030    
  Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер 031    
Салық бойынша міндеттемелер, барлығы 032 16 000 49 000
Соның ішінде:      
Корпоративті  табыс салығы бойынша бережақ 032.1 16 000 3 000
Төленетін қосымша құн салығы 032.2 - 40 000
Жеке  құн салығы 032.3 - 6000
Басқа міндетті және ерікті төлемдер бойынша  міндеттемелер  033    
Қысқа мерзімді кредиторлық бережақ  034 131 000 132 000
Қысқа мерзімді бағалау міндеттемесі 035    
Басқа қысқа мерзімді міндеттемелер, барлығы 036 19000 27700
Соның ішінде:      
Қызметкерлерге  еңбек төлеу бойынша есеп-айырысулар  036.1 9000 13000
Сыйақы  бойынша басқа бережақтар 036.2 - 100
Жинақтаушы  зейнетақы қоры бойынша есеп-айырысулар 036.3 - 4 000
Алдағы  кезең кірістері 036.4   10 600
Қысқа мерзімді міндеттемелердің барлығы  300 166 000 208 700
ІV. Ұзақ мерзімді міндеттемелер       
Ұзақ  мерзімді қаржылық міндеттемелер, барлығы 040    
Соның ішінде:      
Кесте 3-жалғасы      
Басқалар 040.1    
облигациялар (бастапқы құн) 040.2 100 000 100 000
облигациялар  бойынша сыйақы 040.3 8 000 7 000
облигацилар (амортизациялық құн) 040.4 108 000 107 000
Ұзақ  мерзімді вексель 040.5    
Ұзақ  мерзімді кредиторлық бережақ 041    
Ұзақ  мерзімді бағалау міндеттемелері 042    
Мерзімі өткен корпоративті қосымша салық 043 6 000 9 000
Басқа ұзақ мерзімді міндеттемелер  044    
Ұзақ  мерзімді міндеттемелердің барлығы 400 114 000 176 000
V. Капитал      
Шығарылған  капитал  050 50 000 60 000
Эмиссиялық  кіріс 051    
Меншікті  сатып алынған үлестік инструменттер 052    
Қосымша төленген капитал 053 38 000 187 000
Резервтер 054 20 000 3 400
Бөлінбеген  табыс (жабылмаған зиян,) барлығы 055 496 000 592 000
Соның ішінде      
Есепті  жыл 055.1 80 000 96 000
өткен жыл  055.2 416 000 496 000
Аздық үлесі 056    
Барлығы капитал  500 604 000 842 400
Баланс (300жол+400жол+ 500жол)   884 000 1 227 100

Информация о работе Бухгалтерлiк есептiң тұжырымдамалары мен принциптерi