Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2010 в 20:24, реферат
Стандарт сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда үлгi, норма деген мағынаны бiлдiредi. Ал бухгалтерлiк есеп стандарттары дегенiмiз кәсiпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргiзудiң және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесi болып табылады. Мұндай ереже бухгалтерлiк есептiң әдiстерi мен тәсiлдерiн, мәнi мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының өз мақсаты, қолданылу орны, анықтамасы, қолданысқа енген уақыты және мазмұны болады.
1. Бухгалтерлiк есептiң стандарттары және тұжырымдамалық негiзi
2. Бухгалтерлiк есептiң принциптерi
3. Бухгалтерлiк есептiң әдiстерi
Осы жоғарыда келтiрiлген
ККК фирмасының бухгалтерлiк балансынан
көретiнiмiз-кезең басындағы
АКТИВ= МЕНШIКТI КАПИТАЛ+МIНДЕТТЕМЕ
884000= 604000+280000
Бiз бұл
Мысалы, кейбiр елдерде ағымдағы активтер баланстың актив бөлiмiнiң басында орналастырылатын болса, оның баптары өтiмдiлiктерiне қарай кезекпен құрастырылады. Сонымен қатар кейбiр баланста активтер мен мiндеттемелер баланстың сол жағында көрсетiлiп (орналастырып), оң жағында тек қана кәсiпорынның меншiктi капиталы көрсетiледi. Баланстың мұндай түрiне мына теңдiк негiзделген.
АКТИВ-МIНДЕТТЕМЕ = МЕНШIКТI КАПИТАЛ
884000– 280000 = 604000
Бұл теңдiк бухгалтерлiк
баланста ұйым иесiнiң меншiгiн көрсетуге
негiзделген. Жоғарыдағы мысалымызға
сәйкес баланстың бұл ьтүрiн
2. Өзiнiң жасалу уақытына, қолданылу барысына қарай бухгалтерлiк баланс әр түрлi болып келедi. кәсiпорынның жаңадан құрылған уақытында жасалған бухгалтерлiк баланс кiрiспе баланс деп аталады. Кiрiспе баланста ұйымның қызметiн бастар алдындағы жарғылқ капиталы көрсетiледi. Бұл баланстағы негiзгi көрсеткiштер кәсiпорын иелерiнiң, яғни құрылтайшылардың, акционерлердiң осы ұйымды жаңадан құру уақытындағы ақшалай немесе заттай салымдарынан тұрады. Сондықтан көп жағдайда кiрiспе баланста кәсiпорынның меншiктi капиталы мен активтерi тең болуы қажет.
Бұл теңдiк егер кәсiпорын құрылуы барысында ешқандай жеке немесе заңды тұлғалардың алдында мiндеттi, яғни қарыз болмаған жағдайда тура болып есептеледi.
Ұйымның бухгалтерлiк балансы iлгерiде айтылғандай белгiлi бiр уақытқа, яғни айдың, тоқсанның немесе жылдың басында жасалады. Осыған байланысты кәсiпорынның өз қызметi барысында әрбiр белгiленген есеп беретiн уақыттағы құрастырылған балансы ағымдағы бухгалтерлiк баланс болып есептеледi.
Кәсiпорынның жойылу балансы осы ұйым осы ұйым өз қызметiн тоқтатар кезде, таратылатын уақытта жасалады.
3. Кез-келген кәсiпорында күнделiктi жұмыс iстелiп, қызмет атқарылып отырады. Осы операциялардың орындалуы ұйымның бухгалтерлiк балансының баптарына тiкелей әсер етедi, яғни ұйымдағы әрбiр орындалатын операцияға сәйкес баланс баптарындағы сома өзгерiске ұшырап отырады. Бiрақ бухгалтердiк баланстың актив және пассив баптарының теңдiгi әрдайым сақталады.
Жалпы бухгалтерлiк есепте баланс баптарының сомасына әсер ететiн шаруашылық операцияларын төрт түрге бөлiп қарастырады.
Бiрiншi түрiне жатқызылатын шаруашылық оепрациялары бухгалтерлiк баланстың тек актив бөлiмiне әсер етедi. Бұл жағдайда актив бөлiмiндегi бiр бап қандай да бiр сомаға азайса, екiншi бап тура сол сомаға артып отырады. Ал активтiң жалпы сомасы мен баланс сомасы ешқандай өзгермейдi.
Мысалы, кәсiпорынның банктегi есеп айырысу шотынан кассаға 100 мың теңге алынды.
Бұл жағдайда есеп айрысу шоты бабындағы сома 100 мың теңгеге азайса, касса деп аталатын баптың 100 мың теңгеге артады. Баланстың активi мен пассивi арасындағы теңдiк өзгермейдi.
Екiншi түрiне жатқызылатын шаруашылық операциялары бухгалтерлiк баланстың тек қана пассив бөлiмiне әсер етедi. Актив бөлiмiнде өзгерiс болмайды, бұл жағдайда пассив бөлiмiндегi бiр бап қандай да бiр сомаға азайып, екiншi бап тура сомаға артады. Ал пассивтiң жалпы сомасы мен баланстың сомасы ешқандай өзгермейдi.
Мысалы, ұйым өзiнiң жабдықтаушы мердiгерлерiнiң алдындағы 500 мың теңге қарызын банк мекесiнен алынған несие арқылы қайтарды делiк.
Бұл уақытта кәсiпорынның бухгалтерлiк балансындағы жабдықтаушы-мердiгерлермен есеп айырысу деп аталатын бабындағы сома 500 мың теңгеге азайып, ал банк несиесi бабындағы сома 500 мың теңгеге артады. Ал баланстың активi мен пассивi арасындағы теңдiк өзгермейдi.
Үшiншi түрiне жатқызылатын операциялардың жоғарыда аталған екi түрiнен айырмашылығы бұл операциялар барысында баланстың активi мен пассивi бiрдей сомаға артады. Яғни ьұл жағдайда операция әсерiнен баланстың актив бөлiмiндегi бiр баптың сомасы қандайда сомаға көбейсе, пассив бөлiмiндегi сомасы осындай сомаға артады.
Мысалы,
жабдықаушы-мердiгерлерден
Бұл уақытта ұйымның бухгалтерлiк баланстағы жабдықтаушы-мердiгерлермен есеп айырысу деп аталытын бабындағы және материалдар деп аталатын бабындағы сома бiр уақытта 200 мың теңгеге көбейедi. Яғни кәсiпорынның материалдарының артуына сәйкес жабдықтаушыларға қарызы да көбейедi. Сонымен қатар 200 мың теңгеге баланстың сомасы да өстi.
Баланс баптарының сомасына әсер ететiн шаруашылық операцияларының төртiншi түрi үшiншi түрiне жатқызылатын операцияларға ұқсас болып келедi. Бұл уақытта да баланстың актив және пассив жағындағы баптары бiр уақытта бiрдей сомаға өзгередi. Айырмашылығы -үшiншi түрге жататын операциялар барысында баланс сомасы (актив және пассив бөлiмдерi) белгiлi бiр сомаға көбейсе, төртiншi түрге жататын операциялар әсерiнен актив пен пассив, сондай- ақ баланстың сомасы қандай да бiр сомаға кемидi.
Мысалы, кәсiпорынның есеп айырысу шотынан бюджетке қосылған құнға салынатын салық үшiн 50 мың теңге борышы төлендi.
Осыған
байланысты есеп айырысу шотындағы
ақшалары және бюджетпен есеп айырысу
(қосылған құнға салынатын салық үшiн қарыз)
деп аталатын баптарының сомалары бiр
уақытта 50 мың теңгеге азаяды. Сонымен
қатар баланыстың сомасы да 50 мың теңгеге
кемидi.
Әдебиеттер:
[3], [5], [18], [29], [39].
Өзін-өзі тексеру сұрақтары
Тақырып – 5
Бухгалтерлiк
есеп шоттары және
екi жақты жазу әдiсi
1. Кез-келген кәсiпорынның бухгалтерлiк балансында сол ұйымның меншiгiндегi шаруашылық құралдары мен олардың қорлану көздерiнiң есеп беретiн уақыттағы жағдайы көрсетiледi. Әйтсе де ұйымның шаруашылық қызметiн басқару үшiн оның мүлiктерi мен қаржыларының және олардың қорлану көздерiнiң есеп беретiн уақыттағы жағдайын ғана бiлу жеткiлiксiз. Яғни кәсiпорынның қызметiн басқару үшiн оның шаруашылық құралдары мен олардың қалыптасу көздерiнiң есептi кезең барысындағы, яғни күнделiктi өзгерiсiн бiлiп, қадағалап отыру қажет. Кәсiпорында әрбiр күнтiзбелiк жұмыс күнi барысында бiрнеше операцияның орындалуы мүмкiн. Бұл операциялардың барлығы да ұйымның капиталына қандай бiр дәрежеде әсерiн тигiзедi. Ал осы операцияларға сәйкес бухгалтерлiк баланс баптарындағы сандарды өзгертiп отыру, яғни әрбiр операциядан кейiн кәсiпорынның жаңа бухгалтерлiк балансын жасау мүмкiн емес және олай жасау тиiмдi болып табылмайды. Ұйымдағы орындалатын әрбiр операцияларды және олардың негiзiнде болатын өзгерiстердi топтастырып есептеп отыру үшiн бухгалтерлiк шот қолданылады.
Бухгалтерлiк есеп шот кәсiпорынның шаруашылық қызметiн басқарып отыру үшiн шаруашылық құралдары мен қорлану көздерiн белгiлi бiр ұқсастықтарына қарай бiрiктiрiп, олардың орындалған операция әсерiнен өзгерiске ұшырауын есептеп отыратын ақпараттық мәлiметтер әдiсi болып танылады.
Шоттар ұйымдағы орындалған операцияларды жинақтап, тiркеп, кейiннен бухгалтерлiк баланс және басқа да есеп беру мәлiметтерiн құру үшiн пайдаланылады. Кәсiпорынның әрбiр мүлiктерi мен қорлану көздерiнiң ұқсас топтары үшiн белгiлi бiр шот ашылады.
Мысалы,
ұйымның қолда бар нақты
Бухгалтерлiк
шоттың қарапайым жай түрi үлкен
"Т" әрпi сияқты болып көрiнедi.
Ал шоттың аты оның үстiңгi жағына жазылады.
Барлық шоттар қарама-қарсы «активтiк»
және «пассивтiк» болып екi түрге
бөлiнедi. Активтiк шоттар ұйымның
қолда бар мүлiктерiн, ал пассивтiк
шоттар осы ұйымның меншiктi капиталы мен
мiндеттемелерiн есептеуге арналған. Шоттың
сол жағы «дебит», ал оң жағы «кредит»
деп аталады. Шотты қолданған кезде бұл
сөздер қысқартылып, Д-т, К-т түрiнде жазылады.
Жалпы шот мына түрде болады.
Дебит шоттың аты Кредит
Кәсiпорындағы орындалған әрбiр операция бiр шоттың дебитiне және екiншi шоттың кредитiне жазылады. Әрбiр мүлiкке немесе қорлану көзiне ашылған бухгалтерлiк шот арқылы сол заттың немесе ақшаның ұйымдағы мөлшерiн бiлiп отыру үшiн «қалдық» сөзi қолданылады. Есептi кезеңнiң басындағы, яғни шоттың ашылуы барысындағы қалдық – «Бастапқы қалдық», ал шоттың жабылуы барысындағы қалдық - «Соңғы қалдық» деп аталады.
Осы
есептi кезең бойындағы шоттың дебит
жағында жазылған сандардың қосындысы
«дебиттiк айналым», ал кредит жағындағы
сандардың қосындысы «
Кезең
аяғында әрбір шот бойынша қалдық сомасы
есептеліп отырады. Кез-келген шоттың
соңғы қалдығы сол шоттың бастапқы қалдығына
«дебиттік айналым» мен «кредиттік айналым»
айырмасын қосу немесе шегеру арқылы табылады.
Егер шоттың бастапқы қалдығы дебеттік
болса, онда соңғы қалдықты табы үшін бастапқы
қалдық сомасына дебиттік айналым сомасы
қосылып, кредиттік айналым сомасы алынып
тасталады. Ал шоттың бастапқы қалдығы
кредиттік болған жағдайда, соңғы қалдық
сомасын есептеу үшін бастапқы қалдыққа
кредиттік айналымды қосып, одан дебеттік
айналымды шегеру қажет. Мысалы,
Дебет
Б. қалдық 5000 3) 50000
1) 20000 4) 10000
2) 45000
айн. 65000 айн. 60000
С.қ
(5000+65000-60000)=10000
Жоғарыдағы касса деп аталатын шоттың соңғы қалдығын есептеу үшін сол шоттың бастапқы қалдығы (дебиттік) 5000 тг-ге дебеттік айналым 65000-тг. қосылып, кредиттік айналым 60000 теңгеге азайтылды. Соның нәтижесінде бұл шоттың соңғы қалдығы (дебеттік) 10000 теңге болды.
1) 180000 Б. қалдық 200000
3) 300000 2) 250000
айн. 480000 4) 50000
С.қ
(200000+300000-480000)=20000
Ал екінші көрсетілген жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу шотының соңғы қалдығын табу үщін бастапқы қалдығы (кредиттік) 200000 (екі жүз мың) теңгеге кредиттік айналым 300000 теңге қосылып, дебиттік айналым 480000 теңге азайтылды (шегерілді). Осының нәтижесінде бұл шоттың соңғы қалдығы (кредиттік) 20000 теңгеге тең болатындығы есептеліп шығарылды. (200000+300000-480000 = 20000).
Бұл
мысалдардан көріп
Кейбір жағдайларда шоттың бастапқы немесе соңғы қалдық сомалары нөлге тең болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, яғни шоттың соңғы қалдығы нөлге тең болғанда бұл шотты жабылған шот деп атайды. Қазақстан Республикасының типтік бухгалтерлік есепшоттар кестесінің «кірістер» және «шығындар» деп аталатын бөлім шоттары есепті кезеңнің соңында міндетті түрде жабылады. Бұл шоттарды транзиттік шоттар деп атайды. Осыған сәйкес жоғарыдағы аталған «кірістер» және «шығыстар» деп аталатын екі бөлімнің шоттарында жинақталған сома «жиынтық табыс немесе жабылмаған зиян» шотына апарылады. Яғни «кірістер» деп аталатын бөлім шот дебиттелініп «жиынтық табыс немесе жабылмаған зиян» шоты кредиттелiнедi. Осыдан кейін «жиынтық табыс немесе жабылмаған зиян» шотының соңғы қалдығы есептелінеді.
Информация о работе Бухгалтерлiк есептiң тұжырымдамалары мен принциптерi