Бухгалтерлiк есептiң тұжырымдамалары мен принциптерi

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2010 в 20:24, реферат

Описание работы

Стандарт сөзi ағылшын тiлiнен аударғанда үлгi, норма деген мағынаны бiлдiредi. Ал бухгалтерлiк есеп стандарттары дегенiмiз кәсiпорындағы есеп жұмысын дұрыс жүргiзудiң және құжаттарды дұрыс толтырудың ережесi болып табылады. Мұндай ереже бухгалтерлiк есептiң әдiстерi мен тәсiлдерiн, мәнi мен мағынасын және терминологиясын анықтайды. Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарының өз мақсаты, қолданылу орны, анықтамасы, қолданысқа енген уақыты және мазмұны болады.

Содержание

1. Бухгалтерлiк есептiң стандарттары және тұжырымдамалық негiзi
2. Бухгалтерлiк есептiң принциптерi
3. Бухгалтерлiк есептiң әдiстерi

Работа содержит 1 файл

Лекция бух учет и аудит.doc

— 307.50 Кб (Скачать)

     Егер  бұл шоттың соңғы қалдығы дебеттік болса, кәсіпорын  бұл есепті кезеңді зиянмен аяқтағаны болып табылады, ал соңғы қалдық кредиттiк болған жағдайда ұйым есептi кезеңдi пайдамен аяқтағаны болып табылады. Ал бұл «жиынтық табыс немесе жабылмаған зиян» шотының соңғы қалдығының нөлге тең болуы  кәсіпорынның осы есепті кезеңдегі табыстары мен сол табысты  табуға  кеткен шығындары тең  болғандығын көрсетеді.

     2.  Кәсіпорынның  бухгалтерлік шоттары  сол ұйымның бухгалтерлік балансы баптарының негізінде ашылады. Сондықтан бухгалтерлік шот аттары баланс баптарының  аттарына сәйкес болуы  тиіс. Бұның негізгі себебі бухгалтерлік баланс  есепті кезеңнің басына жасалып, оның баптарына  сол кездегі, яғни есепті кезеңнің басы мен  соңындағы  мүліктер мен қорлану  көздерінде болған өзгерістер  түгел жазылып  отырылады.  Бұдан шығатын қорытынды - бухгалтерлік шотты бастапқы қалдығы  баланстың  есепті кезеңнің басындағы сомасы  деп аталатын бағаннан алынады да, керісінше  шоттың соңғы қалдығы баланстың есепті кезең соңындағы бағанаға жазылады.

     Осыдан  бухгалтерлік  баланс пен бухгалтерлік шот арасындағы тікелей байланысты көруге болады. Бухгалтерлік баланстың актив баптарына  сәйкес ашылатын шотты, яғни мүліктерді, ақшаны тағы басқаларды  есептеуге арналған шотты активті шот, ал пассив баптарына сәйкес  ашылатын шотты, яғни кәсіпорынның меншікті капиталы мен міндеттемелерін  есептеуге арналған шотты пассивті шот  деп атайды.  Активті шоттың бастапқы және соңғы қалдығы  шоттың дебит жағына жазылады, яғни дебиттік болып табылады. Сонымен қатар бұндай шоттардың көбеюі дебит жағына, ал азаюы (кемуі) кредит жағына жазылады.  

                                          Активті шот құрылымы

      Дебет            ШОТТЫҢ АТЫ    Кредит

     

    Бастапқы  қалдық     Қорлардың азаюы

      Қорлардың көбеюі    

       (+)      (-)

      Айналым      Айналым

      Соңғы қалдық

 

              Пассивті  шот құрылымы

                     ШОТТЫҢ АТЫ 

             Дебет                                         Кредит

     

     Қорлану көздерінің азаюы        Бастапқы қалдық

                (-) Қорлану көздерінің көбеюі

     Айналым      Айналым  (+)

                    Соңғы қалдық 
               

     Ал  пассивті шоттың бастапқы және соңғы қалдығы шоттың кредит жағына жазылады, яғни кредиттік болып табылады. Соған сәйкес бұндай шоттардың көбеюі кредит жағына, ал кемуі шоттың дебит жағына жазылады.

     Бухгалтерлiк  есеп шоттары экономикалық мәнi бойынша үш топқа бөлiнедi: мүлiк есебiн жүргiзетiн шоттар, мүлiктiң қалыптасу көздерiнiң есебiн  жүргiзушi шоттар, шаруашылық процестерi мен оның нәтижесiнiң есебiн жүргiзетiн шоттар.

     Мүлiктiк  есеп шоттары өндiрiс сферасындағы шоттар, айналым сферасындағы шоттар, тартылған қаржылар шоттары болып бөлiнедi.

     Өндiрiс  сферасындағы мүлiктердiң есебiн  жүргiзетiн шоттарда еңбек құралдары  мен еңбек заттары есепке алынады.

     Айналым сферасындағы мүлiктердiң есебiн  жүргiзетiн шоттарда ақшалай қаржылардың  есебi, айналым заттарының есебi, есеп айрысудағы қаржылардың есебi есепке алынады.

     Тартылған қаржылар есебi шоттары қандай да бiр  себептермен шаруашылық айналымында  қолданылмайтын мекеме мүлiгiнiң есебiн  жүргiзу және оған бақылау жүргiзуге арналған. Ол шоттарда зиянның есебi, пайдадан бөлiнген қаржылар, басқа мекемеге салынған қаржылық салымдар есебi есепке алынады.

     Мүлiктiң  қалыптасу көздерiнiң  есебiн жүргiзетiн  шоттар меншiктi және заемдық болып бөлiнедi.

     Меншiктi көздерiнiң есебiн жүргiзетiн шоттарда жарғылық капитал, резервтiк капитал, қосымша капитал, бөлiнбеген пайда шоттары бойынша қозғалысының есебi жүргiзiледi.

     Заемдық көздердiң есебiн жүргiзетiн шоттарда барлық кредиторлық бережақтар есепке алынады.

     Шаруашылық  процестерi мен олардың  нәтижесiнiң есебiн  жүргiзетiн шоттар үш топқа бөлiнедi. өндiрiс процесiнiң есебi шоттары, айналым процесiнiң есебi шоттары, шаруашылық процесiнiң нәтижесiнiң есебi шоттары.

     Өндiрiс  процесi есебiн жүргiзетiн шоттарға өнiм өндiрiсiмен байланысты шығындардың  есебi жүргiзiледi. Мысалы, «негiзгi өндiрiс», «көмекшi өндiрiс», т.б.

     Айналым процесiнiң есебi шоттарында өнiмдi сатумен  байланысты шығындар есепке алынады. Мысалы, «Өнiмдi (жұмыс, қызмет) сату бойынша шығындар»,т.б.

     Шаруашылық  процесiнiң нәтижесi шоттарында шаруашылық қызметiнiң нәтижесi есепке алынады. Мысалы, "жиынтық табыс (зиян)" т.б.

     Құрылымы  бойынша шаруашылық құралдары, құралу көздері негізгі, операциялық, реттеуші, транзиттік болып бөлінеді.

     Негізгі шоттар деп шаруашылық құралдары  құрамы мен құралу көздері есептелетін  шоттарды айтады. Олар 6 топқа бөлінеді.

     Реттеуші  шоттар шаруашылық құралдары мен  құралу көздерінің жеке түрлерінің жағдайын немесе бағалануын реттеу үшін арналған.

     Операциялық шоттар шаруашылық процестерінің есебін жүргізуге арналған.

     Транзиттік  шоттар есепті кезең ішіндегі және аяғындағы мекеме құралдарының қалдығы жөнінде ақпарат беруге арналған.

     Негізгі шоттар деп- шаруашылық құрылымымен, құралу көздері есептелетін шоттарды атайды. Олар 6 топқа бөлінеді.

  1. Инвентарлық шоттар негізгі құралдар, тауарлы материалдық бұйымдар, басқалай бағалы бұйымдардың есебін  жүргізуге арналған. Бұл топқа материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материал, дайын өнім, тауар, меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары, шоттары кіреді.
  2. Қаржылық жұмсалым шоттары жарғылық капиталдағы ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық инвестиция қозғалыстары мен бары жөнінде ақпарат жинауға арналған. Оған инвестиция, қаржылық инвестиция шоттары жатқызылады.
  3. Ақшалай шоттар, ақшалай қаржылар шоттарының есебін жүргізуге арналған. Оған жолдағы аударылған ақшалай, қаржылар, банктiң арнайы шотындағы ақшалай қаржылар, кассадағы ақша, валюталық және есеп айырысу шотындағы ақшалар кіреді.
  4. Қарыз шоттары ұлттық және шетел валютасындағы ел ішінде және шетелде банкпен, банктен тыс мекемелерден алынған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несие бойынша ақпараттар жинауға арналған.
  5. Капитал шоты мекеменің меншікті капиталының есебін жүргізуге арналған. Оған жарғылық капитал, төленбеген капитал, қосымша төленген капитал, резервтік капитал, бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян шоттары жатқызылады).
  6. Есеп айырысу шоттары есеп айырысулардың есебін жүргізуге арналған. Олар активті және пассивті болуы мүмкін. Активті есеп айырысу шоттары сатып алушымен тапсырма берушілердің бережағы, еншілес серіктестіктердің бережақтары, берілген аванс шоттары. Пассивтік есеп айырысу шоттарына девиденд бойынша есеп айырысу, бюджетпен есеп айырысу, жабдықтаушылармен есеп айырысу, кредиторлық бережақтар, алынған аванс жатқызылады.

     Реттеуші  шоттар- шаруашылық құралдары мен құралу көздерінің жеке түрлерінің жағдайын немесе бағалануын реттеу үшін арналған. Олар қосымша және контрарлық болып бөлінеді.

  1. Қосымша шоттар реттелетін объектінің шамасының соммасын толықтыруға арналған. Оған негізгі құралды қайта бағалаудан қосымша төленбеген капитал, инвестицияны қайта бағалаудан қосалқы төленбеген капитал жатқызылады
  2. Контрарлық шоттар контрактивтік және контрпассивтік шоттар болып бөлінеді. Контрактивтік шоттарға материалдық емес активтер амортизациясы, негізгі құралдардың тозуы жатқызылады. Контрпассивтіге бағадан шегерім (скидка), сатудан шегерім жатқызылады.

     Операциялық шоттар шаруашылық процестерінің есебін жүргізуге арналған. Ол 5 топқа бөлінеді.

  1. Бөлуші шоттар өнім өндіру және өткізумен байланысты шығындарды жинақтауға арналған. Оған үстеме шығын шоттары жатқызылады.
  2. Бюджеттік бөлуші шоттар шығындармен табыстарды есепті кезең араларында бөлу және есебін жүргізуге арналған. Олар активті және пассивті болуы мүмкін. Активті шоттарға сақтандыру полюсі, жалдық төлем, алдағы шығын шоттары жатқызылады. Пассивті шоттарға күмәнді қарыздар бойынша резервтер, алдағы кезең табыстары шоттары жатқызылады.
  3. Калькуляциялық шоттар мекеменің өнім (жұмыс, қызмет) өндіруге жұмсаған шығындары жөнінде ақпарат жинауға арналған. Бұған негізгі және көмекші өндіріс шығындары, әлеуметтік сфера шығындары, өндірістегі ақау есебі шоттары жатқызылады.
  4. Салыстырмалы шоттар дебитімен кредитіне есептелген мәліметіне салыстыру жолымен шаруашылық процестерінің нәтижесін анықтау үшін қолданады. Оған жиынтық табыс (зиян) шоты жатқызады.
  5. Бюджеттік шоттар мекеме бюджетін анықтайтын табыстар мен шығындар есептелетін шоттарды қамтиды. Оған барлық табыстар мен өнімнің өзіндік құнын бейнелейтін шығын шоттары жатқызылады.

     Транзиттік  шоттар есепті кезең ішіндегі және аяғындағы мекеме құралдарының қалдығы жөнінде ақпарат бейнелеуге арналған. Бұған материалдық шығын еңбек ақы төлеу шығындары, сақтандыру есептеулері, құралдардың тозуы, аяқталмаған өндіріс, меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары көмекші аяқталмаған өндіріс. Баланстан тыс шоттар заңды ережеге сәйкес баланстың шоттары есептеуге келмейтін объектілердің есебін жүргізуге арналған.

     3. Бухгалтерлiк есептiң басты мақсаты құжаттарда бейнеленген шаруашылық операцияларына бақылау жүргiзу. Кәсiпорындарда орындалған әрбiр шаруашылық операцияларын шотта бейнелеу үшiн бухгалтерлiк есептiң ерекше тәсiлi қолданылады. Ол тәсiл екi жақты жазу әдiсi деп аталады. Екi жақты жазудың қажеттiлiгi экономикалық құбылыстардың өзара байланыстылығынан туындайды. Бухгалтерлiк есеп объектiлерiнiң расында өзара белгiлi бiр байланыс болады. Бұған дәлел ретiнде ұйымның шаруашылық құралдары мен оның құрылу көздерiнiң және шару ашылық процестерiнiң осы кәсiпорындағы орындалатын әрбiр шаруашылық операциясын екi жақты экономикалық құбылысқа алып келетiндiгiн және олардың өзгерiстерiнiң мiндеттi түрде баланстың екi бабында да сомада көрсетiлуiн келтiруге болады. Екi жақты жазу шаруашылық операцияларының нәтижесiнде бухгалтерлiк есеп объектiлерiндегi болатын өзара өзгерiтердi көрсетедi.

           Осы айтқандарымыз  түсiнiктiрек болу үшiн операциялардың шотта екi жақты жазылуының тәртiбiн нақты мысалда құрастырайық. Ол үшiн келесі 2 – кестеде шартты баланс негiзiнде бухгалтерлiк есеп шотын ашамыз.

2 –  кесте

      «ККК» фирмасының 1 қаңтар 2007 жылғы балансы

 
Актив Пассив
Баптардың аталуы Сомасы Баптардың аталуы Сомасы
Материалдық емес активтер 15000 Жарғылық қор 80000
Негiзгi құралдары 30000 Бөлiнбеген пайда 20000
Аяқталмаған өндiрiсi 90000 Банк несиесi 60000
Дайын бұйымдары 70000 Бюджетпен есеп айырысу 40000
Материалдары 20000 Жабдықтаушы мердiгерлермен  есеп айырысу 50000
Ақша 110000 Еңбекақы бойынша  есеп айырысу 85000
БАЛАНС 335000 БАЛАНС 335000

Информация о работе Бухгалтерлiк есептiң тұжырымдамалары мен принциптерi