Қазақстан Республикасында қаржы лизингінің экономикалық дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 22:01, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы қаржылық лизингтің теориялық негіздерін, лизингтің құқықтық негіздерін зерттеу, лизингтік операциялардың механизмдерін қарастыру, сондай-ақ Қазақстандағы лизинг дамуының ерекшеліктері мен даму келешегін зерттеу. Лизингтің теориялық және тәжірибелік негіздеріне сүйене отырып, оның нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру үшін маңыздылығы мен рөлін анықтау болып табылады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................... 3
І Бөлім. Қаржылық лизингтің теориялық негіздері
1.1 Қаржылық лизинг түсінігі, ерекшелігі................................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында қаржылық лизингтің заңды қамтамасыз етілуі.............................................................................................................................9
ІІ Бөлім. Екінші деңгейлі банктің лизингтік операцияларының элементтерінің есебі
2.1 Лизингтік төлем есебінің әдістері. Қаржылық лизинг бойынша операциялар есебі.............................................................................................................................14
2.2 «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қызметі мен есебі ......................17

ІІІ Бөлім. Қазақстан Республикасында қаржы лизингінің экономикалық дамуы
3.1 Қаржылық лизингтің несиелік аспектілері.......................................................26
3.2 Қазақстан Республикасында қаржылық лизингтің дамуы: іске асырылуы және болашағы...........................................................................................................28
Қорытынды .............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................34
Қосымшалар............

Работа содержит 1 файл

Жоспар 1.docx

— 88.35 Кб (Скачать)
stify">ағымдағы  бөлігі» 3370 шоты – есепті жылға келетін  лизинг затының құнын өтеу бөлігіндегі сомаға; «Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар» 3380 шоты – есепті жыл бойынша сыйақылар бойынша шығыстар сомасына дебеттейді және «Ақша қаражаттары» бөлікшесінің ақша қаражаттар шоттарын несиелендіреді.

      Қаржы лизингі шарттары бойынша лизинг алушы лизинг затының тозуына  есептеуді жүзеге асырады. Активтердің  қай жерде пайдалануына қарай 7110, 7210 шоттар дебеттейді, 8045 «Негізгі қаражаттардың  өтелімі және құнсыздануы» 8045 бөлікшенің 2420 шоттары талдамалы есеп жүргізуде  тиісті шоттар бойынша олардың басыбайлылығын бөле отырып, несиелендіреді.

      Қаржы лизингісінің қолданылу мерзімі  бойы лизинг алушы лизинг заттарын мерзімінен бұрын сатып ала алады. Бұл ретте тиісті бөлікшелердің  ақша қаражаттары шоттарын «Жалгерлік міндеттемелер» 3360,4150 шоты бойынша қалған сомаға несиелендіреді. 3370, 4150 шоттары бұл жағдайда жабылады, ал «Негізгі қаражаттар» бөлікшесінің 2410 шоттары бойынша талдамалы есеп жүргізуде сатып алынған лизинг заттарын меншікті негізгі қаражаттар санатына ауыстыру керек. Тиісті өзгертулер әрі қарай есеп жүргізуде меншікті активтер бойынша сияқты көрсетілетін лизинг заттарының тозуы бойынша енгізіледі. Бұл операциялар талдамалы есепте тиісті шоттар бойынша жүргізіледі.

      Жалгер бухгалтерлік есеп жүргізуде қосымша құн салығын қамтып көрсетуі.

      Мүлікті қаржы лизинісіне табыстау лизинг алушының алатын сыйақы сомасы бөлігіндегі қосылған құнға салынатын салықтан келесі шарттарды сақтаған кезде босатылады:

      Мүлікті қаржы лизинісіне табыстау лизинг алушының алатын сыйақы сомасы бөлігіндегі қосылған құнға салынатын салықтан келесі шарттарды сақтаған кезде босатылады:

- мұндай  табыстау Қазақстан Республикасы салық кодексінің 74 бабымен белгіленген талаптарға сай.

- лизинг  алушы мүлікті негізгі қаражат  ретінде сатып алады.

      Мүлікті қаржы лизингісіне табыстау қосылған құнға салынатын салықтан келесі шарттарды сақтаған кезде босатылады:

- егер  табысталатын мүліктің импорты  Қазақстан Республика салық кодексінің 234 бабының 1 тармағы 12 тармақшасына сәйкес қосымша құн салығын төлеуден босатылса.

- егер  сатып алынатын мүлік Қазақстан Республика салық кодексінің 225 бабының 17 тармақшасына сәйкес қосымша құн салығысыз сатып алынса.

      Егер  лизинг алушы қосымша құн салығын төлеуші болып саналса, онда лизинг алушыдағы есепке алынған қосымша құн салық сомасы лизинг берушімен табысталатын лизинг затына жазылған фактура шоты бойынша төленетін салық сомасы болып саналады, салық салынатын айналым мөлшері қаржы лизингі шартына сәйкес барлық лизингілік төлемдердің жалпы сомасына қарай көрсетіледі (қайтарылатын лизинг шартын қоспағанда), бірақ лизинг берушінің айналым жасаған күніне анықталатын айналым мөлшеріне сәйкес келетін салық сомасынан жоғары болмайды.

      Салық салынатын салық мөлшері анықталады:

 - қаржы лизингі шартымен белгіленген дүркіндік лизингілік төлемін алу мерзімі басталған  күнге;

 - егер қаржы лизингі шарты бойынша лизингілік төлемді алу мерзімінің басталған күні мүлікті лизинг алушыға табыстау күніне дейін белгіленген жағдайда, айналым жасайтын күн мүлікті қаржы лизингісіне табыстау күні болып саналғанда;

 - лизинг алушы қаржы лизингі шартымен алдын ала ескерілген лизингілік төлемдерді мерзімінен бұрын өтегенде, ақырғы есеп айыру күні аталмыш қаржы лизингі шарты бойынша соңғы айналым жасау күні болып саналады.

      Мысалы: Лизинг беруші лизинг затына жалпы сомасы 10 000 000 теңге, соның ішінде қосылған құн салығы 1 150 442  теңгеге тең, фактура шотын жазды. Төлемдер мерзімі басталған кезде, лизинг алушы төлемдерге үйлесім етіп есепке қосымша құн салық сомасын жатқызады. 

      Лизингілік төлемдерді төлеу кестесі.

             Дүркіндік лизингілік төлемдерді төлеу бойынша Лизинг алушының  міндеттемелерін орындау мерзімінің басталатын күні       Лизинг   затының  жалпы құнының орнын толтыру  бөлігіндегі төлемдерді өтеу сомасы, теңге       Лизинг  алушымен есепке алынатын ҚҚС сомасы
      1       Наурыз 2008г       2 500 000       287 612
      2       Ақпан  2009г       1 080 000       124 248
      3       Ақпан  2010г       1 070 000       123 097
      4       Ақпан  2011г       1 070 000       123 097
      5       Ақпан  2012г       1 070 000       123 097
      6       Ақпан  2013г       1 070 000       123 097
      7       Ақпан  2014г       1 070 000       123 097
      8       Ақпан  2015г       1 070 000       123 097
      Барлығы:       10 000 000       1 150 442
 

Лизингті  құқықтық реттеу

• Қазақстан Республикасының Кеден Кодексі

• Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (ерекше бөлімі)

• Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5 шілдедегі 78-ІІ «Қаржы лизингі туралы» Заңы

• «Қазақстан Республикасының салықтар және басқа да бюджетке арналған міндетті төлемдері туралы» Кодексі (Салық кодексі)

      «ҚазАгроҚаржы»  акционерлік қоғам қызметі жөнінде  «Хазрет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сын-пікірі:

      «Хазрет»  жауапкершілігі шектеулі серіктестік «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамымен шамамен 9 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде біз 76,6 млн. теңге сомасына 7 бірлік техника алдық.

      Көпшілікке  мәлім, ауыл шаруашылық тауар өндірушілері өз қызметінде аса қолайсыз кезеңді  басынан өткеріп жатыр, атап айтқанда, машина-трактор паркі мүлдем тозған. Егінді немен сеуіп, немен жинап  аламыз – бұл ауыл шаруашылықтарының  ең өзекті де басты мәселесі, алайда бұл мәселені «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы арқылы шешуге болатынын біздің тәжірибемізден және басқа да көпшілік шаруашылықтардың тәжірибесінен көруге болады. «Хазрет» жауапкершілігі шектеулі серіктестік жаңа техника сатып алуға қатысты барлық мәселелерін осы Компаниямен өзара тиімді ынтымақтастық нәтижесінде шешті. Біз бұдан былай ұсталған техниканы арзан бағасына қарап сатып алмайтын боламыз, өйткені «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы ерекше тиімді шарттары бойынша жаңа техника сатып алу бізге анағұрлым қолайлы. 2008 жылы біз «Кейс» егіс кешенін және «Вектор» комбайнын алдық. Егін жинау науқанының нәтижесі бойынша «Вектор» комбайны өзін өте жақсы жағынан көрсетті, біздің шаруашылық қызметкерлерінің ойынша, бұл комбайн шетел комбайндарынан кем түспейді.

      Ерекше  атап өткіміз келетіні - «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғам жұмыскерлерінің кеңселеріне келген әрбір шаруаға деген қарым-қатынасы. Қандай болсын кез келген сұраққа түсінікті жауап бере алады, көмек көрсете алады, бұдан Компанияның корпоративтік рухын көруге болады. Сонымен бірге, әрине, маңызды да басты артықшылығы – қолайлы шарт талаптары, біздің барлық сұранымдарымыз бен тілектерімізге жауап беретін әр алуан несиелендіру және лизинг бағдарламалары.

      «ҚазАгроҚаржы»  акционерлік қоғам қызметі жөнінде «Щербаков жауапкершілігі шектеулі серіктестік сын-пікірінде былай дейді:

      «Щербаков»  жауапкершілігі шектеулі серіктестік 2003 жылдан бері «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғам тапсырыскері болып келеді. Ынтымақтасқта еңбек етіп келе жатқан 6 жыл ішінде жалпы сомасы 322,1 млн. теңгеге 10 лизинг және қарыз шарттары жасасылып, келесі техникалар алынған - Т-95 тракторы, 4-5бірл., ХТЗ- 2 бірл., МТЗ - 1 бірл., Енисей комбайны – З бірл., егіс кешендері – 2 бірл. және Камаз а/м – 2бірл.

      Басқа қаржы институттары алдында «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғам

артықшылығы – қолайлы шарт талаптары, төмен  проценттер, қажет болса,

әрқашан жан-жақты түсіндіріп, көмек көрсететін білікті қызметкерлер штатының болуы.

      «ҚазАгроҚаржы»  акционерлік қоғамының қолдау жасауының арқасында машина-трактор паркімізді жаңарту мен айналым қаражаттарымызды толықтыру егін себу және егін жинау науқандарында біздің шаруашылығымызға нақты көмегін тигізді.

      Барлық  банк құрылымдары ипотекалық дағдарыстың  салдарынан шарт

талаптарын  қатаңдатқан кезеңде, тіпті ауыл шаруашылық құрылымдарымен жұмысын  тоқтатқан кезде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғам ауыл шаруашылығы құрылымдарының мұқтаждарын тиімді қанағаттандыру деңгейіне жету мақсатында өзінің көрсететін қаржы қызмет аясын кеңейте отырып, ынтымақтастығын одан әрі жалғастыра берді.

      Біздің  «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамымен ынтымақтастығымыз көп жылдық әрі өзара тиімді болады деген сенімдеміз.

      «Щербаков»  жауапкершілігі шектеулі серіктестік директоры Якимов Олег Сергеевич

      Аналитика. Бүгінгі таңда  экономикасы серпінді қарқынмен өсіп келе жатқан Қазақстан ауылға және ауыл шаруашылығына шындап көңіл аударуға тиісті.

       90 жылдардың  басындағы дағдарыс кезінде мемлекетіміз ауыл шаруышылығына ешқандай көмек көрсетпей және қолдау жасамай, шеттетіп тастаған болатын. Мұны түсіндіруге де болады: кедейшілік шырмауығына түскен ел ауыл сияқты көтеруге салмағы ауыр жүкті әрі қарай «тартуға» жағдайы болмады. Мүмкін экономиканың басқа салаларының ішіндегі ешқандай салада шаруашылық жүргізудің әкімшілік социалистік әдістері ауыл шаруашылығы экономикасындағыдай өзінің әлсіздігін айқын көрсетпеген шығар.

      Дағдарыс  оны өте соғып тастады,  әсіресе, қазіргі заманғы ауыл шаруашылық өндіріс үшін аса қажетті сала  қатты соққыға ұшырады, ол – техникалық және технологиялық сала.

      Кейінгі 10-12 жылдарда Қазақстанның ауыл шаруашылығындағы машина-трактор парктерінің саны екі есе азайды. Негізгі өндірістік қорлардың тозу деңгейі 80-85% жетті, ал олардың істен шығу деңгейі сұранымның шектелуіне байланысты толықтырудан да жоғары. Техниканың ескіруіне қарамастан, машиналарды күрделі жөндеуден  өткізуге және мамандандырылған техникалық қызмет көрсетуге тапсырыстар азайды, олардың деңгейі бұрынғы деңгейінен 2-3% төмендеді. Қаражаттарын үнемдеу  мақсатында шаруашылықтар негізіне қарай маңызды болып саналатын  жөндеу жұмыстарының 88% өз күштерімен жүргізеді. Негізгі егіс жұмыстары   науқанында машиналардың техникалық дайындығы, егер нормативі   85 -90% болса, ол тек 50 -70% ғана құрайды.

      Оның  себебі бері жатыр – шаруашылықтарда  қаражат тапшылығы басым, олардың  тапқан табыстары техникамен қайта  жарақтандыру үшін ауқымды инвестиция жасауға  мүмкіндік бере алмайды.

      Мұндай  техникалық жарақтандыру және қызмет көрсету жағдайының

шиеленісуін қалпына келтіруде ауыл шаруашылық өндірісін техникалық және технологиялық   жаңғыртудың тиімді құралы ретінде лизингтің атқаратын қызметі зор.

      Мамандардың бағалауы бойынша, шаруалар үшін лизингілік тәсімнің қолайлылығы, несиелікпен салыстырғанда, 10,6% құрайды, ал техниканы

меншікті  қаражаттарына сатып алумен салыстырғанда - 14,0%.

      Қазақстандағы лизингілік қызметті іс жүзінде дамыту тәжірибесін талдай

отырып, мамандар құрылған жүйенің шоғырлануға  ұмтылысын  көрсететінін айтады. Мысалы, елімізде қаржы лизингі  аса қомақты шамада өзінің қолына «ҚазАгроҚаржы» жабық акционерлік қоғамы жұмылдырды. Техникалық ресурстар нарығындағы компанияның үлесі: тракторларды жеткізуде 71%, астық жинау комбайндарын жеткізуде - 80% дейін құрайды. Ал бұл көпшілік шаруашылықтардың, әсіресе, егінмен айналысатын шаруашылықтардың техникалық ахуалын анықтайтын ең негізгі техника түрлері ғой.

      Жасыратыны  жоқ – компанияның нарықтағы  жетекші орыны бюджеттік қаржыландыруды қолдана отырып, лизингілік бағдарламаларды  іске асыру есебінен қамтамасыз етіледі.  Компания өз уақытында елімізде лизингті «жіберу» үшін құрылған болатын-ды.

      Біртіндеп басқа да лизингілік компаниялар  құрыла бастады. «ҚазАгроҚаржы» жабық акционерлік қоғамынан басқа, қазір Қазақстанда, негізінен, өнеркәсіп, сауда, технологиялық  және басқа да жабдықтарды, автокөлікті, оргтехниканы жеткізуде мамандандырылған 180 астам жекеменшік лизингілік компаниялар тіркелген. Нақты ауыл шаруашылығы лизингісімен небары 14-15 компания айналысады, жалпы көлемде олардың үлесі  көп емес, орташа есеппен 15 -20% құрайды.  

Информация о работе Қазақстан Республикасында қаржы лизингінің экономикалық дамуы