Қазақстан Республикасында қаржы лизингінің экономикалық дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 22:01, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы қаржылық лизингтің теориялық негіздерін, лизингтің құқықтық негіздерін зерттеу, лизингтік операциялардың механизмдерін қарастыру, сондай-ақ Қазақстандағы лизинг дамуының ерекшеліктері мен даму келешегін зерттеу. Лизингтің теориялық және тәжірибелік негіздеріне сүйене отырып, оның нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру үшін маңыздылығы мен рөлін анықтау болып табылады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................... 3
І Бөлім. Қаржылық лизингтің теориялық негіздері
1.1 Қаржылық лизинг түсінігі, ерекшелігі................................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында қаржылық лизингтің заңды қамтамасыз етілуі.............................................................................................................................9
ІІ Бөлім. Екінші деңгейлі банктің лизингтік операцияларының элементтерінің есебі
2.1 Лизингтік төлем есебінің әдістері. Қаржылық лизинг бойынша операциялар есебі.............................................................................................................................14
2.2 «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қызметі мен есебі ......................17

ІІІ Бөлім. Қазақстан Республикасында қаржы лизингінің экономикалық дамуы
3.1 Қаржылық лизингтің несиелік аспектілері.......................................................26
3.2 Қазақстан Республикасында қаржылық лизингтің дамуы: іске асырылуы және болашағы...........................................................................................................28
Қорытынды .............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................34
Қосымшалар............

Работа содержит 1 файл

Жоспар 1.docx

— 88.35 Кб (Скачать)

               1420 «Клиенттерге қаржы лизингі»

         Кт 1656 «Жалға беруге арналған негізгі құралдар».

      Ай  сайын айдың соңғы жұмыс күнінен  кешіктірмей лизинг беруші лизинг бойынша  сыйақыларды есептейді. Бұл кезде  келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

         Дт 1730 «Басқа банктерге ұсынылған сый-ақы және қаржылық лизинг бойынша есептелген кірістер»

              1740 «Клиенттерге ұсынылған қаржылық лизинг және қарыз бойынша есептелген қарыз»

         Кт 4305 «Басқа банктерге ұсынылған қаржылық лизинг бойынша сый-ақы алумен байланысты кірістер»

              4420 «Клиенттерге ұсынылған қаржылық лизинг бойынша сый-ақы

алумен байланысты кірістер».

      Лизинг  келісімімен қаралған төлемдерді мерзімінде алғанда лизинг беруші лизинг бойынша қосылған сыйақыны өтеді:

         Дт 1051 «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктегі корреспонденттік шот»

         Кт 1730 «Басқа банктерге ұсынылған сый-ақы және қаржылық лизинг бойынша есептелген кірістер»

               1740 «Клиенттерге ұсынылған қаржылық лизинг және қарыз бойынша есептелген қарыз».

      Лизинг  алушы сыйақы бойынша төлемдерді, сондай – ақ қаржылық лизинг бойынша  негізгі борыш сомасы кешіктірілгенде, келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:

                Дт 1731 «Басқа банктерге ұсынылған қарыз және қаржылық лизинг бойынша мерзімі өткен сый-ақы»

                 1741 «Клиенттерге ұсынылған қаржылық лизинг және қарыз бойынша мерзімі өткен сый-ақы»

           Кт 1730 «Басқа банктерге ұсынылған сый-ақы және қаржылық лизинг бойынша есептелген кірістер»

                1740 «Клиенттерге ұсынылған қаржылық лизинг және қарыз бойынша есептелген қарыз».

      Лизинг  алушыдан мерзімі ұзартылған төлемдер қайтарылғанда, келесі бухгалтерлік жазба  жасалады:

           а) Айып, өсімақы және тұрақсыздық  сомасына:

           Дт 1051 «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктегі корреспонденттік шот»

           Кт 1860 «Банктік қызмет бойынша басқа да дебиторлар».

           ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы  сомасына:

           Дт 1051 «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктегі корреспонденттік шот»

           Кт 1731 «Басқа банктерге ұсынылған қарыз және қаржылық лизинг бойынша мерзімі өткен сый-ақы»

                 1741 «Клиенттерге ұсынылған қаржылық лизинг және қарыз бойынша мерзімі өткен сый-ақы».

      Лизинг  келісімінің әрекет ету мерзімі  аяқталған соң лизинг заты лизинг шартының келісіміне сәйкес лизинг алушыдан лизинг берушіге қайтарылады:

           а) Егер лизинг заты толық  амортизацияланса, онда лизинг беруші  аталған лизинг затын қабылдау - өткізу акті бойынша қабылдайды  және қажет болса оны одан  әрі қолдану бойынша жүйеден  тыс есепке кірістейді;

           ә) Егер лизинг заты толық  амортизацияланбаса, қалдық құн  сомасына лизинг берушіде келесі  бухгалтерлік жазба жасалады:

           Дт 1652 «Жер, үйлер мен ғимараттар»

                 1653 «Компьютерлік жабдықтар»

                 1654 «Басқа да негізгі құралдар»

                 1655 «Қаржылық лизингке қабылданған негізгі құралдар»

                 1658 «Транспорттық құралдар»

           Кт 1305 «Басқа банктерге қаржылық лизингі»

                 1420 «Клиенттерге қаржы лизингі». 

      2.2 «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қызметі мен есебі

      «ҚазАгроҚаржы»  акционерлік қоғамы 1999 жылы 28 желтоқсанда "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы №201 бұйрығы және «Ауыл шаруашылығының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 қараша № 1777 қаулысына сәйкес құрылды.

      1999 жылы компания мемлекеттік тіркеуден  өтті. 2003 жылы бірінші машина-трактор  стансасы құрылды. 2007 жылы жылыжай  кешендерін, ірі тауарлы сүт фермаларын  құруды қаржыландыру және ірі  қара мал лизингі, Қаржы агенттігі  мәртебесі берілді. Ал 2008 жылы  қарқынды жеміс бақтарын құру, балықты қайта өңдеу зауыттары  құрылды.

      «ҚазАгроҚаржы»  акционерлік қоғамы 100% мемлекеттің қатысуымен құрылған заңды тұлға болып табылады. Оның құрылтайшысы және бірден бір акционері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті тұлғасындағы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. Қазіргі уақытта "ҚазАгроҚаржы" акционерлік қоғамының 100% акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне иелiк ету және пайдалану «ҚазАгро» ұлттық холдингіне акционерлік қоғам берілді. "ҚазАгроҚаржы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі берген лизингтік қызметер мен қарыз және факторингтік операцияларды жүргізуді жүзеге асыруға лицензиясы бар.  Негізгі мақсаты – ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге қаржы қаражаттарын, сонымен қатар лизинг негізінде ауыл шаруашылық техникалары мен технологиялық жабдықтарын алуға қолайлы жағдай жасай отырып, республиканың аграрлық секторын дамытуға қолдау жасау. «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдинг акционерлік қоғам құрамына енеді.

      «ҚазАгроҚаржы»  акционерлік қоғамы  2010 жылы республиканың  агроөнеркәсіптік кешеніне шамамен 54,9 млрд. теңге инвестициялауды жоспарлап  отыр, оның 35 млрд. теңгесі – Ұлттық қор қаражатынан.

      «Қаражат  ауыл шаруашылығы техникалары мен  арнаулы техникалар, қайта өңдеу  жабдықтарын сатып алуды қаржыландыруға қамтылған. Сондай-ақ Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі инвестициялық жобаларды  қаржыландырға бағытталған».

      Республиканың агроөнеркәсіптік кешеніне инвестициялық  жобаларды іске асыру шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» компаниясына жалпы  сомасы 86 млрд. теңгеге 70 өтінім келіп  түсті. Оның ішінде бүгінгі таңда  ірі-тауарлы сүт фермаларын құру бағытында Ақтөбе, Қызылорда және Қостанай облыстарының шаруашылықтарынан  келіп түскен 3 өтінім мақұлданды.

      Сонымен бірге ет бағытындағы құс фабрикасын салуға 6 өтінім, сонымен

қатар Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру  өндірістерін ұйымдастыру бойынша 2 өтінім мақұлданды.

      Көкөніс қоймаларын салу бағыты бойынша 5 жоба, жылыжай кешендері бойынша 4 жоба және тамшылатып суару жүйесін енгізу бойынша 1 жоба мақұлданды. Оның ішінде 11,8 млрд. теңгеге 13 жоба ендігі қаржыландырылып  та қойған.

      Сонымен, Қазақстан Республика агроөнеркәсіптік кешеніндегі алты перспективалық бағытта (республикада ірі-тауарлы сүт фермаларының, ет бағытындағы құс фабрикаларының, жоғары технологиялы жылыжай шаруашылықтарының, көкөніс қоймаларының желілерін құру және дамыту, ауыл шаруашылығы техникаларын құрастыру бойынша өндірістер ұйымдастыру, сонымен қатар тамшылатып суару технологиясын енгізу) инвестжобаларды қаржыландыру шеңберінде «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы жалпы сомасы 22,6 млрд. теңгеге 21 жоба мақұлдады. Қазіргі кезеңде 30,7 млрд. теңгеге 24 жоба қаралу үстінде.

      Еске  сала кетсек, «ҚазАгроҚаржы» қаржыландырып  отырған агроөнеркәсіптік кешені дамытудың 6 перспективалы бағытына республикада ірі тауарлы - сүт фермасын, ет бағытындағы  құс фабрикаларын, жоғарғы технологиялық  жылыжай шаруашылығын, көкөніс сақтау қоймаларын салу, ауыл шаруашылық техникаларын жинақтауды ұйымдастыру, сондай-ақ тамшылап суғару технологиясын енгізу жатады.

      Мұнда лизинг алушыларға мынандай мәміле кезеңдері  қарастырылады:

• Әлуетті Тапсырыскермен алдын ала кездесу және сұхбат

• Өтінішкердің өтінім мен толық құжаттар пакетін «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы ұсынуы

• Өтінішкердің құжаттарын сараптау және жобаға талдау жасау

• «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғам уәкілетті органының қаржы лизингі және/немесе қарыз нысанында инвестиция беру жөнінде шешім қабылдауы

• Қаржы лизингі/қарыз шартын жасасу

• Лизинг затын сатып алу және жеткізу

• Тапсырыскердің сұраным жасаған лизинг затын табыстар/қарызды берер алдындағы шарт талаптарын орындауы

• Тапсырыскерге лизинг затын табыстау/қарыз беру

• Тапсырыскердің қаржы лизингі/қарыз шарты бойынша міндеттемелерін орындау мониторингі

• Лизинг затына меншік құқығын табыстау

Қажетті құжаттар тізбесі мынандай:

• Шаруа-фермер шаруашылығы үшін сауалнама

• Заңды тұлға (акционерлік қоғам, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және тағы басқа) үшін сауалнама

• Қаржы лизингісі түрінде қарыз немесе инвестиция алуға өтінімдерін қарау үшін акционерлік қоғамдардың тапсыратын құжаттар тізбесі

• Қаржы  лизингісі түрінде қарыз немесе инвестиция алуға өтініштерін қарау

үшін  барлық серіктестіктер түрі, мемлекеттік  кәсіпорындар мен өндірістік кооперативтер  тапсыратын құжаттар тізбесі

• Қаржы лизингісі түрінде қарыз немесе инвестиция алуға өтініштерін қарау үшін шаруа (фермер) шаруашылықтары мен жеке кәсіпкерлер үшін құжаттар   тізбесі

• Бизнес жоспар – инвестициялық жоба, жаңа нұсқасы

• Техниканы алуға бизнес-жоспарға қойылатын талап

• Есептілік нысандары

      Лизингтің бухгалтерлік есебі келесідей жүргізіледі 

      Қазақстан Республикасы Заңының 22 бабына сәйкес, лизингке есеп жүргізу жұмысы заңнаманың бухгалтерлік есеп бойынша талаптарына  сәйкес жүзеге асырылады.

      Ұлттық Қаржылық Есептілік Стандарты 1, Ұлттық Қаржылық Есептілік Стандарты 2,  «Жалгерлік» Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты  (IAS) 17 сәйкес қаржы лизингі (қаржы жалгерлігі) бойынша шаруашылық операциялар лизинг алушының бухгалтерлік есебінде келесі тәртіпте қамтылып көрсетіледі.

      Жалгер  қаржы жалгерлігін қаржы лизингісінің шарты мен заттың қабылдау-табыстау актісі негізінде активтер мен міндеттемелер ретінде мейлінше төмен:

- әділ құн бойынша;

- лизингілік  төлемдердің дисконтталған құны  бойынша қамтып көрсетуге тиісті.

      Іс  жүзінде актив ретінде бастапқы тану өзіндік құн бойынша жүргізіледі.

      Өзіндік құнға: Әділ немесе дисконтталған құн  сомасы + жүкті тасу, тиеу, құрастыру  бойынша шығыстар + шарт жасасу бойынша  шығындар + Жалға алу затын жұмыс  қалпына келтіруге байланысты басқа  да тікелей шығындар жатады.

      Іс  жүзінде міндеттемелер ретінде  бастапқы тану:

- іс жүзінде танылған активке қосылатын кез келген бастапқы шығындарды қоспағанда, ең төмен әділ құнға тең сомада;

- іс  жүзінде танылған активке қосылатын  кез келген бастапқы шығындарды  қоспағанда,  ең төмен дисконтталған құнға тең сомада жүзеге асырылады.

      Қаржы лизингі шарттарында қабылданған  активтер талдамалы қосалқы шоттарды бөлумен бірге «Негізгі қаражаттар» 2410 бөлікшесіне сәйкес дебет бойынша  және «Ұзақ мерзімді несиегерлік  берешектің ағымдағы бөлігі» 3370, «Жалдау  бойынша ұзақ мерзімді берешек» 4150 шоттар несиесі бойынша қамтылып көрсетіледі.

      Лизинг  затына тиесілі сыйақы сомасына «Сыйақы  бойынша шығыстар» 7310 шоты дебеттейді және «Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар» 3380, «Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар» 4160 шоттары несиелендіреді.

      Қаражаттарды  аударғанда «Ұзақ мерзімді несиегерлік берешектің

Информация о работе Қазақстан Республикасында қаржы лизингінің экономикалық дамуы