Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 22:01, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы қаржылық лизингтің теориялық негіздерін, лизингтің құқықтық негіздерін зерттеу, лизингтік операциялардың механизмдерін қарастыру, сондай-ақ Қазақстандағы лизинг дамуының ерекшеліктері мен даму келешегін зерттеу. Лизингтің теориялық және тәжірибелік негіздеріне сүйене отырып, оның нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру үшін маңыздылығы мен рөлін анықтау болып табылады.
Кіріспе......................................................................................................................... 3
І Бөлім. Қаржылық лизингтің теориялық негіздері
1.1 Қаржылық лизинг түсінігі, ерекшелігі................................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында қаржылық лизингтің заңды қамтамасыз етілуі.............................................................................................................................9
ІІ Бөлім. Екінші деңгейлі банктің лизингтік операцияларының элементтерінің есебі
2.1 Лизингтік төлем есебінің әдістері. Қаржылық лизинг бойынша операциялар есебі.............................................................................................................................14
2.2 «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қызметі мен есебі ......................17
ІІІ Бөлім. Қазақстан Республикасында қаржы лизингінің экономикалық дамуы
3.1 Қаржылық лизингтің несиелік аспектілері.......................................................26
3.2 Қазақстан Республикасында қаржылық лизингтің дамуы: іске асырылуы және болашағы...........................................................................................................28
Қорытынды .............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................34
Қосымшалар............
• лизинг затын клиенттің меншігіне беру және (немесе) клиентке лизинг затын лизинг шартымен кесілген бағаға иелену құқығын беру лизинг шартымен белгіленген;
• лизингтің мерзімі лизингтің пайдалы қызмет ету мерзімінің 75% аспайды;
• лизингтің бүкіл мерзіміне лизинг төлемінің ағымдағы (дисконтталған) құны берілетін лизинг заты құнының 90% асады. Мәмілеге үш тарап қатысады: Лизинг беруші – лизинг бұйымын жекешелендіріп алып, оны лизинг алушыға лизинг келісімшарты негізінде уақытша алуға және пайдалануға беретін қатысушы.
Лизингті алушы – лизинг келісімшарты негізінде лизинг бұйымын уақытша алатын және кәсіпкерлігі үшін пайдаланатын қатысушы.
Сатушы – лизингті алушы таңдап алған тарап. Сатушы лизинг бұйымын сатып алу-сату келісімшарты негізінде банктің жекеменшігіне өткізеді. Ал банк оны лизинг алушыға лизинг келісімшарты негізінде уақытша алуға және кәсіпкерлігінде пайдалануға береді.
Лизингті жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар, соның ішінде шаруа (фермер) қожалықтары, жүк және жолаушыларды тасымалдау аясында қызмет істейтін ұйымдар, құрылыс және өндірістік компаниялар, мұнай және газ өңдеу кәсіпорындары және тағы басқалары ала алады.
Қаржы лизингінің қызмет шарттары:
Лизинг заты: ғимараттар, құрылыс нысандары, жер телімдері, транспорт, машиналар, және тағы басқа қолданбайтын заттар. Құнды қағаздар мен табиғи
байлықтар лизингке жатпайды.
Ең төменгі сома:
Резидент сатушылармен жасалатын мәміле – 30 000 АҚШ доллары;
Резидент емес сатушылармен жасалатын мәміле – 100 000 АҚШ доллары.
Аванстық
төлем: лизинг бұйымының өтімділігі мен
оның бағасының амортизациясына байланысты
лизинг бұйымының 0%-дан 50%-ға дейін;
Пайыздық мөлшерлеме: қаржыландыру мерзімі
мен несиелеу тәуекелдігіне байланысты
есептеледі;
Төлеу мерзімділігі: ай сайын немесе тоқсан сайын;
Ұйымдастыру комиссиясы: 0%-ден 3%-ға дейін;
Сақтандыру: лизингті жеткізу мен пайдалану мерзімі бойы міндетті түрде сақтандыру қажет.
Қаржы лизингін ұсыну шарттары жобаның ерекшелігіне байланысты әрбір клиентпен жекеше талқыланады!
Қаржы лизингінің келiсiм-шарт валютасы: теңге.
Мерзiмі (ай):
• min. - 37 ай,
• max. - лизинг құралының тиiмдi қызмет мерзiмiне байланысты.
Сыйақы мөлшерлемесi: несиелiк тәуекелдiлiк деңгейiне және лизинг мерзiмiне байланысты 16 пайыздан бастап белгiленедi.
Лизинг төлемінiң тез арадағы толық және жекелеген төлемін жасауға 37 ай көлемiнде тыйым салынады. 6 айға дейiн жеңiлдiк кезеңi ұсынылуы мүмкiн.
Лизинг төлемi мерзімінен бұрын төленген жағдайда немесе лизинг құралын сатып алған жағдайда банкке төленбеген сыйақы көлемiнен 0 пайыз (тыйым уақыты бiткен кезде).
Қаржы лизингінің артықшылығы:
• Лизингті алушының салық түсетін табысынан қаржы лизингі бойынша сыйақысы шегеріледі;
• Лизинг бұйымын пайдаланудың бірінші салық кезеңінде амортизацияны бөлу амортизацияның екі нормасы бойынша есептеледі;
• Қаржыландыру мерзімі – 3 жылдан аз болмауы керек;
• Лизингті алушы сатушыны, лизинг бұйымын таңдау, жеткізу түрін және кедендік рәсімдеуді өзі таңдайды;
• Мәмілені жүзеге асыру барысында банктегілердің білікті кеңесі беріледі;
• Лизингті алушыдан лизингтік аванстық төлем жасауы негізінде (несие қаржысына қарағанда соманың төмендеуі кепілдікпен қамсыздандыруды қажет етеді) қосымша кепілдік қажет етілмейді;
• Лизингтік төлемдерге банк комиссиясын үнемдеу. Төлемдерді банк өз атынан жүргізетіндіктен лизингтік төлемдер үшін комиссия алынбайды;
• Банк лизингтік төлемдердің тиімді және жеке кестесін жасайды;
• Бәсекелестік сыйақы мөлшерлемелері қаржыландырудың мерзіміне, жоба бойынша қауіп деңгейіне, мекеменің қаржылық жағдайына және тағы басқаға байланысты;
• Жаңа басталған бизнестi қаржыландыру мүмкiндiгi;
• Амортизациялық шығындар және мүлікке салық салу клиентке жүктеледі;
• Тәуекел бойынша, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету бойынша жауаптылықты клиент көтереді;
• Лизингтік төлемдер өнімнің өзіндік құнына жатады;
• Табыс салығы бойынша жеңілдіктер.
Қаржы лизингінің кемшіліктері:
• Өте қауіпті операция (тәуекел мүлік жоғалу салдарынан пайда болуы мүмкін);
• Клиенттердің қаржылық жағдайын белгілеу бойынша жұмысты талап етеді;
• Бірінші үлкен жарна.
Лизингтік мәміленің кезеңдері
• Әлеуетті Лизингті алушыға кеңес беру және мандатқа қол қою (мәміленің индикативті шарттары);
• Банктің өкілетті органдарының лизингтік қаржыландыруға түскен өтініштерді қарауы және шешім қабылдауы;
• Сатушы мен Лизингті алушының лизинг келісімшартына және сату-сатып алу келісімшартына отыруы;
• Мәміле құжатын рәсімдеу және валюта заңнамасының талаптарына сәйкес қажетті процедураларды жүзеге асыру (лизинг бұйымы импортталса);
• Жеткізу мен кедендік рәсімдеу (лизинг бұйымы импортталса);
• Лизинг бұйымын алу мен беру, мемлекеттік органдарда тіркеу (қажет болған жағдайда) және лизинг бұйымын сақтандыру;
• Банк пен Лизингті алушы арасында салыстыру актісін жасау;
• Лизинг бұйымының меншік құқығын Лизингті алушыға рәсімдеу (барлық лизингтік төлемдер жасалғаннан кейін).
• Тапсыру-қабылдау актісіне, сенімхаттарға және де өзге құжаттарға қол қою және мүлікті тиісті органдарда тіркеуді Банктің заң Департаменті жүзеге асырады.
• Клиентпен (Лизинг алушымен) алдын-ала келіссөздер жүргізу; лизингтік келісім жасау барысындағы Банк талаптары мен шарттары , алдын-ала төленетін төлемнің көлемі қарастырылады.
Лизинг бұйымын сатушыларға банк бірқатар талаптар қояды:
• Банк ұсынған сату мен сатып алу келісімшартының формасын пайдалану;
• Лизинг бұйымын жеткізу шарттары - СIP және DDU;
• Лизинг бұйымы үшін сатушыға ақша төлеу:
- Жеткізілген күні;
- Аккредитив;
• Лизингті алушымен алу-беру актісіне қол қою;
• Лизинг бұйымының кепілдігі – 1 жылдан аз болмауы керек;
• Сатушы
Лизингті алушының алдында лизинг бұйымын
жеткізу, жеткізу уақыты және лизинг бұйымының
қалпы үшін жауап береді;
1.2 Қазақстан Республикасында қаржылық лизингтің заңды қамтамасыз етілуі
Қаржылық лизинг ұйымның дамуын қаржыландыратын маңызды
институт болып табылады. Қаржылық лизингтің лизинг анықтамасы сияқты,
онда да мәнін ашушы анықтамалардың көптігімен сипатталады.
Төменде әртүрлі авторлардың қаржылық лизингке берген анықтамалары келтірілген:
Александр Михайлович Андросов бойынша «қаржылық (аренда) лизинг – лизинг алушы мүлікті сатып алу құқығымен, белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге және келісімде шартталған белгілі бір шарттарға заңды және жеке тұлғаларға лизинг келісім шарт негізінде мүлікті сатып алу мен оны беру бойынша инвестициялық қызмет түрі».
Қаржылық лизинг (finance lease) – экономикалық мәні бойынша қаржылық лизинг кезінде, арендатор мүліктің толық немесе өмірлік циклдың көп бөлігі мерзімі аралығында құрал жабдықты пайдалануға алады; жал төлемдері толығымен лизинг берушіге беріледі; арендатор құрал жабдықты техникалық қызмет ету, салықтарды төлеу, оны сақтандыру бойынша барлық міндеттемелерге жауап береді; құрал жабдықтың барлық өмірлік циклы бойы лизинг алушы алатын жиынтық жал төлемдері, құрал жабдықтың бастапқы бағасын толық жабады және инвестицияланған капиталға табысты қамтамасыз етеді.
Қаржылық лизинг – белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге және белгілі бір уақытша пайдалану немесе иелену шарттарында, лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті белгілі бір сатушыдан меншікке алып, оны лизинг алушыға лизинг заты ретінде беруге міндеттенетін лизингтің түрі.
Александр Николаевич Азрилияның сөздігінде қаржылық лизинг бұл:
Арендаға берушіге белгілі бір пайданы қамтамасыз ететін және оның капитал салымдарын толық амортизациялауға жеткілікті, нақты белгіленген уақыт ішінде сомаларды төлеуді қарастыратын лизингтік келісім шарт;
Уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі, оның эксплуатациялау мерзімі мен барлық мүлік құнының амортизациясына жақындатылған мерзімімен сипатталатын лизинг. Лизинг беруші тек қана лизинг алушымен жұмыс істейтін болғандықтан, оның эксплуатациялау мерзімі ішінде құрал жабдыққа сұраныстың өзгеруімен байланысты тәуекел мен лизингті ұйымдастырудың ағымдағы шығындары да азаяды. Бұл тәуекел лизинг алушының мойнына жүктеледі. Қаржылық лизинг кезіндегі төлемдер оперативті лизингке қарағанда төмен болады;
Құрал жабдықтың иесі лизингтік компанияға қолма қол ақшаға сатады және бір мезгілде сол компаниядан оны арендаға алады, яғни оның арендаторы болады, бірақ бұл кезде ол құрал жабдық құнын алудан өзінің қаржылық жағдайын жақсартатын жағдайдағы лизинг;
Құрал жабдықтың сатушысы арендатор болады, бірақ бұл құрал жабдық басқалармен-субарендаторлармен пайдаланылады. Лизинг келісім шартына сәйкес активтерді иеленумен байланысты барлық тәуекелдер мен артықшылықтар, меншік құқығы өту-өтпеуіне тәуелсіз, алушыға өтеді.
Қаржылық лизинг келісім шарттардың орта, ұзақ мерзімді ұзақтығымен, құрал жабдықтардың құнының толық немесе үлкен бөлігінің амортизацияла -
нуымен сипатталады, келісім шарт мерзімі аяқталғанда лизинг алушы лизинг объектісін лизинг берушіге қайтаруға, келісімді ұзартуға немесе лизинг объектісін қалдық құны бойынша сатып алуға құқықты. Соңғы вариант сатып алуды ұзақ мерзімді несиелендіруге тең және қарапайым сатып алу-сату мәмілесінен, мәміле объектісіне меншік құқығының тұтынушыға өту моментімен ерекшеленеді.
Қазақстандық
бухгалтерлік стандарттарында қаржылық
лизингке келесідей анықтама берілген.
«Қаржыландырылатын аренда – арендаторға
мүлікке меншік құқығымен байланысты
тәуекелдер мен пайданың көп бөлігін
беру. Осында арендатор арендаланатын
мүлікті өз балансында көрсетеді. Меншік
құқығының өзі арендаланатын
мүлікті өз балансында көрсетеді. Меншік
құқығының өзі арендалық
Халықаралық бухгалтерлік есеп беру стандарттарында: «қаржылық лизинг (finance lease) – бұл активті иеленумен байланысты барлық тәуекелдер мен пайданың көп бөлігін берумен болатын аренда» - деп анықтама келтірілген.
«Қаржылық
лизинг туралы» Қазақстан
1) лизинг
беруші сатушыдан лизинг
Информация о работе Қазақстан Республикасында қаржы лизингінің экономикалық дамуы