Қазақстан Республикасында қаржы лизингінің экономикалық дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Ноября 2011 в 22:01, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы қаржылық лизингтің теориялық негіздерін, лизингтің құқықтық негіздерін зерттеу, лизингтік операциялардың механизмдерін қарастыру, сондай-ақ Қазақстандағы лизинг дамуының ерекшеліктері мен даму келешегін зерттеу. Лизингтің теориялық және тәжірибелік негіздеріне сүйене отырып, оның нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорынның инвестициялық қызметін қаржыландыру үшін маңыздылығы мен рөлін анықтау болып табылады.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................... 3
І Бөлім. Қаржылық лизингтің теориялық негіздері
1.1 Қаржылық лизинг түсінігі, ерекшелігі................................................................6
1.2 Қазақстан Республикасында қаржылық лизингтің заңды қамтамасыз етілуі.............................................................................................................................9
ІІ Бөлім. Екінші деңгейлі банктің лизингтік операцияларының элементтерінің есебі
2.1 Лизингтік төлем есебінің әдістері. Қаржылық лизинг бойынша операциялар есебі.............................................................................................................................14
2.2 «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының қызметі мен есебі ......................17

ІІІ Бөлім. Қазақстан Республикасында қаржы лизингінің экономикалық дамуы
3.1 Қаржылық лизингтің несиелік аспектілері.......................................................26
3.2 Қазақстан Республикасында қаржылық лизингтің дамуы: іске асырылуы және болашағы...........................................................................................................28
Қорытынды .............................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер.......................................................................................34
Қосымшалар............

Работа содержит 1 файл

Жоспар 1.docx

— 88.35 Кб (Скачать)

2) лизинг  алушы лизинг шартын жасау  кезіндегі баға бойынша лизинг  нысанасы құнының барлық немесе  елеулі бөлігінің (кемінде 80 процентінің)  өтелуі (амортизациясы) ескеріле  отырып есептелетін лизинг шартына  сәйкес төленуге тиісті жүйелі  кезеңдік төлемдерді төлеп отыруға  міндеттенеді. Бұл орайда лизинг  шартының қолданылу мерзімі аяқталғаннан  кейін немесе ол аяқталғанға  дейін лизинг алушы лизинг  шартында көзделген толық соманы  төлеген жағдайда, егер осылай  ауысу лизинг шартында көзделген  болса, лизинг нысанасы лизинг  алушының меншігіне ауысады.

      Сонымен қатар бұл заңда келесі анықтамалар  келтіріліп кеткен:

• лизинг беруші – тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебінен лизинг нысанасын өз меншігіне сатып алатын және оны лизинг шартының талаптары негізінде лизинг алушыға беретін лизинг мәмілесіне қатысушы. Лизинг берушінің бір мезгілде лизинг мәмілесінің басқа қатысушысы ретінде іс-қимыл жасауға құқығы жоқ;

• лизинг алушы – лизинг шартының талаптарына орай кәсіпкерлік мақсаттар үшін лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәмілесіне қатысушы.

• лизинг мәмілесі – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылының жиынтығы;

• лизинг қызметі – лизинг берушінің лизинг шартының талаптарын орындау

жөніндегі қызметі;

• тұтынылмайтын заттар – пайдаланылған кезде тозатын, бірақ пайдалану процесінде табиғи қасиеттерін жоғалтпайтын жылжымалы және жылжымайтын мүлік;

• сатушы – лизинг нысанасын сатып алу-сату шарты және (немесе) лизинг шарты негізінде оны бұдан кейін лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру мақсатында лизинг берушінің меншігіне өткізетін лизинг мәмілесіне қатысушы. Сатушы бір мезгілде лизинг нысанасының лизинг алушысы ретінде (қайтару лизингі) іс-қимыл жасай алады;

• сублизинг – шарттық қатынастар, оларға сәйкес лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг нысанасын үшінші бір тұлғаға ақыға уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсаттар үшін пайдалануға береді;

• лизинг мәмілесіне қатысушылар – лизинг беруші, лизинг алушы және лизинг нысанасын сатушы ретінде іс-қимыл жасайтын жеке кәсіпкер болып табылатын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар.

    Лизингтің келесідей нысандары мен түрлері  бар.

Лизингтің нысандары:

1) ішкі лизинг. Ішкі лизингті жүзеге асырған кезде лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылады.

2) халықаралық  лизинг. Халықаралық лизингті жүзеге  асырған кезде лизинг беруші  немесе лизинг алушы Қазақстан  Республикасының резиденті болып  табылмайды.

Қаржылық  лизингтің түрлері:

1) қайтару  лизингі – лизингтің бұл түрі, ол бойынша сатушы осы бұйымды  кері қайтарып ала алатын болса ғана лизинг алушыға лизинг ретінде сатады;

2)  банк  лизингі – лизингтің бір түрі, мұнда лизингті беруші банк  болып табылады;

3) толық  лизинг – лизингтің бір түрі, ол бойынша лизинг нысанасына  техникалық қызмет көрсетуді  және оның ағымдағы жөндеуін  лизинг алушы жүзеге асырады;

4) таза  лизинг – лизингтің бір түрі, ол бойынша лизинг нысанасына  техникалық қызмет көрсетуді  және оның ағымдағы жөндеуін  лизинг алушы жүзеге асырады. 

      Қаржы лизингі қайтарылатын және үлестік  лизингтің базасы болып табылады.

      Қайтарылатын  лизингті екі келісімнен тұратын  жүйе ретінде қарастыруға болады. Бұл келісім кезінде құралдың иесі оны үшінші тұлғаға сатады да, сол сәтте үшінші тұлға жалға алушымен ұзақ мерзімді жал келісім-шартына отырады. Бұл кезде сатып алушы ретінде әдетте коммерциялық банктер, инвестициялық, сақтандыру немесе лизингтік компаниялар көрініс табады. Яғни келісімнің нәтижесінде мүлік иесі ғана ауысады, ал пайдаланушы өзгермейді.

      Өз  алдына инвестор сатушының мүлкіне  меншік құқын кепілдікке ала

отырып, мүлік иесін несиелендіреді деп  айтуға болады. Мұндай келісімді негізінен іскерлік белсенділіктің төмендеуі кезінде, кәсіпорындардың қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүргізіледі.

      Үлестік лизинг – қаржылық лизингтің бір  түрі. Лизингтің бұл түрі екі жақтың қатысуын қарастырады. Әдетте инвестор түрінде банк, сақтандыру немесе инвестициялық  компаниялар жұмыс істейді. Бұндай келісім кезінде лизингтік компания ұзақ мерзімді жал келісім-шартын жасайтын лизингтік объектіні тартылған  қаражаттар есебінен сатып алады. Алынған  займның кепілі ретінде әдетте сатып  алынатын мүлік немесе негізгі құрал  болып табылады. Тартылған қаражаттар болашақ кезеңдердегі лизингтік  төлемдер есебінен өтеліп отырады. Сонымен  қатар лизингтік компанияның  салықтық және займды өтеу кезінде  жеңілдіктерді пайдалануға мүмкіндік  туады.

      Лизингтің бұл түрінің негізгі объектілеріне  қымбат бағалы активтер (пайдалы қазбалар кенорны, өндіруші салалар, құрал-жабдықтар) жатады.

      Тікелей лизинг. Лизингтің бұл түрі кезінде жалға алушы жалға берушімен қажет құрал-жабдықтар мен негізгі құралдарды жалға беру туралы келісім-шарт жасасады. Көп жағдайларда лизинг беруші мен лизинг объектісін өндіруші бір тұлға болады. Яғни келісім-шарт тікелей өндірушімен жасалынады. Әлемдегі өз өнімін лизинг негізінде сататын ірі компанияларға IBM, Xerox, GATX, көптеген әуекемелерін, теңізкемелерін және автокөліктерін өндіруші компаниялар жатады. Мысал үшін, «Даймлер-Крайслер» және BMW концерндері ірі лизингтік компаниялардың құрылтайшылары болып табылады және осы компаниялар арқылы өздерінің автокөліктерін өткізеді.

      Сублизинг – сублизинг келісім-шартымен рәсімделетін, лизинг объектісін пайдалану құқығын үшінші тұлғаға берумен сипатталатын ерекше қатынас түрі.

      Сублизинг кезінде сублизингті іске асырушы  тұлға лизинг объектісін лизинг берушіден  лизинг келісім-шарты негізінде үшінші тұлғаға уақытша пайдалануға береді. № 78-11 05.07.2000ж. «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес лизинг алушының лизинг төлемдерін төлеу бойынша өзінің міндеттемелерін үшінші тұлғаға аударуға тиым салынады.

      Объектіні сублизингке беру кезінде лизинг берушінің жазбаша рұқсаты міндетті түрде болу керек.

      Халықаралық сублизинг халықаралық лизингтің  бір түрі болғандықтан, ол да халықаралық  лизингтік заңдарға сай жүзеге асырылуы керек. Халықаралық сублизингтің бір ерекшелігі ретінде лизинг объектісінің Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тек сублизинг келісім-шартының мерзімі аралығында ғана көрсетуге болады.

      Лизинг (қаржылық лизинг) келісім шартынан шығатын барлық экономикалық қатынастар, арендалық қатынастардың түрі болып  табылады және ең алдымен Қазақстан  Республикасының азаматтық кодексімен (29 бөлім, 540-610 баптары), Қазақстан Республикасының  салық кодексімен, сондай-ақ «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (2000 жылғы 5 шілде № 78-ІІ) реттеледі.

      ІІ  Бөлім. Екінші деңгейлі банктің лизингтік операцияларының элементтерінің есебі 

      2.1 Лизингтік төлем есебінің әдістері. Қаржылық лизинг бойынша операциялар есебі

      Лизинг  төлемдерi - лизинг шартын жасаған кездегi баға бойынша лизинг нысанасы құнының  барлық немесе елеулi бөлiгiнiң өтелуiн  ескере отырып есептелуге тиiс және лизинг шартының қолданылу мерзiмi бойына жүзеге асырылатын, лизинг шарты қолданылуының  бүкiл мерзiмi iшiнде лизинг шарты  бойынша төлемдердiң жалпы сомасын  бiлдiретiн мерзiмдiк төлемдер, оған мыналар енедi:

• лизинг шартына сәйкес лизинг берушiге лизинг нысанасын сатып алуға жұмсалған  шығындарды және лизинг нысанасын сатып  алуға, жеткiзiп беруге және нысаналы түрде пайдаланылуы үшiн оны жұмыс iстейтiн күйге келтiруге тiкелей  байланысты кез келген басқа шығындарды өтеу;

• лизинг бойынша сыйақы.

      Лизингтік төлемдердің жалпы сомасының  есебі төмендегідей формуламен есептеледі:

      ЛТ = АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС          

мұндағы,

ЛТ –  лизингтік төлемдердің жалпы  сомасы;

АА –  ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;

НТ –  лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;

КТ - лизингтік  келісім шарт бойынша мүлікті      бергені үшін лизинг берушіге комиссиондық төлем;

ҚТ - көрсеткен  қызметі үшін қосымша төлем;

ҚҚС –  лизинг берушінің көрсеткен қызметі  үшін лизингті алушының төлейтін қосылған құнға салынатын салық.

      Амортизациялық  аударымдар (АА) сомасының формуласы: 

мұндағы,

БҚ  - мүліктің баланстық құны;

На -  амортизациялау нормасы, (%).

      Несиелік ресурс үшін төлем (НТ) формуласы: 

мұндағы,                                   

НР –  лизинг берушінің пайдаланған несиелік      ресурсының шамасы;

НС –  несие үшін сыйақы мөлшері.

      Несиелік  ресурс (НР) шамасының анықталуы  формуласы:

       
мұндағы, 

Қб – мүліктің жыл басындағы құны;

Қа -  мүліктің жыл аяғындағы құны.

      Комиссиондық  төлемнің (КТ) мөлшерінің формуласы: 

мұндағы,

Кс – комиссиондық сыйақы мөлшері.

      Банктің қосымша көрсеткен қызметтері үшін төлемдер (ҚТ) есебі:

      ҚТ = Ші + Шқ  + Шж + Шб,

мұндағы,

Ші - банк жұмыскерлерінің іссапар шығыстары;

Шқ  - көрсетілген қызмет үшін шығыстар;

Шж - банктің жарнамасына кеткен шығыстар;

Шб  - басқа да шығыстар.

      Бухгалтерлік  есепте лизинг беруші банктің алынған  мүлікті қаржылық лизингке ұсынумен байланысты операцияларын көрсету  тәртібі банктің ішкі құжаттарында қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі тиіс.

      Лизинг  келісім жасалып, мүлік мемлекеттік  тіркеуден өткен соң, сатушыдан  лизинг беруші меншігіне алынып, кәсіпкерлік  мақсатына уақытша пайдалануға  және ұстауға лизинг алушыға жалданатын мүліктік есепте келесі түрде көрсетіледі.

      Лизинг  берушінің лизинг затын сатушыдан  алу және лизинг келісімінің шартына  сәйкес жолдау:

  • Негізгі құралды алу:

      Дт 1656 «Жалға беруге арналған негізгі құралдар»

      Кт 2856 «Күрделі салымдар бойынша кредиторлар».

  • Алынған негізгі құралдар үшін төлем:

      Дт 2856 «Күрделі салымдар бойынша кредиторлар»

      Кт 1051 «Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктегі корреспонденттік шот».

      Лизинг  затын лизинг келісімшарттарына  сәйкес, лизинг алушыға уақытша ұстауға және кәсіпкерлік мақсатта қолдануға беру:

         Дт 1305 «Басқа банктерге қаржылық лизингі»

Информация о работе Қазақстан Республикасында қаржы лизингінің экономикалық дамуы