Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 16:52, курсовая работа
Тәуекел гректің «ridskon, ridsa», италиянның «risiko» және француздың тілінде «risque», қазақша «қауіп, қатер» деген мағына береді. Ал латынша «rescum» сөзінің аудармасы болжанбайтын, қауіпті немесе бүлдіретін нәрселердің бірін білдіреді.
Тәуекел - кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.
Кіріспе................................................................................................................2
1. Валюталық тәуекелдің теоретикалық негізідері.
1.1. Тәуекелдің жалпы түсінігі...........................................................................4
1.2. Валюталық тәуекел қаржылық тәуекелдің маңызды құрамдас бөлігі ретінде....................................................................................................................6
1.3. Валюталық тәуекелдің классификациясы және оларды қаржыландыру көздері......................................................................................................................8
2. Валюталық тәуекелдерді басқару.
2.1. Валюталық тәуекелдерді басқарудың мақсаты, міндеттері мен әдістері.........................................................................................................15
2.2. Валюталық тәуекелді басқарудың проблемалары..................................17
3. Валюталық тәуекелдерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесін талдау және оларды төмендету шаралары.....................................................................19
Қорытынды.........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................29
Тәуекелді басқару іс-шараларының қаржыландырудың қайнар көздері таңдап алынған әдіске байланысты жіктеледі.
- өнім құнының құрамында ескерілетін құралдар;
- кәсіпорынның өз құралдары, соның ішінде түсімнен құралатын жарғылық фонд резервтер;
- сыртқы қайнар көздер – несиелер, дотациялар, заимдар;
- сақтандыру қорлары;
- өзін-өзі сақтандыру қорлары.
Нақты бір жағдайларға байланысты тәуекелді қаржыландыру үшін қорларды тарту үшін әртүрлі түрлері бар. Мәселен, сақтандыру сыйақыларын төлеу кәсіпорын табысынан немесе өз құнына байланысты заңмен белгіленген төлемдер арқылы төленуі мүмкін.
Банкті құру себебі әртүрлі қызмет көрсету, соның ішінде валюта – несие операциясын жүзеге асыру болды. Банктің сауда қызметі сауда және жобаны қаржыландыру, жеке тұлғаларға несие карточкасымен және шетелдік валютасымен сауда операциясын қызметін ұсыну. Банктің негізгі бағыты салым қабылдау және шетел валюта немесе теңге түрінде несие беру.
Банк, сондай-ақ Қазақстанның валюта биржасында және құнды қағаздар нарығында негізгі рөл атқарады. Банктің мақсаты банк қызметімен валютамен қаржыландыру жөнінде алдыңғы орындарға шығу.
Валюталық тәуекел негізінен банктің шетел валютасымен қаражаттарды тартып, оларды орналастыру нәтижесінде туындайды.
3-ші Кесте
№ | Банктік тәжірибеде қолданылатын валюталық тәуекелдің түрлері: |
1 | айырбас бағамының өзгеру тәуекелі |
2 | конверсионды операциялар тәуекелі |
3 | трансляциялық тәуекелдер |
4 | форфейтинг тәуекелі |
Ескерту: Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген |
Айырбас бағамының өзгеруі тәуекелі. Валюта бағамы - бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің акша бірлігіне катысты бағасы. Валюталардың бағамдарын анықтау бағамдау (котировка) деп аталады. Бағамдау екі түрге: тікелей және жанама болып бөлінеді. Тікелей бағамдауда шетел валютасының кұны ұлттық валютамен бейнеленеді. Жанама бағамдауда ұлттық валютаның шетел кұны валютамен бейнеленеді. Мысалы, тікелей бағамдауда: 1 АҚШ доллары =117 теңге 17 тиын болса, ал жанама бағамдау бойынша: 1 теңге - 0,008 АҚШ доллары.
Кросс-бағам - бұл үшінші валютаға байланысты анықталатын екі валютаның шекті қатынасы.
Валюталық мәмілелерді іске асыруға байланысты бағамдарды «спот» және «форвард» деп бөледі.
«Спот» бағам – мәміле жасалғаннан кейінгі екінші жұмыс күнінде валютаның айырбастау шартына сәйкес мәміле жасау уақытында бекітілген валюта бағамы.
«Форвардтық» бағам – белгілі бір уақыттан кейін белгілі болатын валютаның болашақ құны. Форвардтық бағам кейде споттық бағамнан жоғары немесе төмен болуы мүмкін. Форвардтық бағам валюталық форвардтық контрактімен валюталық мәміле жасауда қолданылады (2 сурет).
Форвардтық контракт жасау Валютамен жабдықтау
А) мәміле жасау мерзімі Ә) Валюталау күні
Сурет 2-Валюталық форвардтық контркатімен операция жасау
Валюталық тәуекел уақыт бойынша валюталық бағамдарының өзгерісіне тікелей тәуелді. Сондықтан мерзімді мәмілелер жасауда валюталық тәуекелдің алдын алу үшін мерзімді контрактілер, соның ішінде фьючер және опцион контрактілері қолданылады.
Конверсиондық тәуекел - бұл нақты бір валюталық операциялар бойынша туындайтын валюталық шығын. Конверсиондық тәуекелдерге ашық валюталық позиция лимиті тәуекелі және аударым тәуекелі жатады.
Ашық валюталық позиция лимиті тәуекелі шетел валютасында бейнеленген банктің талаптары мен міндеттемелерінің көлемдері бойынша сәйкес келмеуі барысында туындайды.
Аударым тәуекелі - валюта бағамының кұлдырауына шетел валютасында бейнеленген банк активтер мен капитал құнын кайта бағалау қажеттігіне байланысты туындайтын активтер мен пассивтер құнынын өзгеру кауіпі.
Трансляциондық немесе бухгалтерлік тәуекел банк балансының активтері мен пассивтерін қайта бағалау барасында туындайтын тәуекел. Бұл тәуекел қайта санау валютасына және оның тұрақтылығына тікелей тәуекелді. Қайта санау екі әдіспен жүзеге асады: ағымдық және тарихи. Ағымдық әдісті қайта бағалау ағымдағы бағаммен немесе қайта бағалау күніндегі бағаммен жүргізіледі. Ал тарихи әдіс бойынша қайта бағалау нақты операциясының жасалған күніндегі бағам бойынша жүзеге асады. Кейбір банктер барлық ағымдық операцияларды ағамдағы бағамен қайта бағалайды.
Форфейтинг тәуекелі банктің форфейтинг операциясы бойынша экспортердің валюта бойынша тәуекелдерінің факторинг қызметін көрсетуші банкке ауысуынан туындайтын тәуекел.
2. Валюталық тәуекелдерді басқару.
2.1. Валюталық тәуекелдерді басқарудың мақсаты, міндеттері мен әдістері
Бүгінгі күнде экономикасы дамыған елдерде тәуекелдерді басқару жеке қызметтің бағыты ретінде қалыптасты. Осы мемлекеттердің экономикалық субъектілері маңызды тәуекелдердің идентификациясын, тәуекелдерді бағалаудың және оларға бақылау жүргізу қажеттігін түсінеді. Тәуекелдерді басқару, сонымен қатар акционерлік капитал құнының жоғарылауына өз септігін тигізуі мүмкін. Экономикасы дамып келе жатқан елдерде, оның ішінде ТМД елдер үшін де, тәуекелдерді басқару әлі де болса “жас” қызмет бағыты болып табылады.
Тәуекелдерді басқарудың негізгі мақсаттарына келетін болсақ, олар төмендегідей;
Шаруашылық субъектілер алдында қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету;
Белгісіздік деңгейін төмендету;
Ұйымға міндеттелген заңдарды, нормаларды және талаптарды орындау.
Өз кезегінде тәуекелдерді басқару бойынша міндеттерді 2 топқа бөліп, қарастыруға болады:
Біріншісі – тәуекел көрінісі кезінің басталуына дейінгі міндеттер: кәсіпорынның қалыпты қызмет етуін қамтамасыз ету.
Екіншісі – тәуекел көрінісі кезінің басталуынан кейінгі міндеттер: қаржылық қауіптердің болуы жағдайында жоғалтуларды минимизациялау; техникалық, информациялық қауіптердің болуы жағдайында кәсіпорын қызметінің жалғастыруын қамтамасыз ету.
Валюталық тәуекелдер банктерде әдетте әр түрлі әдістермен басқарылады (4 кесте).
4-ші Кесте
№ | Валюталық тәуекелдерді басқарудың әдістері: |
1 | Валюталық операцияларға лимит қою |
2 | Хеджерлеу |
3 | «Мэтчинг» деп аталатын валютаның активі және пассиві бойынша өзара сату/сатып алу тапсырысы |
4 | «Неттинг» тәсілін қолдану, яғни максималды дәрежеде валюталық келісімдердің мөлшерін қысқарту |
5 | Валюта нарығын мұқият зерттеу және талдау |
Ескерту: Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген |
Банктің ішкі құрылымындағы валюталық тәуекелді басқарудың бірінші қадамы валюталық операцияларға лимит қою болып табылады. Лимиттердің келесі түрлері кең таралған (5 кесте):
5-ші Кесте
№ | Лимиттердің түрлері: |
1 | шетелдердің лимиті (бір күн ішінде клиенттермен және серіктестермен әрбір тиісті мемлекеттің сомасы бойынша максималды мүмкін болатын сома енгізіледі) |
2 | клиенттермен және серіктестермен жүргізілетін операцияларға лимит |
3 | құралдар лимиті (қолданылатын құралдарға және валютаға қойылатын шектеу) |
4 | әр күнге және әрбір дилерге қойылатын лимит |
5 | шығындар лимиті |
Ескерту: Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген |