Валюталық тәуекел

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 16:52, курсовая работа

Описание работы

Тәуекел гректің «ridskon, ridsa», италиянның «risiko» және француздың тілінде «risque», қазақша «қауіп, қатер» деген мағына береді. Ал латынша «rescum» сөзінің аудармасы болжанбайтын, қауіпті немесе бүлдіретін нәрселердің бірін білдіреді.
Тәуекел - кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................2
1. Валюталық тәуекелдің теоретикалық негізідері.
1.1. Тәуекелдің жалпы түсінігі...........................................................................4
1.2. Валюталық тәуекел қаржылық тәуекелдің маңызды құрамдас бөлігі ретінде....................................................................................................................6
1.3. Валюталық тәуекелдің классификациясы және оларды қаржыландыру көздері......................................................................................................................8

2. Валюталық тәуекелдерді басқару.
2.1. Валюталық тәуекелдерді басқарудың мақсаты, міндеттері мен әдістері.........................................................................................................15
2.2. Валюталық тәуекелді басқарудың проблемалары..................................17

3. Валюталық тәуекелдерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесін талдау және оларды төмендету шаралары.....................................................................19

Қорытынды.........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................29

Работа содержит 1 файл

Валюталық тәуекел Курстық жұмыс.doc

— 267.00 Кб (Скачать)

Егер де банктің клиенттер алдындағы міндеттемесі (валюталық қорларға қатысты) банктің валюталық корреспонденттік шотына қарағанда өте көп мөлшерде жоғарылап кетсе, ол валюталық міндеттемелер бойынша тұрақтылық жағдайында төмен екендігін білдіреді (яғни «қысқа валюталық позиция»). Доллар/теңге айырбас курсының өсуі кезіндегі қысқа валюталық позиция банк үшін тиімді емес, өйткені клиентке қатысты өзінің міндеттемелерін ары қарай орындау үшін банкке теңгенің қорын көп мөлшерде жұмсау қажет болады. Мұндай жайт тиімді болады, егер де бөліп алынған теңге қоры өспей, айырбас курсының қосымша шығындарын жаба алғандай етіп пайдаланылған болса. Осындай дәрежедегі ұзақ позиция да курстың төмендеуі кезінде тиімді емес.

Несие берудегі валюта төлем валютасымен сәйкес келмесе де валюталық тәуекел болады. Бір банктің бірнеше филиалдары бірігіп төлем жүргізген кезде де валюталық тәуекелдер болуы мүмкін. Көріп отырғанымыздай, валюталық тәуекелдердің болуы қаржылық-кредиттік мекемеге өте маңызды зиян әкеледі. Сондықтан қаржылық-кредиттік мекемеге валюталық тәуекелдерді болжау үшін немесе олардың салдарын неғұрлым болдырмау үшін мақсатты іс-әрекеттерді өз уақытында ойластырып жүргізу қажет.

Бүгінгі күнде валюталық тәуекел - бұл бәрі әрдайым қадағалап отыруға тырысатын және де валюталық курс маңызды қаржылық индикатор болып табылатын негізгі қаржылық тәуекелдердің бірі.

Мемлекет экономика үшін негізгі фактор ретінде валюталық курстың әсер етуінің екі жолын қолдануы мүмкін:

1)                Белгіленген валюталық курсты хабарлау - курсты қандай да бір «тұрақты» валютаға бекіту және де осыған байланысты ұлттық өндіріспен елдің экспорттық-импорттық балансына бір бағытта әсер ету. Бұл көзқараста артықшылық көп,   бірақ   көбі   олай   ойламайды.   Осы   жолмен   көптеген гүлденуші мемлекеттердің өздері жүріп өткен;

2)                Инфляция және басқа да факторларға байланысты курстың әрдайым өзгеріп отыруы. Бұл көзқараста оң жағымен қатар, теріс жағы да аз емес, бұған мысал бола алатын Ресей.

Мысалы: Литва бірінші жолды таңдап алды (Литваның ақша бірлігі - лит, ол АҚШ долларына катаң байланыстырылған), ал Қазақстан Республикасы екінші жолмен кетті.

Бүгінде валюталық курс - бұл елдегі экспорт пен импорт арасындағы баланстың сальдосын бағалау ғана емес, ол мемлекеттің өте ғаламдық саясаты. Елдердің алтын-валюталық резервтері елдердің міндеттемелерімен бірге міндетті түрде халықаралық бірлестіктер мен келісімдер контексінде қарастырылуы керек.

Қаржы нарықтарында мемлекет өз мүддесін қорғау керектігін ескеру өте маңызды, әйтпесе ол өте тез және өзіне де білінбестен өзінің барлық қаржы ресурстарын жоғалтып алуы мүмкін (мысалы, Оңтүстік Корея). Әлемдік қаржы нарықтарында әрдайым қаржылық күрес жүріп жатады, онда бірқатар жақтардың мүдделері үйлесуі немесе алшақтауы мүмкін. Сондықтан осы нарықтарға қатысу үшін (Қазақстан Республикасы шетелдік қаржы нарықтарында өзінің міндеттемелерін салады) бірнеше жағдайларды ескеру қажет. Өйткені оларды сақтамаса, қатысқан кезде айтарлықтай зиян келуі мүмкін.

Сондай-ақ, айта кететін жайт, өзгерістер болып жатқан елдердің өздері ғана валютаның ауытқуындағы қиын болжанатын тәуекелдерге барады, сонымен қоса осы дағдарыстағы елдермен көршілес елдер де немесе шамалы экономикалық болмашы саяси байланыстары бар елдер де осы тәуекелдерге барады.

 

1.3. Валюталық тәуекелдің классификациясы және оларды қаржыландыру         көздері

 

Валюталық тәуекелдер халықаралық экономикалық қатынастардың қатысушылары душар болған коммерциялық тәуекелдердің бөлігі болып табылады.

Валюталық тәуекелдер – шетел валюталарын әртүрлі курстар бойынша сату және сатып алу кезіндегі жоғалтулар тәуекелдігі.

Валюталық тәуекелдер, немесе курстық жоғалтулар тәуекелдігі банктік операциялар нарығының интернационализациялауына, транснационалды (біріккен) ұжымдардың және банктік мекемелердің құрылуымен және олардың істерінің диверсификациялануымен байланысты, сонымен қатар валюталық курстың ауытқуы нәтижесінде ақшалай жоғалтулардың мүмкіндігін көрсетеді. Валюта курсының бір біріне қатысты өзгеруі көптеген факторлардың әсерінен болады, мысалы валютаның ішкі құнының өзгеруінен, бір елмен екінші елдің арасында ақша ағымының ауысуынан, алыпсатудан және т.б. Кез келген валютаны сипаттайтын фактор резидент және резидент еместердің валютасына сенімдік дәрежесі болып табылады. Валютаға сенім бірнеше көрсеткіштерден тұратын күрделі көп факторлы белгі, мысалы саясаттық режимге сенімділік көрсеткіші сол елдің ашықтығы болып табылады.

 

1-ші Кесте

Валюталық тәуекелдің классификациясы:

Ұғымы

1

Операциялық

негізінен сауда операцияларымен, сондай-ақ қаржылық инвестициялау және дивидендтік (пайыздық) төлемдер бойынша ақша келісімдеріне байланысты.

2

Трансляциялы

бухгалтерлік және қаржылық есепке әсер етеді. Оның операциялық тәуекелден айырмашылығы, ол ақша қаражаттардың ағымы мен төлем мөлшерлерімен байланысты емес.

3

Экономикалық

компанияның экономикалық жағдайына айырбастау курсының өзгеруінің жағымсыз әсер ету ықтималдығымен анықталады.

4

Жасырын

 

Ескерту: Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген

 

Операциялық тәуекел – негізінен сауда операцияларымен, сондай-ақ қаржылық инвестициялау және дивидендтік (пайыздық) төлемдер бойынша ақша келісімдеріне байланысты. Операциялық тәуекелге ақша құралдарының қозғалысы және де пайда деңгейі душар болған.

Бұл тәуекелді пайданы толық көрмеу немесе күтіліп отырған ақша ағымының құралына айырбастау курсының тікелей әсер ету нәтижесінде шығынға ұшырау мүмкіндігі ретінде анықтауға болады. Сатылған тауары үшін шетел валютасын алған экспортшы шетел валютасы курсының ұлттық валютаға қатысты төмендеуінен ұтылады, ал шетел валютасында төлем жасаған импортер шетел валютасы курсының ұлттық валютаға қатысты жоғарылауынан ұтылады.

Валюта айырбасын шамалайтын, келісімге байланысты тәуекелдіктер құн саясатының көмегімен басқарыла алады. Сонымен қатар, тәуекелге ақшаны алу мен төлеу мерзімі маңызды әсер етеді.

Егер түсімдер валютасы шығындар валютасына сәйкес келсе, операциялық тәуекелді азайтуға болады. Бұған шығындары ұлттық валютада көрсетілген және тәуекелден құтылу үшін счет-фактураларды сол валютада жазған экспортшы мысал бола алады. Сатып алушы счет-фактураларды өз елінің валютасында алу ниетін білдірсе, ал экспортшы шоттарды импортер валютасында жазуға бас тартса, келісім іске аспай қалуы мүмкін, бұл әдістің қиындығы сол болып табылады. Хеджирлеудің сенімді әдісі жоқ шоттарды жазу немесе алу қауіпті.

Трансляциялы тәуекелдер – бухгалтерлік және қаржылық есепке әсер етеді. Оның операциялық тәуекелден айырмашылығы, ол ақша қаражаттардың ағымы мен төлем мөлшерлерімен байланысты емес.

Бұл тәуекел есептік немесе тепе-теңдік тәуекелдік ретінде белгілі. Әртүрлі елдің валюталарында көрсетілген активтер мен пассивтер арасындағы қарама-қайшылық мүмкіндігі тәуекелдің қайнар көзі болып табылады. Мысалы, егер британдық компанияның АҚШ-та дочерний (еншілес) филиалы болса, онда оның құны АҚШ долларымен көрсетілген активтері бар. Егер британдық компанияның осы активтердің құнын компенсациялаушы АҚШ долларымен жеткілікті пассивтері болмаса, онда компания тәуекелдікке бас ұрады. Егер компания трансляциалы тәуекелдік аса маңызды емес деп есептесе, онда бұл тәуекелді хеджирлеудің қажеті жоқ. Бұл әдісті жақтап, активтер мен пассивтерді негізгі валютада бағалағанда баланстық есепте олардың өзгеруінің еш маңызды мағынасы жоқ бухгалтерлік процедура деуге болады. Фунт стерлингпен көрсетілген АҚШ компаниясының активтерінің құны АҚШ долларының фунт стерлингке шаққандағы айырбастау курсының қозғалысымен бірдей ауысса, АҚШ компаниясының пайда көзіне ешқандай әсер етпейді. Сондықтан да курстың ауытқуынан жоғалтулар тәуекелдігі болмаса, хеджирлеуге кететін шығын еш мағынасыз деп есептеледі.

Трансляциялы тәуекелдің дәрежесін есептеу көптеген келіспеушіліктер тудырды, ең алдымен көптеген жылдар бойы қолданылған есептеу әдістерінің әртүрлілігіне байланысты.

Экономикалық тәуекел – компанияның экономикалық жағдайына айырбастау курсының өзгеруінің жағымсыз әсер ету ықтималдығымен анықталады. Тәуекел, бәсекелестік күрестің ұқсас тауар өндіруші жағынан да, сонымен қатар басқа өнім шығарушылар жағынан да өзгеруіне, және де тұтынушылардың белгілі бір тауар маркасын ұстанымының өзгеруіне де байланысты пайда болуы мүмкін. Әсер етудің тағы да басқа қайнар көздері болуы мүмкін, мысалы айырбастау курсының өзгеруіне қатысты үкіметтің реакциясы немесе валютаның құнсыздануынан пайда болған инфляцияның нәтижесінде жалақының өсуін тоқтату.

Тек қана ұлттық валютада шығынға ұшырайтын, валюта курсының өзгеруі әсер етпейтін өнім шығару факторлары жоқ компаниялар экономикалық тәуекелдікке аз душар болады. Бұл компаниялар өз өнімдерін тек мемлекет ішінде өткізетіндіктен, курстың жағымды өзгеруі нәтижесінде бағалары ұтымдырақ тауарлар жағынан бәсекелестіктерді кездестірмейді. Дегенмен сол сияқты компаниялар да, айырбастау курсының өзгеруінен толығымен сақталмаған.

Айырбастау курсының ауытқуы ұлттық валютада көрсетілген сату құнына немесе шығындар структурасына әсер ету арқылы басқа өндірушілер тарапынан бәсеке дәрежесіне әсер етуі мүмкін. Тек қана ішкі нарықта сататын, шығындарды ұлттық валютада төлейтін компания ұлттық валюта курсының жоғарылауынан зардап шегеді, өйткені бәсекелес импорт тауарлары арзанырақ болады.

Бір қарағанда айқын емес операциялық, экономикалық, трансляциялық тәуекелдер бар, яғни жасырын тәуекелдер. Мысалы, ішкі нарықтағы жабдықтаушы импорт қорларын қолдануы мүмкін, сондай жабдықтаушының қызметімен пайдаланатын компания, жанама түрде операциялық тәуекелдікке душар болады, өйткені ұлттық валютаның құнсыздануы нәтижесінде жабдықтаушының шығындарының өсуі осы жабдықтаушыны бағаларды өсіруге мәжбүр етеді. Тағы да бір мысал келтіруге болады, мәселен, импортерға ұлттық валютада счет-фактура берілсе және ол, жабдықтаушы елінің валютасында бағаның тұрақтылығын сақтап қалу мақсатында, айырбастау курсының өзгеруіне байланысты, бағаларды шетел жабдықтаушысы өзгерткенін байқайды. 

Жасырын және (немесе) трансляциялық тәуекелдер – шетелдік еншілес компаниялар өзіндік тәуекелдіктерге душар болған кезде де пайда болуы мүмкін. Мәселен,  Британдық компанияның Америкадағы филиалы өнімін Австралияға экспорттайды. Америкалық еншілес компания үшін Австралиялық доллар курсының өзгеруінен жоғалтулар тәуекелдіктері бар, осыған орай ол Австралиялық доллар курсының АҚШ доллар курсына қатысты жағымсыз өзгеруіне байланысты шығынға ұшырауы мүмкін. Осындай шығындар филиалдың пайда алуына кедергі жасайды. Бұдан жанама операциялық тәуекелдік туындайды. Себебі, еншілес компаниядан түскен түсімдер қысқарады.

Мемлекеттік тәуекелдер – бұл белгілі бір мемлекеттегі инвестициямен байланысты және барлық кәсіпорындарға бірдей болатын инфляциялық, әлеуметтік тұрақсыздық және тағы да басқа тәуекелдер.

Мемлекеттік тәуекелдер қаржылық-экономикалық және әлеуметтік-саяси өзгерістердің өзара ұштасуымен сипатталатын көпфакторлық құбылыс. Егер дамыған мемлекеттерде мемлекеттік тәуекелдерінің деңгейі аз мөлшерде өзгеріп отыратын болса, ал дамушы мемлекеттердің мемлекеттік тәуекелдеріне едәуір қысқа мерзімді еркіндік тиесілі.

Валюталық тәуекел тікелей бола алады, егер банктың валюталық позициясы валюталық курстың өзгерісіне тәуелді болса, және жанама болады, егер клиенттер немесе контрагенттер ұстап тұратын валюталық позиция олардың несие төлеу қабілеттілігіне жағымсыз ықпал тигізетін болса. Сонымен қатар, валюталық тәуекелдер ұлттық валюталық позициядан да пайда бола алады.

Тәуекелдерді қаржыландырудың әртүрлі жолдары бар. Ең алдымен бұл қауіпсіздікті жетілдіретін іс шаралар үшін шығын, зияндарды компенсациялайтын келешек шығындар, сақтандыру сыйлықтарын төлеу үшін шығындарды қамтамасыз ететін кәсіпорын бюджеті. Одан кейін бұл өзін өзі сақтандырушы резервтік фондтар, олар ертерек кәсіпорынның өз қаражатынан құралған.

Төтенше жағдай кезіндегі шығындарды жабу үшін кредиттер, банктерді инвестициялық ресурстары тартылуы мүмкін. Сондай ақ төтенше жағдайларға байланысты құралған арнайы бюджеттік және бюджеттік емес фондтардан мемлекеттік көмек көрсетілуі мүмкін.

2-ші Кесте

Тәуекелді қаржыландыру бөлімдері:

Ұғымы

1

Оқиғаға дейінгі қаржыландыру

ойламаған жағдайлар болмай тұрып, алдын ала сақтандыру төлемдерін төлеу немесе резервтік фондтарды ұйымдастыруға бөлінген қаражат.

 

2

Сақталып қалған тәуекелдіктердің зияндарын компенсациялауға кеткен шығын (оқиғадан кейінгі қаржыландыру)

туындаған кәсіпорын шығындарын өтеуді көздейді. Егер сақтандырылған болса, сақтандырылмаған тәуекелдерді ғана өтейді.

 

3

 

 

 

 

 

Тәуекелді  басқаруға кететін әкімшілік шығындар (ағымдық қаржыландыру)

Тәуекел - менеджерлерінің жұмысына, компьютерлік базаларды қалыпта ұстауға, сарапшылар жұмысын төлеуге, арнайы ұйымдарды жалдауға және т.б. кеткен әкімшілік шығындардан құралады.

Ескерту: Автор зерттелген әдебиет көздерінің негізінде әзірлеген

Информация о работе Валюталық тәуекел