Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 16:52, курсовая работа
Тәуекел гректің «ridskon, ridsa», италиянның «risiko» және француздың тілінде «risque», қазақша «қауіп, қатер» деген мағына береді. Ал латынша «rescum» сөзінің аудармасы болжанбайтын, қауіпті немесе бүлдіретін нәрселердің бірін білдіреді.
Тәуекел - кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.
Кіріспе................................................................................................................2
1. Валюталық тәуекелдің теоретикалық негізідері.
1.1. Тәуекелдің жалпы түсінігі...........................................................................4
1.2. Валюталық тәуекел қаржылық тәуекелдің маңызды құрамдас бөлігі ретінде....................................................................................................................6
1.3. Валюталық тәуекелдің классификациясы және оларды қаржыландыру көздері......................................................................................................................8
2. Валюталық тәуекелдерді басқару.
2.1. Валюталық тәуекелдерді басқарудың мақсаты, міндеттері мен әдістері.........................................................................................................15
2.2. Валюталық тәуекелді басқарудың проблемалары..................................17
3. Валюталық тәуекелдерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесін талдау және оларды төмендету шаралары.....................................................................19
Қорытынды.........................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.......................................................................29
Мазмұны
Кіріспе.......................
1. Валюталық тәуекелдің теоретикалық негізідері.
1.1. Тәуекелдің жалпы түсінігі......................
1.2. Валюталық тәуекел қаржылық тәуекелдің маңызды құрамдас бөлігі ретінде.......................
1.3. Валюталық тәуекелдің классификациясы және оларды қаржыландыру көздері.......................
2. Валюталық тәуекелдерді басқару.
2.1. Валюталық тәуекелдерді басқарудың мақсаты, міндеттері мен әдістері......................
2.2. Валюталық тәуекелді басқарудың проблемалары..................
3. Валюталық тәуекелдерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесін талдау және оларды төмендету шаралары......................
Қорытынды.....................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Тәуекел гректің «ridskon, ridsa», италиянның «risiko» және француздың тілінде «risque», қазақша «қауіп, қатер» деген мағына береді. Ал латынша «rescum» сөзінің аудармасы болжанбайтын, қауіпті немесе бүлдіретін нәрселердің бірін білдіреді.
Тәуекел - кез келген өндірушінің, соның ішінде банктің болжаусыз қолайсыз жағдайлардың салдарынан зиян шегуін сипаттайды.
Тәуекел банктің берген несиелері бойынша төлемсіздік туындаған жағдайларда, ресурстық базасы жеткіліксіз болғанда, жалпы міндеттемелері бойынша жауап беру мүмкіндігі азайған жағдайларда пайдасынан айырылып қалу ықтималдығын бейнелейді. Дей тұрғанымен, қаншалықты тәуекел деңгейі төмен болса, соғұрлым банктің жоғары мөлшерде пайда табуы да мүмкін емес болады. Сондықтан да кез келген кәсіпкер, соның ішінде банк менеджерлері басқару шешімдерін қабылдау барысында табыс пен тәуекел деңгейінің оңтайлы қатынасына мән беруге тиіс.
Тәуекел деңгейі үлкейеді, егер де:
- күтпеген жағдайда және тез арада проблемалар пайда болса;
- банктің өткен тәжірибесіне лайықты емес жаңа мақсаттар қойылса (бұл әсіресе біздің жағдайда өзекті мәселе, себебі коммерциялық банктер институты енді ғана дамуда);
- басшылықтың тез арада қажетті және жедел шешімдерді қабылдай алмаса; ол қаржылық жағдайға зиян әкелуі мүмкін ( қажетті және/немесе қосымша пайданың алу мүмкіншіліктерінің нашарлауы);
- банк қызметінің орныққан тәртібі немесе қабылданған заңдардың кемшіліктері белгілі бір жағдайға нақтылы шаралар енгізуге кедергі келтірсе;
Банктік операциялардың барлық түрлері тәуекелге душар болған. Банктің несиелік, валюталық және өзге валюталық операцияларды жүргізу барысында ұлттық валютаның шетел валютасына қатысты бағамының өзгеруінен туындайтын валюталық шығын – валюталық тәуекел деп аталады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Валюталық тәуекел – бұл қандай да бір шетелдік валютаға ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстардың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді, сол себептен бұл мәселелердің алдын-алу банктер үшін өте маңызды болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – валюталық тәуекелдерді зерттеу, оның Қазақстан Республикасындағы тежеу жолдарын зерттеу болып табылады.
Осы көздеген мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттер алға қойылды:
- Қаржылық тәуекелдер аспектілерін, соның ішінде валюталық тәуекелдер түсінігін ашу;
- Валюталық тәуекелдер классификациясы мен валюталық тәуекелдерді қвржыландырудың көздерін талдау;
- Валюталық тәуекелдерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесін талдау;
- Қазақстан Республикасында оларды төмендету шараларын зерттеу.
Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады.
Жұмыстың бірінші тарауы “Қаржылық тәуекелдердің аспектілерін” талдауына арналған. Сонымен қатар, валюталық тәуекелдер қаржылық тәуекелдің құрамдас бөлігі ретіндегі сипаты, оның маңыздылығы туралы жазылған.
Жұмыстың екінші тарауы “Валюталық тәуекелдердің сыныптамасы және оларды қаржыландырудың көздері мен жолдары” туралы айтылады. Тарау жеке-жеке маңыздылығы бар екі сұрақтан тұрады. Осы екі сұрақтын аясында жалпы валюталық тәуекелдердің түрлері мен оларды қаржыландыру көздерімен танысуға болады.
Жұмыстың үшінші тарауы “Валюталық тәуекелдерді сақтандырудың әлемдік тәжірибесін талдауына және валюталық тәуекелдерді төмендету шараларына” толығымен арналған.
Осы жұмысты дайындау кезінде маған көптеген әдебиеттер үлкен көмек көрсетті. Соның ішінде С.Б. Мақыш “Банк ісі”, А.Н. Исахметова “Банк ісі”, Г.Г. Коробова “Банковское дело”, О.И. Лаврушин “Банковское дело” оқулықтары және тағы басқалары.
1. Валюталық тәуекелдің теоретикалық негіздері.
1.1. Тәуекелдің жалпы түсінігі.
Тәуекел табиғаттың түрлі құбылыстары және қоғамның қызмет түрлерінің ерекшелігінен туындайтын мүмкін болатын жоғалтулар қаупімен түсіндіріледі.
Экономикалық категория ретінде тәуекел өзімен бірге болуы мүмкін немесе болмауы да мүмкін жағдайларды ұсынады. Мұндай жағдайдың туындауы салдарынан келесідей үш экономикалық нәтиже болуы мүмкін: жағымсыз (ұтылыс, зиян, шығын), нольдік, жағымды (ұтыс, пайда, табыс).
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелдік жағдай туындауын белгілі бір шекте болжамдау және тәуекел дәрежесін төмендету үшін шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі шаралар қолдануға болады.
Көбінесе тәуекелді басқаруды ұйымдастыру тиімділігі тәуекелдің сыныптамасына тәуелді.
Мүмкін болатын нәтижеге (тәуекелдік жағдайдың нәтижесіне) байланысты тәуекелдер екі үлкен топқа бөлуге болады: таза және спекулятивтік(1-ші суретте көрсетілген).
Таза тәуекелдер жағымсыз немесе нольдік нәтиже алуға мүмкіндік береді. Бұл тәуекел түрлеріне келесілер жатады: табиғи, экологиялық, саясаттық, транспорттық және коммерциялық тәуекелдер бөлімі (мүліктік, өндірістік, саудалық).
Спекулятивтік тәуекелдер жағымды да, жағымсыз да нәтиже алу мүмкіндігімен сипатталады. Бұл тәуекел түрлеріне коммерциялық тәуекелдер бөлімі болып табылатын қаржы тәуекелдері жатады.
Қаржы тәуекелі кәсіпорын қаржылық институттармен (банктер, қаржылық, инвестициялық, сақтандыру компаниялары, биржалар және т.б.) қатынасы процесінде пайда болады.
Қаржы тәуекелінің туындау себептері – инфляциялық факторлар, банктің есептік мөлшерлемелерінің өсуі, бағалы қағаздар құнының төмендеуі және т.б.
Қаржы тәуекелі өзімен бірге уақыт функциясын ұсынады. Берілген қаржылық актив немесе капитал салымының түрі үшін тәуекел деңгейі уақыт бойында жоғарылайды. Мысалы, импорттаушының шығыстары бүгінгі күнде контрактіге отырған кезден, уақыттан мәміле бойынша төлем мерзіміне дейінгі уақытқа байланысты.
Шетелдік тәжірибеде капитал салымы тәуекелін саналы анықтау әдісі ретінде ықтималдық теориясы ұсынылады.
Бұл әдіс инвестициялық жобаның өткен мерзімдегі нәтижелермен байланысты ықтималды болашақтағы ақшалай ағымдарын нақты анықтауға мүмкіндік береді. Егер капитал салымы жобасы бірінші мерзімде қабылданатын болса, онда келесі мерзімдерде ол қабылдануы мүмкін.
Егер түрлі мерзімдердегі ақша ағымдары бір-бірінен тәуелсіз болатын болса, онда әр уақыт мерзімі үшін ақша ағымдарының нәтижелерін ықтималды орналастыруды анықтау қажет.
Түрлі мерзімдердегі ақша ағымдары арасында байланыс болған жағдайда бұл тәуелділікті қабылдап, оның негізінде келешектегі жағдай қалай болатынын елестетіп көруге болады.
Қаржы тәуекелдері екі түрге бөлінеді:
1) Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдер;
2) Капитал салымдарымен байланысты тәуекелдер (инвестициялық тәуекелдер).
Ақшаның сатып алу қабілеттілігімен байланысты тәуекелдерге тәуекелдердің келесі түрлері жатады: инфляциялық және дефляциялық тәуекелдер, валюталық тәуекелдер, өтімділік тәуекелі.
Инфляция ақшаның құнсыздануы болып табылады, бағалар өседі. Дефляция – инфляцияға кері процесс, ол бағалардың төмендеуінен және соған сәйкес ақшаның сатып алу қабілетінің жоғарылауынан көрінеді.
Инфляциялық тәуекел – инфляция өсімі кезінде нақты сатып алу қабілеттілігі көзқарасынан өсуден көрі алынатын ақшалай табыстар тез құнсыздануындағы тәуекел. Мұндай жағдайда кәсіпкер нақты шығыстарға тап болады.
Дефляциялық тәуекел – дефляция өсімі кезінде бағалар деңгейі төмендейді, кәсіпкерліктің экономикалық жағдайы нашарлайды табыс төмендейді.
Валюталық тәуекелдер – сыртқы экономикалық, несиелік және басқа да валюталық операцияларды жүргізу кезінде бір шетелдік валюта бағамының басқа валюта бағамына қатынасының өзгеруімен байланысты валюталық жоғалту қаупімен түсіндіріледі.
Курстық жұмыс тақырыбы валюталық тәуекелімен байланысты болғандықтан валюталық тәуекеліне тереңірек тоқталамын.
1-ші сурет.
Экологиялық
1.2. Валюталық тәуекел қаржылық тәуекелдің маңызды құрамдас бөлігі ретінде
Валюталық немесе курстық тәуекел – бұл қандай да бір шетелдік валютаға ұлттық валютаның қатынасы кезіндегі курсының өзгеруі нәтижесінде зиян шеккен банктерде өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстардың толық алынбауына немесе қосымша шығындардың шығып кетуіне алып келеді.
Валюталардың курсы салыстырмалы түрде бір-біріне әрдайым да өзгерістер болатыны белгілі (ТЕҢГЕ/ДОЛЛ. DM/ДОЛЛ., YEN/BGP және т.б.), ол банк қызметінің пайдасы мен шығынында көрініс табады.
Валюталық тәуекелдер операциялық контрактілік, трансляциялық және басқа да тәуекелдерді ажыратады.
Валюталық тәуекел пайыздық ставка және өтімділік тәуекелімен байланысты. Ол валюталық пассив және актив құрылымдары сәйкес келмегенде, сондай-ақ мемлекеттегі инфляциялық процестер кезінде болуы мүмкін. Валюталық тәуекел негізінде белгілі бір кезең ішіндегі несиелік немесе басқа да келісімнің ақшалай міндеттемесінің нақты құнының өзгерісі жатыр. Сонымен қатар, валюталық тәуекелге келісім шарттың кез келген жағы баруы мүмкін (несиелік, саудалық және т.б.); кредитор өзінің шетелдік контрагентіне банктік несие бере отырып, қарызгерге уақытша пайдалануға берген құнының эквивалентін кайтарып ала алмау тәуекеліне барады. Ал қарызгер несиені алған кездегі болған курс бойынша несиелік келісім-шартта валюта курсын белгілегенмен салыстырғанда, төлейтін кездегі валюта құнының көтеріліп кетуінен құнын жоғалтатын валюталық тәуекелге барады.
Валюталық тәуекел, әсіресе әр түрлі валюталық рыноктарда сол бір валютаның курстары сәйкес келмеуіне байланысты сол айырымдардан пайда табатын (спекулятивтік табыс) немесе валюта курсының әр түрлі уақыт кезеңдерінде айырымынан түсетін пайда, мысалы, арбитраждық операциялар жүргізетін банктерде, яғни сондай қаржылық-несиелік институттарда өте жоғары. Валюталық тәуекел, қарызды қайтару кезеңі және несиелік контракт сомасы неғұрлым көп болса, соғұрлым жоғары болады.
Банктердің валюталық тәуекелі ашық валюталық позиция кезінде болады.
Ашық валюталық позиция дегеніміз - ол банктің шетел валютасындағы активтері мен пассивтерінің сәйкес келмеуі. Ол табыс та, шығын да әкеледі. Табыс пен шығын банктің ашық валюталық позициясының қандай екендігіне, яғни ұзақ немесе қысқа ма және де Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің курсының ресми өзгеру белгісі қандай, соған да байланысты болады.
Ұзақ позиция валютадағы активтердің, пассивтердің артып кетуін білдіреді және де «+» белгісімен белгіленеді. Қысқа позиция валютадағы пассивтердің активтерден артып кетуін білдіреді және де «-» белгісімен белгіленеді.