Инфляцияны тежеу жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 10:14, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қазіргі таңдағы инфляцияның мәні мен экономикадығы ролін көрсете отырып, дағдарыс жылдарындағы инфляция себептерін, оны дамыту факторларын анықтау. Соған байланысты мемлекеттің жүргізіп жатқан антиинфляциялық саясатын талдап,жүйелі әрі нәтижелі үлгіде көрсету.

Содержание

Кіріспе.................................................................................................................2
1. Инфляция экономикалық категория ретінде.
1.1. Инфляция мәні, экономикадағы ролі...................................................4
1.2 Инфляцияның түрлері мен даму факторлары.....................................6


2. 2008-2009 жылдардағы Қазақстандағы инфляция: дамуы, ерекшеліктері мен салдары
2.1. 2008-2009 жылдардағы инфляцияның даму себептері мен ерекшеліктері........................................................................................................11
2.2. 2008-2009 жылдардағы инфляцияның салдары...............................17
3. Қазақстандағы инфляцияны тежеу жолдары.....................................25
Қорытынды.......................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................... 38

Работа содержит 1 файл

Инфляция курсоваяайгера.doc

— 399.00 Кб (Скачать)

      [14]Инфляцияны реттеу жөнінде қолданылатын шаралар Ұлттық банктің  Ақша-кредит саясатының 2006-2008 жылдарға арналған негізгі бағыттарында айқындалған. Бұл шараларды шартты түрде қаржы нарығындағы ставкалары көтеру жөніндегі шараларға және қаржы нарығының артық өнімділікті шығару жөніндегі шараларға бөлуге болады. Үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап Ұлттық банктің мынандай операциялары бойынша ставкалары: ресми қайта қаржыландыру ставкасы – 8,0%-дан 8,5%,-ға дейін, тартылатын депозиттер бойынша ставка -3,5%-дан 3,75-ға дейін жоғарылады. Осы ставкалардың одан әрі де жоғарылауы мүмкін. Шығарылатын қысқа мерзімді ноталар бойынша тиімді кірістілік 2005 жылдың аяғында 2,38%-дан 2006 жылдың сәуірінде 3,05-ға дейін     ұлғайып отыр.Банктердің артық өнімділігін реттеу көлемі, яғни экономикада ақшаны қысқарту көлемі ұлғайды. Айналыстағы ноталар көлемі 2005 жылдың аяғындағы 161,0 млрд. теңгеден 2006 жылғы сәуірдің аяғындағы 231,1 млрд. теңгеге дейін өсті . 15 мамырдан бастап Ұлттық банктердің ноталар шығаруы бойынша әрбір аукциондағы ұсынысының ауқымы 60-тан 100 млрд теңгеге дейін өсті. Банктерден депозиттер тарту едәуір артты, олар бойынша берешек жыл басындағы 86,9 млрд. теңгеден сәуірдің аяғында 293,9 млрд. теңгеге дейін жоғарылады.

    Шілдеден бастап ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау жөнінде банктерге қойылатын талаптар қатаңдатылады,  мұның өзі банктердің артық өтімділігін «байлауға» мүмкіндік береді. Ішкі валюта нарығында Ұлттық Банк өзінің қатысуын барынша қысқартады.

    Аталған шараларды қолдану ІІ деңгейдегі банктердің өтімділігінің қысқаруына, кредиттер бойынша ставкалардың көтерілуіне әкеп соқтырады, бұл түбінде экономикаға инфляциялық қысымның қысқаруына әкеледі.

    Соңғы жылдары эканомиканы үздіксіз өсуі, елдегі қолайлы инвистициялық ахуал, банк секторының тұрақты дамуы, Қазақстанға инвистициялық рейтинг берілуі халықаралық кредиторлар тарапынан сенімнің, соның нәтижесінде сырттан алынатын қарыздардың белсенді түрде келуінің нығаюына себепші болды, бұл өз кезегінде банк секторының шетелден қарыз алуға тәуелді болуының күшеюіне әкеліп соқтырады. Сыртқы қарыз алудың өсуі банк секторының айтарлықтай валюталық тәуекелге ұшырау дегейінің артуына әкеледі, оның теріс ықпалы банктердің, негізінен алғанда, қысқа валюталық позицияны сақтайтын валюталық міндеттемелерін қайта бағалаудан туындауы мүмкін. Ұлттық банк өз тарапынан сыртқы қарыз алу көлеміне ақша-кредит саясаты  құралының – ең төменгі резервтік талаптардың көмегімен ықпал ете алады. Қазіргі кезде Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар (ЕРТ) туралы ережені бекітті, ондағы негізгі өзгерістер банк міндеттемелерінің құрылымына, ЕРТ-ні орындау механизіміне, сондай- ақ нормативтердің мазмұнына қатысты.      Шет елден мейлінше төмен құнмен келетін капитал ағыны екінші деңгейдегі банктердің ресурстық базасының ұлғаюына себепші болады, бұл өз кезегінде ішкі нарықта кредиттер бойынша ставканы төмендетуге мүмкіндік береді.Сондықтан қарыз алуды қысқарту эканомиканы кредиттеудің өсу қарқынының қысқаруына, соның нәтижесінде эканомикаға берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкасының өсуіне әкеліп соқтырады. Бірақ, эканомиканың «қызып кетуі» қаупі жағдайында, Ұлттық банк оқиғалардың осылайша өрбуін қабылдауға болады деп санайды.

    Қазақстанда валюта нарығындағы ахуал екі негізгі фактордың әсерінен қалыптасады. Біріншіден, бұл экспорттық түсімнен түсетін шетел валютасының үлкен ауқымының келуі мен Қазақстанның банктік және корпоративтік секторларының айтарлықтай көлемде заемдық шетел капиталын тартуы. Екіншіден, бұл АҚШ долларының негізгі әлемдік валюталарға қатысты жағдайы.

    Ішкі нарықтағы шетел валютасы ұсынысының, АҚШ долларының айтарлықтай көлемі, негізінен алғанда оған деген сұраныстың жеткіліксіздігі жағдайында, сондай-ақ АҚШ доллары бағамының еуроға қарағанда төмендеуі жағдайында, теңгенің осы валютаға қатысты номиналдық бағамының тиісті дәрежеде көтерілуіне әкеледі.

    Ұлттық банктің негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылатынын ескере отырып, инфляцияны реттеу жөніндегі операциялардың тиімділігін арттыру мақсатында Ұлттық банктің бұдан былай еркін өзгермелі айырбас бағамы режимін ұстану және өзінің ішкі валюта нарығына қатысуын барынша қысқартады.

    Ұлттық банк халықаралық валюта қорының ұсынымдарымен үнемі зер салып танысады. Алайда ішкі нарықтағы араласудан толық бас тарту және теңгенің күрт нығаюы отандық экономиканың бәсекелестік қабілетіне және қаржы нарығының бұдан былайғы дамуына жайсыз әсер етеді.

    Сондықтан Ұлттық банкінің экономиканы тұрақсыздандыруына себепші болуы ықтимал айырбас бағамының күрт өсуіне жол бермейді. Бұл ішкі валюта нарығына араласудан айтарлықтай көлемде бас тарту. Сондай-ақ айырбас бағамын реттеу үшін, ақша нарығының механизімін, яғни ұлттық валютаның сұранысы мен ұсынысы арқылы барынша пайдаланады.

    Көп жағдайда, Ұлттық банкінің бұдан былайғы саясаты капиталдың келу және әкетілу көлемінде, ішкі валюта нарығына қатысушылардың мінез құлқына, алыпсатарлық капиталдың болу ықтималдығына, доллардың әлемдік нарықтағы позицияларына және басқа да ішкі және сыртқы нарықтағы факторларға тәуелді болады. Яғни Ұлттық банктің бүкіл қаржы нарығының тұрақсыздануына әкеліп соғуы ықтимал валюта бағамының қысқа мерзімдік және алыпсатарлық ауытқуларының тұрақсыздық салдарын бәсеңдетуге бағытталған іс-қимылдарды қабылдау құқығы сақталады.          

              Қазіргі таңдағы  инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс-шаралар саясатын қолдану қажет деп ұсыныстар жасағым келеді. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты:

Біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күресу, т.б.) нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана-сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.

Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс-шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.

Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.

Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарас-тыру қажет болады.

Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсіреді; қосымша өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі жеңілдіктер береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаныңтұрақтануын қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

Қорытынды

              Қорыта келетін болсақ, алдағы тарауларда инфляция мәні мен қазіргі  соңғы жылдардағы инфляцияның себептері мен салдарларын егжей-тегжейлі талдадық.Және де инфляция экономикадағы шешілмейтін проблема емес екендігін көрсете отырып, онымен қазіргі таңдағы мемлекет жүргізіп отырған күресу жолдарын да атап өтік.

              Алайда биыл алдымызда былтырғыдан да күрделі әрі жауапты міндеттер тұр. Алдына дағдарыстан әупірімдеп емес, ысылып, тыңайып шығу міндетін қойған Қазақстан Үкіметі осы жылдың басында дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын мақұлдады. Жоспар мақұлдана салысымен Премьер-Министр К. Мәсімов оның айтарлықтай егжей-тегжейлі пысықталғанын айтып, «онда дағдарысқа қарсы бағдарлама алғаш жарияланғаннан бері туындаған сұрақтарға жауаптар бар», деп мәлімдеді. Құжат 8 бөлімнен тұрады. Онда 2008 жылдың аяғында қабылданған бірлескен іс-қимыл жоспарында белгіленген қаржы секторын тұрақтандыру, тұрғын үй секторын дамыту, шағын және орта бизнесті өркендету, агроөнеркәсіптік кешенін алға жылжыту, инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру сынды 5 басымдықтан бөлек, макроэкономикалық тұрақтандыруды қолдау, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасының екінші бағытын іске асыру, сондай-ақ халықты жұмыспен қамту және халықтың осал топтарын қолдау сынды 3 бағыт қамтылған. Барлық іс-шараларды іске асыруға мемлекеттік органдар - «Самұрық-Қазына» қоры және «ҚазАгро» холдингі жауапты, сондай-ақ құжатта жоспарды нақты іске асыру мерзімдері тайға таңба басқандай етіп көрсетілген. Демек, ендігі мәселе іс-шаралардың сауатты орындалуына және бөлінген қаржының дер кезінде әрі мақсатты игерілуіне тіреліп тұр.. Ал бағдарлама аясындағы шешуші мәселе - әлеуметтік тұрақтылықты сақтап, халықты жұмыспен қамту. Бұл үшін бағдарламада қамтылған экономиканың нақты секторларындағы қым-қуат тіршілік тоқтамай, жандануы тиіс. Қазірдің өзінде «ҚазАгро» холдингі арқылы агроөнеркәсіп кешенін дамыту жұмыстарын бастап кетті. Ал, бағдарламада басымдық берілген басқа салалардың бағының жануы іс жүзінде мемлекет қаржылай қолдау көрсеткелі жатқан еліміздегі ең ірі төрт банкке Ұлттық қордан бөлінген қаржыларды орналастырып, оларды тиісті салаларға бағыттауға байланып тұр. . Қазынадан ауыл шаруашылығына қарастырылған қаржы қысқармайды.Осы аптада Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2008 жылдың қорытындысына және ағымдағы жылғы негізгі міндеттеріне арналған кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Онда Үкімет басшысы 2009 жылғы басты проблема - дефляция, яғни бағаның негізсіз өсуі емес, керісінше, оның құлдырауы болатынын мәлімдеді. Есте болса 2007 жылғы күзде және былтырғы жылдың ішінде азық-түлік өнімдерінің бағасы біраз қымбаттап, Үкімет инфляцияны ауыздықтауға күш жұмылдырған еді. Енді ол проблема еңсерілгеннен кейін, дағдарыстың ауанында алдағы екі жылда бағаның негізсіз өсуіне емес, керісінше, оның құлдырауына куәгер болатын сияқтымыз. Өйткені биыл былтырғыдай инфляцияның қысымы байқалмайтын тәрізді.

              2009-2010 жылдары Ұлттық Банк үшін елдің қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету негізгі міндет болып табылады. Бұл ақша-кредит саясатының жұмсаруын білдіреді. Инфляцияны тежеу жөнінде қосымша шаралар қабылдау талап етілмейді, себебі жақын болашақта инфляциялық қысымның өсуі күтілмейді. Бір қарағанда бұл (азық-түлік бағасының арзандауы) қарапайым халық үшін жағымды жаңалық болары сөзсіз. Дегенмен, мемлекеттік мүдде тұрғысынан қарағанда бұл аса жақсы емес. Қазіргі дағдарыс кезінде жағдай дәл осылай өрбитін болса, еліміздегі азық-түлік өнімін өндірушілері банкрот болып қалуы әбден мүмкін. Бұған негіз де жоқ емес. Өйткені әдетте дағдарыс барысында экономикасы әлсіздеу мемлекеттердің ұлттық валюталары құнсыздануға шалдыққыш келеді. Ақшадан мән кете бастағанда, тауардың да бағасы арзандайтыны заңдылық.

2008 жылы Үкіметтің алдында бағаны өсірмеу, инфляцияны ырыққа көндіру басты міндет болды. Атқарушы билік оны орындай алды. Ал, уақыттың талабына сәйкес 2009 жылдың міндеті бұрынғыдан да іргелі, биылғы шешуші мәселе дағдарысқа қарсы қабылданған бағдарламаны жүзеге асыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

     1.   « Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары» : оқу құралы /

           Көшенова Б.А. – Алматы : Экономика, 2000 жыл.

     2.   «Курс экономической теории» / Чепурин М.Н.,Кисилёв Е.А  -

             Киров «АСА»,2001 жыл.

     3.   « Экономикалық саясат» /  Қабдиев Д. Қ., Оралтаев Т. Қ.,

   Ескендіров Ә. Е., Бекмолдин С. Қ., Хабибулин Б. Х., Темірбекова А.                       

  Беленов А. Т. –Алматы: Экономика, 2002ж.

     4.   «Экономикалық теория» / Крымова В. - Алматы, 2003ж.

     5.   « Ақша айналысы және несие » / Мақыш С.Б.2 басылым, қайта                    өңделген және толықтырылған. – Алматы: ИздатМаркет, 2004 жыл

     6.   «Ақша, кредит, банктер» / Сейтқасымов Ғ.С.  – Алматы:  Экономика,   

              2006 жыл.

     7.    « Инфляция қарқын алмасын десек» /  Бобров В  :  Егеменді Қазақстан  

              2006 жыл № 23, 3 б

    8.    « Қаржы » /  Құлпыбаев С. – Алматы: 2007 жыл.

   9.    « Инфляция және Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат» : оқу

            құралы /  Жаналинов Б.Н.- Алматы : Экономика, 2007 жыл.

    10.    « Банк ісі» / Мақыш С.Б. : оқулық –Алматы: ИздатМаркет, 2007 жыл.

    11.   « Биыл инфляция қандай деңгейде болады? » / Аймахан Қ. : Алматы Ақшамы – 2008 жыл, 4 наурыз № 26, 5 б.

    12.   « Нарық және баға белгілеу » / Алшынбай А. : оқу құралы – Алматы:

             Экономика, 2008 жыл.

    13.   « 2009 жылғы қазанда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,4%-

            ды құрады» - Kazakhstan today, Астана: 2 қараша 2009жыл

    14.    « Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға » / Н.Ә. Назарбаев – Алматы :

             Егеменді Қазақстан, - 7 наурыз 2009 жыл.

   

 

 

 

1

 



[1] Көшенова Б.А. АҚША,НЕСИЕ,БАНКТЕР,ВАЛЮТА ҚАНЫСТАРЫ. – Алматы: экономика.- 2000ж,

67-69 беттер

[2] Құрамында он бес нолі бар сан.

[3] Мақышев С.Б. АҚША АЙНАЛЫСЫ ЖӘНЕ НЕСИЕ. – Алматы: Қазақ университеті.- 2004ж, 27-29 беттер

[4] ҚР статитсика агенттігінің мәліметтері бойынша

[5] ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша

[6] « Биыл инфляция қандай деңгейде болады? » / Аймахан Қ. : Алматы Ақшамы – 2008 жыл, 4 наурыз № 26, 5 б

[7] ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша

[8] « 2009 жылғы қазанда Қазақстан Республикасындағы инфляция 0,4%-

            ды құрады» - Kazakhstan today, Астана: 2 қараша 2009жыл,12 б

 

[9] ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша

[10] ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша

[11] .   « Нарық және баға белгілеу » / Алшынбай А. : оқу құралы – Алматы: 

             Экономика, 2008 жыл, 150-151 б

[12] .    « Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға » / Н.Ә. Назарбаев – Алматы :

             Егеменді Қазақстан, - 7 наурыз 2009 жыл.

 

[13] .    « Инфляция қарқын алмасын десек» /  Бобров В  :  Егеменді Қазақстан  

              2006 жыл № 23, 3 б

 

[14] « Обзор инфляции за 2 квартал 2007 года»   Национальный банк/ Айманетова


Информация о работе Инфляцияны тежеу жолдары