Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 10:14, курсовая работа
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қазіргі таңдағы инфляцияның мәні мен экономикадығы ролін көрсете отырып, дағдарыс жылдарындағы инфляция себептерін, оны дамыту факторларын анықтау. Соған байланысты мемлекеттің жүргізіп жатқан антиинфляциялық саясатын талдап,жүйелі әрі нәтижелі үлгіде көрсету.
Кіріспе.................................................................................................................2
1. Инфляция экономикалық категория ретінде.
1.1. Инфляция мәні, экономикадағы ролі...................................................4
1.2 Инфляцияның түрлері мен даму факторлары.....................................6
2. 2008-2009 жылдардағы Қазақстандағы инфляция: дамуы, ерекшеліктері мен салдары
2.1. 2008-2009 жылдардағы инфляцияның даму себептері мен ерекшеліктері........................................................................................................11
2.2. 2008-2009 жылдардағы инфляцияның салдары...............................17
3. Қазақстандағы инфляцияны тежеу жолдары.....................................25
Қорытынды.......................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................... 38
Қазақстан экономикасы ретті жүргізілген реформалардың арқасында мың құбылған үдерістерден кідіріссіз өтіп келеді. Ұлыбританияның Премьер-министрі Энтони Чарльз Линтон Блэрдің: “Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бері айтарлықтай экономикалық прогреске қол жеткізілді. Қазір нарыққа бағдарланған мөлдір және ашық инвестициялық ахуалды дамыту маңызды болып отыр. Бұл Қазақстан қол жеткізген табыстарды шоғырландыруға көмектеседі, сондай-ақ ол Орталық Азияның басқа елдері үшін тамаша үлгі болады”, деген сөзі бар.
Орталық Азияның барлық елдерінің арасында экономикалық реформалар жүргізуден Қазақстанның неғұрлым қомақты табыстарға қол жеткізгенін қазір жұрттың бәрі мойындап отыр. Ұлттық валютаның өтімділік дәрежесі, жалақының ставкаларын еркін айқындау, шетел инвестицияларына ашықтық, мемлекеттік меншік пайызы немесе өндірістегі мемлекеттік бақылаудың дәрежесі және қаражаттың бөлінуіне мемлекеттік бақылау дәрежесі салаларындағы жетістіктер Қазақстанға “нарықтық экономикалы ел” мәртебесін берді. Әлем қауымдастығы біздің экономикалық жетістіктерімізге талай рет тәнті болған. Бұл деген жасалған жұмыстарға тоқмейілсу емес. Жыл өткен сайын ел алдына жаңа меже, жаңа бағдарлар қойылып отыр. Президенттің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену туралы бастамасы Үкіметке аздап ат шалдырып алудың өзіне мұрсат бермейді. Қазақстан әлемдік даму көшінен қалып қоймай, озған елдермен орайлас, қанатты елдермен қарайлас серпінді серік етпесе болмайды. Қазақстанның жаһандық экономикалық үдерістерге сай дамып, әлемдегі ең озық, ең мықты нәрселердің бәрін бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықта өзіне лайық орнын иемденген ел болуы үшін кез келген экономикалық жағдайға жылдам бейімделуі керек.
Республика экономикасының жалпы ахуалы бірқалыпты. Үлкен серпіліс алдында серіппенің жиырылатыны секілді бізге де барлық күш-жігерді, ақыл-ой қуатын жедел жинақтап, тастүйін бекемдікке белді буу қажет.
Қазақ Үкіметі алдағы үш жылдағы негізгі тетіктерді айқындап үлгерді. Бірінші кезекте жалпы ішкі өнімнің орташа жылдық нақты өсімін 8,5 пайыз мөлшерінде қамтамасыз ету. Бұл 2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы ЖІӨ-ні екі есе арттырады. Үш жылдағы экономиканың жалпы өсімін 27,7 пайыз деңгейінде ұстау жоспарланып отыр.
Ең басты көрсеткіш бұл емес. Цифрлар қанша өрнек салғанымен, адамның нақты өмірінен ол көрінбесе бәрі бекер сияқты қабылданады. Жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің өсуі ең басты айқындауыш. 2008 жылы бұл көрсеткіш 5600 АҚШ долларына теңесуі тиіс. Яғни қазіргі деңгейден 1,5 есе жоғары. Бұл Үкіметтің нақты бағдары.
Еңбек өнімділігін арттыру мәселесіне де Үкімет айрықша назар аударып отырғанын айту керек. Ол орта есеппен жыл сайын 8,5 пайыз болмақ. Өнеркәсіп өндірісінің орташа жылдық өсімі – 5 пайыз, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өсімі – 6,7 пайыз мұғдарында болады. Негізгі капиталға тартылатын инвестиция орташа есеппен алғанда жылына 15,7 пайызға ұлғаюға тиіс. Осы ретте инфляцияны ауыздықтау әрекетін жасауға тура келеді. Жүгенін сыпырып тастап, кең далаға жүйтки жөнелген асау тұлпар тәрізді инфляция бір шарықтап кетсе, жуыр маңайда тоқтам бере қоймайды. Арыны қатты асаудай бой бермей кетеді. Үкімет инфляция деңгейін 2006 жылы 5,7-7,3 пайыз, 2007-2008 жылдары 5-7 пайыз аралығында ұстап отыруды көздеп отыр. Осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылып, инфляциялық үдерістердің жалпы ауаны мен беталысы мұқият бақылауға алынған.
Экономика саласындағы түйткілді мәселелер Парламент депутаттарын да алаңдата бастаған тәрізді. Соны дер кезінде аңғарды ма, Мәжілістің кезекті жалпы отырысына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Даниал Ахметов өз бастамасымен қатысып, Мемлекет басшысының 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауы іске асырылды. Онда да негізгі әңгіме төркіні инфляция мәселесіне келіп тіреле бергені жасырын емес. Премьер-Министр елдегі экономикалық ахуалдың жағдайын еш бүкпесіз айтып берді. Бүгінде атқарылып жатқан, алдағы уақытқа жоспарланған Үкіметтің іс-қимылдары туралы жан-жақты баяндады.
[12] Ел экономикасындағы өрлеудің тұрлаулы әрі серпінді сипатын ұстап тұру оңай нәрсе емес. Президент Жолдауында Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда негізгі бағыттар белгіленген-ді. Үкімет соны одан да егжей-тегжейлі нақтылап, етек-жеңін жинастыруы керек-ті. Премьер-Министрдің мәлімдеуіне қарағанда, ортажеделдіктегі келешекке есептелген негізгі бағдарлар толық анықталған. Олардың қатарында әлемдік экономикаға тиімді кірігу, Қазақстан экономикасын одан әрі жаңғырту және әртараптандыру, халықтың ең қорғансыз бөлігін қорғауға бағытталған осы заманғы әлеуметтік саясат, ғылым мен білімнің осы заманғы жүйелерін дамыту, халықтың мәдениеті мен рухани әлеуетін өркендету, денсаулық сақтауды ұйымдастырудың озық қағидаттары мен стандарттарына көшу, экономиканың теңдестірілген дамуын қамтамасыз етуге бағытталған өңірлік, аумақтық даму мәселелері бар. Бір сөзбен айтқанда, Жолдаудан туындайтын негізгі бағыт-бағдарлар түгел қамтылған. Есеп-қисабы қарастырылған. Сақадай сай іспетті.
Үкіметтің іс-қимылында айтарлықтай үйлесім бар тәрізді көрінгенімен, қалың жұртшылықты кезекті құнсыздану қатты алаңдата бастағанын ашық айту керек. Өмірдің қай саласында да баға қайтадан аспанға шапши бастады. Ұлттық теңге бағамы тұрақты деңгейде ұсталғанымен, күнделікті тұтыну тауарларынан бастап азық-түлік, көрсетілетін қызмет бағалары бір-бір секіріс жасап үлгерді. Жылу мен газ тарифтері біртін-біртін қайта көтеріле бастады. Биік мінберлерден айтылатын сөздер мен халықтың қарапайым күнкөрісі арасында айырма өсе түскен сайын ертеңгі күнге деген алаңдаушылық арта береді. Үкімет жағдайды қаншалықты өз бақылауында ұстай алады? Шоршыған балықтай инфляция деген құрғырыңыз қолдан сусып шығып кетіп жүрмей ме? Үкімет белгілеген шаралар қаншалықты бекем? Баға мен бағам бетімен кетіп қалмай ма? Елдің көбісінің көкірек түкпірінде тұрған сауалдар осындай.
Премьер-Министрдің айтуынша, инфляцияны реттеу мәселелері Үкіметтің айрықша бақылауында тұрған көрінеді. Бағаның өсуіне байланысты барлық мәселені Үкіметтің арнайы құрған тобы қатаң бақылауға алған. Қазір алдын-ала жасалған талдаулар негізінде инфляцияның белгіленген дәлізден шықпауы үшін істің бәрінің жүйесі анықталып, жүйелі тапсырмалар берілген деседі. Бұл да дәтке қуат.
Бірінші кезекте, тиісті органдар сыртқы сауда секторы есебінен болатын баға өсімін терең зерттеуге кіріскен. Біздің ішкі рыногымыз қанша дегенмен әлемдік коңюнктураға тікелей байланысты ғой. Түрлі тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасы сыртқы факторларға сәйкес күрт өсіп кетуі ғажап емес. Сондықтан импорт инфляциясын үнемі назарға алып отыру керек.
Екінші кезекте, екінші деңгейдегі банктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыртқы жағдайларға тәуелділігінен туындайтын баға өсімі кешенді талдауға өзек болған. Ұлттық Банк мәліметтеріне қарағанда, жеке сектордың сыртқы қарызы 39,1 миллиард АҚШ долларына жеткен. Бұл ішкі жалпы өнімнің 70 пайызы. 2007 жылдың аяғында бұл көрсеткіш жалпы ішкі өнімнің 51,3 пайызын құрағанын ескерсек, айырма айтарлықтай. Бүгінде жеке сектордың сыртқы қарызының 35,5 пайызын екінші деңгейдегі банктер қарызы құрайды. Банктердің несие қаржыларын оңды-солды бере бастағанының астарында осындай гәп жатыр. Экономиканың тұтыну несиелері өскен сайын екінші деңгейдегі банктер алақандарын ысқылай түседі. Сырттан алынған қарыз ақшаның ағыны көбейген сайын қаржы құнсыздануы жылдамдайды.
Қазірдің өзінде тұтыну несиелері елеулі түрде өсіп отыр. Ол 2006 жылдың екі айы ішінде халықтың салымдарының өсуінен 4 есе артық болып шықты. Тұтыну несиелерінің бұлайша шарықтай түсуі инфляцияның шапшуына тікелей түрткі болатыны түсінікті.
Мемлекеттік бюджеттің ағымдық шығындарын қысқарту арқылы да инфляцияны ауыздықтауға болады. Есеп-қисапты дұрыс жүргізіп, не керек, не керек еместігін уақтылы айқындап отырса, мемлекеттік бюджет есебінен болатын негізсіз шығындарды реттеуге мүмкіндік бар. Үкімет соңғы жылдары мемлекеттік шығындарды жалпы ішкі өнімге қарай алғанда 22-23 пайыз деңгейінде ұстауға ұмтылып отыр. 2005 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 22,9 пайызды құраса, 2004 жылы 23,4 пайыз болған еді. Бұл арада Ұлттық қор трансферттерін қоспағандағы таза мемлекеттік шығындар туралы әңгіме болып отыр.
[13]2006 жылдың 1 шілдесінен бастап Ұлттық қор жаңа схема бойынша жұмыс істей бастайды. Бұдан былай Ұлттық қор макроэкономикалық реттеуші рөлін атқарады. Мемлекеттік бюджет қаражатын Үкімет ұсынақты түрде жұмсауға көшетін болады. Экономиканың “қызып кетпеуі” үшін осындай түбегейлі шаралар қолға алынған.
Үкімет халықтың табысының, жалақысының өсуін және еңбек өнімділігін тұрақты зерттеуге тырысып отырса керек. Өйткені, инфляцияның өсу шегін дәл анықтау үшін мұндай деректерді ай ма ай нақтылап отырмаса болмайды. Үстіміздегі жылдың екі айы ішіндегі көрсеткіштерге қарағанда, нақты еңбекақының өсімі еңбек өнімділігінің нақты өсімінен 2,3 есе артық екен. Халықтың нақтылай қаражат кірістері бөлшек сауда айналымының өсу қарқынынан 1,4 есе жоғары. Ішкі тұтыну сұранысының тарапынан жүріп жатқан өсімдер инфляциялық үдерістерге еріксіз итермелеп отыр.
Инфляциялық үдерістерді реттеуде антимонополиялық саясаттың орны өте зор. Осы мақсатта бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитеттің аумақтық бөлімшелері құрылып, 1 шілдеден бастап нақты жұмысқа кірісетін көрінеді. Бәсекелестікті жандандыру үшін металлургия, химия, банк, өндіріс салаларындағы “жасырын монополияларды” жою ісі қолға алынбақ. “Монополистік қызметті шектеу және бәсекелестік туралы” заң жобасы Мәжіліс қарауына ұсынылады. Индустрия және сауда министрлігіне 2007-2009 жылдарға арналған бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы бағдарламаны жүзеге асырып келеді. Көптеген монополистер өз делдалдары арқылы жұмыс істейтіні жасырын емес. Аралық буындардың көптігінен тариф көтеріліп кетеді де түпкі тұтынушы зардап шегеді. Сондықтан Үкіметтің ендігі бір айналысатын шаруасы делдал құрылымдардың шектен тыс көбеюіне тоқтам салу болса керек. Электр энергетикасы, мұнай өнімдері, табиғи газ сияқты экономика салаларында мұндай аралық делдал буындар тіпті көбейіп кеткен.
Сонымен, инфляцияны ауыздықтауға Үкіметтің мүмкіндігі мол. Әрекет бар. Әдіс те жоқ емес. Тек қапы қалмау жағын ойлау керек. Инфляцияға қарсы шаралардың кешенді жүйесін жасау аз, оны тұрақты түрде қолданып отыру қажет. Сонда ғана инфляция именеді.
Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы–несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субъектілеріне не жасаса, Ұлттық банкіде соны жасайды. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер болады. Осыдан келіп, Ұлттық банкіні «банктердің банкі» деп атайды. Комерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыз береді, сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді. Елбасы жыл сайынғы Жолдауында жалпы қаржы жүйесіні және Ұлттық банк алдына мынандай міндеттер қойды:
-инфляция қарқынын бәсеңдету және инфляцияның өсуінің теріс салдарын азайту үшін нақты айырбас бағамының тиісті икемділігін қолдауға және сонымен бірге эканомикалық өсуді ынталандыру;
-ең төменгі резервтік талаптарды есептеу әдістемесін жетілдіру;
-компаниялардың жарғылық капиталындағы үлестері шамалы инвесторлардың, акционерлік және құрылтайшылардың құқықтарын қорғауға бағытталған заң жобасын әзірлеу;
-мемлекеттік жєне жалпы сыртқы борышты басқарудың тиімді жүйесін құру.
2001-2004 жылы инфляция деңгейі 6-7% болса, 2005-2006 жылы инфляция қарқыны мейлінше жоғарылады. 2005 жылы инфляция 7,5% деңгеінде қалыптасса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 8,9%-ға дейін көтерілді. 2007 жылдың 9 айындағы инфляция деңгейінің жылдық көрсеткіші 11,2 пайызды құрады.Ал 2008 жылы 8,5% болса, 2009 жылдың инфляцияның жылдық көрсеткіші 7,5% құрайтыны болжамдалуда, Бұл үрдіске себепші болған факторлардың негізгісі жиынтық сұраныстың, яғни үй шарушылығының, кәсіпорындардың, мемлекеттің сұранысының едәуір өсуі болып отыр. Сонымен бірге, бұл жиынтық ұсынысты, яғни ішкі өндірісті және импортты кеңейту қарқынынан асып отыр. Осы жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың өсу қарқынында туындап отырған “айырма” бағалар деңгейінің өсуіне әкеліп соғады. Экономикалық жалақы еңбек өнімділігінен жылдамырақ өсуде. Тұтынушылық және инвестициялық сұранысты «қыздыратын» бюджет шығыстары өсуде. Экономиканың барлық субъектілері кірістерінің өсуі нәтижесінде ақшаға деген сұраныстың ұлғаюы секілді инфляция факторын (монетарлық факторлар ) атап өтпеске болмайды. Ақша ұсынысының тиісінше ұлғаюы банктердің экономиканы кредиттеуінің ұлғаюымен және шетелдік капиталдың келуімен қамтамасыз етіледі, бұл нәтижесінде ақша агрегаттарының өсуіне әкеледі. Қазақстанға шетел валютасын әкелуге және, тиісінше, экономикада ақшаның өсуіне екінші деңгейдегі банктерге сыртқы нарықта қарыз алу көлемдерінің өсуі, сондай-ақ әлемдік бағалардың, әсіресе мұнай бағасының өсуі себепші болады. Осы факторлардың инфляцияға қайсысының көбірек, ал ағымдағы сәтке қайсысының азырақ ықпал ететіні дәл анықтау іс жүзінде мүмкін емес. Бұлардың барлығы инфляцияға ғана ықпал етіп қоймайды, олар өзара да тығыз байланысты. Сондықтан инфляцияны жоғарылауы Қазақстанның тез өсіп келе жатқан экономикасындағы үрдістердің көрінісі болып табылады. Бюджеттің әлеуметтік шығыстарының көбеюі өмір сүру деңгейін, демек, халықтың тауарларға және көрсетілген қызметтерге сұранысын да арттырды. Бірақ бұл жағдайда әсірелеудің қажеті жоқ. 2003 және 2004 жылғы тәжірибе көрсеткендей, тұтыну бағаларының өсуі бюджеттің әлеуметтік шығыстарының ұлғаюынан емес, оның төңірегіндегі даурығудан туындап отыр. Сатушылар кірістерін арттыру мақсатында бағаны «көтере» бастайды, ал сатып алушылар болашақта кірістерін арттыру үшін сатып алуын көбейте бастайды. «Инфляцияны» күту жағдайы туындайды. Бұл табиғи үдеріс. Бірақ биылғы жылы, біздің ойымызша күтілетін жағдайлар қолайлы қалыптасып отыр, яғни бағаны күрт және негізсіз көтерілуі байқалмайды.
Кәсіпорындардың табиғи монополистердің қызмет көрсету құнының жоғарылауына келсек, онда басқа нарықтарды тауарлардың және қызмет көрсетулердің бағалары да түзетілуі мүмкін. Алайда, егер осындай жағдай бола қалған күнде, ол бір-ақ рет немесе бір сәттік қана болады, яғни бағалар жаңа деңгейде белгіленеді.