Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 10:14, курсовая работа
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қазіргі таңдағы инфляцияның мәні мен экономикадығы ролін көрсете отырып, дағдарыс жылдарындағы инфляция себептерін, оны дамыту факторларын анықтау. Соған байланысты мемлекеттің жүргізіп жатқан антиинфляциялық саясатын талдап,жүйелі әрі нәтижелі үлгіде көрсету.
Кіріспе.................................................................................................................2
1. Инфляция экономикалық категория ретінде.
1.1. Инфляция мәні, экономикадағы ролі...................................................4
1.2 Инфляцияның түрлері мен даму факторлары.....................................6
2. 2008-2009 жылдардағы Қазақстандағы инфляция: дамуы, ерекшеліктері мен салдары
2.1. 2008-2009 жылдардағы инфляцияның даму себептері мен ерекшеліктері........................................................................................................11
2.2. 2008-2009 жылдардағы инфляцияның салдары...............................17
3. Қазақстандағы инфляцияны тежеу жолдары.....................................25
Қорытынды.......................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................... 38
Біздің елімізде де осындай жағдай қайталанды. Реформаға дейінгі кезеңде инфляция жасырын немесе басылыңқы сипатта болды. Жасырын инфляция жағдайында бағаларға тыйым салу арқылы олар өзгермейтін деңгейде ұсталады. Баға өзіне тән функцияларды атқармайды, сондықтан осының нәтижесінде тауарлар көтеріңкі бағалармен сатылатын және сатып алынатын «қара базарлар» пайда болады
Инфляция, мысалы, еңбекақының көтерілуі нэтижесінде жиынтық сүраныс артқанда (басқа да себептер болуы мүмкін) экономиканың тұтыну секторында басталады. Бұл жағдайда ақша мен тауар мөлшерінінің арасындағы нарықтық тепе-теңдік бұзылады, ал кейін бағалар көтерілгенде ол қалпына келеді.
Сөйтіп, тұтыну секторында басталған инфляция халық шаруашылығының қалған барлық салаларына жылдам тарайды. Инфляцияның осы түрі өтпелі кезеңце ақша жүйесі мен бағалар серпінінің жай-күйін біршама сипаттайды. Инфляцияның осы түрі «сұраныс инфляциясы» деп аталады. Алайда, инфляция проблемасының мағынасы осымен ғана шектелмейді.
Қазақстан Республикасында нарықтық қүрылымдардың дамымауынан, монополист өндірушілердің болуынан көптеген салаларда өнімнің бағасы үздіксіз жэне күрт өсті. Бір саланың өнімін екіншілер шикізат, материалдар және т.б. ретінде пайдаланғандықтан, шығындар артты, сонымен бірге пайда төмендеді, ал осының барлығы ең соңында бағалардың және сұраныстың ескі жағдайында өндірісті одан әрі жалғастыруды пайдасыз етеді. Өндірісті жалғастыру үшін мемлекет ақша сұранысын кеңейтуге, сонымен бірге ақша жиынын көбейту арқылы бағалардың өсуі үшін жағдай жасауға, яғни түтынушылардың кірісін арттыруға тиіс. Шығын инфляциясы механизмінің маңызы да осында.
Сұраныс инфляциясымен салыстырғанда шығындар инфляциясы экономикада едәуір баяу таралады, алайда онымен күресу едәуір қиынырақ, өйткені бүл күрес нарықтық құрылымдарды қалыптастырумен және өндірісті кұрылымдық қайта кұрумен байланысты. Қазақстандық экономикада да шығындар инфляциясы белең алуда. Тұтыну тауарларының бағаларымен салыстырғанда тұтыну ресурстарына (ең алдымен көмір, мұнай, газ, мұнай өнімдері және т.б.) багалардың шарықтап өсуі шығындар инфляциясының орын алуына себеп болды. Тұтыну және өнеркәсіптің көтерме сауда индекстерінің серпіні жөніндегі статистикалық деректер осыны дәлелдейді.
Қазақстандық инфляцияның түрі бірегей әрі ол классикалықтан ерекшеленеді. Біріншіден, дамыған нарықтық экономика жағдайындағы инфляцияға қарсы шаралар инфляцияны жеңуге бағытталған, ол үшін мемлекеттен тарайтын сыртқы күштерді нарықгық өзін-өзі реттейтін механизмдер тиімді қабылдауы тиіс. Ал өтпелі кезең жағдайындағы елде нарықтық құрылымдардың уақытша болмауы себепті мүндай механизм әлі құрылмаган. Екіншіден, біздің елімізде инфляция экономиканы басқару екі түрлі әэсілмен жүзеге асырылатын жағдайда дамуда: бір жағынан, нарықтық эк-номикаға бетбұрыс жасаған реформаторлық тәсілдемелер, екінші жағынан, жоспарлы бөлу жүйесінің дәстүрлерін қайталайтын ескі тәілдемелер пайдаланылады. Нәтижесінде экономикалық, соның ішінде инфляциялық үдерістерге де мықты «саяси қүрамдас» олардың ерекше белгісі болып табылады. Сондай-ақ үшіншіден, дамыған елдердегі бағалардың өсу қаркынымен салыстырғанда бағалардың өсу қарқыны біршама жоғары.
Инфляциялық әлеует әбден толысып-жетілгенде бағаларды босатуға табиғи әлеуметтік-экономикалық жауап болып табылады, олар баға белгілеуге шектеулерді алып тасталғанда ғана білінді.
Тауар тапшылығын толық дерлік жою бағаларды ырыктандырудың оңды нәтижесі, ал инфляциялық үдерістердің дамуы оның жағымсыз түсы болды.
Қанағаттандырылмаған сүраныстың инфляцияга айналуы экономика қүрылымының тиімсіздігін айғақтады. Ал осы проблеманың шешімі инвестициялармен байланысты. Алайда инфляция инвестициялар үшін қолайлы жағдай жасауға қолбайлау болып отыр.
Ең ақырында инфляцияны, сұраныс инфляциясын, шығындар инфляциясын да тудыратын басты факторлар өндірісте қордаланган. Іс жүзінде сүраныс инфляциясы кезінде артық сұраныс салдарынан бағалар деңгейі өзгереді. Бүл жағдайда сатып алушылардың қоғам оны өндіре алатыннан көбірек тауар алуға мүмкіндігі болады, яғни өндірістік мүмкіндіктердің шектелуінен өндіріс тауарлары мен қызметтердің мөлшерін арттыруға мұршасы болмайды. Сондықтан артық сүраныс бағаларды өсіреді.
Алайда сүраныс асып кетпесе де бағалар деңгейі өсетін жағдайлар да кездеседі. Мүндай инфляция нарыктағы тауарлардың шығындары мен ұсыныстарының өзгеру нәтижесінде пайда болады. Шығындар инфляциясы кезінде өндірістің қазіргі мөлшерінде өнім бірлігіне жұмсалған шығындардың, яғни орташа шығындардың артуына әкеп соқтыратын факторлар бағаларды өсіреді. Аталмыш шығындар жалпы шығындарды шығарылған өнім мөлшеріне бөлу арқылы анықталады.
Қолданыстағы бағалар деңгейінде өнім бірлігіне жұмсалатын шығындар артқандықтан пайда да, сондай-ақ өндіріс пен ұсыныстың мөлшері де азаяды. ¥сыныстың қысқаруы бағалардың өсуіне жол ашады..
[11]Қазақстанда инфляцияның дамуы сұраныс пен ұсыныс инфляциясының әр қилы ұштасуын қолдану арқылы жүріп отырады. Қазақстанда ақша массасының өсуінің үш себебін атап көрсетейік:
♦Біріншіден, бюджеттік тапшылықты қаржыландыру үшін орталық банктерден келген несиелер;
♦Екіншіден, Орталық банктің коммерциялық банктерге несиесі қайта қаржыландыру үшін несиелер ;
♦Үшіншіден, ТМД мемлекеттеріне несие – олардың Қазақстанмен саудадағы тапшылығымен байланысты.
Аталған несиелердің көздері, негізінде ақша массасы өскен және инфляция жандана түскен ақшалай түрдегі базаны кеңейткен болатын.
Қазақстанның өтпелі экономикасында алғашқыда инфляцияға қарсы шаралар тек естен таңдыру терапиясының монетаристік әдісі қолданылды. Бұлар күткен нәтиже бермеді.
Қорытып айтқанда, Қазақстандық экономикадағы инфляциялық процестер шаруашылықтың жалпы құлдырауымен,экономикалық байланыстардың бұзылуымен, тым өсіп кеткен басқару аппаратын қаржыландырумен байланысты. Сондықтан ресурсстарды жалпы үнемдеу және бюджет тапшылығын жою инфляцияға қарсы саясат жүргізудің басты құралына айналды.
3 . Қазақстандағы Инфляцияны тежеу жолдары.
Инфляция және әсіресе шамадан тыс инфляция экономиканы күйретеді.
Бұл жағдайда ең алдымен бағалар өзінің түрлері бойынша, мысалы, (көтерме сауда және бөлшек сауда) өндіріс және айналыс кезеңдері бойыншаәркелкі көтеріледі. Дайын тауарлардың да, сондай-ақ өндіріс факторларының да бағалары уақыты бойынша әркелкі көтеріледі. Бағалар серпініндегі өзгерістер инфляция болмаған жағдайда да орын алуы мүмкін, алайда олардың экономика үшін жағымсыз ықпалы мардымсыз болады. Ал инфляция жағдайында бғалардың әркелкілігі күрт күшейеді де, бүкіл экономиканың тұрасыздануына ықпал ететін факторга айналады. Сан түрлі бағалардың бірдей емес қарқынмен өзгеруінен жекелеген шаруашылық жүргізуші субъектілер халыктың көптеген топтарын жоғалтады, сонымен бірге субъектілердің басқа бөлігін өзіне тартады. Ең алдымен айналыс саласындағы материалдық-заттық элементтердің бағалары өседі, ал корда бар тауарлық-материалдық күндылықтар құнсызданады.
Сондықтан қаржы қиындықтарының алдын алу үшін шикізаттың, материалдардың қоры, аяқталмаған өндіріс, негізгі өндірістік қорлар жүйелі түрде қайта бағалануы тиіс. Алайда бағалар көтерілгеннен гөрі осы жүмыс баяу жүзеге асырылады. Қазақстанда осындай жағдай бағалар ырықтандырылғаннан кейін орын алды: бағалар күрт көтерілген соң кэсіпорындардың айналым қорлары қайта бағаланған жоқ, сонымен бірге айналым қаржының жетіспеуі нәтижесінде төлемеу дағдарысы пайда болды. Сондай-ақ бүкіл ақша қоры да (салымдар, шоттардағы ақша қаражатының қалдықтары және т.б.) кұнсызданды. Кірісті берекесіз, ойланбай қайта бөлу инфляцияның басты жағымсыз салдарына айналды.
Біріншіден, бағалардың инфляциялық өсуі бюджеттегілер деп аталатын халықтың белгіленген атаулы кірісі бар тобының (зейнеткерлер, студенттер, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері жэне т.б.), егер олардың атаулы кірісінің өсу қарқыны инфляцияның өсу қарқынынан артта қалса, онда солардың кірісін азайтады. Сондықтан бұл жағдайда инфляцияның қарқынына сәйкес кірістерді индексациялаудың маңызы зор.
Екіншіден, кірісті алушы халықтың тіркелмеген тобы, егер олардың атаулы кірістері багалардың өсуін басып озса, онда олар инфляциядан пайда түсіруі мүмкін. Өнеркәсіптің дамушы салалары қызметкерлерінің атаулы еңбекақысы инфляцияның деңгейімен де байланысты болады. Ресурстардың бағалары, яғни шығындармен салыстырғанда дайын өнімнің бағасы жылдамырақ өссе, онда инфляция фирмалардың басшыларына және басқа да пайда алушыларға тиімді болуы мүмкін.
Үшіншіден, инфляция жэне оған сәйкес бағалардың өсуі жинақ ақшаны: банкідегі ағымдағы және жедел шоттарды, сактандыру полистерін және құны белгіленген қағаз ақшаларды да құнсыздандырады.
Төртіншіден, инфляция кредиторлар мен дебиторлардың арасында кірістің қайта бөлінуіне әкеп соқтырады. Қарыз алушы кредиторга инфляцияның мөлшерінде құнсызданған қарызды қайтарады, сондыктан дебитор ұтады, ал кредитор ұтылады.
Инфляция шаруашылық дамуының маңызды экономикалық көрсеткіштерін және ең алдымен кредит пайызының және өндіріс табыстылығының корсеткіштерін бұрмалайды. Экономика мен өндіріс қалыпты жағдайда болғанда пайыздың мөлшері мен өндіріс табыстылығының мөлшері бір-бірінен тәуелді болады. Пайыздық мөлшерлеме өндіріс табыстылығының серпініне байланысты анықталады.
Инфляция пайда болғаннан кейін осы байланыс бұзылып, кредит пайызының серпіні өндірістің табыстылығының серпініне сәйкес келмейтін болады, сонымен бірге ол одан түрлі бағыттарда күрт ауытқиды. Кредитор өзінің ақшасын сақтап, қарыз бойынша пайыз алу үшін бағалардың өсу қарқынынан асатын пайыздық мөлшерлеме орнатуға мәжбүр болады, сондықтан бағалардың инфляциялық өсуі пайыздық мөлшерлемелердің де көтерілуіне әкеп соқтырады. Пайыздық мөлшерлемелердің көтерілуі кәсіпорындардың табыстылығын айтарлықтай төмендетіп, оның қысқаруына немесе тіпті тоқтауына жол ашады. Сондықтан кредиттің жоғары пайыздық молшерлемелерінде инвестициялау ғана емес, сондай-ақ ағымдагы ондіріс үшін қарыз күрт қысқарады.
Инфляция жағдайында кэсіпорындардың қаржылық жагдайы күрт ауытқиды.
Пайыздық мөлшерлемелердің көтерілуі, сондай-ақ табыстылықтың ауытқуы өндірістің шырқын бұзып, қогамның экон-микалық өміріне зиян келтіреді. Нәтижесінде өндірістің табы-тылыгы өндірісте ғылыми-техникалық жетістіктерді пайдалануға және кәсіпорын ұжымының күш-жігеріне ғана емес, ол бағалардың серпіні мен соған сәйкес кредит пайызының мөлшеріне де байланысты болады.
Инфляцияның жоғары деңгейінде қалыптасқан шаруашылық байланыстар бұзылып, төлемеу тізбегі пайда болады, осының нәтижесінде кәсіпорындар мен фирмалардың қаржылық ахуалы нашарлайды.
Инфляцияның жоғары деңгейінде қолма-қол ақшадан қашудың байқалмайтыны оның ерекшелігі болып табылады. Керісінше, айналыста олардың ұлғайганы байқалады. Өйткені кәсіпкерлер қолма-қол ақшаны жеке қажетін канағаттандыруга, мысалы, салық сал-дан жалтаруға тырысуға емес, оны шаруашылық айналыста пайдаланады. Айналыстағы қолма-қол ақшаның үлғаюы экономика үшін қауіп тудыруы ықтимал. Сондықтан кез келген әдіспен ең алдымен халықтың жинақ ақшасының көбеюін ынталандыру қажет. Аталған шара жинақ ақшаны инвестициялар үшін пайдалануға және жалпы акша жиынында қолма-қол ақшаның өзіндік салмағын қысқартуға мүмкіндік берер еді. Бұл ретте дұрыс пайыздық саясат жүргізу айтарлықтай рөл атқаратыны анық. Инфляцияның деңгейі мен пайыздық мөлшерлемелердің арасындағы орынды арақатынасты камтамасыз ету қажет, яғни олардың арасындағы алшақтық шектен шықпауы тиіс. Пайыздық мөлшерлеме инфляцияның мөлшерінен көп асып кетсе кәсіпорындар кредит ала алмайды, сонымен бірге инвестицияларға кедергі келтіреді. Екінші жағынан, жоғары пайыздық мөлшерлемелер кәсіпорындардың шығындарын арттырады, сондай-ақ инфляция деңгейінің қысқаруын тежейді. Сондықтан банк кредиттерінің мөлшерлемелерін төмендете отырып, жинақ ақшаға ынталандыруды да қамтамасыз етуі керек.
Шет елдердің тәжірибесі инфляциядан толықтай құтылу мүмкін емес екенін көрсетеді, өйткені ол экономика дамуының тұрақты серігіне айналған. Сондықтан экономистер Қазақстан үшін өндірістің түрақты дамуына мүмкіндік беретін инфляцияның оңтайлы деңгейін табуға міндетті. Ол үшін инфляцияны басқаруды және оны межеленген шектерде ұстауды үйрену қажет.
Өндірістің ққлдырауын тоқтату, оны түрақтандыру, сондай-ақ өсуін бастау инфляцияны азайтуға бағытталган барлық шаралардың ең негізгілері болып табылады. Аталған шараларға инвестицияны айтарлықтай өсірмей қол жеткізу мүмкін емес. Өндірістің құлдырауын тоқтатпай, сонымен бірге оның бірте-бірте дамуына қол жеткізбей, инфляциямен күрес жүргізудің түбегейлі шаралары туралы айту ертерек.
Инфляцияға қарсы саясаттың басқа бағыты - ең алдымен ақша эмиссиясының үлғаюын бірте-бірте шектеу, оны экономикада қүрылымдық кайта құруды жүргізумен тығыз байланыстыру, сондай-ақ бюджетті ретке келтіру жэне бағаларды тікелей реттеу шаралары.
Бюджетті ретке келтіргенде қатаң бюджеттік үнем режимін жүргізу, жогағыда атап өтілген талаптарга жауап бермейтін баг-арламаларды, негізгі емес нысандарды қаржыландыруды тоқтату қажет. Бұл ретте бюджеттік рестрикцияны жүзеге асыра отырып, әлеуметтік ахуалды күшейту проблемасына көңіл бөлген дүрыс. Бағаларды реттеу шараларына мыналар жатады. Олар:
1) экономиканың базалық салаларының өніміне, қүрылым
құрайтын жэне стратегиялық маңызды тауарларға баға
реттеудің арнайы формаларын енгізу, оның ішінде монополист-кәсіпорындар мен салалар өнімінің кейбір түрлері мен топтарына шекті бағалар орнату;
2) кәсіпкерлердің, үкіметтің жэне кәсіподақтардың арасында
бағалар, кірістер мен салықтар саласында бірыңғай шектеу саясатын жүргізу туралы келісім қабылдау, сондай-ақ оның орындалуын бақылаудың тиімді механизмін әзірлеу.
Осыған қосымша жинақтау құралы ретінде шетел валютасына (долларға) аударылатын назарды әлсірету мақсатында оны біршама түрактандыру үшін теңгенің бағамын реттеу жөніндегі шаралар жүйесін жүзеге асырған өте маңызды.
Атап өтілген шаралар қаншалықты маңызды болса да, экономиканы жалпы жандандырмай нақты нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес. Салық салу жүйесін ретке келтіру, өндіргіш жинақтауларды ынталандыруды арттыру, стратегиялық, оның ішінде ғылыми әлеуетті қорғау, сондай-ақ жеке меншік істі ашу және жабу тәртіптемелерін оңайлату, ең алдымен өндіріс қатысында кредиттік саясатты жеңілдету осы ынталандыру шараларына жатады. Сөйтіп, инфляцияның барынша төмен деңгейінде инвестицияларды айтарлықтай арттыру, өндірісті жандандыру қаржылық-экономикалық саясаттың басты бағыттары болып табылады. Нарықтық экономикасы тұрақты дамитын басқа елдердіц әэжірибесі осыны дәлелдейді.