Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Марта 2012 в 10:14, курсовая работа
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қазіргі таңдағы инфляцияның мәні мен экономикадығы ролін көрсете отырып, дағдарыс жылдарындағы инфляция себептерін, оны дамыту факторларын анықтау. Соған байланысты мемлекеттің жүргізіп жатқан антиинфляциялық саясатын талдап,жүйелі әрі нәтижелі үлгіде көрсету.
Кіріспе.................................................................................................................2
1. Инфляция экономикалық категория ретінде.
1.1. Инфляция мәні, экономикадағы ролі...................................................4
1.2 Инфляцияның түрлері мен даму факторлары.....................................6
2. 2008-2009 жылдардағы Қазақстандағы инфляция: дамуы, ерекшеліктері мен салдары
2.1. 2008-2009 жылдардағы инфляцияның даму себептері мен ерекшеліктері........................................................................................................11
2.2. 2008-2009 жылдардағы инфляцияның салдары...............................17
3. Қазақстандағы инфляцияны тежеу жолдары.....................................25
Қорытынды.......................................................................................................36
Пайдаланған әдебиеттер тізімі...................................................................... 38
- баяу инфляция – баға баяу қарқынмен біртіндеп жылына 10%- ға өседі;
- орташа инфляция – баға тез қарқында жылына 20-дан 200 % - ға дейін өседі, мұндай баға қарқыны ауыр экономикалық және әлеуметтік зардаптарға шалдықтырады;
- Ұшқыр инфляция – баға жылына 500-ден 1000 %-ға дейін және одан жоғары қарқынмен өседі.Ұшқыр инфляция ақша жүйесінің құлдырауына әкеліп соғады. Мұндай жағдайда ақша өзінің атқаратын қызметтерін жоғалта бастайды.
Ішкі және сыртқы факторлар тудыратын жүйеге ықпал ететін
инфляциялық импульстарға байланысты:
a) Импортталған;
b) Экспортталған.
Елдің валюта курсы қатаң сақталып тұрған жағдайда импорттық тауарлардың бағасының қандай болмаса да өсуі, елге инфляцияны импорттайды.
Экономиканың бағаның өсу қарқынына ұтымды бейімделуіне байланысты инфляция:
a) Балансталған (теңестірілген);
b) Баланстандырылмаған (теңдестірілмеген).
Біріншіде бағалар орташа және тұрақты өсіп отырады. Басқа макрокөрсеткіштер сәйкестікте өзгеріп отырады. Екіншіде тауарлардың бағасы секіріп өседі және бұл бір мезгілде жүрмейді, ал экономика өзгермелі жағдайға бейімделуге үлгере алмайды
Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты, инфляция:
a) Бақылаудан шықпаған;
b) Бақылауға көнбейтін.
ЖҮӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты, экономикада сұраныстың өскен жағдайында:
a) Ақиқат инфляция;
b) Жалған инфляция.
Бағананың болашақтағы өсу қарқыны және оған үйлесімді бейімделу дәрежесі туралы болжамның дәлме-дәл болуына-болмауына байланысты:
a) болжауға болатын инфляция;
b) болжауға келмейтін инфляция;
Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем беретін факторларға байланысты:
a) «сұраныс» инфляциясы;
b) «шығын» инфляциясы;
Инфляция негізінен шаруашылықта қалыптасқан әр түрлі диспропорцияларға байланысты болатынын еске ала отырып, оның негізгі себептерін қарастырып көрейік. Біріншіден, бұл мемлекеттік шығындар мен табыстар арасында қалыптасқан диспропорция немесе тепе – теңдіктің бұзылуы. Бұл мемлекет бюджетінің тапшылығы түрінде көрінеді. Егер тапшылық орталық банктің несиелі, яғни айналымға қосымша ақша шығару арқылы қаржыланған болса, онда бұл айналымдағы ақша массасын арттырады және инфляцияны қалыптастыруы әбден мүмкін.Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру жүрген жағдайда бағаның инфляциялық өсуі болады. Әсіресе экономиканың миллитариаландырумен байланысты инвестиция инфляцияны өршітеді. Ұлттық табыс әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар қоғамдық юайлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне алып келеді. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттіа бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.Үшіншіден, осы күнгі экономикалық теория бағалардың жалпы ХХ ғасырда нарық құрылымының өзгеруімен түсіндіреді. Қалыптасқан өндіріс түріне жаңа фирмалардың келуіне шек қою арқылы олигополиялық фирмалар жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияны мүмкін болғанша ұзақ уақыт ұстап қалуға ұмтылады. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигопиялық рынок. Ал олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді. Олигопиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы. Желілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады.Өздері билік жүргізетін рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигопия мен монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін тежеу үшін олиполистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі көмектеседі.
Төртіншіде, ұлттық экономикалардың ашыла түсуіне, олардың дүниежүзілік шаруашылық қатынастары жүйесіне тартылуына байланысты инфляцияның бір елден екінші елге ауысуы қаупі артады. Өндірушілер де шикізат пен материалдарға және энергияға бағаның өсуін болжап өздерінің өнімдеріне бағасын арттыра түседі. Әрбір өндіруші өзін инфляциядан алдын ала сақтандыру мақсатында өніміне бағаны еселеп көтереді. Инфляцияның себептері сан қилы, бірақ әр кезде олардың белгісі бір комбинациясы қалыптасады.
Алтыншыдан, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол « инфляцияны күту » нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономисттері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясатын ең басты міндеті.
Инфляцияның Кейнс теориясы шаруашылық етуші субъектілердің кірістері мен шығындарының талдауынан шығады және жиынтық сұраныстың көбеюіне олардың әсер етуінен шығады, бұл өндіріспен, жұмыспен қамтылудың өсуіне әкеліп соқтырады. Сонымен бірге жиынтық сұраныстың өсуі инфляцияның өсуіне себепші болады. Ақшаның монетаристік теориясы инфляцияның себептері ретінде қағаз ақшаларымен айналым арналарының сандай ернелеушілігін көрді. Төтенше шығындар теориясының авторлары (Дж.М. Кейнс, У.Тори, Р.Куэн) бойынша жалақымен байланысты шығындар ғана инфляцияның себебі болады.
Қазіргі кезде инфляция мынадай факторларға байланысты:
1) Ақша айналысының факторларына: бюджет тапшылығын жабуға пайдаланылған, шексіз көп ақшаның эмиссиялануы есебінен айналыс аясының артық ақша массасына толып кетуі; халық шаруашылығының артық несиеге толуы.
2) Ақшалай емес факторларға: қоғамдық өндірістегі теңсіздікке, шаруашылықтың шығындық механизміне, мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты факторлар жатады.
Аталған факторлардың қанат жаюына байланысты инфляцияның «сұраныс» инфляция және «шығын» инфляция түрлерін қарастырайық.
«Сұраныс» инфляциясы мынадай факторлардың әсерінен туындайды:
әскери шығыстардың өсуі, яғни әскери техникалардың азаматтық салаларда пайдалану қажеттігінен, нәтижесінде ақша баламасы айналыс үшін артық болып қалады;
мемлекеттік бюджет тапшылығыжәне ішкі қарыздардың өсуі, яғни мемлекеттің қысқа және орта мерзімді міндеттемелерін шығару есебінен бюджет тапшылығын жабу, нәтижесінде мемлекеттің ішкі қарызы артады;
несиелік экспансиялау, яғни елдің орталық банкінің коммерциялық банктер мен үкіметке несие беретін несиелер көлемінің ұлғаюын сипаттайды;
импортталған инфляция, яғни валюталарын сатып алу барысында тауар айналымына қажеттіліктің үстіне ұлттық валютаның эмиссиялануы;
ауыр өнеркәсіп саласына өте көп мөлшерде инвестиция жұмсау.
«Шығын» инфляциясы мынандай факторлардың болуымен сипатталады:
еңбек өнімділігінің өсуін азайту және өндірістің құлдырауы;
көрсетілген қызметтің маңызының артуы;
бір өнім бірлігіне жұмсалатын шығынның өсуінің жеделдетілуі, әсіресе жалақының өсуі;
энергетикалық дағдарыс.
Инфляцияның философиясы мынада: бірте-бірте тереңдеуіне байланысты экономиканы уақытша жандандыратын фактордан ұдайы өндіріс процесіне кедергі жасайтын факторға айналады.
2. 2008-2009 жылдардағы Қазақстандағы инфляция: дамуы, ерекшеліктері және тежеу жолдары
2.1. 2008-2009 жылдардағы инфляцияның даму себептері мен ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан жәнге осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендінгі жағдайында да сақталып отыр.
Одан басқа ішкі нарыққа шетел валюталарының келуіне банк жэне корпорациялық секторлардың сыртқы қарыздары да өз үлесін қосты. Қазақстан экономисті Н. Нұрсейіттің зерттеулері бойынша: «2008 ж. жеке меншік секторының сыртқы қарызы 1,824 млрд АҚШ долларына жетті, ал 2008 жылы маусымда ол - 5,096 млрд АКШ долларын құрады немесе 2,8 есе өсті». Қарыздың орташа өсу қарқыны жылына 34%-дан жоғары болса, оның көлемі әрбір екі жылда екі есеге өсуі мүмкін. Сырттан қарызды (кредитті) көп алудың негізгі себебі — шетелден алған кредиттерге мөлшерлеме (ставка) өте төмен. 2008-2009 жж. батыс нарығындағы жылдық молшерлеме 2% деңгейінде болды. 2008 жылы ¥лттық банк деректері бойынша екінші деңгейдегі банкілер 6,3 млрд доллар сомасында сырттан қарыз тартты ( 2003 жылы 3,7 млрд), ол откен жылғыдан 1,7 есе көп.
Г.Марченконың пікірінше, отандық банкілер және ұлттық компаниялар кредиттерді доллармен бір жылға шаққанда 4% есебінде алды. Теңгенің бағамы өсіп келе жатқан жағдайда бұл өте пайдалы кредит. Компания қаражаттарды валютамен (доллармен) қарызға алады да, ел ішінде теңгемен инвестицияға тартады. Ішкі нарықтағы доллар айырбастау орындары биржалар арқылы тенгеге сатылып, айнальымда шетел валютасын көбейтеді. Қазір ішкі нарықгағы доллардың көбеюі осымен түсіндіріледі.
Компаниялардың, банкілердің төлемдер жүргізу үшін шетел валюталарын сатуы ішкі нарықта кредиттер беруі айналымдағы ақша массасының колемін арттырады, ұлтгық валютаның бағамын нығайтуга әкеледі. Осылайша 2008 жылы қаңтарда АҚШ долларына шаққанда теңгенің ревальвациясы (нығаюы) басталды. Теңгенің атаулы бағасы (номиналы) 8,03%-ға нығайды.
Валюталық нарықтағы Орталық банкі басқыншылығы (интервенция) оның ақша базасын көбейтеді, ал ол инфляцияның өсуіне эәеліп соғады. Осылайша күшпен ұсталып отырған инфляцияның 2008ж. бірінші жартысында болжанған «дәлізден» шығуы (7,3%) ақша базасының өсуінің айғағы болды
Ішкі нарыққа көп мөлшердегі шетел валютасының қүйылуы 2006 жылы ақша массасын 62%-ға, яғни 1 634,7 млрд теңгеге үлғаюына алып келді. Айналыстағы қолма-қол ақша 59%-ға өсті, ол 379,3 млрд теңгені қүрады. Ақша массасының мұндай өсу көрсеткіштері соңғы 5 жылда (1999 жылдан), ал қолма-қол ақшаның өсуі 9 жылда (1998 жылдан) болған емес. Қаржы нарығы мүндай валюта қысымына болашақта төтеп бере ала ма, оны уақыт көрсетер. Бір айта кететін жайт, нарықтағы жағдайдың тек жартысы ғана монетарлық факторларға байланысты.
Айналыстағы ақша массасының өсу факторларының бірі - екінші деңгейдегі банкілердің кредиттік экспансиясы болып табылады. Экономикаға кредиттік құйылымдар 2007-2008жж. жыл сайын орта есеппен 50%-дан артық (52,5%) көбейген, оның ішінде қысқа мерзімділері 38%-ға, ұзақ мерзімділері - 65%-ға өскен. Сонымен қатар мұнай, тау-кен секторлары жэне көптеген ұлттық компаниялар кредиттерді шетелдерден алады. Егер осы қаражаттарды есепке алса, онда экономиканың нақты секторларына түсетін қаржы көлемі жыл сайын 60%-дан жоғары ұлғайып отырады, Бүл өте жоғарғы қарқынды өсім. Ол экономиканың шектен тыс қызуына («голландиялық сырқат»), оның өсу қарқынының төмендеуіне жэне т.б. жағымсыз нәтижелерге алып келуі мүмкін.
Монетарлық инфляцияның өсуіне халықтың еңбекақы төлемдері мен ақшалай табысының үлғаюы нақты әсер етеді. Нақты орташа айлық еңбекақы индексі де осы уақыттағы ЖІӨ өсімінен жоғары. 2008 жылы ¥лттық банк деректері бойынша нақты орташа айлық еңбекақыны 13,9%-ға өскенде өндірістегі еңбек өнімділігінің өсу қарқыны 6,6%-ды құрайды. Еңбек өнімділігінің төмендігі, ал табыстың жогары деңгейі оз кезегінде бағаның жалпы жоғарылауына әкеледі
Басқа монетарлық факторлардың әсері. Соңғы жылдары инфляцияға үкіметтің бюджеттік шығыстары үлкен әсер етуде, оның өсу қарқыны ЖІӨ-нің өсуінен жоғары болып отыр Әсіресе мемлекеттік бюджеттің қүрылымындағы күрделі шығыстар 2004-2008 жж. 7 есе өскен, ал ағымдағы шығындар осы уақыттың ішінде 2 есеге жақын ғана өскен. Бұл үкіметтің фискалдық саясатының айқын экспансиялық сипат алғанын, оның инвестициялық процеске қатысуға бағытталғанын көрсетеді. Мүндай саясатэкономикалық өсуді ынталандырғанымен экономикаға инфляциялық қысымды сақтайды.
Қорыта келе Қазақстандағы қазіргі кездегі 2008-2009 жылдардағы инфляцияның негізгі көздерін былай деп түжырымдауға болады:
1. Экономиканың шикізаттық бағыты, осыған байланысты шикізат тауарларын сатудан түсетін шетел валютасының ішкі нарыққа шектен тыс ағымы. Өнеркәсіп өндірісінің құрылымында тек тау-кен еөдірісінің (мұнай жэне т.б. шикізат тауарлары) үлесі 50%-дан артық, соның себебінен шикізат пен сауда-сатгық операцияларының сальдосы жыл сайын өсіп келеді
2. Экономиканың корпорациялы жэне банк секторларының сырттан (шет елден) көп қарыз алуы жэне екінші деңгейдегі банкілердің ішкі нарықтағы кредиттік экспансиясы. Корпорациялык сектордың сыртқы қарыздарының өсу қарқыны жылына 30%-дан асады; банк секторы қарыз алуда да осы қарқынмен өсіп келеді.
3. Тауарларға және көрсетілетін қызметтерге бағаның жоғарылау көзі еңбекақының жэне халыктың ақшалай табысының қарқындап өсуі. 2008-2009 жж. орташа айлық табыс (атаулы табыс) 70%-ға өсті, ал ЖІӨ өсімі осы уақытта 42%-ды құрады. Табыстың өсу қарқыны еңбек өнімділігінің өсуінен асып тусті. Бұл ез кезегінде тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге бағаның жоғарылауына алып келеді.
4. Соңғы бірнеше жылда үкіметтің бюджет шығыстарының ұдайы өсуі байқалады, олардың өсу қарқыны ЖІӨ өсуінен артып отыр. Бюджет шығындарының ішінде күрделі жұмыстарға кеткен шығындардың үлесі өте жоғары. Үкіметтің инвестициялық процеске қатысуы оның фискалдық саясатының экспансиялық сипат алғанын көрсетеді. Мүндай саясат елді экономикалық өрлеуге бастағанмен, ішкі нарықта тауарлар мен қызметтерге инфляциялық қысымды күшейтеді.
Тауарлар мен қызмет көрсету нарыгында бәсекелестіктін жеткіліксіздігі, отандық өндірісте түтыну тауарларының тапшылыгы монетарлық емес инфляцияның негізгі көздері болып саналады. ҚР Статистика жөніндегі агентгігінің деректері бойынша азық-түлік нарығында отандық өндіріс тауарларының үлесі орташа есеппен 60,7%-ды қүрайды.Бұл, әрине, тұтыну нарығындағы бағаны түрақтандыруға жеткіліксіз. Сонымен қатар ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің 2008 ж. желтоқсанында жүргізген тексерулері бойынша Ресей тамақ өнімдерінің бағасы отандық азық-түлік бағаларынан 37%-ға қымбат, қырғыз елінікі — 15%-ға қымбат, ал өзбек елінің тауарлары 1%-ға арзан тұрады. Алыс шетелдерден келетін тамақ өнімдсрі отандық өнімдерден орта есеппен 2,3 есе қымбат. Соныменен, отандық азық-түлік тауарларымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі жэне сырттан әкелінетін осы тауарлардың қымбатгылығы азық-түлік тауарлар нарыгында бағаның ұдайы өсу қаупін тудырады.