Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 09:20, курсовая работа
2007 жылғы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өзінің кезекті Жолдауын жариялады. Болашақ іс – қимылдың арқауы болатын осы Жолдау ел өркениетін бұдан да биік нысанаға көтеруге шақырады. Аталмыш Жолдау да, еңбек те бір – бірімен тығыз сабақтас, тақырыбы бір, қоғамдағы даму, жаңару үрдісін жаңа, бұдан да тиімді сатыға шығаратын жолдарға арналған.
Бұл Жолдауында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев несие мәселесін қарастырған, несиенің әрі қарай дамуын қолдады, жоғары оқу орындарындағы студенттерге несие арқылы оқуға төлеу мүмкіндігін ұсынды.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
1. БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК МЕХАНИЗМ
Несие түсінігі, қажеттілігі..............................................................................6
1.2 Банктердегі несиелік саясат, оның элементтері............................................9
1.3 Несиелік механизмнің мазмұны...................................................................14
2. НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫН ҚҰРУ, ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ТӘРТІБІ
2.1 Несие ресурстарын құру және орналастырудың ерекшеліктері..............16
2.2 Несиелік ресурстарды жинақтау және тарату............................................18
2.3 Қазақстан Республикасының несие ресурстарының жағдайы.................22
3. АҚ<Қазақстан Халық Банкі>бойыша тәжіребелік жұмыс
3.1АҚ «ҚХБ-кі»несиелік операцияларының жұмысы.....................................29
3.2 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» несиелік операцилары бойынша қорытындылар.....................................................................................................33
3.3 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» несие беру, қайтару, несие бойынша пайызды,есептеу және алуы..................................................35
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................45
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................46
ҚОСЫМША 1 .........................................................................................................47
ҚОСЫМША 2..........................................................................................................48
Банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесі деңгейіне әсер ететін тағы да бір қажетті фактор –сол банктің қаржылық жағдайы. Меншік капиталы жеткілікті мөлшерде қалыптаспаған банктің табыстық деңгейі жоғары емес және күтілмеген жағдайлар кезінде резервтің сенімділігі немесе шығындылығы агрессивті пайыздық саясатты ұстануларына жол береді.
Банктің пайыздық деңгейіне инфлияция жағдайы үлкен әсер етеді. Банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесі де инфлияцияның өсуіне сәйкес өседі. Бұған мысал ретінде мына фактіні айтуға болады: 1993-94 жылдары инфлияцияның өсу қарқыны өте жоғары болғандықтан, республикамыздың коммерциялық банктері несиені 360 жылдық пайызбен берген.
Жоғарыда айтылғандардан мынадай қорытынды алуға болады: банктік несие пайызының жоғары шегін нарықтық жағдай анықтайды, ал төменгі шегі несиелік ұйымның өзінің қызмет жағдайына тәуелді.
Несиені беру кезінде тұрақты немесе қалқымалы пайыз бекітілуі мүмкін. Тұрақты пайыз несие шартының әрекет ету уақытында өзгермейді. Қалқымалы пайыз банктің қалауы бойынша несиелік шерт әрекет ету уақытында өзгері мүмкін. Банктегі бухгалтерлік есепшот бойынша пайызды аудару және олардың көрсетілу тәртібі ҚРҰБ бекіткен банктік мекемелерде бухгалтерлік есепшот бойынша пайызды аудару және олардың көрсетілуі туралы ережесіне сәйкес жүргізіледі. Бұл ережеге сәйкес аналитикалық есепшот үлесіне: объектілер, несиені пайдалану мерзімі және пайыздық мөлшерлеме бойынша дербес шот ашылады.
Банктің несиелік комитетінің шешім бойынша пайыздық мөлшерлеме мөлшері, тәртібі, кезеңі, пайздық аудару мерзімдері және төлету тәртібі анықталады. Бұл шешімді банктың төрағасы бекітеді. Банктің операцияны басқаруы міндетті болып табыладыжәне банктің келісімшартында көрсетіледі.
Несиелік келісімшартта қарастырылған мерзімде және мөлшерде пайыздар аударылады, мұндай жағдайда пайздарды аванспен аударуға және төлеуге жол берілмейді. Шотты жапқан кезде дербес шотты бір банктен басқа банкке бергенде, пайыздар шоттың дәл жабылған күніне есептеледі. Шот жабылған күніне соманың пайыздық қойылымынан шоттың иесіне тиімді етіп және банк өзіне тиімді етіп одан пайыздық мөлшерлемесін алады. Есептелген пайыздар олар есептелген кезеңнің пайдасы ретінде танылады. Несиелер бойынша пайызды төлеу және аудару үшін келесідей бухгалтерлік өткізбелер жасалады:
Егер несиелер теңге түрінде берілсе, пайыздар есептелген кезде:
Дт 1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер».
Кт 4411, 4417 «Клиенттерге берілген қысқа, ұзақ мерзімді қарыздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».
Егер несиелер шетел валютасымен берілген жағдайда, пайыздар есептелген кезде:
Дт 1740 «клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер».
Кт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»
Бір уақытта теңге түрінде:
Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ позицияның)»
2859 «Шетел валютасының
теңгемен көрсетілген қарсы
Кт 4411, 4417 «Клиенттерге берілген қысқа, ұзақ мерзімді қарыздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».
Есептелген пайызды төлеу кезінде:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1050«Банктің корреспонденттік есепшоттары».
Кт 1424 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер».
Келісімшартқа сәйкес, пайыздарды төлеу айсайын жүргізілетін болса онда банк, ұлттық валютадағы несиелер бойынша пайыздар алған кезде:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1050«Банктің корреспонденттік есепшоттары».
Кт 1424 «Клиенттерге ұзақ және қысқа мерзімді қарыздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».
Егер келісімшарттқа сәйкес пайызды ай сайын төлесе, онда банк шетел валютасымен берілген несие бойынша пайызды алған кезде:
Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»
2203 «Клиенттердің ағымдағы есепшоттары»
1050«Банктің корреспонденттік есепшоттары».
Кт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы».
2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы».
Бір уақытта теңгемен келесідей жазба жазылады:
Дт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ позицияның)»
2859 «Шетел валютасының
теңгемен көрсетілген қарсы
Кт 4411, 4417 «Клиенттерге берілген қысқа, ұзақ мерзімді қарыздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».
Кешіктірілген пайыз сомасына:
Дт 1741 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы»
Кт 1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша кірістер».
Клиенттердің кешіктірілген қарыздары бойынша пайыздар есептелген кезде:
Дт 1741 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы»
Кт 4424 «Банктің қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегіне сыйақы алумен байланысты кірістер».
Кәсіп орындар мен тұрғындарды несиелеу банк қызметінің дәстүрлі түріне жатады. Сол себептен банкті несиелендіру кәсіпорыны деп атайды. Банк активінің біршама бөлігі бұрынғы кездегідей несиелік операцияларға орналастырылған. Қазақстанның екінші деңгейдегі банктерінің орналастырылған құжаттары 2003 жылы әрбір банктеріне әр түрлі несиеге шамамен 72% келді. Сондықтан табыстың 85 %-і ұсынылған қарыздары үшін төлем түрінде алынған. Банктер бір мезгілде ресурс алғандықтан, өздері де қарыз алады, коммерциялық банктердің шығындар құрылымының 80%-ға жуығын салымдар мен депозиттер, сол сияқты банкаралық несиелері бойынша несиелік пайыз төлеу шығындары құрайды.
Қарыз алушыларға ұсынылған банктік қарыздарды көп түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.
Қысқа мерзімді
несие – пайдалану мерзімі бір жылдан
аспайтыннесиелер.Олартауарлы-
Ұзақ мерзімді несиеге мерзімі 1 жылдан асатын несиелер жатады. Берілген несиелер қаржылық активтерді, айналым құралын негізгі қорлардың қалыптасуы үшін қажеттілігіне қызмет көрсетеді.
Іс жүзінде төмендегі банктерқабылданған барлық ресурстар орталықтандырылған түрде КСРО Мемлекттік банкінің Басқармасына беріліп, ол жерден несиелеудің шектеулері түрінде төмендегілерге жіберілетін. Осы шектің көлемінде белгілі бір аймақтардың клиенттерін несиелеу жүргізілетін. Банк бөлімшелері, олардың активтері Мемлекеттік банктің пассивтерінен тәуелді болмағандықтан, қаржыларды жинауға мүдделі болмайды. Несиелеудің қазіргі заманғы жүйесі басқа негізде құрылған: берілетін несиелердің көлемі толығымен тартылатын қаржыларға тәуелді. Бұл берілетін несиелердің көлеміне, яғни несиелік мекемелерде қалатын пайда мөлшеріне әсер етеді.
Қазіргі кезде несиелеу жүйесіндегі ерекшеліктер олардың ресурстарға тәуелділігіне ғана емес, сонымен қатар ҚРҰБ белгіленген пруденциялық нормативтерге байланысты. Қазіргі пуденциялық нормативтер тартуға мүмкін қаражаттардың шекті көлемін, ең аз резерв мөлшерін, несие беруінің шекті сомасын, оны ұсыну мерзімін, коммерциялық банк балансының өтімділігіне байланысты несие мехенизмін жасауды реттейді. Қазіргі несиелеу жүйесінің маңызды белгісі оның шартты негізі болып табылады. Несиелеу бойынша туындайтын сұрақтардың барлығын банк пен қарыз алушы өзара шешеді. Шартқа сәйкес әрбір жақ белгілі бір міндеттемелерді мойнына алады, шарт жағдайларын сақтауға бақылау жасау үшін белгілі құқықтарға ие болады. Айта кететін жайт, несие шарттары бұрын жасалған, бірақ олардың экономикалық мәні әлсіз болады. Тек коммерциялық ынта пайда болған кезде, банк пен кәсіпорын арасындағы шарттың бұзылуы сезілген кезде ғана несиелік шарт қарыз берушінің де, қарыз алушының да жауапкершілігін арттыратын күш болып табылады.
Қалыптасқан несие жүйесінің маңызды белгілері – оның несиелеу объектісінен несиелеу субъектісіне өтуі болып табылады. Бұрын қолданылған несиелеу жүйесі несиелеу объектісіне тиімді болған. Тауарлы метариалдық құндылық қорының, өндірістік шығындардың болуы клиентке несие алуға мүмкіндік береді; несиені қайтару мүмкіншілігі арнайы талданбалы, клиент үшін ең басты деп автоматты түрде несиені қайтаруға кепіл беретін жоспар есептеледі. Сонымен бірге тауарлы-материалдық құндылықтардың қорын жабатын меншікті қаражат деңгейі ескерілмеді.
Несиелеу субъектілерінң
қарыздары қайтару
Жаңа несиелеу жүйесі - дәстүрлі жалпы және ерекше қағидаларға негізделінеді, оның ішінде мерзімділігі және қамтамасыз етушілігі, несиенің төлем сипаты ескеріледі. Оның бірқатар құрамдары өзгеріске ұшырады. Өзгерістер негізінен несиенің саралану қағидасына енгізіледі. Осыдан бірнеше жылдар бұрын несиелеуге саралау режимі қолданылатын жақсы және жаман жұмыс істейтін кәсіпорындар категориясы боғанын білеміз. Кәсіпорынды бағалау негізінде олардың жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуы алынған. Қазіргі уақытта қалыптасқан жүйеде несиені уақытында қайтармау тәуелділігін төмендетін клиенттің несие қабілеттілігі ескеріледі. Ең алғаш рет қарыз алушының төлем қабілетсіздігі анықталған кезде, коммерциялық банк несиелеуші банктің қатысуымен белгіленген әкімшілікке жедел басқаруға беруге, оларды қайта құру және жабу мәселелерін қарастыруға құқықтары пайда болды.
Өзгерістер несиені қамтамасыз ету қағидасына да, тікелей материалдық қамтамасыз етілуі олмайтын (оған тауарлы-материалды құндылықтардың нормативтен тыс төленген қалдықтары саналады) қарыздарға қатынастарға да әсер етті. Тәжірибе бұндай материалдық қамтамсыздық несиені уақытында қайтаруға кепілдік етпейтінін көрсетті. Кәсіпорында несиелеу жүйесінің жаңа белгілері ретінде жоғары деңгейде банк несиесін қайтаруды кепілдендіретін форма түрінде өту қарастрылады. Несиені қайтаруды қамтамасыз ету тұрғысынан әлемдік тәжірибеде кепілдеме құқығы (ипотека, бағалы қағаздар кепілдігі, кепілге салу), кепілдік беру және кепілдеме, жалпы алғанда сақтандыру жүйесі сенімді кепіл құқы болып табылады.
Кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа қаржы-несиелік қызмет көрсететін ұйымдар шаруашылық құрылымдарын дамытуда маңызды рөл атқарады.
Информация о работе Банктердегі несиелік саясат, оның элементтері.