Банктердегі несиелік саясат, оның элементтері.

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 09:20, курсовая работа

Описание работы

2007 жылғы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өзінің кезекті Жолдауын жариялады. Болашақ іс – қимылдың арқауы болатын осы Жолдау ел өркениетін бұдан да биік нысанаға көтеруге шақырады. Аталмыш Жолдау да, еңбек те бір – бірімен тығыз сабақтас, тақырыбы бір, қоғамдағы даму, жаңару үрдісін жаңа, бұдан да тиімді сатыға шығаратын жолдарға арналған.
Бұл Жолдауында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев несие мәселесін қарастырған, несиенің әрі қарай дамуын қолдады, жоғары оқу орындарындағы студенттерге несие арқылы оқуға төлеу мүмкіндігін ұсынды.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1. БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК МЕХАНИЗМ

Несие түсінігі, қажеттілігі..............................................................................6
1.2 Банктердегі несиелік саясат, оның элементтері............................................9
1.3 Несиелік механизмнің мазмұны...................................................................14

2. НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫН ҚҰРУ, ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ТӘРТІБІ
2.1 Несие ресурстарын құру және орналастырудың ерекшеліктері..............16
2.2 Несиелік ресурстарды жинақтау және тарату............................................18
2.3 Қазақстан Республикасының несие ресурстарының жағдайы.................22
3. АҚ<Қазақстан Халық Банкі>бойыша тәжіребелік жұмыс
3.1АҚ «ҚХБ-кі»несиелік операцияларының жұмысы.....................................29
3.2 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» несиелік операцилары бойынша қорытындылар.....................................................................................................33
3.3 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» несие беру, қайтару, несие бойынша пайызды,есептеу және алуы..................................................35
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................45

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................46

ҚОСЫМША 1 .........................................................................................................47
ҚОСЫМША 2..........................................................................................................48

Работа содержит 1 файл

Несие ресурсы.doc

— 1.17 Мб (Скачать)

Депозиттердің және депозиттік операциялардың дүниежүзілік стандарт деңгейіне дейін дамуы Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға тән, экономикалық жағдайлардың құрылуына қарай бірте-бірте жүретін болады. Мұндай жағдайлар болып коммерциялық банктердің толық акционерленуі және олардың қызметтерінің коммерциялануы, екі деңгейлік банктік жүйенің толық мәнді қызмет етуі, салымшылардың мүдделерін қорғайтын құқықтық базаның жасалуы, ақша   айналымын   және   ақша   массасын   реттеудің   және бақылаудың жаңа әдістерін енгізу мен ең негізгісі — экономиканың нақты секторын жандандыру болып табылады.

Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі: алыну формалары, салымшылардың категориялары, мақсатты бағыты, және табыстылық дәрежесі бойынша. Депозиттерді және депозиттік операцияларды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін құру үшін база ретінде шетелдік коммерциялық банктердің тәжірибесі пайдаланылуы мүмкін.

 Депозиттер алыну формалары бойынша екі топқа бөлінеді: қажет уақытында талап етілетін және мерзімді депозиттер.

Қажет уақытында талап ететін депозиттер шоттарда сақталынатын қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді; кәсіпорындар және ұйымдардың, фирмалардың, компаниялардың, концерндердің және басқа да заңды тұлғалардың есеп айырысу және ағымдық шоттарындағы қаражаттар; экономикалық міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынша арнайы шоттардағы қаражаттар; заңды тұлғалардың жекелеген шоттарындағы меншікті қаражаттары; есеп айырысудағы қаражаттар; басқа банктермен есеп айырысуларға байланысты корреспонденттік шоттағы несиелік қалдықтар; шетелдік банк-корреспонденттер шоттарындағы қаражаттардың несиелік қалдығы.

 

2.2 Несиелік ресурстарды  жинақтау және тарату

 

Қажет уақытында талап ететін депозиттердің ерекшеліктері мынада: біріншіден, ақшаларды алу және салу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз бөліктеп те, толығымен де жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма-қол формада да, чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әрбір жазылған чек үшін комиссиялық алым төлейді; тертіншіден, банк қажет уакытында талап етілетін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді депозиттерге қарағанда ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте сақтауға міндетті. Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің негізгі артықшылығы жоғары тиімділігі, оларды төлем қаражаттары ретінде тікелей пайдалану  мүмкіндігі  болып табылады.

 Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойын-ша тұрақты пайыз төленеді және әдетге салымды мерзімінен   бұрын алуға шек қойылады. Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың банктерде шотnарға алдын ала белгілі бір мерзімге, әдетте 1 айдан кем емес, орналастыртан қаражаттарын білдіреді.

Мерзімді  депозиттердің  ерекшеліктері мыналар  болып табылады:    

біріншіден, шоттардағы қаражаттар есеп айырысуға арналмаған және оларға чектер жазылмайды;

екіншіден, шоттардағы қаражаттар жай айналады;

үшіншіден, мерзімді депозиттер бойынша пайыз төленеді (бұл кезде пайыздық мөлшерлеменің ең жоғары денгейі жекелеген кезеңдерде Орталық банк арқылы реттелуі мүмкін);

төртіншіден, мерзімді депозиттер үшін қажет уақытында талап етілетін депозиттерге қарағанда міндетті резервтердің анағұрлым төлем формасы белгіленеді.

Біздің банктік жүйеге қатысты мерзімді депозиттердің біршама көп көрсететін формасы - бұл жеке тұлғалардың жинақ салымдары. Олардың қаражаттары белгілі бір шектеулермен алынуы мүмкін (мысалы, алдын ала хабарлап).

Қазіргі уақытта нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдерде депозиттерді жіктеу екі жағдайды ескеруге негізделген:

1) депозиттің мерзімі, 

2) салымшылардың категориясы. 

Аталып өткендей депозиттердің мерзімі бойынша оларды потенциалда банктік ресурстар ретінде пайдаланумен байланысты ерекшеліктері бар. Салымшылардың категорияларына байланысты, әдетте, шоттардың келесі түрлері бөлінеді: жеке тұлғалардың, корпорациялардың, акционерлік компаниялардың,  орталық үкіметтің, жергілікті үкімет органдарының болуда (мысалы, қажет уақытында талап ететін және мерзімді салымдарды біріктіретін шоттар).

Банкаралық  займдар - банктің ресурстық потенциалының тұрақтылығын қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды көзі. Банкаралық несиелеу банктің тиімділік тенденциясын қолдау мақсатында жүзеге асырылады және негізінен қысқа мерзімді сипатта болады. Банкаралық займдар корреспонденттік қатынастар шеңберінде жүреді және банк ресурстарының басқа көздеріне қарағанда қымбат болады.

Банкаралық займдардың ерекшелігі мынада: біріншіден, банкаралық ресурстар банкаралық ақша нарығынан тартылады, екіншіден, әдетте, банкаралық несиелерді тарту клирингтік орталықтағы корреспонденттік шоттардың ақшалай қаражаттардың қалдықтары шегінде жүзеге асырылады.

Банкаралық ақша нарығында депозиттерді берудің және қайтарудың іс жүзінде кез келген комбинациялы мерзімдерімен бірге жасайтын несиелік мәмілелердің әр түрлі шарттары кең тараған. Осылайша ең қысқа мерзімді займ болып "бір күндік қысқа ақшалар" деп аталатын немесе "овернайт" депозиті болып (несиелік ресурстардың ертең қайтарылуы мен бүгін берілуі) табылады. "Бір күндік ақшалар" ақша нарығында жоғары сұранысқа ие, сондықтан, бұл займдар бойынша пайыздық мөлшерлеме (сыйақы) кейде анағұрлым ұзақ  мерзімдік  несиелік ресурстар  бойынша  мөлшерлеме деңгейінен бірнеше есеге асып кетеді.

Банктердің нақтылы тартылған ресурстар шегінде жұмыс істеуі банкаралық несиелеуде автоматизмды болдырмайды. Коммерциялық банктердің несиелік ресурстарды тіпті  бір күнге тартуының өзі сәйкес мәмілені жасауды және талапқа сай рәсімдеуді талап етеді. Бұл жағдай коммерциялық банктердің  жұмысын қауырт  көрсетеді,  оларды  сағат сайын несиелік жұмсалымдарды қайта қаржыландыру мәселелерімен, яғни коршоттарға уақытында "дем беріп" және баланстың тиімді құрылымын қолдап отыру үшін нарықтан бос несиелік ресурстарды іздеумен айналысуға мәжбүр  етеді. Соңғысы, банктің міндеттемелері бойынша төлейтін талаптардан ағымдық түсімдер есебінен дер кезінде төлеуді қамтамасыз ететіндей арақатынастың сақталуын ұйғарады. Егер ертең   коммерциялық   банктін   клирингтік   орталығындағы қоршотында тапшылық орын алатын болса, онда, тіпті мерзімі бүрсүгінде белгіленген ірі ақшалай түсімдердің өзі және банктің  банк  операциясының есеп  айырысу тиімділігінің , мүмкіндігі оны қаражаттарды ертең деп белгілеген мерзімге тарта отырып, мысалы, бүрсүгінде қайтару міндетінен босат. Банкаралық ақша нарығында бос несиелік қаражаттар жетіспеген жағдайда коммерциялық банк Орталық банктен қысқа мерзімді несие ала алады, ол банктік жүйеде «соңғы инстанциялы кредитор» қызметін орындайды және коммерциялық банкке өтімдіктің уақытша дағдарысын жеңуде көмек көрсете алады. Банкаралық несиелік ресурстардың екінші деңгейдегі   банктер   арасындағы   қозғалысы,   айналымдағы ақша массасы көлемінің өзгеруіне әкелмейді. Ол тек қатаң банк алынатын ақша массасы агрегаттарының МО, М1, М2, М3 - арасындағы өзгерістерді тудырады. Өйткені, коммерциялық банктер мәмілелерді тек таратылған несиелік ресурстар және Орталық банктің ақша эмиссиясы негізінде ғана жасайды.

Коммерциялық банктер басқа  кез келген заңды тұлға сияқты ресурстарды бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар, депозиттік және жинақ сертификаттарын шығару жолымен жинақтау құқығы бар. Бұл қаражаттар несиелік ресурстардың депозиттік емес көздеріне жатады.

Банк  қызметіндегі   банктердің  меншікті   қаражаттарын басқа ресурстарымен салыстырғанда мәнді ерекшеліктері бар. Қазіргі уақытта банктік мекемелер меншікті қаражаттары және резервтері  есебінен    ресурстарға    деген    жалпы қажеттіліктің 10 пайызынан кем емесін қамтиды, ал банктік емес қаржы несие институттарда бұл арақатынас 40-55%-ды құрайды. Банктердің меншікті қаражаттарының мұндай ерекшелігі бірқатар жағдайлармен байланысты. Біріншіден, банктер өздерінің қаржы нарығындағы делдалдық роліне байланысты тұрғындардан, заңды тұлғалардан (фирмалардан, компаниялардан және мемлекеттік мекемелерден) депозит түрінде бөгде ақша капиталын тартады; екіншіден, салымдарды мемлекеттік қорғау жүйесі салымдарды жаппай алу қаупін едәуір төмендетеді және банктерге өтімділікті қамтамасыз етуге қажетті меншікті қаражаттардың бөлігін қысқартуға мүмкіндік береді; үшіншіден, банктік активтер нарықта анағұрлым өтімді және тез өткізілетін болғандықтан, бұл банктерге ақшалай ресурстарды біршама тез жинақтау мүмкіндігін қамтамасыз етеді және осыған орай меншікті қаражаттарға деген қажеттілікті төмендетеді.

Меншікті капиталды  қалыптастыру коммерциялық банктер қызметінің басталуы алдындағы міндетті саты болып табылады. Меншікті капитал - бұл бәрінен бұрын қаржылы ресурстардың көзі. Ол құрылтайшылар банк қызметінің бастапқы сатысында бірқатар бірінші кезекті шығындарды жүзеге асырған кезде де қажет. Меншікті қаражаттар ұзақ мерзімді активтерге (ғимараттар, кұрылғылар) жұмсалуы мүмкін. Сонымен қатар, меншікті капитал құрамында: резервтік қорлар, негізгі құралдар қоры, амортизациялар және банк ісін дамыту қоры есепке алдынады.

Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс табылады. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен байланысты: тұрғындардың қолма-қол ақша түрінде алатын ақшалай табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктің кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерден бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында мемлекетті несиелеуін білдіреді.

Үлестірілмеген пайда - бұл банктің қарамағында қалатын  пайданың жинақталған бөлігі. Жылдың аяғында банктің барлық нәтижелік шоттарының сомалары пайдалар және зияндар шотына аударылады: бұл сомалардың бір бөлігі пайдалар және зияндар шотына, екінші - төленетін дивиденттер шотына; үшінші - салық төлеуге; келесі бөлігі - резервтік қорларға аударылады. Қалғаны - үлестірілмеген пайда - банк несиелік ресурстар ретінде жұмсайтын қаражаттар қорын білдіреді.

 

 

 

2.2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ

Қазақстанның 2030 жылға  дейін дамуының стратегиялық жоспарындағы ең маңызды мақсаттардың бірі - ауылдың  ең елеулі проблемаларын шешу және кедейлік пен жұмыссыздықпен күресу. Бұл мәселелерді шешу үшін шағын және орта бизнесті дамытудың, Қазақстанның неғұрлым көп халық санын кәсіпкерлік қызметке жұмылдырудың маңызы үлкен. 1999 ж. 1 қаңтарына қарай республикада тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 331456-дан 2003 ж. 10 айы бойынша 493 000 дейін, яғни 48,8%-ға өсу байқалды (1-график). Осы 493 мың шағын және орта бизнес мекемелерінде 1 миллион 340 мыңнан астам адам жұмыс жасауда.[11]

Қазақстанның отбасылық  коэффициенті 3,5 деп санайтын болсақ, 4 миллионнан астам адам өз еңбек  ақыларын осы мекемелерден тауып отыр.

Табыстың орташа көрсеткіші І8 пайызға өсті. Біздің халқымыздың  осы салалардан табады жалақылардың жалпы көлемі 500 миллиард теңге жеткен. 90-шы жылдардан басталған кәсіпкерлік  жағдайы ең алдымен, кәсіпкерлікке  білімді, қажет ақпаратқа ие және кішкене болса да бастап капиталы бар ғылыми-техникалық интеллигентының келуімен түсіндіріледі. Ал 2003 ж. I  кварталының нәтижесі бойынша Алматы қаласын тіркелген шағын бизнес кәсіпорындарының саны 41 433, шағын бизнесте жұмыс бастылардың сан 162 000 жуық адамды құрды, бұл көрсеткіш 1998 жылмен салыстырғанда 2 есе (88646 адам) көп.

Сондықтан да екінші деңгейлі банктердің жүргізіп жатқан несие саясатының арқасында да соңғы жылдары шағын  және орта бизнес субъектілеріне берілген несиелер көлемінің қарқынды өсіміне қол    жеткізуге мүмкіндік туды: республика ЕДБ-нің шағын кәсіпкерлік субъектілеріке берілген несиелердің жиынтық мөлшері 2004 жылдың ақпан айында 205 322 млн. теңгені құрады.

 

 

Ұлттық банк тарапынан  шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді ұлғайту коммерциялық банктердің қызметтеріне жанама әсер ету арқылы жүргізіледі. Ұлттық банктің қайта қаржыландыру ставкасын 7 %-ға дейін төмендетуі және ұлттық валютаның салыстырмалы тұрақтануы шағын және орта бизнес субъектілеріне банктік несиелер бойынша ставкаларының төменденуіне ықпал етті.

Екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнес субъектілеріне берген несиелерінің валютасы бойынша  құрылымының көп бөлігін шетел  валютасындағы несиелер алады және олардың сәйкес кезеңдер аралығында өсу тенденциясы байқалады. Бұл жағдай ұлттық валюта бағамының жүйелі төмендеуін көрсетеді, әсіресе ол 1999 жылы қалқымалы валюта бағамына көшуте байланысты аса айқын болды. Дегенмен. 2004 ж. кішкене азаю байқалғанымен, ұлттық валютада берілген несиелер көлемі де жоғарылауда. 2004 ж. ақпан айында ұлттық валютада берілген несиелер көлемі 1997 жылға қарағанда 9 есе көп. Бұл теңге бағамынын тұрақтануымен, қарыз алушылардың теңгеге деген     сенімділігінің    артуымен     түсіндіріледі. Екінші деңгейлі банктердің шағын және орта бизнес субъектілеріне берген несиелерін мерзімі бойынша қарастырсақ (4-график), ұлттық валютадағы қысқа мерзімді несиелер 1997 жылы ең үлкен үлесті алса (122230 млн.тг), қалған несиелер, әсіресе ұзақ мерзімді ұлттық және шетел валютасындағы несиелер өте кішкентай деңгейде болды.

Диаграмма құрылымынан  көріп отырғанымыздай, жалпы берілген несие көлемі көбейгенмен, жыл сайын  ұлттық және шетел валюталарында  қысқа мерзімді несиелердің көлемі төмендеп, ұлттық және шетел валюталарында  ұзақ мерзімді несиелердің көлемі ұлғайды. Демек, шағын бизнесті несиелеу мерзімінің ұзару тенденциясы байқалады. Ол кебіне банктердің «ұзын» ақшалардың көбеюімен, яғни жоғарыда аталған шетелдік несие желілерін және халықаралық қаржы институттарының инвестицияларын тартумен түсіндіріледі.

Екінші деңгейлі банктердің аймақтар бойынша шағын және орта бизнес субъектілеріне берген несиелерінің құрылымында дербес кәсіпкерлік  қаласы - Алматы ең үлкен орынды алады. Бүгінде бұл ұран шын мәніне сәйкес келеді.

Ресми статистика мәліметтері бойынша (2003 жылғы) Алматы қаласында 27677 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың ішінде сауда саласында - 13764 (50,3%), өнеркәсіпте - 2742 (9,8%), құрылыста - 2661 (9,5%), көлік пен байланыста - 1820 (6,5%) қонақ үйлер, мейрамханалар және басқа да қызмет түрлері - 6690 (23,8%). [11]

Информация о работе Банктердегі несиелік саясат, оның элементтері.