Банктердегі несиелік саясат, оның элементтері.

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2012 в 09:20, курсовая работа

Описание работы

2007 жылғы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арнаған өзінің кезекті Жолдауын жариялады. Болашақ іс – қимылдың арқауы болатын осы Жолдау ел өркениетін бұдан да биік нысанаға көтеруге шақырады. Аталмыш Жолдау да, еңбек те бір – бірімен тығыз сабақтас, тақырыбы бір, қоғамдағы даму, жаңару үрдісін жаңа, бұдан да тиімді сатыға шығаратын жолдарға арналған.
Бұл Жолдауында Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев несие мәселесін қарастырған, несиенің әрі қарай дамуын қолдады, жоғары оқу орындарындағы студенттерге несие арқылы оқуға төлеу мүмкіндігін ұсынды.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

1. БАНКТІҢ НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ НЕСИЕЛІК МЕХАНИЗМ

Несие түсінігі, қажеттілігі..............................................................................6
1.2 Банктердегі несиелік саясат, оның элементтері............................................9
1.3 Несиелік механизмнің мазмұны...................................................................14

2. НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫН ҚҰРУ, ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ТӘРТІБІ
2.1 Несие ресурстарын құру және орналастырудың ерекшеліктері..............16
2.2 Несиелік ресурстарды жинақтау және тарату............................................18
2.3 Қазақстан Республикасының несие ресурстарының жағдайы.................22
3. АҚ<Қазақстан Халық Банкі>бойыша тәжіребелік жұмыс
3.1АҚ «ҚХБ-кі»несиелік операцияларының жұмысы.....................................29
3.2 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» несиелік операцилары бойынша қорытындылар.....................................................................................................33
3.3 АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» несие беру, қайтару, несие бойынша пайызды,есептеу және алуы..................................................35
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................45

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.......................................................................46

ҚОСЫМША 1 .........................................................................................................47
ҚОСЫМША 2..........................................................................................................48

Работа содержит 1 файл

Несие ресурсы.doc

— 1.17 Мб (Скачать)

-    ішкі бақылау  қағидаларын.

Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрексттердің тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың бөлгілі бір тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге енгізу мүмкін емес. Сондықтан да түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске асырудың соған сәйкес ережелері несиелік процесті жүргізудің  негізін құрайды.

Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда  несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие  беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап "өз клиентін" таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жанғырту, техникалық жағынан қайта қаруландыруға, ғылыми-техникалық инновацияларды енгізуге) бері ең қолайлы.

Несиелік саясаттың  маңызды элементі банктегі бақылауды  ұйымдастыру болып табылады (потенцияалды қарыз алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы сұрақты шешу барысында несиелік стандартты дұрыс қолдануға бақылау жасау; жекелеген несиелік қызметкерлердің құзыретті жақтауға бақылау жасау; банктің несиелік портфелінің жағдайына және оның ішінде проблемалық несиелерге қойылатын жалпы бақылау).

Ішкі несие саясатын жасау банк жетекшілерінің несиелеу мақсатын қалыптастыруды және бұл мақсаттардың банктің жалпы міндеттері мен стратегиялық мақстаттарымен қаншалықты сай келетінін анықтауды талап етеді. Несиелеу мақсаттары анықталғаннап соң, соның негізінде банк қызметкерлерінің қажетті несиелік операциялардды атқаруына мүмкімдік беретін банктің несиелік сансатын жіне оған қоса несиелеу стандарты мен несиелік нұсқаулықтары жасалады.

        Несиелік стандарттар мен  нұсқаулықтарды жасаудың бастапқы кезеңі аяқталуына байланысты, бұл құжаттардың бірінші   редакциясы   тәжірибелі   қызметкерлерге   сараптауға берілуі тиіс.  Сараптаушылардың талдауы  және  ұсыныстан енгізілгеннен кейін несиелік саясат бойынша комитет (немесе директорлар кеңесі, несиелік комитет) саясатты және соған сәйкес нұсқаулықтарды бекітеді.

Несиелік саясат несиелеу лимиттерін, тәртібін, кейде несиелеу бойынша жекелеген ережелерді де қамтиды Мысалы, несиелік саясатта бір қарыз алушыға келетін тәуекел лимиті анықталады. Сонымен қатар, несиелік саясатта барлық несиелердің несиелік құжаттарда көзделген мақсаттарға сай берілуі де қарастырылуы мүмкін.

Несиелік саясатта несиелік комитет туралы ереже де қамтылады. Несиелік комитет несие беру барысында  қорытынды жасап, несиені беруге байланысты мәселелерді қамтиды.

Отандық банктер тәжірибесіндегі  несиелік комитеттің шешетін мәселелері мынадай:

несие алуға берген клиенттің өтінішін және несиелік қызметкердің несие беру туралы қорытындысын қарайды;

несие беру немесе одан бас  тарту туралы шешім шығарады;

несиелік тәуекелдерге байланысты несиелеу формаларын анықтайды;

несие сомасы мен мерзімін анықтап, пайыз мөлідерлемесін бекітеді;

несиені қайтаруды қамтамасыз ету тәсілдеріне талаптар белгілейді;

-     несиелеу  шартын  бектеді   (несиелік  лимит,  несиелік желі);

- берілген несиелерге мониторинг жүргізу тәртібін бектеді;

-   банктің несиелік стратегиясын жасайды;

-  несиелеу бойынша бөлімшелердің жұмысын талдайды.

- несиелік комитеттің мәжілісінің хаттамаларына қояды және хаттамаларды тіркеу кітабын жүргізеді.

Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты    тәуекелдігі жоғары операцияларды не жобаларды қаржыландыру үшін   тағайындалатын несие туралы да айтылуға тиіс.

Несиелік саясатпен  банк қызметкерлерін  таныстыруларды соған сай келетін ережелермен және нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты енгізудің негізгі элементі болып табылады.

Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды, өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі ретінде тұжырымдауға болады. Несиелік саясатта төмендегідей элементтер көрсетілуге тиіс:

•  несиелік қызметті ұйымдастыру;

•  несиелік портфельді басқару;

•    несиелеуге бақылау жасау;

•  құзіретті бөлу принциптері;

•    несиелеуді талдаудың жалпы критерийлері;

•  несиелеудің жекелеген  бағыттары бойынша шектеулер;

• несиелермен  жасалатын  ағымдық жұмыстардың принциптері;

• несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.

Іс  жүзінде  несиелік  саясатты  іске  асыру тәсілдері мен әдістерін    белгілі бір формада, яғни соған сай келетін төмендегідей үш құжат түрінде көруге болады:  

1. несиелеу саясаты;

2.   несиелеу стандарты;

3.   несиелеу нұсқаулықтары.

Несиелеу саясатында нссиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.

Несиелеу стандарты — бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.

Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:

•  Қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;

• несиенің кепіл-хаттар  және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне қойылатын талаптар;

  • әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру ережелері;                                                                     

•  қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;

• құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптары;

• несиелеудің айрықша түрлері  бойынша  ережелері (мысалға, ипотекалық немесе тұтыну несиелері бойынша).

Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау  мақсатында  несиелеу  стандарттарына әр  түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай  құжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепіл туралы шарт, кепілдеме туралы шарт және т.б. жатады.

Несиелік нұсқаулық — несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы алгоритімін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.

Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің  нақты бір бағыттарына жатады.

Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушын туралы қажетті ақпараттар жииау және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, ссудалар бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің барлық кезеңдері көрсетіледі.

Несиелік саясат мынадай қызметтерді  атқарады:

•  банктегі несиелеу процесін  ұйымдастырута бақылау жасауға негіз ретінде болу;

•  несиелеуді жүзеге асыратын бөлімдердің  қызметкерлері үшін   анықтама материал және нұсқаулық ретінде болу;

• несиелік бөлімдердің жетекшілері  үшін несиелік нұсқаулыктардың талаптарының орындалуына бақылау жасау құралы;

• несиелік талдау және  аудит  бөлімі жұмыскерлерінің тексеруді жүзеге асыруына негіз болатын талаптарды анықтау.

Коммерциялық банктің несиелік саясатын іске асыру процесінде проблемалық ссудалармен жасалаған жұмысқа ерекше көңіл белініп және қосымша бақылау жасалуға тиіс.

1.3  Несиелік  механизмнің мазмұны

Экономикалық түсініктегі "механизм" белгілі бір қызметті жандандыруға және бір нәрсені іске қоуға болатын құралды білдіреді. Бұл мағынасында "механизм" термині басқаруда жиі қолданылады. Яғни, оның мәні экономикалық, оның ішінде несие саясатының міндеттерімен анықталатын, басқарылатын объектіге басқаратын субъектінің әрекет ету мазмұнымен байланысты болып келеді.

Несиелік механизм — нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу принциптерімен, несиелеу әдістері мен нәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.

Қазіргі несиелік механизм экономикалық механизмінің бір бөлігі ретінде бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде бейнелейді. Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізі және құрылымы бойынша объективті сипатқа ис. Олай болмаса несиелік механизм несиенің экономикалық категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.

Несиелік механизм сипатының объективтігін айта отырып, екі элементті: несиені және несиелік механизмді бір бірінен бөліп қарау дұрыс емес. Соңғысы несиенің бейнелейтін қатынастарынан алыс жатпайды, яғни олардың нақты бір қабатын құрайды.

Несиелік механизм несиелеуді экономикалық-ұйымдастыру қатынастарының белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буынын білдіреді. Мұндағы буын ретінде несиснің объективті сипатын және несиелік қатынастарды ұйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъектиівтік қызметінің өзара іс әрекеті түсіндіріледі.

Несиелік механизмге несиенің мазмұны  және өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және формалары жатады.

Несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де, олар несислік іс-тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде қалыптасады.

Берілген несиелік механизм тұжырымы бұл механизмнің  субъективтік   сипаты туралы кездесетін позицияларға қарама-қарсы тұрады. Осы тұрғыдан, кейбір мамандар несие категориясын жалпы әдістемелік жоспардан оқып    біле отырып,   ғылыми   таным   барысында   бірден   несиенің  мұның,  оның қызметтерін талдаудан  несиелеу механизмі өтеді.                                                                                                        

Кез келген экономикалық механизм өзара байланысқан яғни оның бір элементінің қозғалысы немесе өзгеп басқаларының қозғалуы мен өзгеруіне ықпал ететін элементтер жиынтығынан тұрады.

Несиелік механизмнің басқа экономикалық механизмдегі сияқты мынадай құрылымдық элементтері болады:

•    несиенің түрлері;

•    несиелеу объектілері;

•    несиелеу субъектілері;

•    несиелеу әдістері;

•    несиелеу процесі (несиелеу механизмі);

•    несиелеу принциптері;

•    несиелік тәуекелді басқару.

 

 

 

 

 

 

 

 

2. НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫН ҚҰРУ, ЖИНАҚТАУ ЖӘНЕ ТАРАТУ ТӘРТІБІ

2.1 Несие ресурстарын құру және орналастырудың ерекшеліктері

 

Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциалын өсіру мәселелері және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші  дәрежелі  маңызға ие.   Несиелік ресурстар  халық шаруашылығынң уақытша бос ресурстары мен жинақтары (ақшалай және тауарлай формада) және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін арналған қаражаттарының жиынтығы. Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы. Демек, біздің көзқарасымызша, экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы, несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.

Коммерциялық банктер қарыз беру процесінде пайдалану үшін жинақтайтын несиелік ресурстар келесі көздер есебінен құралады:

-  депозиттер;

- банкаралық займдар;                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                  

- депозиттік емес көздер;

- коммерциялық банктердің меншікті қаражаттары. Несиелік ресурстардың аталып кеткен көздерін ретімен қарастырайық.

Нарықтық экономикаға өту және банктік жүйені басқару құрылымындағы және сызбасындағы өзгерістер несиелік ресурстардың құрамында және көздерінде көрініс тапты. Несиелік ресурстардың құрамы  біртекті емес.  Несиелік ресурстардың анағұрлым тұрақты бөлігі болып депозиттік қаражаттар табылады, олар әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Депозиттердің салым ретінде орналастырылуы мүмкін ең төменгі шегі деген ұғым жоқ. Теория жүзінде ең жоғарғы шегі бар өйткені банк Орталық банк анықтайтын өз қаражаттары мен міндеттемелері   арасындағы   нормативтік   арақатынасты   сақтауға міндеттенеді.

Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар екенін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай қаражаттары түсіндіріледі. Депозиттік операциялар негізінде банктердің несиелік ресурстарының көп бөлігі құралады. Банктік депозиттер жүйесі ағымдық салымдарды (қажет уақытында талап ететін салымдар), заңды және жеке тұлғалардың мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды.

Информация о работе Банктердегі несиелік саясат, оның элементтері.