Банк заемы шарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 06:01, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың мақсаты азаматтық және банктік заңнамадағы соңғы өзгерістерге сәйкес, банк заемы шартын құқықтық реттеу механизмін жанжақты және толық ашу болып табылады. Зерттеудің пәні — банк заемы шартын жасау барысында, банк пен заемшы арасында пайда болатын қатынастардың құқықтық табиғатын зерттеу. Жұмысты жазуда азаматтық құқық пен банк құқығының ғалымдарының еңбектерімен қатар, экономика саласының ғалымдарының еңбектері, сот практикасы зерттелінді.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………… 4-5
Банк заемы шартының түсінігі және оның элементтері
Банк заемы шартының түсінігі және ерекшеліктері …. 6-8
Банк заемы шартының элементтері ……………………. 8-15
1.3. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру ……………… 15-18
ІІ. Банк заемы шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету
Кепіл …………………………………………………….. 19-24
Кепілдік және кепіл болушылық ………………………. 24-27
Банк заемын сақтандыру ………………………………. 27-34
ІІІ. Банк заемы шартының орындалуы ……………………. 34-35
Қорытынды ……………………………………………………. 36
Қолданылған әдебиеттер тізімі …………………………….. 37-39

Работа содержит 1 файл

Банк заемы шарты.doc

— 235.50 Кб (Скачать)

Банк заемын қайтармау жағдайлары әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы экспорттық заемдарды сақтандыру кезінде 50-ге жуық дербес сақтандыру тәуекелдері бар. Оларды негізгі екі топқа топтастыруға болады. Біріншісіне экономикалық және коммерциялық тәуекелдерді (заемшының банкроттығы, белгіленген мерзімде заемшыға төлемдердің қайтарылмауы) жатқызылады. Екінші топқа саяси тәуекелдер (әскери қозғалыстар, конфискация, национализация) жатқызылады.

Біздің Азаматтық  Кодекстің 839 бабына сәйкес сақтандырушы сақтандыру төлемдерін төлеуден егер сақтандыру жағдайы:

1. Сақтанушының, сақтандырылған адамның, пайда алушының қажетті қоргану және аса қажеттілік жағдайда жасалған әрекеттерді қоспағанда,сақтандыру жағдайын тудыруға бағытталған не оның басталуына ықпал ететін қасақана жасалған іс-әрекеттерінің;

2. Заң актілерінде белгіленген тәртіппен сақтанушының, сақтандырылған адамның, пайда алушының қасақана жасалған қылмыстар немесе сақтандыру жағдайымен себепті байланыстағы әкімшілік құқық бұзушылықтар деп танылған іс әрекетінің салдарынан болса, сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден толық немесе ішінара бас тартуға құқылы. Сақтандыру шартында немесе заң актілерінде өзгеше көзделмегендіктен, егер сақтандыру жағдайы:

1) Ядролық жарылыстың, радияцияның және радиоактивті зақымдану әсерінен;

2) Әскери қимылдардан;

3) Азаматтық соғыстың, алуан түрлі халық толқуларының, жаппай тәртіп бұзушылықтардың және ереуілдердің салдарынан басталған болса, сақтандырушы сақтандыру төлемдерін төлеуден босатылады.

Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе алып қою, тәркілеу реквизициялау, түтқындау немесе мемлекеттік органдардың өкімімен сақтандырылған мүліктерді жою салдарынан болған залалдар үшін сақтандыру төлемдерін төлеуден босатылады. Сақтандырушымен сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуы үшін мыналарда:

1) Сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру обьектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның зардаптары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлауы;

2) Сақтанушының сақтандыру жағдайы әкелген залалдарды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбау;

3) Сақтанушымен залалдарды келтірген кінәлі тұлғадан мүліктік сақтандыру бойынша залалдарға тиісті өтем алмауы;

4) Сақтандырушымен сақтандыру жағдайының басталуының мән-жайын тексеруде және одан келген залалдардың мөлшерін белгілеуде сақтанушының ксдергі жасауы;

5) Сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы сақтандырушыға хабарламау;

6) Сақтанушының сақтандыру жағдайының басталғандығына жауапты адамға талап қою құқықтарынан бастартуы, сондайақ сақтандырушыға талап ету құқығын өткізу үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартуы. Егер сақтандыру төлемі төленіп қойылса, сақтандырушы оның толық немесе ішінара қайтарылуын талап етуге құқылы.

Көп жағдайда сақтандыру компаниялары сақтандыру шартында келесі ережелердің бар болуын талап етеді: банк заемы банкпен қатаң түрде белгіленген мақсатта пайдалануға беріледі және банк заемный, дұрыс пайдалануына бақылау жасап, кезең сайын заемды пайдалану ессптерінің берілуін талап етуі керек. Банкпен өзінің міндетін орындамау сақтандыру төлемінің төленбеуіне әкелуі мүмкін.

Сақтандыру  жағдайына байланысты туындаған  залал, сақтандыру жағдайы орын алған  күндегі нақты залалмен анықталады. Егер сақтандыру сомасы сақтандыру құнынан (банктік заемның және оның пайыздарының сомасы) аз болса, сақтандыру төлемі,: сақтандыру сомасынан сақтандыру құнын пропорционалды түрде азайтылудың нәтижесінде анықталады. Келтірілген шығынның пайда болу себебін анықтауға мүмкіндік болмаса, сақтандырушы тарапынан экспертиза тағайындалады.

Сақтандыру компаниялары несиелік қауіпті сақтандыруда кепіл шартын қолданады. Кейбір жағдайда кепіл шартын қолдану құқықтық жағынан дау туғызса да, банктің қаржылық тәуекелін сақтандыруда сақтандыру үшін де, банк үшін де тиімді. Сақтандыру жағдайы орын алғаннан кейін сақтандыру төлемін төлеген сақтандыру компаниясына банктің клиентке деген талап ету құқығы өтеді. Талап ету құқығымен бірге банк, осы міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін кепіл құқығын береді. Сақтандыру компаниясы өзінің талаптарын заңда көрсетілген тәртіпте кепілге салынған мүліктен қанағаттандырады.

Бұл жерде банк кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені не үшін сақтандырады деген сұрақ туындайды.  Кепілге салынған  мүліктен өзінің талаптарын   қанағаттандыру үшін банк   күрделі және ұзақ процестен, яғни   кепілге салынған мүлікті сатумен айналысады. Осы уақыт аралығында банктің қаражаты (кепілді сатудан алынатын ақша) айналымда болмайды. Бұл жағдайда сақтандыру жағдайы орын алғаннан кейін, сақтандыру компаниясы қысқа мерзімде бұл ақша сомасын енгізіп, кепілге салынған мүлікті сатумен өзі айналысады. Әрине бұл банкке өте тиімді, ал сақтандыру компаниясы өз тарапынан қаржылық тәуекелді сақтандыру төлемін төлегеннен кейін, ақша сомасын заемшымен кепілге салынған мүліктен өндіріп алуға мүдделі болады. Банк пен сақтандыру компаниясының сенімі өзара мүдделілікке негізделеді: банк берілген заемның уақытында қайтарылуына, ал сақтандыру компаниясы төленген сақтандыру төлемдерін қайтара алатынына сенімді болады.

Сақтандыру компаниясы мен банк арасында жасалатын сақтандыру шартында, банк пен заемшы арасында жасалатын шарт, сақтандыру компаниясымен дайындалады деген талап көрсетілуі мүмкін, яғни компанияның мамандары кепілге салынған мүлікті бағалау, оның заемшыға тиесілі екенін тексеру және т.б. әрекеттерді жасауы мүмкін.

Банк заемын сақтандырудың екінші түрі заемшымен заемды қайтармауға байланысты, банк заемы шарты бойынша жауапкершілікті сақтандыру. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 812 бабына сәйкес:

1. Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі сақтандырылуы мүмкін.

2. Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық құқықтық жағынан жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.

Сақтандыру  шарты банктің пайдасына, яғни 3-ші тұлғаның пайдасына жасалады. Сақтандырушының жауапкершілігінің шегі, тараптар бекіткен сақтандыру сомасымен анықталады. Сақтандыру сомасының ең көп мөлшері берілетін заемның және оның пайыздарының сомасының 90% көп болмайды, яғни сақтандырушының бұл талабы банктің сақтандыру жағдайының туындауына мүдделілігі болмауы үшін жасалған. Банк заемын қайтармауға байланысты сақтанушының міндеттемесінің толық немесе оның бір бөлігінің сомасы сақтандырылуы мүмкін.

Сақтандырудың осы түрінде банктік заемды қайтармау барлық жағдайда сақтандырушымен сақтандыру төлемін төлеу міндеттемесін тудырмайды:

1) Бой бермейтін күш міндеттемені орындауға бои бермейтін күштің орын алу салдарынан мүмкіндік жоқ. Егер нақты сақтандыру шартында озгешс көзделмесе, бұл жағдай сақтандырушының жауапкершілігін тудырмайды. Егер банк заемының қайтарылмауы күтпеген жерден, алдын ала болжанбаған, бірақ бой бермейтін күш болып табылмайтын (Мысалға сатылу үшін заемшымен заемдік ақшаға алынған тауар, жолда жол транспорт оқиғасының салдарынан жойылса) оқиғалардың салдарынан туындаса, егер нақты сақтандыру шартымен өзгеше көзделмесе сақтандыру төлемі төленеді.

2) Сақтанушының кінәсі заемды уақытында қайтармауын тудырған сақтанушынын абайсыз әрекеті, сақтандырудың бұл түрінде көп жағдайда берілген заемды мақсатты пайдаланбағанынан көрінеді. Көптеген сақтандыру компаниялары өз ережелерінде бұл жағдайда сақтандыру төлемдерінің төленбейтіндігін көрсетеді.

Егер ақша заемшымен шартта көзделмеген басқа мәмлені жасауға бағытталатын болса немесе мәміле орындалғаннан кейін заем банкке қайтарылмай, заем шартында көзделмеген мәмілеге салынатын болса, бұл жағдайда заем мақсатсыз пайдаланады деп  есептеледі.

3) Партнер (контрагент) кінәсі заемшы банктен алынған заемды, белгілі бір мәмілеге бағыттайтын болса, ал екінші тарап өзінің міндеттемесін орындамағанда туындайтын сақтандыру жағдайы. Бұл жағдайда сақтандыру төлемдері төленеді.

Егер сақтандыру шартында өзгеше көзделмесе, сақтандыру төлемін төлеген сақтандырушыға, сол төленген соманың шегінде сақтандыру нәтижесінде өтелген залалдар үшін жауапты адамға қоятын сақтанушының талап қою құқықтары алынады.

Айтылған жағдай үшін сақтандыру компаниясына кепіл  шартын қолдану тиімді болар еді. Бірақ заемшы партнерден шарт бойынша  міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепіл шартын талап етуге  құқылы. Егер сақтанушы өзінің партнеріне ірі ақша сомасын аударатын шарт бойынша қаржылық тәуекел сақтандырылатын болса, ал партнер ақша аударылғаннан кейін шартта белгіленген мерзім ішінде өз міндеттемесін орындамайтын болса, сақтанушы міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілге салынған мүліктен ақша сомасын өндіріп алуға құқығы болады және кепіл шарты сақтандыру шартының бөлінбейтін бөлігі ретінде көрсетілуі мүмкін. Бұл жағдайда сақтандыру компаниясы сақтандыру төлемін төлеп, ал кейін өз талабын кепілге салынған мүліктен қанағаттандырады.

Заемды қайтармауға  байланысты заемшының жауапкершілігін  сақтандырудың анализі заемдік ақшаның өту тізбегінде (банкзаемшы — партнерзаемшыбанк) ең тәуекелді буын "партнер мен заемшы". Сондықтан осы жағдайда заемды қайтармауға байланысты заемшының жауапкершілігін сақтандырудан төрі, коммерциялық (қаржылық) тәуекелді, ягни нақты мәмлені жүзеге асырған кезде ақша мен пайданы жоғалтып алу тәуекелін сақтандыру тиімдірек болады.

Заемды қайтармауға  байланысты заемшының жауапкершілігін сақтандыруда, кезкелген екі тарап (банк пен заемшыға, сақтандырушы мен заемшыға) алдынала сөз байласып, 3-ші тарапқа үлкен сомада төлемдерді төлетуге мүмкіндік береді. Заемдік ақшаның әр түрлі кезеңдерден өтуін сақтандыру, сақтандыру компанияларына сақтандыру тәуекелін бағалап, сақтанушы мен контрагентке тығыз байланысып, сақтандырушы тарапынан, банк пен заемшы тарапынан шектен шығушылыққа жол бермеуге жағдай туғызады.7

 

ІІІ. Банк заемы шартының орындалуы

 

Банк заемын беру нысаны заем заемшыға, әр түрлі әдіспен және әр түрлі нысанда берілуі мүмкін. Атап айтқанда, заемшының есептік шотына аудару арқылы, есептік шотты айналып өту арқылы заемшының әр түрлі операциялары бойынша төлемдерді жүзеге асыру үшін бағытталуы немесе заемшыға бұрын берілген заемдарды жабу арқылы беріледі. Банк нақты жағдайды ескеріп банк заемын беру үшін жай немесе арнайы шот ашуы мүмкін. Бұл шоттар заемшы үшін ашылғанмен, банктің шоттары болып табылады. Оларда клиентке берілген заем бойынша қарыздар есептеледі. Заемдік шоттың дебеті бойынша берілген заемның сомасы, ал кредиті бойынша оның қайтарылуы көрсетіледі. Заемдік шоттың режимі шартпен анықталады.

Заемды беру контрагенті шотты ашу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Контрагентті шот өз табиғатында есептік шот пен Заемдік шот белгілерін біріктіріп, заемшыға есептік заемдік қызмет көрсетеді. Әдебиетте контрагентті заем, заемный, классикалық іысаны деп аталады да, контрагентті шотты ашу арқылы беріледі. Клиент, өзінің есептік шотында ақша болмаған жағдайда, контрагенттік шоттан банк заемының есебінен қажетті төлемдерді жүзеге асырады.8

Банк заемын қайтарылуы банк заемы шарты бойынша қарыз бірнеше әдіс арқылы қайтарылуы мүмкін. Соның ішінде банктік Заемды қайтаруға байланысты заемшының міндеттемесі тиісті түрде орындалды деп саналу үшін, сәйкесінше соманың банкке төленуі немесе өзара есепке жатқызылуы болу керек. Міндеттемені тоқтатудың басқа әдістері "жасанды" болып саналып, оларды жүзеге асыру банктің рұқсатымен ғана жол беріледі.

Заңды тұлғаларға берілген банк заемы және оны пайдаланғандығы үшін төленетін пайыздарды қайтару, олардың есеп шотынан қолма-қолсыз тәртіпте төлем тапсырысы, төлем талабы, шартта көрсетілген жағдайларда акцептеіз түрде аудару сияқты есеп айрысу нысандарын қолдану арқылы жүреді. Бұл жағдайда міндеттеменің орындалу сәті заемдік аударым ережелеріне сәйкес анықталады.

Жеке тұлғаларға берілген заем қолма-қол ақшасыз нысанда шоттан аудару арқылы немесе қолма-қол ақшамен, банктің кассасына сәйкесінше соманы енгізу арқылы қайтарылады. Міндеттеменің орындалу уақыты болып, банктің кассирінің қайтарылатын қарыз сомасын алған сәті саналады.

Банк заемын қайтарудың басқа әдістері практикада заемды есеп шотты айналып өту арқылы қайтару деп аталады (погашение кредита минуя расчетный счет). Бұл әдістер жақында пайда болған және кейбір жағдайда төлемдердің кезектілігі мен салық заңнамасын айналып өту мақсатында, егер заем беруші бюджетке және бюджеттен тыс қорлар алдында қарыздары бар болған кезде қолданылады:

1) Заемшы өзінің борышқорына (дебиторға) банктен өзі алған заемды қайтаруға міндеттейді. Соның нәтижесінде заемшының борышқоры заемшыға тиесілі соманы банктің корреспондент шотына жіберуге міндетті болады. Борышқордың төлем тапсырысында көп жағдайда, бұл соманың банк пен заемшының арасында жасалған шарт бойынша қарыздарды жабу үшін бағытталатынын көрсетіледі. Осындай әрекеттерді жүзеге асыру арқылы, заемшының борышқоры өзінің заемшы алдындағы міндеттемесін, заемшы үшін ақша сомасын банкке аудару арқылы орындайды. (АК 276 бап)

2) Егер банкте заемшының депозиттік шоты болса, банк пен заемшы өзара талапты есепке жатқызу шартын жасайды. Бұл азаматтық заңнамаға қайшы келмейді, себебі банк заемшының алдында депозиттік шарт бойынша борышқор болса, ал заемшы банк алдында заем шарты бойынша борышқор болып, сәйкесінше өзара бір тектес талаптарды (ақшаға қарсы ақша) есепке жатқызады.

Информация о работе Банк заемы шарты