Банк заемы шарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 06:01, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың мақсаты азаматтық және банктік заңнамадағы соңғы өзгерістерге сәйкес, банк заемы шартын құқықтық реттеу механизмін жанжақты және толық ашу болып табылады. Зерттеудің пәні — банк заемы шартын жасау барысында, банк пен заемшы арасында пайда болатын қатынастардың құқықтық табиғатын зерттеу. Жұмысты жазуда азаматтық құқық пен банк құқығының ғалымдарының еңбектерімен қатар, экономика саласының ғалымдарының еңбектері, сот практикасы зерттелінді.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………… 4-5
Банк заемы шартының түсінігі және оның элементтері
Банк заемы шартының түсінігі және ерекшеліктері …. 6-8
Банк заемы шартының элементтері ……………………. 8-15
1.3. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру ……………… 15-18
ІІ. Банк заемы шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету
Кепіл …………………………………………………….. 19-24
Кепілдік және кепіл болушылық ………………………. 24-27
Банк заемын сақтандыру ………………………………. 27-34
ІІІ. Банк заемы шартының орындалуы ……………………. 34-35
Қорытынды ……………………………………………………. 36
Қолданылған әдебиеттер тізімі …………………………….. 37-39

Работа содержит 1 файл

Банк заемы шарты.doc

— 235.50 Кб (Скачать)

Көрсетілген 2 әдістеде, қарызды өндіріп алу кепілге салынған мүлікті жария саудадан сату арқылы жүзеге асырылады.Саудада мүлікті сатудың бастапқы бағасы, егер өндіріп алу соттық тәртіппен жүзеге асырылатын болса, сотпен немесе кепіл ұстаушы мен кепіл берушінің келісімімен анықталады.

Кепіл пәні, ең жоғарғы бағаны ұсынған тұлғаға  сатылады. Егер кепілді сатудан алынған сома заем берушінің талабын қанағаттандыратын болса, қалған ақша кепіл берушіге қайтарылады. Ал егер сатудың нотижесінде алынған сома жеткіліксіз болса, онда заем берушінің талабы жалпы тәртіппен, яғни ешқандай басым құқықсыз қанағаттандырылады.

Қатысқан сатып  алушы екеуден аз болуы себепті  сауда жасалмайтыны жарияланған  жағдайда, кепіл ұстаушы кепілге  салынған мүлікті сот шешімімен немесе мүлікті бағалау жөніндегі мемлекеттік органның қорытындысы негізінде, сенім білдірілгеннен-ақ, белгіленген оның ағымдағы бағалау құны бойынша өз меншігіне аударуға не жаңадан сауда белгілеуді талап етуге құқылы. Кепіл:

1) Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме тоқтатылғанда;

2) Кепілге салынған мүлікті жария саудаға салып сатқан ретте, сондай-ақ оны сату мүмкін болмаған ретте;

3) Кепілге салынған мүлік құрыған кезде немесе кепілге салынған құқық тоқтатылған кезде;

4) Кепілге салынған мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша және мүліктің жоғалу немесе бүліну қаупінің пайда болуы туралы дереу хабарлау міндеттерін орындамаған жағдайда кепіл берушінің талабы бойынша тоқтатылуы мүмкін.

 

2.2.  Кепілдік және кепіл болушылық

 

Банк заемы  шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуде, кепілдік және кепіл болушылық кеңінен қолданылады.

Кепілдік бойынша, кепілдік беруші, заң актілерінде көзделген Жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың (заемшының) заем берушісі алдында, осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ортақтасып жауап беруге міндеттенеді.

Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (заемшының) заем берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді.

Кепілдік және кепіл болушылық беру механизмі келесідей тәртіппен жүзеге асырылады: банк заемы шартын жасаудың алдында, тараптар осы шарт бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін әдісті таңдап алады, оны шартта көрсетіп кетеді. Біздің жағдайда ол кепілдік пен кепіл болушылық.

Жалпы ереже  бойынша кепілдік пен кепіл болушылық нақты талапты қамтамасыз етеді. Бұл ереже кепілдік пен кепіл болушылықтың негізгі міндеттемеге қатысты акцессорлы (қосымша) сипатта болуымен анықталады. Қамтамасыз етілетін негізгі міндеттеменің жарамсыздығы, кепілдік пен кепіл болушылықтың жарамсыздығына әкеліп, кепілдік беруші мен кепіл болушы үшін ешқандай құқықтық салдар туғызбайды. Алайда кепілдік шарты болашақта туындайтын міндеттемені қамтамасыз ету үшінде жасалуы мүмкін. Соңғы жағдайда кепіл шарты өз күшіне, негізгі міндеттеме күшіне енген сәттен бастап енеді.

Кепілдік пен кепіл болушылықтың пайда болу негізі бір жақты, консенсуалды шарт болып табылады. Егер кепілдік кепілдік туралы шарты жасау арқылы жасалса, онда шартқа заем беруші, заемшы, кепілдік берген тұлға қол қояды. Кепілдік беруші ретінде заемшыға қатысты жоғары түрған ұйымдар, министрліктер, ведомствалар, бірлестіктер, құрылтайшылар, жалға беруші,кезкелген тұлғалар, банктер болуы мүмкін. Оларға қойылатын негізгі талап заемшының міндеттемелері бойынша тәуекел етіп, оның мүліктік Жауапкершілігін көтере алатын тұлға болуы керек.

Кепілдік пен кепіл болушылық шарттары жазбаша нысанда жасалуы тиіс. Жазбаша нысанда сақтамау кепілдік пен кепіл болушылық шарттарының жарамсыздығына әкеледі. Егер кепілдік беруші және кепіл болушы ретінде банк болатын болса, кепілдік және кепіл болушылық туралы шарт жасалған уақыттан кейін 5 күн ішінде Ұлттық Банкте тіркелуі керек. Банктің тіркеуге байланысты талаптарды орындамау, шарт бойынша басқа тараптар алдында жауапкершіліктен босатпайды. Кепіл болушы немесе кепілдік беруші заемшының міндеттемесін орындалуын өз жауапкершілігіне алатынын заем берушіге (банкке) жазбаша түрде хабарласа, ал заем беруші кепілдік берушінің және кепіл болушының ұсыныстарына бұл үшін қажетті уақыт ішінде бас тартпаса, кепілдік пен кепіл болушылық шарттарының жазбаша нысаны сақталды деп есептеледі.

Кепілдік пен кепіл болушылық шарттарының мазмұны кім, қандай міндеттеме бойынша және қандай көлемде жауап беретінін қамту керек.

Егер банк заемы  шарты бойынша көзделген мерзімде заем қайтарылмайтын болса, банк міндеттемені орындау туралы талабын заемшыға немесе кепілдік берушіге қоя алады. Кепілдік беруші банк алдында, егер кепілдік шартында өзгеше көзделмесе, заемшы сияқты айып төлеуді қоса алғанда, борышты өндіріп алу жөніндегі сот шығындарын және заемшының міндеттемені орындамау немесе тиісінші түрде орындамау салдарынан туындаған, банктің басқа да залалдарын төлеуде тап сондай көлемде жауап береді.

Кепіл болушылықпен қамтамасыз етілетін міндеттеме өз уақытында  орындалмаса немесе тиісінші түрде орындалмаса, банк талабын кепіл болушыға қоярдың алдында, аталған талаптарды Заемшыдан қанағаттандыру үшін тиісті шаралар қолдану керек, есепке жатқызу және заемшының мүлкінен өндіріп алу. Кепіл болушы банк алдында, егер кепіл болушылық шартында өзгеше көзделмесе, кепіл болушылықта көрсетілген сома шегінде жауапты болады.

Заемшының банк алдындағы орындамағаны үшін, кепілдік берушіге және кепіл болушыға сәйкесінше көлемде банктің заемшыға деген талап ету құқықтары өтеді.

Кепілдік пен кепіл болушылықтың тоқтатылу негіздері:

1) Банк заемы шартының (негізгі міндеттеменің) тоқтатылуымен, яғни акцессорлы сипатта болуымен байланысты;

2)    Негізгі   міндеттеме   бойынша  қарыздың   аударылуына байланысты, кепіл болушы мен кепілдік беруші, кепілдік және кепіл   болуышылық   шарттарын   күшінде   сақтаута   келісім бермесе;

3) Кепіл болушы мен кепілдік берушінің жауапкершілігін арттырғанда немесе өзге қолайсыз зардаптарға әкеліп соқтыратын, егер осы міндеттеме кепіл болушының немесс кепілдік берушінің келісімінсіз өзгерген жағдайда;

4) Егер банк, кепіл болушы мен кепілдік берушінің өздерінің міндеттерін орындауына келісім бермесе;

5) Кепіл болушылық пен кепілдік мерзімінің бітуімен байланысты;

Мұндай мерзім белгіленбесе, егер заем беруші кепіл болушылық пен кепілдік қамтамасыз етілген міндеттеме орындау мерзімі басталған күннен бастап бір жыл ішінде кепіл болушыға немесе кепілдік берушіге заңды талап қоймаса, ол тоқтатылады.

Ресей Федерациясының заңнамасы сәйкес кепілдікті тек банктер береді. Банктік кепілдік бойынша  банк немесе несиелік мекеме (гарант), басқа тұлғаның (принципиалдың) сұрауы бойынша берілетін кепілдікте көрсетілген талаптарға сәйкес, ақша сомасын цринципалдың несие берушісіне (бенефициарға), оның жазбаша талабы бойынша төлеуге міндеттенеді.

Банктік кепілдікті беру операциясы шеңберінде 2 түрлі мәміле жасалады: банктік кепілдіктің өзі және банктік кепілдікті беру туралы шарт жасалады.

Банктік кепілдіктің  тағы да бір айырмашылығы, Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексінің 370 бабына сәйкес, банктік кепілдікте көзделген гаранттың бенефициар алдындағы міндеттемесі, банктік кепілдікте негізгі міндеттемеге сілтеменің болуына қарамастан негізгі міндеттемеден тәуелсіз болады. Бұдан туындайтыны банктік кепілдік негізгі негізгі міндеттемені қамтамасыз ету үшін берілсе де, акцессорлы сипатта емес, жеке дербес мағынаға ие болады, яғни негізгі міндеттеменің жарамсыздығы, банктік кепілдіктің жарамсыздығына әкелмейді. Банктік кепілдіктің тәуелсіздік принципы, Ресей Федерациясының Жоғары Арбитраждық Сот Президиумымен Коммерциялық Банк "Кредо Банк" (гарант) пен "Аскания Траст (бенефициар) арасындағы дауды қараған кезде көрініс тапты. Кестедегі материалдардан келесідей мән-жайлар анықталды: гарант, принципал несиені қайтаруға байланысты міндеттемені орындаудан бас тартпай, тек заемды уақытында қайтара алмайтынын және несие шартын пролонгациясын сұрағандығын басшылыққа алып, бенефициардың талабын қанағаттандырмады. Гарант бенефициарға ақша сомасын аудармағандықтан, бенефициар карызды даусыз түрде өндіріп алу туралы атқару жазуын Жасауға нотариусқа жүгінеді. Гарант, Нотариалдық әрекеттерді Жүзеге асыру барысында құқықтарының бұзылғандығына сілтеме жасап, сотқа талап арызбен шағымданады. Нотариалдық әрекет.5

Жүзеге асыру нәтижесінде талапкердің мүліктік құқықтарының бұзылмағандығы туралы мәселені аппеляциялық инстанциядағы сот шешті, яғни бенефициар кепілдікте көрсетілген құжаттарды ұсыну арқылы банктік кепілдіктің талаптарын орындады, принципалдың несие шартын пролонгациялау туралы сұранысы, заемның және оның пайыздарының өз уақытында қайтарылмайтындығын растап, заемшының өз міндеттемесін орындаудан бас тартқанын білдіреді. Осы жағдайда Ресей Федерациясының Азаматтық Кодексінің 368 бабының (Банктік кепілдік) және 370 бабының (Банктік кепілдіктің негізгі міндеттемеден тәуелсіздігі) негізінде, гарант принципалдың несие берушісіне негізгі міндеттемеден тәуелсіз, кепілдікте көрсетілген ақша сомасын төлеуге міндетті. Аппеляциялық инстанциядағы соттың қаулысы материалдық құқыққа сәйкес келеді.

 

2.3.  Банк заемын сақтандыру

 

Сақтандыру  шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғаға (пайда алушыға) шартта белгіленген соманың шегінде (сақтандыру сомасы) сақтандыру төлемдерін төлеуге міндеттенеді.

Қазіргі кезде  банктік қызмет аясында 2 түрлі заемдік қауіпті сақтандыру қолданылады: біріншісінде банк өзінің қаржылық тәуекелін сақтандырса, екінші жағдайда —  заемшы өзінің заемды қайтармағандығына байланысты жауапкершілігін сақтандырады.

Қазақстан Республикасының  Азаматтық Кодексінің 810 бабына сәйкес:

1. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәеіпкерлік қызметтің залалдарын тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті алмай қалу тәуекелі сақтандырылады.

2. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек сол сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі   және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.

Осы бапқа сәйкес банк сақтанушы болып, сақтандыру компаниясымен несислік тәуекелді сақтандыру шартын жасайды. Сақтандыру жағдайы болып, келісім шарт жасаушы агенттердің өз міндеттемелерін бұзуы, яғни заемшының шартта белгіленген мерзім ішінде заемды қайтармауы болып табылады.Сақтандырушының жауапкершілігінің шегі тараптар келісілген сақтандыру сомасымен анықталады да, берілетін заемның сомасының және оның пайыздарының сомасынан аспауы керек. Банк өзінің тәуекелін, берілген заемның, барлық сомасы мен оған төленетін пайыздардың сомасын толық сақтандырумен қатар, оның бір бөлігін сақтандыра алады. Соңғы жағдайда, егер нақты сақтандыру шартымен өзгеше көзделмесе, сақтандыру төлемдерінің сомасы, сақтандыру сомасын заем сомасына қатысты пропорционалды түрде азайтылады.

Банктің қаржылық тәуекелін сақтандыру шарты нақты  заемшыға қатысты немесе белгіленген  кезең ішіндегі барлық заемшыларға қатысты жасалуы мүмкін. Соңғы жағдайда заемды қайтаруға байланысты тәуекелді сақтандырудағы сақтандыру сомасы, осы кезең ішіндегі берілетін заем мен оны пайдаланғандығы үшін төленетін пайыздар сомасынан аспауы керек.

Әдетте сақтандыру компаниялары банк заемы мен оның пайыздарының сомасын толық сақтандырмай тек оның 80-90 % сомасына шарт жасайды. Себебі бұл жағдай банктердің жауапкершілігін көбейтіп, заемның уақытында қайтарылуын, мақсатты пайдалануын бақылауын күшейтеді.

Сақтандыру  шартын жасаудың алдында сақтандыру компания сы сақтанушымен ұсынған мәліметтердің (заемшының қаржылық жағдайын куәландыратын құжаттар, заем берілетін шаралардың техникалық экономикалық негіздері және т.б. мәліметтер) негізінде тәуекел дәрежесін бағалап, сақтандыру тарифін, тәуекел дәрежесіне, заем сомасына және оның пайыздарының сомасына, заемды пайдалану мерзіміне, оны қамтамасыз ету тәсіліне байланысты анықтайды.

Белгіленген кезең  ішінде берілген заемдардың қайтарылмауына байланысты банктің қаржылық тәуекелін сақтандыруда әрбір заемшыны тексеру өте қиын болғандықтан, сақтандыру компаниясы банкке сүйенеді. Себебі банк заем шартын жасаудың алдында әрбір заемшының қаржылық жағдайына байланысты мәліметтерді тексереді. Бұл жағдайда сақтандыру шартында келесідей талаптар көрсетіледі:

талаптарына сәйкес, заем анықталған мөлшерден аспауы керек, заем нақты заемшыларға, нақты мақсаттарға берілуі керек, сонда банктік тәуекел сақтандырылды деп есептеледі;

 осы талаптар орындалмаған жағдайда, сақтандыру компаниясы қосымша сыйақы мен тексеріс жүргізуді талап етуге құқылы.

Сақтандыру  шарты өз күшіне тараптар қол қойып, сақтандыру сыйақысы мен алғашқы жарнаны төлеген сәттен бастап енеді.

Сақтандыру  шарты жазбаша нысанда:

1) Тараптармен бір шартты құрастыру арқылы;

2) Сақтандырушының типтік шарттарына қосылу арқылы;

3) Сақтандырушымен сақтанушыға сақтандыру куәлігін беру арқылы;

4) Тараптардың ерік білдіруін құжатты түрде растауға мүмкіндік беретін басқа да тәсілдермен жасалады.

Сақтандыру  шартының жазбаша нысанын сақтамау, оның жарамсыздығына әкеледі.

Сақтандыру  шартына сақтандырушының сақтандыру ережелері қосылу керек.6

Сақтандырушының жауапкершілігінің туындауы мерзімі, сақтандырудың нақты шарттарымен  анықталады. Әдетте ол банк заемы шартының мерзімінің аяқталуынан кейін 25 күн болып табылады. Сақтанушы сақтандыру жағдайы орын алған кезде, сақтандырушыға шартта көрсетілген мерзім ішінде хабарлауы керек. Сақтандырушы сақтандыру жағдайының орын алуына байланысты мәнжайларды тексеріп, шартта белгіленген мерзім ішінде сақтандыру актісін жасап, сақтандыру төлемін төлейді. Сақтандыру төлемі сақтанушының жазбаша арызының немесе сақтандырушымен жасалған сақтандыру актісінің нәтижесінде төленеді. Егер Шартпен немесе заң актілерімен өзгеше көзделмесе, сақтандырушы сақтандыру төлемін өз уақытында төлемегені үшін ҚР Азаматтық Кодексінің 353 бабына сәйкес жауапкершілігі туындайды.

Информация о работе Банк заемы шарты