Банк заемы шарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 06:01, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың мақсаты азаматтық және банктік заңнамадағы соңғы өзгерістерге сәйкес, банк заемы шартын құқықтық реттеу механизмін жанжақты және толық ашу болып табылады. Зерттеудің пәні — банк заемы шартын жасау барысында, банк пен заемшы арасында пайда болатын қатынастардың құқықтық табиғатын зерттеу. Жұмысты жазуда азаматтық құқық пен банк құқығының ғалымдарының еңбектерімен қатар, экономика саласының ғалымдарының еңбектері, сот практикасы зерттелінді.

Содержание

Кіріспе ………………………………………………………… 4-5
Банк заемы шартының түсінігі және оның элементтері
Банк заемы шартының түсінігі және ерекшеліктері …. 6-8
Банк заемы шартының элементтері ……………………. 8-15
1.3. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру ……………… 15-18
ІІ. Банк заемы шарты бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету
Кепіл …………………………………………………….. 19-24
Кепілдік және кепіл болушылық ………………………. 24-27
Банк заемын сақтандыру ………………………………. 27-34
ІІІ. Банк заемы шартының орындалуы ……………………. 34-35
Қорытынды ……………………………………………………. 36
Қолданылған әдебиеттер тізімі …………………………….. 37-39

Работа содержит 1 файл

Банк заемы шарты.doc

— 235.50 Кб (Скачать)


МАЗМҰНЫ

 

 

 

Кіріспе    ………………………………………………………… 4-5

 

    1. Банк заемы шартының түсінігі және оның элементтері
    1. Банк заемы шартының түсінігі және ерекшеліктері …. 6-8
    1. Банк заемы шартының элементтері ……………………. 8-15

1.3. Тұрғын үй құрылысын қаржыландыру ………………  15-18

 

ІІ.  Банк заемы шарты бойынша міндеттемелердің

орындалуын  қамтамасыз ету

    1. Кепіл …………………………………………………….. 19-24
    2. Кепілдік және кепіл болушылық ………………………. 24-27
    3. Банк заемын сақтандыру ………………………………. 27-34

 

ІІІ. Банк заемы шартының орындалуы ……………………. 34-35

 

Қорытынды …………………………………………………….  36

Қолданылған әдебиеттер тізімі ……………………………..  37-39

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Нарықтық экономиканың қалыптасуы, кәсіпкерлік қызмет аясында  құқықтық реттеудің принциптерін түбегейлі  өзгертіп, жаңа жолдарды қолдануды  талап етеді. Жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың тиімділігін арттырудың негізгі факторы болып, банктік қызмет аясында нарықтық өзгерістер табылады. Соның ішінде ерекше ролге банктің кәсіпкерлік қызметін және банктік қызметті жүзеге асырған кездегі экономикалық қатынастардың құқықтық нысаны болып табылатын, банктік шарттарды құқықтық реттеуді рефомалау ерекше ролді атқарады.

Диплом жұмысы банктік қызмет аясында кеңінен қолданылатын шарт түріне банк заемы шартына арналған. Бұған дейін азаматтық айналымда қолданылған "несие шарты", "ссуда шарты" терминдерін Азаматтық Кодекс біріктіріп, ендігі кезде "банк заемы шарты" деп атайды.

Қазіргі уақытта Қазақстан  Республикасында нарықтық типтегі  2 деңгейлі банк заемдік жүйе қалыптасты. Оның бірінші деңгейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі беретін заемдар, екінші деңгейін коммерциялық банктер мен банктік операцияларды жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар беретін заемдар құрайды.

Зерттелетін тақырыптың өзектілігі келесі мән-жайлардан туындайды: Біріншіден, банк пен клиент арасындағы қарым-қатынасының сипатының өзгеруіне байланысты (Кеңес Одағы кезінде банктер сом арқылы мекемелер мен ұйымдардың халық шаруашылық жоспарларын орындауына бақылау жасады) бұған дейін жүргізілген зерттеулер ескіріп, жаңа заңнамаға сәйкес, әсіресе казақ тіліндегі зерттеулер аз. Екіншіден, қазіргі уақытта аталған мәселеге аз көңіл бөлінеді, оны обьективті себептер бойынша түсіндіруге болады. Банк заемы шартын құқықтық реттеу екі дербес құқық саласының зерттеу обьектісі ( азаматтық және банктік құқық), сонымен қатар банк заемы шартының құқықтық табиғатына жиі өзгеріп отыратын банктік заңнама өз әсерін тигізеді. Үшіншіден, қазіргі кезде банк заемын беру экономика саласында маңызды орын алды. Статистика мөліметтеріне сәйкес банктермен берілген заем сомалары: 1999жылы 148млрд.380млн.теңге, 2000 жылы 276 млрд. 218 млн. тенге, 2001 жылы 339 млрд. 860 млн. теңгені құрады. Заемдардың мұндай масштабы, қалыптасқан қатынастарды құқықтық реттеудің нақты механизмінің болуын талап етеді.

Алайда қоғамның нарықтық экономикаға көшуіне және азаматтық құқық саласындағы заңнаманың өзгеруіне байланысты бұл еңбектер ескіріп қалды. Жаңа заңнамаға сәйкес жазылған еңбектерге Агарков М.М., Суханов Е.А., Павлодский Е.А., Осипов Е.Б., Ефимова Л.Г., Кумок С.И., Эриашвили, Худяков А.И., және тағы да басқа авторлардың жұмыстары жатады.

Жұмыстың мақсаты  азаматтық және банктік заңнамадағы соңғы өзгерістерге сәйкес, банк заемы шартын құқықтық реттеу механизмін жанжақты және толық ашу болып табылады.

Зерттеудің пәні — банк заемы шартын жасау барысында, банк пен заемшы арасында пайда болатын қатынастардың құқықтық табиғатын зерттеу.

Жұмысты жазуда азаматтық  құқық пен банк құқығының ғалымдарының еңбектерімен қатар, экономика саласының ғалымдарының еңбектері, сот практикасы зерттелінді.

Сонымен қатар бұл қатынастарға заем шартының ережелері қолданылуы мүмкін. Банк заемы шарты аталған азаматтық құқықтық нормалармен қатар, арнайы банктік заңнаманың нормаларымен реттеледі. Атап айтқанда банктер мен банк қызмет туралы" заң, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" заң. Бұл нормативтік құқықтық актілерде банк заемы шартын детальды түрде құқықтық реттеу көрсетілмейді, тек Ұлттық Банкке банктердің қызметін заңға сәйкес реттеуге, нормативті негіздеме беретін сілтеме болып табылады.

 

І. Банк заемы шартының түсінігі және оның элементтері

 

    1. Банк заемы шартының түсінігі және ерекшеліктері

 

Қазақстан   Республикасының   Азаматтық   Кодексінің   727 бабына сәйкес:

1. Банк заемы  шарты бойынша заем беруші заемшыға қарызға ақша беруге міндеттенеді.

2.   Банк   заемы   шартына   Азаматтық Кодекстің 728 бабында көзделген   ерекшсліктерімен   қоса   заем    шартына    қатысты ережелер колданылады.

Банк заемы шартының ұғымы мен құқықтық табиғаты туралы бірнеше пікірлер кездеседі. Кейбір авторлар оны заем шартының бір түрі ретінде қарастырады. Басқалары банк заемы шартын, шарттың дербес түрі ретінде қарастыру керек деген. Соңғы авторлар өз пікірін, Совет дәуірі кезіндегі банктің ерекше ролімен, яғни мемлекеттік монополиялық шаруашылық кезеңінде заемдік ресурстарды (көбінесе бюджеттік ресурстарды) жоспар негізінде мсмпекеттік кәсіпорындар арасында таратылғандықтан, оның заем шартымен ұқсастығы алшақ деген.1

Қазіргі уақытта  екінші деңгейдегі банктер мемлекеттік  басқару органдары болып табылмайды. Сондықтанда да банк заемы шартын шарттың дербес түрі ретінде қарастыруға негіз жоғалды деуге болады. Мемлекеттің экономикасында көптеген өзгеріетер орын алғандықтан заемдік қатынастарға мемлекет тарапынан реттеуде, заңнамада өзгерді. Қазіргі заңнамаға сәйкес банк заемы шарты шартының бір түрі ретінде қарастырылады.

Сонымен қатар банк заемы шартының табиғатында алдынвла жасалатын шарттың белгілері бар болғандықтан, оның реалды немесе консенсуалды шарт ексндігі туралы сұрақ туындайды. Мысалға, С.И.Вильнянский, И.С.Гурсвич, О.С.Иоффе банк заемы шартын реалды десс, Э.А.Зинчук, Е.А.Флейшиц конеснеуалды деп, ал Суханов Е.А. реалды консенсуалды деп санайды.

Банк заемы  шартын реалды деген көзқарасты ұстанатын авторлар өз пікірін, банк заемы шарты, заем шартының бір түрі болғандықтан, ал заем шарты реалды, сондықтан банк заемы шарты реалды болады деп негіздейді.

РСФСРдің 1922 жылғы Азаматтық Кодексінде 2 түрлі шарты көрсетілді: реалды заем шарты (банк заемы шарты) және консенсуалды шарт (заемды беру туралы міндеттеме). Мұндай көзқарас М.М.Агарковпен 1922 жылғы Азаматтық Кодекстің 218,219 бапғарының негізінде айтылған/

Банк заемы  шартын консенсуалды шарт деп санайтын авторлар, оның алдынала жасалатын  шарт элементтерін банк заемы шартының ажырымас бөлігі ретінде қарастырып, банк заемы шарты өз күшіне тараптар қол қойғаннан кейін күшіне енеді, сондыктанда оны консенсуалды шарт деп санау керек  деген. Сонымен қатар шартты жасау келесі кезеңдерден тұрғандықтан:

1)  Заемшы мен банктің заем шартынын, мазмұнын құрастыру (заем түрі, оның сомасы, мерзімі, қамтамасыз етілуі) ;

2)   Банкпен заемшы ұсынған құжаттардың қаралуы. Құжаттар негізінде заемшының заемдік мүмкіндіктерін, яғни алған заемды уақытында қайтару қабілеттігін қарастыру;

П.Г.Ефимова "Банковское право" М1994 ж.182 бет Парков М.М. "Основы банковскою нрава" М1УУ4 ж.   82б.

3)  Тараптардың бірігіп шарттың жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

4)  Тараптардың шартқа қол қоюы; Бұдан туындайтыны, шарт тараптар өзара мүдделерді қанағаттандыратын талаптар орындалып, көрсетілген кезден бастап, яғни келісімге келгеннен кейін шарт өз күшіне енеді деуге болады. Сондықтанда банк заемы шарты консенсуалды шарт болып табылады.

Банк заемы шартының консенсуалдығынан, оның екі жақты міндеттілігі туындайды. Себебі шарт бойынша банк заемшыға заем, беруге міндеттенеді, ал заемшы оны талап етуте құқылы(бірінші міндеттеме). Өз тарапынан заемшы заемды қайтаруға міндетті, ал банк оны талап етуге құқылы (екінші міндеттеме). Сонымен қатар, осы міндеттемелердің әрқайсысы бір-біріне негіз болып табылады. Сондықтанда банк заемы шарты каузальды мәміле болып табылады.

Банк заемы шартының ерекшеліктері:

1) Заем беруші ретінде ақшалай нысанда заем беруге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің лицензиясы бар банк және өзге де заңды тұлға болады. Себебі банктік заңнамаға сәйкес, банк заемын беру лицензияланатын қызмет түрі және Ұлттық Банктің лицензиясынсыз жүзеге асырылған банк операциялары жарамсыз болады.

2) Шарттың нысанасы алда берілуі мүмкін ақша болып табылады. Соңғы жағдайда шарт, егер осы шартта өзгеше көзделмесе,оның жасалған кезінен бастап күшіне енеді деп есептеледі. Бұл мән жай, біріншіден, банк заем шартының табиғатында алдынала жасальш шарт белгілерінің болуымен, екіншіден, ҚР АК 393 бабына сәйкес, тараптардың арасында шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайлар талап етілетін нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептелетіндігімен түсіндіріледі.

3) Шарт жазбаша  нысанда жасалуы тиіс. Жазбаша нысанды сақтамау шарттың жарамсыздығына әкеп соғады. Шарттың жазбаша нысаны туралы талап ҚР АКнің 152 бабының 1 тармағына сәйкес егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызметі өндірісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырыпатын мәмілелерге таралады. Ал жазбаша нысанда сақтамау АК 53 бабының 2 тармағында, заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде тікелей көрсетілген реттерде мәмілінің жай жазбаша түрін сақтамау оның жарамсыз болып қалуына әкеледі.

4) Заемды мемлекеттік банктер берген немесе ол мемлекеттік ақша қорларының есебінен берілген жағдайда заем берудің тәртібі мен шарттары заң актілерімен, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік органдардың актілерімен реттелуі мүмкін. Бұл жағдайда заем беру, заем берушінің міндеті болып табылады да, ал оның жасасқан шарты аталған заң актілерінде белгіленген ол үшін міндетті ережелерге сәйкес болуы тиіс. Бұл жағдайда мемлекеттік банктер мен қорлар оның арнайы құқық қабілеттігі заң актілерімен бекітілгендіктен, олардың шарттық автономиялары шектеліп, ал басқа банктер үшін мемлекеттік (бюджеттік) ақша қаражаттары есебінен несиелік иеленудің ерекшеліктері анықталған. Аталған нормативтік актілерге: "Ұлттық Банкпен банк заемдарын беру, олар ойынша қамтамасыз етуді қабылдау және сәйкесінше құжаттарды жүргізу ережесі туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің 15 қараша 1999 жылы қабылданған N 404 қаулысын жатқызуға болады.

В) Азаматтық Кодекстің 722 бабының 2 тармағындағы заем шартында орын алатын заемшының міндеттемелері (ақша заем шарты бойынша борыш есебіне тектік белгілермен айқындалған заттарды қабылдау) банктік заңнамаларда көрсетілген жағдайда ғана қолданылады.

Сонымен қатар  ғалымдар банк заемы   шартының мынадай ерекшелігін келтіреді: егер заем шарты кәсіпкерлік және тұтынушылық сипатта болса, банк заемы шарты  тек кәсіпкерлік сипатағы мәміле болып табылады. Себебі шарттың бір тарабы банк.

 

    1. Банк заемы шартының элементтері

 

Жоғарыда айтылып  кеткендей, Қазақстан Республикасында банк заемын беруге байланысты қатынастар азаматтық, банктік заңнамамен, сонымен қатар Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерімен реттеледі.

Шарттың тараптары заем беруші мен заемшы болып табылады. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 728бабының тармағы заем берушіге арнайы талап қояды, яғни заем беруші ретінде тек банк немесе банк заемын беруге Ұлттық Банктің лицензиясы бар заңды тұлға бола алады. Заем берушілер болып:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келесідей банк заемдарын береді: күндізгі заем  екінші деңгейдегі банктерге олардың Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотында қаражат болаған жағдайда төлемдер мен клиенттердің төлем тапсырыстары бойынша аударымдарды жүзеге асыру үшін беріледі; "оисрнайт" заемы — банктердің корреспонденттік шотында есеп айрысуға байланысты дебеттік сальдо пайда болған кезде бір түнге берілетін земы; ең соңғы инстанцияда заем беруші ретінде берілетін заем арнайы мақсаттағы заемдар. Аталған заемдарды бар тәртібір Ұлттық Банктің актілерімен реттелгенмен, заемдарға байланыс ҚР Ұлттық Банк пен екінші деңгейдегі қарым-қатынастар Азаматық Кодекс нормаларымен реттеледі.

2)  2 ші деңгейдегі банктер:

а) Мемлекеттік банк  Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімімен құрылған 2 ші деңгейдегі банк.

б) Коммерциялық банктер банктік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар, заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Банктің ресми мәртебесі оның банк ретінде Әділет Министрлік орындарында тіркелумен және банктік операнияларды жүзеге асыруға Ұлттық Банктің лицензиясының бар болуымен анықталады.

3) Жекелеген банктік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар банк болып табылмайтын, жекелеген банк қызметі түрін Ұлттық анктің лицензиясы негізінде жүзеге асыратын заңды тұлға.

Заемшыға заңнама арнайы талап қоймаған. Сондықтанда заемшы ретінде кез келген жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде банктер де бола алады. Алайда заем беруші банк өзінің заемшыларына келесідей талаптар қою мүмкін:

Заемшы ретінде банк болатын болса, Қазақстан Республикасының территориясында, ал кейбір жағдайда Ресей және ТМД территориясында банктік қызметті реттеу заңнамасының барлық талаптарын орындау; Банктің қаржылық жағдайының тұрақтылығы ;

Оң заемдік тарихы — бұрын берілген банкаралық заемдарды және оларды пайдаланғандығы үшін пайыздардың өз уақытында қайтару;

Заңды тұлғалар үшін:

1) Заемшыны оң рспутациясы;

2) Оң заемдік тарихы;

Информация о работе Банк заемы шарты